Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Редактор мен автордың шығармашылық байланысы дегеніміз не?




Теледидарда редактор сценарийдің авторымен жұмыс жасайды. Онымен жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол екеуінің жұмысын телебағдарлама авторы деген бір ұғымға біріктіруге болады. Редактор мен автордың жұмысы заявка берілгеннен бастап, бағдарлама эфирге шыққанға дейін жалғасады. Теледидар бағдарламасын дайындау процесіне авторды араластыру редактор жұмысының маңызды ерекшелігі. Авторды шақыра отырып, редактор өз шешімінің дұрыстығын анықтау қажет. Ол автордың кәсіби және әдеби мүмкіндіктерін камера алдында өзін еркін ұстауын есепке алады.

Теледидар немесе радиодағы автор қызметі баспа қызметінен әлдеқайда қиынырақ. Мысалы, баспа материалының әдеби құндылығы ғана ескерілсе, теледидарда оның бейнелік қатары да үлкен роль атқарады. Өте мықты газет очеркшісі теледидарға очеркті тез дайындай алмайды. Өйткені теледидар бағдарламасының өзіндік ерекшелігі бар. Ал әдеби шығармашылықтағы негізгі көркемдік құрал – сөз ғана.

Авторды эфирге шығаруға шақыру этика нормаларымен сәйкес келеді. Сондықтан авторды шақырып алып, эфирге шығар кезде одан бас тартуға болмайды.

Сценарий дайын болып, эфирге шығар кезде ғана автормен байланыс орнату қажет. Себебі автордың сценариймен жұмыс істеуі көптеген шығынды қажет етеді. Автормен алдын-ала жақсы қатынас орнату жоспарланған ойды асыру үшін керек.

Редактордың автормен жұмыс істеуі көптеген психологиялық және этикалық күрделі проблемалармен байланысты. Редактор мәтіннің сапасын бақылаушы кәсіби маман ретінде мәтіннің авторлық нұсқасына араласып, өзгерістер енгізуге құқылы. Алайда, осы жерде «оның араласуы қалай жүзеге асырылады?» - деген алғашқы сұрақ туындайды.

Тәжірибелі редакторлар «редактор мен автордың мәтін туралы ой туындағаннан бастап басылымға жіберілгенше келісе отырып жұмыс істегені өте дұрыс» деп есептейді. Автор мен редактор мәтіннің концепциясын: оның тақырыбы мен проблемасын, мағыналық басымдығының дәлдігін, тұжырымдары мен нәтижелерін талқылайды, оның әдеби формасын бағалайды. Редактор түзетудің нұсқаларын ұсынады, ал автор редактор ескертпелерінің негізділігіне қарай өзгерістерді өзі енгізеді.

Алайда, бұқаралық комуникация барысында редактордың өзіне мәтінді басылымға дайындауына жиі тура келеді. Бұл жағдай оған қосымша жауапкершілік жүктеп, кәсіби дайындықты талап етеді. Қандай жағдайда да автор мәтіннің түзетілген нұсқасымен оны жариялауға дейін танысып шығуға тиіс. Бұл – кәсіби этиканың міндетті талабы. Өкінішке орай, жұмыс барысында көбінесе бұл талап орындалмай қалады да, оның соңы редактор мен автор арасындағы түрлі шиеленіске, тіпті кейде сот қарауына әкеліп соқтырып жатады.

Редактор мәтінмен жұмыс істеу барысында өзін автордың орнына қойып, оның логикасын, тақырыпқа деген көзқарасын материалдық проблемаларын, стильдің даралық ерекшеліктерін түсінуге тиіс, содан кейін ғана түзету нұсқаларын ұсына алады. Авторлық түпнұсқаның мазмұнына жете мән бермеу, оның стилистикасын тиісті деңгейде түсіне білуге қабілетінің жетпеуі, дәлелсіз, субъективті ескертпелер мен түзетулер – шығарманың мағынасы мен формасын бұрмалауға жасалған алғашқы қадам және ол өзара шиеленіс үшін негізгі себеп болып табылады. Редактор ұсынған түзетулер авторлық мәтіннің мазмұнына, композициясы мен стиліне толық сәйкес келіп, оны ажарландырып, нәрлендіріп тұруы тиіс. Олай болмаған жағдайда редактор енгізген түзетулер мәнсіз болып шығады. Автор мен редактордың нұсқалары, мазмұны, стилі, құрылымы жағынан бірдей деңгейде болса, онда басымдық автор нұсқасына беріледі. Сондай-ақ, түзетудің қажеттілігін сауатты негіздей білу керек, олай болмаған жағдайда редактордың автормен тіл табысуы өте қиын болады.

Егер автордың нұсқасы баяндаудың немесе ойды жеткізудің қалыптасқан нормадан тыс формалармен берілсе, оны жалпыға белгілі үлгілерге салып түзетуге асығудың қажеті жоқ, өйткені баяндаудың дәл осы тәсілі, ойдың ішкі қатпарларын жеткізудің тиімді тәсілі болып шығуы мүмкін.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных