ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сөйлеу мен жазу тілінің ерекшеліктері.Тіл жалпы және абстрактілі құбылыс ретінде әралуан акт қолданыстары мен түрлерінің жүзеге асуы арқылы, белгілі бір нақты жағдаяттардың орындалуы арқылы көрініс табады. Яғнисөйленіс тіл арқылы жарыққа шығады. Бірқатар ғалымдардың зерттеуі бойынша, сөйленімнің түрлері әртекті, әр алуын. Дегенмен, олар екі негізгі формаға сәйкестендіріледі, олар – ауызша және жазбаша формалар. Бұл формалар күрделі бірлікте құрылады және әлеуметтік-тілдік тәжірибеде (қолданыста) бірдей мәнде болады, бірдей қызмет атқарады. Тілдік қарым-қатынас осы екі форманың күрделі тұтастығын білдіргенмен, олардың әрқайсысы жеке дара күйінде көріне алады және жеке (индивидуальді) сипаты мен ерекшеліктері болады. Ең алдымен, тілдің ауызша және жазбаша формалары арасындағы айырмашылықтар әрқайсысының өзіндік жеке материалды негізінің болуы арқылы, тұрмыстық қолданыстағы ерекшеленген формалары арқылы көрініс табады. Ауызша тілдің материалды негізі – бұл ауада таралатын дыбыстық толқындар; жазбаша тілдің материалдық негізін кез келген тәсілмен жазылған контрастық фондағы әріптер құрайды (бояу, жарық, т.б.). Жалпы ауызша сөзді жазба сөзбен салыстырғанда олардың негізгі ерекшеленетін тұстары айқын байқалатыны белгілі. Ауызша сөз жазба тілдегі нормадан ауытқығанда оның артықшылығы көрінеді деп есептеледі. Сондықтан жазба тіл дұрыс сөйлеудің жалғыз варианты ретінде ұғынылады: «устная речь перестает осознаваться не только как первичный, но вообще и как самостоятельный феномен, имеющий позитивную ценность и позитивные признаки, а рассматривается как результат ситуативной редукции «кодифицированной», «правильной», то есть письменной речи»
36. Салалық басылымдарды атаңыз.
Салалық басылымдар дегеніміз – тек бір ғана салаға арналған газет немесе журнал. Қазіргі кезде қазақ журналистикасында салалық басылымдардың үлкен шоғары қалыптасып келеді. Салалық баспасөз туралы белгілі ғалым Т.Бекниязов былай дейді: «Салалық баспасөз – түрлі салаларды қамти отырып бөлінеді. Министрліктер мен комитеттердің жұмына арналады. Сондай-ақ оқу-білімге, өндіріске, ауыл шаруашлығына, құрылысқа т.б. арналуы мүмкін», дей келе ғалым: «...Қазақстанда салалық болып жіктеледі. Әлеуметтік топтарға және тақырыптық бағытта да басылымдар бар» Қазақ баспасөзі тарихында білімге, өнерге, тек әйелдерге арналған салалық басылымдар болды. Сол салалық басылымдардың өзіндік мақсат-мүддесі болды. Мәселен, өткен ғасырдың 20-шы жылдарында жарық көрген «Жаңа мектеп», «Ауыл мұғалімі», «Қазақстан мектебі» т.б. басылымдардың басты мақсаты сауатсыздықты жою, ағартушылық қызмет жүргізу болып табылды. Бұл басылымдар қазақ халқының рухани дүниесінде үлкен мәнге ие. Оның үстіне қазіргі уақытта кез-келген сала дамып, күрделене түсуде. Осы салаларды саралап, жіктеп таразылайтын жеке-жеке ғылым салалары пайда бола бастады. Сондықтан да салалалық басылымдарға қажеттілік туды. Осы ретте Ресей ғалымы А. Мураковский мына сөзімен келіспеуге болмас: «Журналистиканы салаландыру өте қажет. Мәселен, физика туралы жазатын журналистер кез келген ғалымдармен ядролық физика туралы тең дәрежеде сөйлесе білетін деңгейде болуы қажет. Бұл жерде журналистке жоғары біліктілік, саланы жете меңгергендік қажет болады. Оның әмбебаптылығынан гөрі, салаланғандығы маңыздырақ. Сондықтан да қазіргі уақытта бір саланы жеттік меңгерген журналистерге сұраныс жоғары. Бір саланы жақсы меңгерге журналист ғана сол саланың барлық проблемасын, оны шешу жолдардарында қандай адамдардың жүргендігін білді, оларды сөзге тарта алады, бір сөзбен айтқанда өзіне не керектігін біледі» Жалпы салалық басылымдар бүгінгі уақытта жеке зерттеуді қажет ететін тақырыптардың бірі деп шегелеп айтқымыз келеді. Салалық басылымдардың құрылымдық, жанрлық, тақырыптық ерекшеліктеріне жеке-жеке талдау жасау сол арқылы қазақ журналистикасы тарихында салалық басылымдардың орнын анықтау бүгінгі тәуелсіз қазақ журналистикасының маңызды міндеттері деп білеміз. Соңғы уақыттарда қазақ баспасөзін философиялық, тіл саласы бойынша, педагогикалық және тарихи тұрғыдан зерттелген біршама ғылыми еңбектер жарық көрді. Ғалымдар Жарықбаев Қ., Қалиев С. «Қазақ тәлім-тәрбиесі» деген зерттеу еңбегінде қазақ жеріндегі алғашқы басылымдар «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты», «Айқап», «Мұғалім» сияқты баспасөз беттерінде тәлім-тәрбиелік мәселелердің көтерілуін жанжақты ашып қарастырса [66], П.Сейітқазы «Республикалық мерзімді баспасөз беттерінде мектеп оқушыларын тәрбиелеу мәселелері» атты кандидаттық ғылыми диссертациясында 1960-1985 жылдар аралағындағы «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерінде жарияланған жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты мақалаларға талдау жасап, баспасөздің жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөліне жоғары баға береді.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|