ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Мәтінді жазғанда қандай сақтық шаралары керек?Авторлық сюжетті дайындағанда журналистің қызметі мынадай кезеңдерден тұрады: тақырып таңдалуы мен расталуы, түсірілім объектісін және сценарийдің жасалуын зерттеу, түсіру үрдісінде, монтаж жасауда және мәтін жазуда толығымен қатысу. Кез-келген жағдайда мәтін ықшам болып, көрерменде туатын сұрақтарға жауап беруі тиіс. Сюжеттің ауызша бөлімі бейнеқатарды қайталамауы өте маңызды. Бұл жаңадан жұмысын бастаған журналистке түсінікті болғанымен, ақпараттық хабар-ошардағы кадр сыртындағы мәтінде мынандай хабарларды жиі естиміз: «Трибунаға көтеріліп жатқан...»; «Зал бұл сөз сөйлеуді қол шапалақпен қарсы алды...» Бірақ бұл экранда көрсетілгеннен кейін көзбен көріп отырған бейнебаянды қайталап айтудың қажеті жоқ. Мәтін жазғанда ауызекі тілден жазба сөздің ерекшеліктерін айыра білу қажет. Тіпті ресми материалдардан құрғақтықты алып тастауға болады. Ұзақ, әрі шұбалаңқы сөйлемдерден аулақ болу керек. Телевизиялық лексика канцеляризмді, кәсіби стильді және таза ғылыми терминологияны қабылдамайды. Ресми сюжеттің кадр сыртындағы мәтінін ақпараттық бағдарламаның жүргізушісі (немесе диктор) оқиды. Әдетте авторлық сюжеттің кадр сыртындағы мәтінін автор-журналист эфирге дейін жазып алады. Дауыстың тембрі ақпараттық материалдың өзгешелігін білдіреді. Радиода ғана емес, телевидениеде де көп журналистерді дауысы арқылы танимыз. Бұл кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|