Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақ журналистикасындағы тың тақырыптар.




Қазақ баспасөзі жылдан-жылға өсіп келеді. Саны жағынан да, сапа жағынан да. Алғаш Тәуелсіздік алып, дүние алақұйын болған сәтте нарықтық жүйеге қазақ басылымдары икемделе алмайды деген қауесет тарап еді. Құдайға шүкір, ол кермеден тоқталмай өттік. Қазір жекеменшік басылымдар жетерлік. Қазақтілді газет-журналдардың 75 пайызы өз күнін өзі көріп, нарықтың қыспағынан құтылып, қоғамдық ортада бедел жинап жүр. Көтерген тақы-рыптары мен салалары әртүрлі. Мысалы, Шымкенттен 300-ге жуық газет шығады екен. Соның бәрі қалай таралып отыр, егер пайда таппаса? Әрине, оларды дәстүрлі басылыммен салыстыруға келмейді. Қоғам сұранысты өзі қалыптастырады. Күндердің күнінде газеттерді жаздыру ісі тоқырайды. Нақты тауар ретінде сатуға шығарылары анық. Батыста, көптеген шетелде солай. Мұндай кезде әрине тобырлық мәдениетке еңбек ететін өнімдер өтімді болуы да мүмкін. Қазірдің өзінде сол байқалады. Қазақ баспасөзі десе, криминалдық, эротикалық сарындағы ойдан құрастырылған әңгімелерді басатын газеттер еске түсіп жатуы да мүмкін. Біз соған жол бермеуіміз керек осы бастан. Ол үшін нақты іргелі басылымдар солардың алдын орауы қажет. Айталық, сын жағын күшейту ләзім. Қазақ газеттерінің көбінде сын аз. Сынды емеуірінмен, жалпыға қарата айтады. Жалпы жүйені сынау мәнсіз, одан түк өзгермейді. Одан да нақты жүйелерді, соттар мен прокурорлардың шешімдерін, облыс, аудан әкімдерінің бұрыс қадамдарын ашық жазуды үйренуге тиіс. Қазақ басылымдары облыс әкімі түгіл, аудан әкімін сынамайтын болып жүр. Егер сондай өтімді, ұрымтал тақырыптарды көбірек қаузаса, халық та сол газетті іздеп оқитын болады. Сондай уытты мәселеге қосып, толғамды, зерделі, тарихи танымды оятатын дүниелерді беріп отырса, оқырман газетті өзі іздеп оқитын деңгейге жетеді. Оқырманның бәрі интеллектуал емес. Оқырманның бәрі мәдениетке, тарихқа қызықпайды. Біздің газеттер ұлттық тарих, әдебиет, мәдениетті көп жазады. Бұл ұлттық идеологияның, мемлекеттік сананың қалыптасуына зор үлес қосады деп білемін. Алайда, күнделікті қоғамдық мәселелерден шет қалмау керек.

Жалпы, дәстүрлі БАҚ пен модерндік ақпарат құралдары бірін-бірі жоққа шығармайды. Интернеттік басылымдар бәрібір газеттің орнын айырбастай алмайды. Меніңше, екеуін тең ұстау, бірін-бірі толықтырушы күш деп білу аса маңызды. Қазақ журналистерінің орыстілді журналистерден артықшылығы – екі тілді тең білетіндігінде. Енді бәсеке ағылшын тілін білетіндер арасында жүреді. Бұл тілді қай тарап бұрын игерсе, солардың бағы үстем. Естуімше, «Болашақ» бағдарламасымен шетелдерге оқуға кетіп жатқан журналистер бар дейді. Өзімізде жүріп те ағылшын тілін, одан өзге де шет тілдерін меңгерген журналистер бар. Солардың әлеуетін дұрыс пайдалана алсақ, ұпайымыз арта түседі.

Қазақ ойы, ұлт сөзі ұғымдары қашанда киелі. Ұлттың ойын айтып, жоғын жоқтау, өзі аш-жалаңаш жүрсе де, өзгеге болсын деп тілеу, көптің сөзін сөйлеу – журналистердің жазылмаған міндеті сияқты. Қазақ газеттері елге, ұлтқа болса екен деуден танған емес. Кейде ашынып айтса, кейде жасырып, кемшілігімізді білдірмей айтуға дағдыланған. Бұл да ұлттық мінезімізге қатысты болса керек. Сөзге құрметпен қарау – қазақтың бо-йында бар қасиет. Ол қасиет барда, басылымдардың мерейі төмендемейді.

Бүгінгі қазақ басылымдарының денін назарымда ұстаймын. «Түркістан», «Дала мен Қала», «Айқын», «Алаш айнасы» газеттерінің өз бағыт-бағдары, ұстанымы бекіген. Осы газеттердің бас редакторлары әр тақырыпқа өзіндік көзқарасымен, елдік мүдде тұрғысынан қарайтынын байқаймын. Бұл басылымдарда небір түйінді мәселелер көтеріледі. Бірінікін екіншісі жалғап, танымдық-ағартушылық бағыттарды да жиі беріп отырады. Құрғақ ақпарат беру үрдісінен жалығатын күн жетті. Енді сараптау, саралау, ой қорыту қажет. Соны негізге алған газеттердің қатарында жоғарыда аталған басылымдар бар. Ал журналдардың нарыққа икемделуі тез секілді. Менеджменттің мүмкіндігін толық пайдалануға күш салу керек. Журналистикада іскерлік, байланысқа үлгерімділік уақыттың ағынына бой ұруға мүдделі.

23. Баспасөздегі тіл мәдениеті мәселелері. (ақпарат аздау...)

Несколько слов о риторическом стиле современных СМИ, поскольку именно речью СМИ во многом создается современное общественное настроение, современная речевая культура и отношение к самой речи. Всякая оценка зависит от состояния или отношения самого оценивающего к предмету своей оценки. Риторика СМИ руководствуется интересами "чистогана": чтобы тебя слушали или читали (иначе говоря, "купили"), надо привести побольше скандалов, убийств, катастроф, показать нечто "потрясающее" (целью красноречия всегда было "потрясти души", поэтому красноречие делилось всегда на "истинное и ложное"). Отсутствие филологической культуры (это и есть культура речи в широком смысле), ответственности за сказанное слово, видение только сиюминутного и нежелание предвидеть последствия своих слов (всякий грех оборачивается против человека, совершившего этот грех) - рождают современное общественное настроение упадничества, ерничества, критики, иронии над всем и вся. У наших СМИ нет ощущения того, что своими текстами они формируют массовое общественное сознание.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных