Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сұхбат материалдарын жасау жолдары




Сұхбат – әңгімелесудің ерекше түрі ретінде, ол туралы хабарлар,сұхбат алынып отырған адам туралы ақпарат алу үшін ғана емес басқа да адамдар,оқиғалар т.б.туралы мәліметтер алу үшін қолданылады. Сұхбат — бейтарап журналистиканың негiзi, оқырман ақпаратты адамның өз

аузынан естидi. Бiрақ сұхбат бос сөз емес. Сұхбатты қызықты, пайымды өткiзу

үшiн дайындық керек. Сұхбат алу нағыз шеберлiктi қажет етедi, өйткенi сұхбат нәтижесiне кез келген жайттар, қозғалыстар сыр етедi. Репортердiң өзiн ұстауы сұхбат берушiнiң

реакциясымен байланысты. Егер журналист сұрақты жалынышты дауыспен қойса, онда сұхбат берушi оны көзге iлмей, қорқыта сөйлеуi мүмкiн. Керiсiнше, журналист адуын болса, онда сұхбат берушi жалтақтап, жасқынып, тiптi үндемей қалуы да мүмкiн. Сұрақтардың қойылу ретi де өте маңызды. Егер журналист сұхбатты кiнәлаудан бастаса, сұхбат берушi әңгiме барысында ақтық сақтап отырады.

Сұхбатта қойылатын бас талаптардың бiрi, журналист пен сұхбат берушiнiң арасындағы алдын-ала келiсiмге келулерi. Сұхбатта ақпараттың қандайын мақалаға қосатынын және қандайын қоспайтыны жайында алдын-ала талқылауы қажет. Сұхбат кезiнде алынатын ақпарат үш стандартты дәрежеге бөлiнедi: (1) «баспа үшiн», (2) «баспаға арналмаған» және

(3) «ақпарат көзiн көрсетпеу».

Кiсiлердiң көпшiлiгi соңғы екi категорияны шатастырады. “Баспаға арналмаған” деген атау сөзiнiң ғылыми мағынасы: мұндай жолмен алынған ақпарат еш жағдайда қолданыла алмайды және оның көзiн көрсету тiптi мүмкiн емес.

Ақпарат берушi журналистке: “Бұл баспаға арналмаған” десе, онда ақпаратты

оның көзiн көрсетпей қолдануға болады. Сұхбат беру кезiнде жиi мынандай жағдайлар кездеседi. Сұхбат берушi журналистпен сұхбатында бiр мәлiметтердi айтып қойып, аяғында “бұл баспаға арналмаған” деп керi кетедi. Мұндай жағдайда не iстеу керек? Айтылған нәрсе

айтылып қалды, бiрнеше нұсқаларды қарастырайық:

… келiсу, бiрақ сұхбат берушi ол кезде цензор ретiнде қалуға құқылы;

… келiспеу, онда сұхбат берушi әрi қарай жұмыс iстеуден бас тартуы мүмкiн;

… өтiнiшке жауап бермей, бұл ақпаратты қолдану немесе қолданбау туралы

ойланып, кейiн шешу;

немесе:

… бұл ақпаратты басқаша айтуға сұхбат берушiмен келiсу.

Кейбiр журналистер “баспаға арналмаған” деген ұстанымға назар аудармайды.

Ал кейбiреулерi сұхбат берушi рұқсат бермегенше ақпаратты жабық деп санайды. Баспаға арналмаған деп екi жақ келiсiмге келмейiнше бүкiл ақпаратты ашық деп санау қажет.

Сұхбат алғанда диктофон қолдану бұл үрдiстi ресми етедi. Сұхбат үн жазылымы ақпараттың барлығын дәл берiп, журналистi де сұхбат берушiнi де жалған айыптаушылықтан сақтайды.

Сұхбат беру кезiнде сұхбат берушi құпия ақпаратты айтқысы келсе, ол журналистi диктофонын өшiрудi сұрайды. (Әдетте мұндай өтiнiш қолма-қол орындалады, өйткенi қандай да құпияны бiлу мүмкiндiгiн журналист қалт жiбермейдi).

Төменде сұхбатты сапалы ету үшiн қолданылатын “реттелген” ереже көрсетiледi:

Сұхбат алдында…

- Сұхбат берушi туралы мәлiмет жинаңыз.

- Сұрақтарды қай ретте қоясыз, сол ретте жазып алыңыз.

- Алдын-ала берiлетiн жауаптар туралы ойланыңыз, осындай жауап берсе сiз оған қалай қараушы едiңiз.

Сұхбат кезiнде…

- Өзiңiздi таныстырыңыз және сұхбат мақсатын айтыңыз

- Айналаңызға қарап шығыңыз (сiз байқаған заттар.ңгiмеге арқау болуы

мүмкiн).

- Сұхбат берушiнiң өзiн ыңғайлы сезiнуiн ойластырыңыз, бiрақ ол бұны

қате түсiнiп қалмасын.

- Егер диктофон қолдаңғыңыз келсе, оны жасырмаңыз10

- Сұхбат берушiмен алдын-ала қай ақпарат “баспаға арналған”, қайсысы

“баспаға арналмаған” екенi жайында келiсiп алыңыз

- Жауапты зер салып тыңдаңыз, бар көңiлiңiздi келесi қоятын сұрағыңызға

аударып, өзiңiзбен-өзiңiз отырмаңыз.

 

- Сұхбат пленкаға жазылып жатса да, маңызды ақпаратты кiтапшаға жазып

отырыңыз

- Ауыр сұрақтарды сұхбат соңында қойыңыз

- Өзiңiздiң бiлiмiңiзбен немесе маңызды кiсiлермен таныспын деп

мақтанбаңыз, көптеген сұхбат берушiлер бұны жаратпайды.

Сұхбат соңында…

- Ақпаратты тағы бiр тексерiңiз

- «Мен сiзге тағы да сұрақ қоюым керек шығар, сiз қалай ойлайсыз?», деп

сұраңыз

- Телефон нөмiрлерiңiзбен алмасыңыз

- Сұхбат берушiге мақала жарыққа шыққанша “бекiту” құқығын бермеңiз






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных