ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Азіргі БАҚ-тың шартты түрде жіктелуі.Жалпы БАҚ-тың ақпаратты жеткізу формасына қарай үш түрге бөлінетіні белгілі: телевизия, радио және мерзімді баспасөз. БАҚ тілі нысанаға алынғанда лингвистика ғылымындағы негізгі ұғым мәтінге бұқаралық коммуникацияда жаңа мағыналық реңктер үстеледі. Ақпарат дәуірі деген атауға ие болған бүгінгі күні БАҚ – бұқаралық коммуникацияны жүзеге асырушы негізгі тетік ретінде танылып, мойындалып отыр. Ғалам бейнесінің (яки ақиқат болмыстың) бір үзігін репрезентациялай отырып, оның бұқаралық санадағы ақпараттық бейнесін қалыптастыратын медиа-мәтін социумға әсер етудің прагматикалық стратегияларын жүзеге асырушы, күрделі құрылым болып табылады. Аса маңызды әлеуметтік реттеуші рөлін атқаратын медиа-мәтіндерде социум ішіндегі, сондай-ақ алыс-жақын шетелдердегі саяси оқиғалар мен әлеуметтік-экономикалық ахуал түрліше интерпретацияланады. Қазақстандық масс-медиа идеялық тұрғыдан қазақтілді және орыстілді БАҚ болып екі топқа жіктелген. Осы қос ақпараттық лагерь өзара бәсекелес, тұғырнамасы бір-бірінен алшақ болғандықтан, кейде қайшылыққа түсіп жатады. Қазақстандық масс-медианың ерекшелігі – ақпараттық дуализмнің орнығуы, яғни қоғамдық сана мен идеялық бағдар қазақтілді және орыстілді БАҚ-қа кіндігінен байлаулы. Ақпараттық һәм идеологиялық дуализм постколониялық елдердің көбіне тән болып келеді. Дегенмен біздің қоғамда бұл құбылыстың салдары күшті байқалады. Жойдасыз бәсекеде қазақтілді БАҚ-тың бәсі кем болып жатқаны қабырғаға батады. Орыстілді және ресейлік телеөнімдер ықпалының жоғары болуы-ның себебін орыс тілінің күшті позициясымен және оның лексикалық кең таралуымен түсіндіруге тура ке-леді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|