Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстандағы ақпарат агенттіктері туралы.




Агенттік – ҚР Үкімет құрамына кірмейтін ҚР орталық атқарушы орган. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Қазақстан республикасы Президентімен құрылады, қайта құрылады және таратылады. Агенттік мемлекеттік басқарманың тиісті саласына (қызмет көрсету саласы), сонымен қатар, заңнамада қарастырылған құзырет шегінде салааралық үйлестіруді және басқада арнайы атқарушылық және рұқсат қызметтеріне басшылық етеді (мысалы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі, Қазақстан Республикасының Статистика агенттiгi және т.б). Агенттіктің құрылымы оның басшысы - төрағамен бекітіледі және департаменттер және басқармалардан тұрады. Агенттіктің актілері болып агенттік төрағасының бұйрықтары саналады.

ҚАЗАҚПАРАТ - Халықаралық дәрежеге ие болған Қазақстандағы алғашқы ақпараттық агенттік.

Медиа-агенттік 90 жылдан астам уақыт бойы саясат, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және қоғамның өзге де тыныс тіршілігі туралы жедел әрі сенімді ақпарат таратып келеді.

ҚазАқпарат арқылы Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет, өңірлік билік органдары, ұлттық қаржылық және өндірістік құрылымдардың қызметі жөнінде ресми хабар таратылады.

Агенттік қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар таратады. Кириллицаны оқи алмайтын шетелде тұратын қандастарымыз үшін қазақша жаңалықтар латын графикасы мен арабша төте жазуға аударылады. Жақын арада порталдың қытай және испан тілдеріндегі нұсқасын іске қосу көзделген.

Агенттіктің орталық кеңсесі Қазақстанның елордасы Астана қаласында орналасқан. Елдің қаржылық және мәдени орталығы Алматыда оның филиалы – тілшілер бюросы бар.

ҚазАқпаратта өзге отандық ақпараттық агенттіктерде жоқ тілшілер желісі бар. Елдің барлық аймақтарында 15 тілшілер пункті орналасқан. Оның ішіне Байқоңыр да кіреді. Ресей, Қытай, Түркия, БАӘ, Бельгия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде меншікті тілшілері бар. Бұл елімізде және әлемде болып жатқан жаңалықтарды on-line режимде жедел әрі шынайы таратуға мүмкіндік береді. Болашақта АҚШ, Испания, Оңтүстік Корея, Германия, Израиль, Бразилия және Үндістанға тілшілер жіберу жоспарланған.

 

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі

Қаржы полициясы Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, экономикалық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету мақсатында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеу бойынша салааралық үйлестірудi әрi өзге де арнайы атқарушы және рұқсат берушi функцияларды жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгi

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» заңына сай Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі статистика бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастырушы және іске асырушы орган болып танылады. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып саналады. Өкілетті органның статистиканы ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының заңдылығымен бекітілген жағдайда барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып саналады.

Агенттік төрағасы

Смайылов Әлихан Асханұлы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Үкіметтің құрамына кірмейтін, телекоммуникация және почта байланысы салаларын қоспағанда, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты, темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдері мен газ, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің өніміне, тауарлары мен қызметтеріне бағаларды реттеуді, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша өнімдерге, тауарларға және қызметтерге бағаларды реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады..

Агенттік төрағасы

Мұрат Оспанов

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, өз құзыреті шегінде заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган болып табылады. Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру; мемлекеттік қызмет ісін жүзеге асыру үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ заңдарда белгіленген тәртіппен өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдау; мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйіне мониторинг жүргізу; мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері жөнінде мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіру; мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңдарды сақтауын бақылау.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных