ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар.Жалпыхалықтық тілдің сөздік қорын, лексикалықжеке сөздерін ұғынып, өз дәрежесіне сай қолданылуын басапсөздің тілі дейміз. Сондықтан жатық, тартымды, оқырманына түсінікті, жеңіл оқылатын етіп жазу – баспасөздің тілі болып есептеледі. Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптарды айтпас бұрын, алдымен баспасөздің тілі мен стилі туралы әр кезеңде, әр жылдары шыққан, өзімізге қажет-ау деген әр түрлі нұсқаулардың мәтіндерімен қысқаша болса да танысып шығуға тырысалық. 1919, 1920 жылдары партияның VIII-XI съездері баспасөздің тілі мен стиліне құлаш-құлаш, түсініксіз материалдар беруге әуестенбей, мейлінше толық, бірақ та қысқа дәлдікпен жазуды талап етті. Бертін келе, 1942, 1968, 1984 жылдары да аудандық газеттер олдардың тіл стильдері туралы да арнайы қаулылар қабылданды. Ол құжаттарда аудандық газеттердің мазмұнсыз, оқырман халыққа түсініксіз болып шығатындығы айтылды. Осыдан барып, енді баспасөздің тілі мен стиліне нақты талаптар қойыла бастады. Бұл арадағы ең басты талап – қысқалық, ықшамдылық. Яғни, хабар әрі қысқа, әрі түсінікті болуы керек. Ал, ықшамдылық дегеніміз- баспасөздің бетін, яғни, газет бетін үнемдеу деген сөз. Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын екінші талап, газет метериалдары әсерлі, тұщымды, бейімді, оқығанда тамсанып отырылып оқылуы тиіс. Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын үшінші талап – тақырыптың, фактінің сипатына қарай үн, тіл, лексиканы дұрыс пайдалану қажеттігі. Өмірде қунанатын да, ренжитін де оқиғалар бар. Сондықтан, жанрды ажырата білген жөн. Тіл, стиль өте мәдениетті болуы керек. Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын төртінші талап ондағы әрбір сөйле, сөз орамдары оқырманға дәл жеткізілуге тиіс, олар екі ұшты, екі түрлі мағына бермеуі керек. Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын бесінші талап – тіл шұбарлығына жол бермеу, материалдарды таза қазақ тілінде жазу мәселесі. Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын алтыншы талап сөздерді орынсыз қысқартып, мұнысы несі деп оқырманды аң-таң етіп қоймауымыз керек. Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын жетінші талап кез-келген материалда даурығушылық, даңғазалық, көпірмешілікке барушылық болмауға тиіс. Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын сегізінші талап автордың әрбір пікірі сенімді, құлаққа жұмбақ болуға тиіс. Мұнда өтірікке жол берілмеу керек. Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын тоғызыншы талап онда әрбір сөз, сөйлемге саяси мән берілуі керек. Саяси жағынан ұстамды, мәнді болғаны жөн. Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын соңғы оныншы талап әрбір сөз сөйлем мағынасына қарай сараланып қолданылуы керек. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|