ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырып қою – тапқырлық.15. «Жас қазақ» газетінің тұрақты айдарлары. Жас қазақ — республикалық газет. Алғашқы саны 1991 жылы 22 наурызда жарық көрді. Еліміздің саяси, әлеуметтік және рухани өміріндегі өзекті мәселелерді қозғаған газет төрт жыл бойы шығып тұрды. 2001 жылы 11 тамызда “Жас қазақтың” жалғасы ретінде “Жас қазақ үні” газеті жарық көре бастады. 16. Мәтінді корректуралау. КОРРЕКТУРА – баспаханалық терімнен кейін оттискіде байқалған қателерді жөндеу. Редактор мәтінді түзету үшін ең алдымен оны терең ұғынып, оқып алуы қажет. Көркем әдебиет редакторларының тәжірибесіне негізделген редакциялаудың дәстүрлі әдісі осылай жасауды қажет етеді. Ғылыми және техникалық әдебиетті баспаға дайындау кезінде ұсынылған редакциялаудың динамикалық әдісі редакторға материал жайлы өз әдіс бойынша, түзету мәтін терең зерттеліп оқылғаннан кейін енгізіледі де, басуға ұсынылар алдында тағы бір қаралады. Редакциялаудың теориясы мен практикасына байланысты әдебиетте редакторлық сараптама мәселелерін екінші орынға ығыстырып шығарды. 17-Сараптамалық сұхбат (журналистік жанр) – екеуара әңгіме немесе тілшімен белгілі бір қоғам қайраткері арасындағы сұхбат. Сараптамалық жанрлар тобына жатады. Сұхбаттағы сараптаманың өзегі секілді, әңгіменің де өзегі болады. Ол болып жатқан оқиғаға қарай, сол оқиғаға қатысы бар адамның пікірі немесе мәңгілік тақырыптарға үн қосып жүрген, белгілі бір қоғам қайраткерімен, маманмен әңгіме түрінде жүзеге асырылады. 18. Газеттің тілі мен стилі туралы түсінік 19-Редакциялау (Редактирование; editing) — мәліметтердің орналасу ретін, пішімін және мазмұнын өзгерту; құжатқа өзгертулер енгізу (құжатты түзету). Графикалық немесе мультимедиалық объектіні, мәтіндік құжатты дайындау, үстемелеу, өзгерту. Редакциялау әдісінде түзетудің төрт түрі белгілі: түзету-қайта оқу, түзету-қысқарту, түзету-өңдеу, түзету-қайта жазу. Түзету-оқып шығу – мәтінді түпнұсқасымен салыстырып оқу, ондағы - әріп қателерін түзету. Ресми материалдарды, қайта басылып шығатын кітаптарды редакциялау барысында түзетудің осы түрі қолданылады. Түзету-қысқарту – мәтіннің мазмұнын, логикалық жүйесін сақтай отырып, оны белгіленген көлемге, яғни таңбаға, жолға, бетке түсіріп ықшамдау. Шығарманы шұбалаңқылықтан, нанымсыз дәлелдерден, біртекті дәлелдеулер мен қайталаулардан арылту үшін де түзетудің осы түрі қолданылады. Түзету-өңдеу – авторлық мәтінді сақтай отырып, шығарманың композициялық құрылысындағы олқылықты жою, деректік және логикалық қателерін түзетіп, тілі мен стиліндегі кемшіліктерін жөндеу. Түзету-қайта жазу - әдеби тілді нашар меңгерген авторлардың қолжазбаларын әзірлеу кезінде қолданылады. Мұнда әдеби өңдеуші автордың негізгі ойын, өзіндік стиль ерекшелігін сақтай отырып, шығарманы қайта жазып шығады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|