Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тарау. Журналистiң құқықтары мен мiндеттерi




20-бап. Журналистiң құқықтары

Журналистiң:
1) ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға;
2) мемлекеттiк органдарға, барлық меншiк нысандарындағы ұйымдарға баруына және өзiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық шара өткiзу туралы шешiм қабылданғаннан басқа жағдайда өзiн тiркеген орган өткiзетiн барлық шараларға қатысуға;
3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, соның iшiнде оларды дыбыс-бейне техникасын, кино-фото түсiру құралдарын пайдалана отырып жасауға;
4) журналистiң куәлiгiн көрсету арқылы дүлей апаттар болған аудандарда, митингiлер мен демонстрацияларда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен наразылықтарды өзге де бiлдiру нысандарына қатысуға;
5) құжаттар мен материалдардың мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтерi бар үзiндiлерiн қоспағанда, олармен танысуға рұқсат алуға;
6) алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге;
7) алынған ақпараттық материалдарды тексеру кезiнде мамандарға жүгiнуге;
8) өзi дайындаған хабарлар мен материалдарға қолын қойып, шартты атын (бүркеншiк атын) көрсетiп таратуға;
9) материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейiн журналистiң жеке сенiмiне қайшы келсе, оған өз қолы қойылып жариялануынан бас тартуға;
10) авторлық және ақпарат көздерiнiң құпиясы соттың талап етуiмен жарияланған жағдайларды қоспағанда, бұл құпияларды сақтауға құқығы бар.

21-бап. Журналистiң мiндеттерi

Журналист:
1) Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып, өзi шарттық қатынастарда тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға;
2) шындыққа сәйкес келмейтiн ақпаратты таратпауға;
3) ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтiнiштердi қанағаттандыруға;
4) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн құрметтеуге;
4-1) азаматтармен сұхбат жүргiзген кезде дыбыс- немесе бейнежазбаны пайдалануға келiсiм алуға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiне жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.
Ескерту. 21-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 181 Заңымен.

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап жіктейді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор.

5. «Алаш айнасы» басылымының білім-ғылым мәселелерін көтерудегі рөлі.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінің практикалық маңызы: еліміздің интеллектуалды әлеуетінің артуына негіз боларлық ғылыми тұжырымдар әзірлеуде; интеллектуалды ұлт қалыптасуында ақпараттық-коммуникативтік процестерді зерттеуде; ақпараттық қоғам жағдайында, бәсекеге қабілетті ел ретінде, модернизациялық өзгерістер кезеңінде Қазақстандағы интеллектуалды әлеуеттің артуын нығайтуда; ұлттың интеллектуалды әлеуеті – ғылым приоритеті ретінде негізделген ғылыми саясатты тиімді жүзеге асыруда; интеллектуалды ұлт ретінде қалыптасу, дамудың маңызы мен қажеттігін айқындайтын ақпараттық саясатты БАҚ арқылы насихаттауда; қазақстандықтардың интеллектуалды ұлт ретінде қалыптасудың маңыздылығын, қажеттігін тұлғалық санадан бұқаралық санаға дейін артуына ықпал етерлік ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың қолданылуында; интеллектуалды ұлт қалыптасуының таяу болашағын айқындауда маңызды.

Интеллектуалды құндылықтарды қоғам назарына ұсынып, мәні мен мазмұнын жеткізуде күнделікті халықтың қолына тиіп, ақпарат іздер қауымға, ой іздеген жұртшылыққа берері мол басылым «Алаш айнасы» газеті деуге болады. Басылымның бұл бағытта жүргізетін ақпараттық саясаты, коммуникативті алаңы еркін сөз, өткір ой, ұтқыр идеяларға жаралған. Мәселен, газет сандарының бірінде Ж. Түсіпбекұлы «Әлеуметтік модернизация қалай жүзеге асуы керек?» мақаласы жарияланып, онда: «Модернизация қоғамның барлық саласын бірдей қамтығаны дұрыс. Соның ішінде бірінші кезекте әлеуметтік сала қамтылуы қажет. Меніңше, әлеуметтік модернизация дегенді күрделендірмей, қарапайымнан бастау керек. Жас отбасылардың баспанаға қолжетімділігін қамтамасыз ету – кезек күттірмес мәселе. Екінші проблема – жұмыссыздық деңгейін төмендету»,-деп автор мәселе көтереді






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных