Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жастар баспасөзінің тілі мен стилі.




Бүгінгі таңда Қазақстанда қазақ тілінде 449 газет пен 117 журнал шығады екен. Оның сыртында қазақ, орыс тілде-рінде екі тілде шығатын газет-журналдар тағы бар. Кеңестік дәуірмен салыстырғанда қазақ басылымдары санының бұлай артуы тәуелсіздік арқасында қол жеткен жетістік екені даусыз. Осы басылымдар қазақ тілінің шешімін таппаған сан алуан мәселелерін үздіксіз көтеріп, тіліміздің дамуына, оның Ата Заңда көрсетілген мәртебесіне сәйкес қолданылуына қатысты жазудан жалыққан емес. Тек журналистердің ғана емес, тілші ғалымдар мен филологтардың, тіл жанашырлары мен түрлі сала мамандары тарапынан тілдің жайын сөз еткен сан алуан мақа-лалар да негізінен қазақ тілінде жарық көретін газет-журналдарымыз арқылы қалың жұртшылыққа жол тартады. Жалпы, қазақ тілінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын да қазақ баспасөзі, қазақ тілді журналистер қауымы екені баршамызға белгілі. Тіліміздің дамуы мен қолданысына елеулі үлес қосып отырған төл баспасөзіміздің тілі жөнінде дүркін-дүркін сөз қозғалып жатады. Бұл мәселе тіл мамандарының назарынан да ешқашан тыс қалып көрген емес. Жекелеген мақалаларды айтпағанда, әр кезеңдегі қазақ мерзімді басылымдарының тілін зерттеуге арналған монографиялар жазылып, бірқатар кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды. Осы дәстүрді жалғастырып, біз де кейінгі бес-алты жыл көлеміндегі баспасөздегі сөзқолданыс, сөзжасам, терминжасам мәселелерін қарастырып жүргендіктен, жинақталған деректер негізінде кейбір ойларымызды ортаға салуды жөн көрдік. Әрине, қазақ баспасө-зінің бүгінгі биігінде ондағы тіл мен стиль мәселелерінің негізінен ойдағыдай шешіліп келе жатуының мәні үлкен. Газеттер мен журналдардағы мақала, сұхбаттардың тілі жетік, содан да ойы айқын бола түскені талас тудырмайды. Әйтсе де, қолдағымызды ешкім де тартып алмайтынын ескере кетіп, бұл мақалада біз негізінен баспасөз тілінің мә-дениетіне, сөзқолданыcта орын алып жүрген кейбір кемшіліктерге баса тоқталамыз.

Әрине, қазақтың тілін бір кісідей білетін, қаламы төселген, әр сөзді талғап-таңдап орнымен қолданатын, қағаз бетіне түскен немесе аузынан шыққан әр сөйлеміне үлкен жауапкершілікпен қарайтын тәжірибелі, білікті журналистер де аз емес. Олардың жазғанын кім де болса сүйсініп оқиды, сөйлеген сөзіне зейін қойып ілтипатпен тыңдайды. Алайда үнемі олай бола бермейді. Кез келген өзге салалардағы мамандар сынды журналистердің де біліктілігі, кәсіби деңгейі, жазу шеберлігі, сөз қолдануға деген жауапкершілігі бірдей емес. Сондай-ақ газет-журналда тек жур-налистердің ғана емес, білімі мен кәсіби дайындығы, тілді білу деңгейі әркелкі түрлі сала мамандарының жазғандары да жарық көріп жатады. Осының бәрі баспасөз тілінің сапасына әсер ететіні сөзсіз.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных