ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Аймақтық басылымдар және олардың тарихы.Маңғыстау баспасөзінің тарихы сонау 1920 жылдан қабырға газетінен бастау алса, бүгінде «Маңғыстау» облыстық газеттің, «Жаңа өмір» Маңғыстау ауданының аудандық газетінің және Түпқараған ауданының төл газеті қазіргі «Ақкетік арайы» газетінің түп тамыры, төркіні. Алайда көп соқпаққа соқтыққан аудан баспасөзінің даму тарихында қиын да қыстау кездер көп болғанын көпке дейін халық қол үзіп үзілісте қалған кездерінен дәлел етіп айтуға болады. Бүгінде аудан баспасөзінің тарихы «Маңғыстау энциклопедиясында» былай деп қысқаша көрсетіледі «Маңғыстаудың мерзімді баспасөзінің тарихы 20-жылдардың басында Форт-Александровск қаласында шығып тұрған «Радиовестник» қабырға газетінен басталады. Кейінірек, уездік партия комитетінің шешімімен «Вестник партии» деп өзгертіліп, ол қазақ және орыс тілдерінде шыққан. Қолмен жазылып, көшіріліп көбейтілетін бұл қабырға газеті 1924 жылы «Лицом к деревне» («Ауылға бетінді бұр») деген ұран-атаумен шығарылып, қырдағы ауылдарға таратыла бастаған. Жер-жерде Кеңес өкіметін орнықтыру, тап күресін түсіндіру, көшпелі елді отырықшыландыру, сауатсыздықты жою сияқты сол кезеңнің басты саяси міндеттерін жүзеге асыру ісіне қызмет еткен газеттер шыға бастады» дей келе облыс, аудан баспасөзінің негізі ретінде «Жаңа жұртшылық» деген басылымның 1931 жылдың 5 тамызынан жарық көргендігі айтылған. Бұл басылым тарихы туралы осы энциклопедияда «...«Жаңа жұртшылық» -Маңғыстауда баспа тәсілімен басып шығарылған алғашқы газет. 1931 жылдан бастап Форт-Александровск баспаханасында 800 дана таралыммен айына он рет шығып, оған кезінде Ж.Сәрсенбин, Ғ.Нұрым, Ж.Қызылбаев сияқты өңірге белгілі азаматтар редакторлық еткен. Кеңес өкіметінің 30 жылдардың басындағы саясатына орай газеттің атауы 1933 жылы «Колхоз жолы» деп өзгертілсе, 1958 жылы «Ленин жолы» деп аталынған. Осы атпен газет 1963 жылға дейін шығып тұрды да, Форт-Шевченко ауданы тартылған кезде жабылып қалды» деп жазылған. Осы тұста тоқтала кететін есім аудан журналистикасының алып тұлғаларының бірі де бірегейі М.Бимағамбетов болатын. Ол кісі туралы да басылымда мақала ұсынбақпыз. 1946 жылы соғыстан оралған Мұстахи Бимағамбетов аудандық газетте әдеби қызметкер, 1951-1962 жылдар аралығында Форт-Шевченко ауданының «Колхоз жолы» газетінде редактор қызметін атқарады. О. Ізбасаров та сол тұста қызмет атқарды. Публицистика (лат. publіcus – қоғамдық) – әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қозғайтын саласы.Публицист сөзі <<Публицистика>> деп аталатын жанрға қатысты пайда болған. Публицист публицистикамен айналысатын адам. Публицистика- латынның <publich>- қоғамдық деген сөзінен шыққан, яғни өмірдің әлеуметтік, өндірістік, ғылыми, мәдени және бсқа құбылыстарын өмірдеректерін негіз ететін әдеби жанр. Публицистика белгілі бір күннің, сол дәуірдің саясатымен, философиялық көзұарастарымен байланыстырады. Көсемсөз халықтың рухын көтеретін ұшқыр да уытты көркем тілмен жазылады, көпшілікті игі іске шақырады, бір мақсатқа жұмылдырады.Публицистикалық стиль дегеніміз не? Публицистика (латынша: көпшілік, әлеумет)—қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т. б. шығармаларды, шешендік сөздер публицистикалық стильдің ауызша түріне жатады.
Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайдаланылады. Мұндай үндеуге, үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер тақырып болады. Мысалы, саяси, экономикалық, экологиялық, мәдени, моральдық мәселелер. Үндеудің, үгіттеудің мақсаты - жұртшылықты қоғамдық мәні бар іске қатыстыру, жұртшылықтың санасына ықпал ету. Публицистикалық стильге қойылатын талап — қандай тақы-рыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болуы қажет. Ол — тілдік кұралдарды қолдана білуден байқалады. Публццистиканың қоғам өмірімен тығыз байланыстылығы оған үгіт-насихаттық сипат береді. Сондықтан публйцистикалық шы-ғарманың тақырыбьша, мазмұнына сай сөздер мен сөз тіркестерін сұрыптап қолдана білудің және қажетті синтаксистік құрылысты пайдалана білудің үлкен мәні бар. Публицистикалық стильде тілдің эмоциональды элементтері және сөзді образды қолдану сияқты әдеби стильге тән құбылыстар да кездеседі. Бұл оның әдеби стильге жақындығын көрсетеді. Ал оның фактіні толық және логикалық жүйелі баяндау тәсілі жағы-нан ғылыми стильге жақын екені байқалады. Публицистиканың жанры әр алуан. Сол жанрлардың түріне, өзгешелігіне қарай оның тіл ерекшелігі болады. (Бас мақала, ин-формациялық хабар, очерк, халықаралық шолу, памфлет, радио мен телевизордан берілетін хабарлар т. б.) Публицистикалық стильдің ауызша түрі — шешендік сөз. Пуб-лицистиканың бұл түрі өте ерте дамыған. Біздің дәуірімізге дейінгі 335 жылы жазылған Аристотельдің “Риторикасында” шешендік сөздің құрылысына жан-жақты талдау жасалынады. 1748 жылы Ломоносовтың “Краткое руководство к красноречью” деген кітабы басылып шығады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|