Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оқыту үрдісінің мәні




Әскери дайындық негізі бойынша оқыту, басқа пәндердегі сабақ беру үрдісі (оқытушы-ұйымдастырушының іс-әрекеті) және оқу үрдісінен (оқушының іс-әрекеті) тұратын екі жақты үрдіс.

Алғашқы әскери дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушысы сабақ беру үрдісінде оқушының танымдық және тәжірибелік іс-әрекетін ұйымдастырады. Оқу үрдісіндегі оқушының іс-әрекеті білім, біліктілік және дағдыларды меңгеруден тұрады. Оқыту үрдісі тәрбие үрдісімен тұтас қарастырылады. Бұл дегеніміз, оқушыда тек қана пән бойынша білім, біліктілік және дағды қалыптастырып қоймай, сонымен бірге, адамгершілік өзін-өзі ұстау, танымдық мүмкіндіктері дамып, өздігімен жұмыс істеу мүмкіндігі дамиды.

Сонымен, білімді меңгеру қабылдаумен басталып, онымен тоқталып қалмайды. Оқушының қабылдаған материалы оның түйсігінде қорытылып, оған мән беріледі. Тек мән берілген білім ғана тәжірибелік іс-әрекетінде қолданылуы мүмкін.

Оқыту үрдісі мазмұнының алғашқы және жетекші элементі – білім болып табылады. Білімді меңгеру–бұл пәнді, көріністерді, түсініктерді және заңдылықтарды оқу. Оқушылардың жекелеген фактілерді емес, білімнің белгілі бір жүйелерін меңгеруі өте маңызды. Мысалы, жоғары сынып оқушысы Калашников автоматының бөлімдерін жақсы біліп, бірақ автоматты әскери қару ретінде қолданудағы өзара әрекетін нашар білетін болса, қанағаттандырарлық деп санауға болады. Оқушылардың білімі механикалық түрде жатталған емес, мәнін нақты түсінген, Отанын қорғауда жетістікте болатындай болуы керек.

Оқу үрдісінің құрама бөлігі біліктілікті және дағдыны құру болып табылады. Біліктілік оқушының алған білімі негізінде, алға қойылған міндеттер мен жағдайға сай орындалатын әрекеттер кешені. Оқушының бұл әрекеттерді тек нақты жағдайда ғана емес, сонымен бірге кез келген уақытта іске асыра білуі керек. Біліктілікке карта бойынша азимутты анықтау, атыс қаруынан ату дайындығы бойынша сұрақтарды шешу және т.б. кіреді.

Дағдылар бір әрекетті көп рет қайталаумен пайда болады. Қалыптасып келе жатқан дағдыға, мысалы Калашников автоматын бұзу және жинау, газ тұтқыштарды кию және т.б. айтуға болады.

Біліктілік пен дағды арасында тығыз байланыс бар. Кей жағдайларда біліктілік бойда бар қасиеттер мен дағдылар негізінде құрылады.

Үйрету үрдісі танымдық іс-әрекеті кезеңдері немесе оқыту үрдісінің сатылары звенолары бойынша белгілі бір реттілікпен іске асырылады.

Мұндай кезең немесе звенолар танымдық сұрақтарды, жаңа материалды қабылдау, ғылыми түсініктерді қалыптастыру, заңдарды меңгеру, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру, білім, біліктілік және дағдыны қолдану, оқушының білімді меңгеруін тексеру, оқыту нәтижелерін сараптауды оқушылар алдына талап қою болып табылады.

Бұл оқыту үрдісінің кезеңдер кестесі шартты болып табылады. Барлық кезеңдер бір-бірімен байланысты және оқыту жүйесінің басқа да мүмкіндіктерін жоққа шығар-майды. Алғашқы әскери дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушысы оқыту үрдісінде оқытудың негізгі кезеңдерін логикалық және әдістемелік реттілікпен өткізуді ескергені маңызды.

Оқытудың дидактикалық қағидалары

Оқытудың дидактикалық қағидаларын педагогикалық үрдістің заңдылықтарын көрсететін және оқушыларды біліммен, дағды, біліктілікпен қаруландыруды анықтайтын, жетекші педагогикалық қалыптарды бекітеді.

Оқыту қағидалары өздігінен құрылмайды. Ол педагогикалық үрдіс заңдылықтарын көрсетеді және сол оқыту үрдісінің мәнінен пайда болады. Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі оқу үрдісі бағынатын дидактика талаптарын жақсы білуі және сол заңдылықтарды оқыту және тәрбие мақсаттарын орынды шешу үшін қолдана білуі керек.

Оқыту үрдісінің заңдылықтары оқу үрдісінің барлық жақтарын анықтайтын дидактикалық қағидалар жүйесінде (мазмұны, әдістері, ұйымдастыру түрлері) көрінеді.

Оқытудағы түйсік және белсенділік

Білімді түйсікпен меңгеру қағидасы – бұл оқушы оқу үрдісінде оқылатын материалды жақсы түсіну және мән беру керек деген сөз. Ол үшін оқушыларды фактілерді өздігінен сараптауға, салыстырулар жасап және жалпылама тұжырымдар құру өте маңызды.

Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі оқушыларға оқытудың мақсатын және міндетін түсіндіріп, білімге деген қызығушылығын арттырып, оқытуы керек. Оқушының түйсікпен қабылдаған оқу материалы көп жағдайда алғашқы әскери дайындық пән мұғалімінің түсінікті және тапқырлықпен түсіндіруне байланысты.

Оқу кезіндегі оқушының түйсіктілігі, белсенділігі және жеке-даралылығы басқада дидактикалық қағидалармен тығыз байланыста болады. Мысалы теория мен практика-лық бірегей негізінде білімнің ғылыми маңызы және түсіндірілу жүйелілігі түйсіктілікке қол жеткізеді.

Теория мен практика және өмір мысалымен оқыту

Оқытуды өмірмен байланыстыру оқу үрдісінің негізін құрайды және бастауыш сыныптан мектеп түлегі болғанға дейін жүргізіледі. Осы қағидаға орай оқу бөлімдерінің, тәжірибе бөлмелерінде оқушылардың пайдалы өндірістік еңбектерге баулуы ұйымдастырылады.

Теория мен практиканы байланыстыратын дидактикалық қағида – өмірмен оқыту, алғашқы әскери дайындығында маңызды орын алады. Оны іске асыруда жоғарғы сынып оқушыларымен дала сабақтарын өткізу, әскери бөлімдерге бару, сарбаздардың өмірімен және әскери сабағымен танысу үлкен рөл ойнайды.

Оқытудың жүйелілігі және реттілігі.

Оқытудағы жүйелілікті және реттілікті ұстану қағидасы дегеніміз, бағдарлама материалы логикалық реттілікпен оқытылу, ал оқушылар білімі бір жүйеге келтірілу деген сөз. Өйткені сол ғана бізге, біздің білімімізді басқаруға мүмкіндік береді.

Қарастырылып отырған қағида негізінде оқу материалының жылдармен, оқу тоқсандарымен, әр сабақтың тақырып бойынша орналасуын қатаң түрде сақтау талабы жатыр.

Жаңа оқылатын материал өтіліп кеткен материалға сүйенуі тиіс. Себебі өтілген сабақ бекітіліп, оқушыны алдағы материалды меңгеруге дайындайды.

Реттіліктің білімдегі рөлі туралы орыстың белгілі физиологі И.П.Павлов жастарға былай деген: «Реттілік, реттілік және реттілік. Білім жинақтауды алғашқы бастағаннан, өзіңді қатаң реттілікке үйрет. Ешқашан алдыңдағыны меңгермей жатып келесіге көшпе».

Оқытудың реттілік қағидасын сақтауда алғашқы әскери дайындық пәні мұғаліміне оқу материалын оқу жылының тоқсандарына, апталық және тақырыптың жоспарын дұрыс жоспарлау көмектеседі.

Бұл қағида, сабақтарда оқушылардың оқылатын материалды меңгеруін белсендендіретін түрлі көрнекілік құралдарды болжайды.

Алғашқы әскери дайындығы бойынша оқу үрдісінде мынадай құралдар бөлініп көрсетілуі мүмкін: пәндік көрнекілік (қару көшірмесі, Азаматтық Қорғанысы бойынша құрылғылар, әскери техника және т.б.), көркемдік көрнекілік (кестелер, плакаттар, суреттер, макет және модельдер, оқу кинофильмдері) және сөздік-кесіндік көрнекілік (оқиғаларды, батырлар ерлігін, салыстырманы қолдану және т.б. жарқын суреттеу).

Көркемдік көрнекілікке қысқаша тоқталып өтсек. Көрнекі құрал затты немесе көріністі тануда мәнділігін, бастысын көрсетіп, түсті қабылдаудағы жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктерін ескеретін көлемі болуы керек. Сабақта көрнекі құралды пайдалану кезінде олардың көрсетілу тәртібін және әдістемесін тиянақты ойластыру керек. Көрнекі құралдарды көп көрсетіп және барлық көрнекілікті, бірден ілуге болмайды. Материалды түсіндіру кезінде көрнекілік қолдану керек болғанда алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі ақпарат мазмұнын оқушы жақсы түсіну үшін орынды түсіндірулер беруі тиіс.

Көрнекі құрал көрсетіліп, оқушыларды бақылауынан соң, тақырыпқа сай жалпылама жасау ұсынылады. Сабақ барысында көрнекіліктің түрлі формаларын қолданған жөн. Әсіресе деректі және оқулық арнайы фильмдер көрсету маңызды. Сабаққа дайындалуда оқытушы-ұйымдастырушы оларды көріп, көрсету жоспарын құрып және көрсетілген материалды оқушылармен қысқаша әңгімелегені дұрыс.

Білім, біліктілік және дағдының меңгерілу беріктігі

Бұл қағиданы іске асырудың бірден-бір жолы оқылатын материалды қайталау және бекіту. Алғашқы әскери дайындығы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыруда ең бастысы оқушыларды сапалы біліммен қаруландыру екенін ұмытпаған жөн. Тек сапалы білімнің негізінде ғана біліктілік және дағды пайда болады. Сондықтан да теориялық мәліметтер практикалық сабақтардың алдында болуы тиіс. Мысалы, ату сабағы алдында қарудың материалдық бөлімі оқытылады. Оқылған материалды қайталау барысында оқушылардың белсенді және түсінікті меңгеруіне, сол білімді меңгеруіне қол жеткізеді.

Білімнің оқушыға түсінікті, нақты берілуі

Бұл қағида оқыту оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, іске асырылуы керек, яғни осы оқу материалы көлемі және мазмұны оқушының ақыл және дене дамуы деңгейіне сай келуі керек дегенді білдіреді. Өте күрделенген және өте жеңілдетілген оқу материалы оқушының сабаққа деген қызығушылығын төмендетеді. Қарастырылып отырған қағиданы іске асыру үшін оқу үрдісін жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге, қарапайымнан күрделіге деген жолмен құрылуы керек. Оқытуда белгілі бір реттілікті сақтап, оқушы алдында алған біліміне сүйенуі керек. Осыған орай, алғашқы әскери дайындығында, осы пән бойынша бағдарламаның бір бөлімін оқытуда соған сай басқа пәндердің пән аралық байланысы үлкен рөл атқарады. Бұл пән бойынша терең, әрі түсінікті білім алуға мүмкіндік береді. Өз кезегімен пән аралық байланыс мектеп курсының басқа пәндерден білім деңгейін кеңейте түседі. Пән аралық байланысты дұрыс қолдану үшін оқытушы-ұйымдастырушы басқа пәндердің бағдарламасына сай бөлімдерімен танысып, белгілі бір тақырыптарды сол пәндердің тақырыптарына сүйенуі тиіс. Мұғалімдермен байланыс ұстап, алғашқы әскери дайындығы бойынша өз білімін тереңдетуі керек.

Оқытудағы жеке басы және ұжымдық бірлігі

Оқыту – жұмыстың ұжымдық түрі. Оқыту оқушыларды ұжымда, оның ішінде әскери іс-әрекеттік маңызы бар тәжірибелік іс-әрекетке дайындауға есептелген.

Оқытушы-ұйымдастырушының міндеті – білімді, біліктілікті және дағдыны сабақта және сабақтан тыс уақытта сыныптың ұжым болып, белсенді түрде меңгеруін қамтамасыз ету. Сонымен бірге оқытушы-ұйымдастырушы әрбір оқушының жеке-дара ерекшеліктерін анық білуі керек (мінезі және темпераменті, ақыл және жігер, денсаулық жағдай т.б.).

Сол ерекшеліктерді білу әр оқушыға жеке жол табуға, олардың оқу іс-әрекетіне белсенді түрде араласуын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Әсіресе жеке-бір оқушылардың артта қалу себебін анықтап, олардың оқу материалын жақсы меңгеруіне көмектесу өте маңызды.

Оқыту әдістері

Оқытушы-ұйымдастырушының педагогикалық шеберлігі тек өз пәнін жақсы білуімен ғана анықталмайды. Сонымен бірге оқыту әдістері, тәсілдері және құралдарын еркін, сенімді меңгеруімен де анықталады.

Оқыту әдісі деп оқытушы-ұйымдастырушы мен оқушының оқу үрдісі кезіндегі бірегей жұмысының жолдары мен тәсілдерін айтады. Оқыту әдістері оқытудың жалпы міндет, мақсаттарымен анықталады.

Әрбір әдіс оқытудың өзара байланысты тәсілдерінен тұрады. Оқыту тәсілі дегеніміз әдістің бір бөлшегі. Мысалы, әңгімелеу – оқыту әдісі, әңгімелеудің жоспарын айту – оқушының қызығушылығын белсендіру тәсілі.

Оқытушы-ұйымдастырушы оқытудың түрлі құралдарын қолдана отырып, оқытудың әдістерін таңдауда көп мүмкіндікке ие болады. Оқыту құралдары – бұл соның көмегімен оқытушы оқытуды іске асыратын, ал оқушы білімді және біліктілікті меңгеретін оқу құралы және оқыту ақпараттарының басқа да көздері. Оқыту құралдарына, сонымен қатар оқытушы-ұйымдастырушының сөзін, оқу қаруы және әскери мүлік, оқулық, кино, радио және т.б. жатқызуға болады.

Оқушыларды алғашқы әскер дайындығын оқытуда түрлі әдістер қолданылады. Олар шартты түрде сөздік, көрнекілік және тәжірибелік деп үшке бөлінеді. Оқытудың негізгі әдісі материалды ауызша айту (әңгіме, түсіндіру, мектептік дәріс), пікірлесу, көрсету, жаттығу және өзіндік жұмыс болып табылады.

Оқушыларға жаңа материалды айту кезінде түсіндіру, әңгіме,пікірлесу, дәріс жолымен іске асырылады.

Түсіндіру деп, жеке бір түсініктерді, заңдарды, тәртіптерді көріністерді, сонымен бірге жеке бір сөздерді және терминдерді айтуға болады.

Мысалы, ДП – 5А құрылғысымен жұмыс істеу біліктілігін және дағдысын қалыптастырудан бұрын, оқытушы-ұйымдастырушы, оның құрылысымен таныстыруы керек.

Әңгіме деп, жаңа материалды жүйелі түрде әңгімелеп беруді айтамыз. Ол көбінесе пікірлесу, түсіндірумен көрінеді. Әңгіме Алғашқы әскери дайындық бағдарламасының көп бөлімдерінің жаңа материалын мазмұндауда қолданылады.

Мектептік дәріс жаңа материалды мазмұндау әдісі ретінде бағдарламаның ірі тақырыптарын айтуда қолданылады. Дәріс әңгіме және түсіндірмелерге қарағанда ұзағырақ. Барлық тақырыптың толықтай мазмұндалуымен, қосымша материалдар қолдануылымен ерекшеленеді. Ол оқушының толықтай жинақталуын және оқытушы-ұйымдастырушының жарқын баяндауын талап етеді.

Пікірлесу – бұл оқытудың сұрақ–жауап әдісі және оқу үрдісінің барлық звеноларын да қолданылады. Пікірлесудің төрт түрі бар: жаңа білімді айту бойынша; арнайы ауызша жаттығулар түріндегі білімді бекіту бойынша; білімді тексеру және бағалау үшін; өтілген материалды қайталау кезінде.

Жаңа білімді айту бойынша пікірлесу индуктивті (жеке белгілі немесе байқалатын құбылыстар, жалпы тұжырымға бірен-саран тәсілдер) немесе дедуктивті жолмен (жалпы жағдайдан, оқушының айтқаны, жеке оқиғалар) жүргізілуі мүмкін.

Пікірлесу – оқыту әдістерінің күрделілерінің бірі. Сұхбат кезінде сұрақ қатаң логикалық реттілікпен қойылып, шешілуі керек. Негізгі сұрақтарды оқытушы-ұйымдастырушы пікірлесудің міндеті мен мазмұны, оқушының білім деңгейін ескере отырып алдын-ала дайындауы тиіс. Сұрақтарды оқушыға игере алатындай, жауапты табуға анық итермелемейтіндей және «иә» немесе «жоқ» деген қысқа жауаппен шектелмейтіндей етіп құрастырған жөн.

Пікірлесуді жауап беруге оқушылардың барлығы дайындалатындай етіп құру дұрыс болады. Осы мақсатпен сұрақты бүкіл сыныпқа қойып, сосын сәл ғана үзіліс жасап, оқушылардың бірін жауап үшін шақырады. Жаңа материалды ауызша мазмұндау түрінде қарамай, ол мазмұнының дәлелдігімен, нақтылығымен (фактінің дәлдігі және тақырыптың ғылыми жағынан дұрыс ашылуы), нақты материалдық дұрыс таңдалуымен, логикалық реттілігімен, көрнекілігімен және білімділігімен, ойының айтылу анықтығымен ерекшеленуі қажет.

Жаңа материалды мазмұндау, ретімен тұжырымдау, бағалау, оқушыға ұсыныстар айтумен аяқталады.

Көрсету әдісі дегеніміз – оқылатын пәннің оқушы ойында көрнекі кескіні қалыптасуына көмектесетін тәсілдер және әрекеттер жиынтығы. Оқушыларда қарудың құрылысы, әскери техника, азаматтық қорғаныс бойынша құрылғылар туралы нақты, дәл түсінік болады. Көрсету тәсілдері саптық, қарумен қимыл жасау әрекеті кезінде қолданылады.

Көрсетудің бір түріне суреттік мазмұндау үрдісі, сонымен бірге баллистика элементтерін оқу кезіндегі тәжірибелер жатады.

Оқылатын тәсілдер және әрекеттер оқытушы-ұйымдастырушының өзімен арнайы тағайындалған бөлім командирімен оқу озаттарымен, сондай-ақ оқулық кинолар көмегімен көрсетілуі мүмкін.

Оқытушы-ұйымдастырушының саптық тәсілдерді қару-мен әрекетті және тактикалық сабақты өзінің көрсетуі оқушыларға білімнің көзі, еліктеу бейнесі болып қызмет етеді.

Әдетте тәсілдер мен әрекеттерді бөліп көрсету қысқаша анықтамалармен жалғасады. Оқытушы-ұйымдастырушының сыртқы қалпы, саптық тартылымдылығы және жинақылығы оқушыларды әскери қызметке тәрбиелеуде өте маңызды рөл атқарады [4].

Өзі көрсетумен қатар саптық дайындықта және қару-мен әрекетті көрсету дайындығы бойынша оқушыларға, взвод немесе бөлімше командирін үлгі ретінде кең қолданған дұрыс.

Жаттығулар – алғашқы әскери дайындығы бойынша білімді, біліктілік және дағдыны бекіту үшін қолданылатын негізгі әдіс. Бұл әдіс белгілі бір тәсілдер мен әрекеттерді оқушыларда дамыту, бекіту мақсатында көп рет, саналы түрде, күрделендіріп қайталау.

Жаттығудың бір түрі – дайындық болып табылады. Олар пайда бола бастаған біліктілік және дағдыны бекіту және дамыту үшін қолданылады. Жаттығулар және дайындықты өткізу кезінде белгілі педагогикалық талаптарды сақтаған дұрыс болады. Бір тәсілді және әрекетті қайталау мехникалық емес, саналы түрде болуы керек. Оқушы жаттығу, дайындық мақсатын жақсы білген жағдайда олар белсенді түрде араласып, қызығушылықпен қарайды.

Кітаппен жұмыс – оқу материалын өздігінен оқудың көп тараған әдісі. Ол білімді терең әрі нық меңгеруге үлкен көмек көрсетеді. Оқытушы-ұйымдастырушының міндеті - оқушыларды кітаппен сыныпта және үйде жұмыс жасауын үйрету.

Тікелей сабақ үстінде оқулықпен жұмыс жасауына уақыт бөлу дұрыс болады. Сонымен бірге оқығандарын конспектілеуді, арнайы жазбалар жасауды ұсыну қажет. Оқытушы-ұйымдастырушы мектеп кітапханасының әрдайым әскери-патриоттық әдебиеттермен толықтырылуын қадағалап, оқушыларды сол кітаптарды оқуына ұсыныс жасауы қажет.

Оқу материалын өздігінен оқудың және бекітудің маңызды әдісі тақырыптық бейнефильм және оқулық фильмдер көрсету болып табылады. Оқытушы-ұйымдастырушыға тақырып бойынша оқушылардың өздігінен меңгеруін реттеу үшін, ұсынылатын көрсетілімдерді алдын-ала көріп алғаны дұрыс.

Қазіргі уақытта, біздің елімізде алғашқы әскери дайындығы бойынша көптеген оқулық фильмдер түсірілген. Радио және теледидар бойынша белгілі уақытта жастар үшін әскер тақырыбына орай түрлі бағдарламалар жүргізеді. Соларды, тақырыпты бекіту, дамыту мақсатында қолдануға болады.

Оқытудың түрлі әдістері арасында тығыз байланыс бар. Бір әдісті дұрыс қолдану, екіншісінің қосылуымен іске асып жатады. Мысалы, ауызша мазмұндау әдісі көбіне көрсетумен, жаттығу – көрсетумен, көрсету – түсіндірумен көрінеді.

Бір әдістің әсерлілігі тек оның мазмұнына сай келу деңгейімен ғана байланысты емес, сонымен бірге дидактика қағидаларына да байланысты. Оқыту әдісін таңдауға оқушылардың құрамы, дайындық деңгейі, сабақ уақыты, оқу-материал базасы, сабақтың өткізілетін орны әсер етеді.

Алғашқы әскер дайындығы сабағы

Оқытушы-ұйымдастырушының ең бірінші міндеті оқушыларды психологиялық, денелік, адамгершілік жағынан Отанды қорғауға, ал ұлдарды тікелей Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет етуге күнделікті дайындау болып табылады. Мұндағы шешуші рөлді алғашқы әскери дайындығы бойынша оқу үрдісі алады.

Алғашқы әскери дайындығы бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып табылады. Ол жалпы дидактика және әдістеме принцптеріне жауап беріп, алғашқы әскери дайындығы бағдарламасына сай, қатаң түрде өткзілуі тиіс.

Педагогикалық ғылым және мемлекеттік тәжірибе бойынша оқытушы-ұйымдастырушының қолданатын мынадай негізгі сабақ түрлері бар:

-жаңа білімді қалыптастыру сабағы. Бұл сабақтарда дәріс, әңгімелесу, пікірлесу түрінде теориялық білім беріліп, тұжырымдар және негіздеулер жасалынады. Сабақтың мұндай түрлері әдетте бағдарлама бөлімдерін және тақырыптарын алғашқы оқуда қолданылады. Сабақ барысында оқытушы-ұйымдастырушы оқытудың техникалық құралдары және көрнекі құралдары кеңінен қолданады.

Сабақтың құрылымдық құрамы жаңа материалды оқу үшін керекті оқу материалын қайталау, меңгерілген білімді қайталау, оқытушы-ұйымдастырушының керекті түсіндіруі-мен өзіндік дайындық үшін тапсырмалар беру болып табылады;

-білімді және біліктілікті беру сабақтары. Өтілген оқу материалын қайталау, тұтас тақырып бағдарламасының бөлімін қайталау түрінде өткізіледі. Сабақтың мұндай түрінде саптық дайындық, атыс қаруын игеру, азаматтық қорғанысы бойынша дағдыны және біліктілікті бекіту іске асырылады. Әдетте бұл сабақтар автоматтар және құрылғылар санына қарай оқу бөлімдерінде жүргізіледі. Сабақ уақыты жақындағанда оқытушы-ұйымдастырушы өзінің көмекшілерін – оқушылар сабындағы командирлерін дайындайды. Бұл оқу сабақтары оқытушы- ұйымдастырушының тиянақты дайындығын талап етеді;

- оқушылардың білімін және дағдысын бақылау сабақтары тәртібі бойынша оқу жылының соңында өткізіледі. Бұл сабақтарда оқушылардың теориялық білімі, тәжірибелік дағдысын тексеру іске асырылады. Теориялық білімдері оқытушы-ұйымдастырушының талдап жасаған билеттерімен, тест сұрақтарымен, ал тәжірибелік дағды және біліктіліктері – тікелей атыс қаруымен, азаматтық қорғаныс құрылғыларымен жұмыс және дәрігерлік дайындық бойынша тексеріледі. Қорытынды тексеру, тәртіп бойынша мектеп директоры және әскери коммисариат өкілі қатысуымен өткізіледі;

- құрама сабақтар. Бірнеше дидактикалық міндеттерді біріктіретін құрама сабақ, оқытушы-ұйымдастырушының оқыту жұмысында кең қолданыста. Бірінші, сыныпты ұйымдастырады (сыныпты сапқа тұрғызып, оқушылардың сыртқы келбетін тексереді), сосын сабақты классикалық кестемен өткізеді (білім деңгейін тексеру мақсатында сұрақтар қою, жаңа материалды мазмұндау, өзіндік дайындыққа тапсырма беру);

Құрама сабақтың құрылымын, егер жаңа білімді қалыптастыруды, бұрынғы меңгерілген тақырыпты дамыту және тексерумен біріктіретін болсақ, жұмыс нәтижесін және үлгерімді күнделікті бағалайтын болсақ, бұрынғыдан да әсерлі, әрі алға қозғалмалы етуге болады.

Соңғы кездері мәселілік оқыту кең қолданылады. Оның мәнісі оқушылардың алдына танымдық нақты міндеттер, сұрақтар қойылады. Ал оқушылар мұғалім көмегімен немесе өздігімен сол мәселелерді шешудің шығармашылық жолын іздейді.

Алғашқы әскери дайындығы бойынша сабақты ұйымдастыру ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып кетсек. Олардың бастысы оқушыны тәртіпке, білімділікке, өз Отанын қорғауға дайын болуға тәрбиелейтін міндеттерге әрбір жеке сабақтың бағынуында.

Сабақтағы маңызды шарттардың бірі оқушылардың ұйымдастырылуы және тәртібі жоғары болады.

Сабақты ұйымдасқан түрде өткізу үшін және оқушылардың тәжірибелік дағдыларды жақсы меңгеруі үшін сынып үш бөлімшеге бөлінеді. Ең үздік ер балалардың арасынан мектеп директоры бұйрығымен взвод және бөлімше командирлері тағайындалады. Қыздардан құралған бөлімшеге командир болып ең үздік қыздар тағайындалады.

Алғашқы әскери дайындығы бойынша сабақ бөлім командирінің оқушыларды екі саптық қатарға орналастырып, сабаққа дайындық туралы оқытушы-ұйымдастырушыға баяндауымен басталады.

Сапқа тұру кезінде оқушылар саптағы өз орнын біліп, командирдің белгілеріне, пәрмендеріне сақ болып, оларды дәл, әрі тез орындалуы керек.

Сапқа тұру кезінде оқытушы-ұйымдастырушы сапты жылдам қарап шығып, қажет болғанда ретті ескерту және бұйрықтар беруі тиіс.

Сабақта әрдайым тәртіп, әрі ұйымшылдық сақталуы керек. Оқытушы-ұйымдастырушы оқушыға назар бөліп сөйлегенде, оқушы жылдам тұрып «Тік тұру» қалпын ұстап, өз аты-жөнін айтуы қажет.

Егер оқытушы-ұйымдастырушы оқушыға тегін айтып қараса, оқушы «Мен» деп жауап береді. Отыруға рұқсат алған соң оқушы саптық тұрысты қабылдап «Құп болады» деп, тез отырады. Оқытушы-ұйымдастырушыға бір нәрсе айту керек болғанда оқушы қолын көтереді. Рұқсат алған соң «Тік тұру» қалпын ұстап, тегін айтып, өз сұрағын қояды.

Оқытушы-ұйымдастырушы сабақта оқушыларға тек «сіз» деп сөйлейді. Оқытушы-ұйымдастырушының сабақта оқушыларға қоятын ұйымдастыру талаптары басқа да мұғалімдерге де тиісті, ал дене тәрбиесі мұғалімідері сабақтарында оқушыларға саптық жарғыларды орындау дағдысын қалыптастыруы керек.

Оқу үрдісін ұйымдастыруда, оқушылар болашақ Отан қорғаушылар болғандықтан оқытушы-ұйымдастырушының жеке қасиеттері, оқу пәнін білуі, сабаққа деген көзқарасы, сыртқы келбеті маңызды рөл ойнайды. Сондықтан офицерлік қосалқы құрамдағы оқытушы-ұйымдастырушыларға, офицерлік форма киімімен жүруге рұқсат беріледі. Офицерлік киімдегі, оқытушы-ұйымдастырушы әскери жарғылар талаптарының қалай орындалатынын дұрыс көрсетеді. Әсіресе саптық дайындықта.

Оқушылардың да алғашқы әскери дайындығы сабағына бірдей киіммен келуі дұрыс болады. Бұл сабақты нық өткізіп, жоғарғы сынып оқушыларында ұйымшылдық және тәртіптілікті қалыптастыруға көмегін тигізеді.

Алғашқы әскери дайындығы бойынша сабақты тек әскери бөлмеде ғана емес, сонымен бірге атыс қаруын зерттейтін атыс тирінде; саптық тәсілдерді қайталайтын саптық алаңда; қорғаныс құрылғыда не істеу керек дағдыларын қалыптастырып, азаматтық қорғаныс бөлмелерінде де өткізу қажет. Сондай-ақ оқушыларды сарбаздардың әскери өмірімен таныстыру мақсатында әскери бөлімге экскурсия өткізіледі. Осындай сабақтарды ұйымдастыру және өткізу оқытушы-ұйымдастырушыдан аса тыңғылықты дайындықты талап етеді.

Ұлдарды әскери өмірге тәжірибелік дайындауда, оқушылардың далалық сабағының әсері мол. Бұл сабақтар әскери бөлімдерде, ауданның барлық мектептерінің әскери-спорттық лагерлерінде өткізіледі. Ұлдардың өмірі және оқуы әскери жарғылар талаптарына сай, әскери өмірге жақындастырылып ұйымдастырылады.

Оқытушы-ұйымдастырушының сабаққа дайындығы

Әр сабақтың сапасы және әсерлілігі оқытушы-ұйымдастырушының оған дайындалуына байланысты.

Сабаққа дайындалу кезінде, оқытушы-ұйымдастырушы сабақ өткізудің мақсат және міндетін және тақырыпты құрастыруы керек. Тақырыптың негізгі сұрақтарын белгілеп, кітап бөлімдерінің керектісін таңдап және оқып, керекті көрнекі құралдарды (кестелер, фильмдер, қарудың материалды бөлігі) дайындайды. Сабақтың өткізілетін орнын анықтап, оның жоспар-конспектісін құрып, қажет болғанда бөлімше командирлерімен әдістемелік сабақ немесе қажетті нұсқау жүргізеді.

Сабақты өткізу әдісін таңдауда оқытушы-ұйымдастырушы оқу материалының көлемін және күрделілігін, оқушыларға өтілген материалды ненің таныс екенін және мол материалды осы сабақта қалай қолдануға болатынын анықтайды.

Сабақ мақсатын анықтауда, оқытушы-ұйымдастырушы жоспар-конспектіде оқушының қандай білім, біліктілік және дағды алу керек екенін ескереді, сонымен бірге оқу материалының тәрбиелік бағытын ойластырады.

Сабаққа керекті әдебиетті таңдауда оқытушы-ұйымдастырушы сол кітаптың кітапханада немесе оқушыда бар немесе жоқтығын анықтайды. Оқушылардың білімін тереңдету үшін қосымша әдебиеттерді көрсеткен жөн.

Оқытушы-ұйымдастырушының оқушыларға көрсететін тәсілдерді көрсету үшін жеке дайындалуы, сабақта, әсіресе саптық дайындықта үлгі болады.

Взвод және бөлімше командирлерімен әдістемелік сабақ немесе нұсқау өткізуде ең алдымен сабақта үйретілетін тәсілдерді дұрыс, әрі дәл жасауды оларға үйрету қажет. Содан соң, сол тәсілдердің қандай реттілікпен және қанша уақытта өтетінін ескерген жөн.

Сабаққа дайындалуда, мұғалімдерді жетілдіру институттарының жасаған және Алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-әдістемелік бөлмелерде бар көрнекі құрал, оқулықтарды барлық негізгі тақырыптарда қолданған дұрыс. Бұл әдебиеттерде ұсынылатын оқу-әдістемелік әдебиет, статьялар, оқу фильмдері және деректі фильмдер, кестелер көрсетілген.

Алғы сөз, төменде берілген сабақ тақырыбын және мақсатын айту, түрі бойынша оқу сұрақтарын мазмұндау

Кесте-1

Оқу сұрақтары Уақыт (мин) Оқу сұрақтарының қысқаша мазмұны
     
     

 

Мазмұндалған материалды бекіту. Оқушылардың өзіндік жұмысы (... мин)

в) қорытынды бөлім (... мин) (сабақты талдау, үздік жауаптарды бөліп көрсету және бағалау, негізгі қателіктер, үйге тапсырма)

Оқытушы-ұйымдастыршы қолы

Құрастырылған уақыты

«Оқу сұрақтарының қысқаша мазмұны» графасында әр сұрақты мазмұндаған соң, оқытудың техникалық құралдарын, көрнекі құралдарды көрсету реттілігін көрсету қажет.

Алғашқы әскери дайындығы бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша сабақтың жоспар – конспектісі нақты мазмұны орта мектеп оқушыларына арналған «Алғашқы әскери дайындық» кітабы (авторы Аманжолов) бөлімдерінде беріледі.

Оқушыларды жақсы оқыту және тәрбиелеу үшін оқытушы-ұйымдастырушы кәсіби білімнен басқа, педагогикалық шеберлікті игеруі керек. Педагогикалық шеберліктің құрамы мыналар:

-әскери оқыту мен әскери-патриоттық тәрбиені бірегей үрдіс ету қабілеті;

-оқушыларды оқыту және тәрбиелеуде керекті оқытудың тәсілі мен құралдарының ішіндегі ең тиімдісін таңдау және сол көптеген тәсілдерді меңгеру;

-сөйлеу мәнерін қолдана білу, дауыс, мимика, оқу материалын дұрыс түсіндіре білу;

- оқытудың техникалық құралдарын және әдістемелерін меңгеру; сабақта өзін ұстай білу мәнері, оқушылармен тіл табысу, оларға жақсы жағынан көріну.

Оқытушы-ұйымдастырушы сабақты қызықты, сенімді өткізуі керек. Оқу материалын эмоциялы түсіндіру, оқушыларға үлкен тәрбиелік әсер етеді. Ол оқушыларда алғашқы әскери дайындығы бойынша білімді меңгерудің жауапкершілігін, Қазақстан Республикасын қорғауға әрқашанда дайын болуын қалыптастырады.

Жоғарғы сынып оқушылары әскери қызметтің тек романтикасын ғана емес, сонымен бірге қиыншылықтарын да түсінуі қажет.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных