ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бес күндік әскери-далалық жиынды өткізу бойынша оқу материалының тақырыптық жоспарлануыБес күндік әскери-далалық жиынды өткізу бойыншаоқу материалын тақырыптық жоспарлау үлгісі Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған Алғашқы әскери дайындық бағдарламасы бойынша оқу уақытын есептеу және жоспарлау бағдарламасында жоспарланған: Тактикалық дайындық 11 сағ. Атыс дайындығы 4 сағ. Мергендік винтовка (МВ) мен қол гранататқышынан ату тәсілдері мен ережелері 5c. Саптық дайындық 2 сағ. Тактикалық дайындық 11 сағ. 1-тақырып: “Мотаатқыштар взводының, ротасын ұйымдастыружәне ұрыс іс-қимылдарының негіздері” (2 сағ) Мотоатқыштар взводын, ротасын ұйымдастыру. Штаттық қару жарақ пен ұрыс техникасы. Ұрыс түрлері және оның сипаттамасы. Ұрыстағы атыс. Атыс жүиесі. Ұрыстағы маневр. Мотоатқыштар взводының,ротасының жорықтық, ұрысқа кіру және ұрыстық тәртібі. Ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні. Бөлімшелер мен атысты басқару. 2-тақырып: “Взвод қорғаныста” (1сағ) Қорғаныс негіздері Взводдың қорғаныстағы орны,рөлі мен міндеті. Қорғаныстағы атыс жүйесі. Ерекше жағдайдағы қорғаныс. 3-тақырып: “Барлау. Барлаудағы взвод”(1сағ) Қазіргі ұрыстағы барлаудың рөлі. Барлаудың міндеттері. Взводтың барлау жүргізу тәсілдері. 4- тақырып: “шеру және жорық күзеті”(1сағ) Взводтың шеруі мен жорық күзетінің негіздері. Жаппай жою қаруларын пайдаланудан қорғану. 5-тақырып: “Бір орында және сақтық күзетте орналасу” (1сағ) Взводтың бір орында орналасуы. Взвод сақтық күзетінде. 6-тақырып: “Жалпы әскери бөлімшелердіңшағын аймақтағысоғыс қимылы” (1сағ) Қарулы қақтығыстағыарнайы әскер іс-қимылдар. Блокпост бөлімшенің ұстанымның негізгі нысаны ретінде және блокпосты инженерлік жарақтандыру. 7-тақырып: “Танкіге қарсы және жаяу әскерге қарсы қолданылатыннегізгі миналар” (2 сағ) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің миналары, олардың тактикалық-техникалық сипаттары мен жалпы құрылысы. Жаяу әскерге қарсы және танкіге қарсы миналар. Олардың арналуы мен құрылымы. Танкіге қарсы, шынжыр табанға қарсы және жаяу әскерге қарсы миналардың тактикалық-техникалық сипаттамасы. 8-тақырып: “Жарылмайтын инженерлік бөгеттер” (2 сағ) Жарылмайтын бөгеттер. Жарылмайтын және мина жарылғыш бөгеттерден өту тәсілдері. Атыс дайындығы (4 сағ). 1-тақырып: “Драгунов мергендік винтовкасының механизмі және негізгі бөлшектері” (1сағ) Мергендік винтовканың ұрыстық қасиеті мен қолдануы. Мергендік винтовканың механизмдері мен бөлшектері. Винтовканың механизмдері мен бөлшектерінің құрылысы, қолданылуы. Мергендік винтовканы бөлшектеу және жинастыру. 2-тақырып: “ДМВ бөліктері мен механизмдерінің жұмысы” (1сағ) Оқталу кезіндегі ДМВ-ның механизмдері мен бөлшектердің жұмысы. Атыс кезіндегі механизмдер мен бөлшектердің жұмысы. Мергендік винтовкадан ату кезінде болатын кідірістер және оларды жою тәсілдері. Мергендік винтовкаға қажетті жабдықтардың құрылысы мен қолдануы. 3-тақырып: “Танкіге қарсы қол гранататқыштың құрылысы, оны ұстау, күту және сақтау” (1сағ) Гранататқыштың ұрыстық қасиеті мен қолданылуы. Гранататқыш бөліктері және механизмдерінің құрылғысы мен қолданылуы. Гранататқыштыбөлшектеу және жинастыру. 4-тақырып: “РПГ гранататқыштың бөліктері мен механизмдерінің жұмысы” (1сағ) Оқталуы кезіндегі гранататқыш бөліктері мен механизмдерінің жұмысы. Ату кезінде гранататқыш бөліктері мен механизмдерінің жұмысы. Ату кезіндегі кідірістер мен оларды жою тәсілдері. Тазалау және майлау. Мергендік винтовка (МВ) мен қол гранататқышынан ату тәсілдері мен ережелер 5с 1-тақырып: “Мергендік винтовкадан ату тәсілдері” (1сағ) Мергендік винтовкадан атыс жүргізу үшін орын таңдау. Жергілікті жерде жылжу тәсілдері. Жатып және тұрып ату үшін орынға орналасу. Винтовканы оқтау тәртібі. 2-тақырып: “Атыс жүргізу” (1сағ) Атыс жүргізу: көздеуішті қою, винтовканың дүмін қалыпқа келтіру, көздеу тәсілдері, ұрыстық қайырмадағы шүріппені ағыту. 3-тақырып: “Атысты тоқтату” (1сағ) Атысты уақытша және толық тоқтату. Қаруды тексеру және оғын алу тәртібі. Жатып ату жағдайынан тұру кезіндегі атқыштың әрекеті. 4-тақырып: “Тасадан тірей ату тәсілдері”(1сағ) Ату үшін таса мен тіреудің қолданылуы. Таса артынан атыс жүргізу тәсілдері. Әуе нысаналарын ату тәсілдері. 5- тақырып: “Гранататқыштан ату тәсілдері” (1сағ) Ату үшін орын таңдау. Гранататқыштан ату кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Атысқа ыңғайлану. Атысты тоқтату. Саптық дайындық 2 сағ. 1- тақырып:Машиналар жанындағы және машинадағы жауынгерлердің іс-әрекеті2с Машиналар жанына сапқа тұру. Машинаға отыру орналасу және түсу. Машиналар арасындағы ара қашықтық және қозғалыс жылдамдығы. Қозғалыстағы бұрылыстар. Сапты және машинаны басқаруға арналған белгілер. Алғашқы әскер дайындығы бойынша 10 – сынып оқушыларымен сабақ өткізудің 1. Тақырыбы Саптық адым. Бір орындағы және қозғалыстағы бұрылыстар 2. Мақсаты: а) оқулық: Оқушылардың бір орындағы және қозғалыстағы бұрылыстарды орындаудағы іскерліктерін шындау. б) тәрбиелік: Оқушыларда ұқыптылықты, ептілікті және төзімділікке қалыптастыру 3. Оқу сұрақтары: - Саптық адыммен қозғалыс. - Бір орнындағы және қозғалыстағы бұрылыстар. 4. Уақыты: 90 мин 5. Орны: Саптық алаңша 6. Басқару түрі және оқу құралдар: ҚРҚК Саптық Жарғысы, Алғашқы әскери дайындық оқулығы 7. Әдісі: Жаттығу, көрсету 8. Материалдық қамтамасыз етілуі: Аспалы айна, Аспалы макетке салынған сурет. 9. Сабақ мазмұны және оқу уақытының есебі а) кіріспе бөлім (10 мин) сапқа тұрғызу, рапорт, сыртқы келбеттерін қарау және т.б, үй тапсырмасын тексеру. б) негізгі бөлім 70 мин) Алғы сөз, төменде берілген сабақ тақырыбын және мақсатын айту, түрі бойынша оқу сұрақтарын мазмұндау.
Мазмұндалған материалды бекіту. Оқушылардың өзіндік жұмысы (4- мин) в) қорытынды бөлім (6 мин) (сабақты талдау, үздік жауаптарды бөліп көрсету және бағалау, негізгі қателіктер, үйге тапсырма). Оқытушы-ұйымдастыршы қолы Құрастырылған уақыты Бекітемін Мектеп директоры Жоспар-конспектісі 1. Сабақтың тақырыбы: Мергендік винтовкадан ату тәсілдері 2. Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларды мергендік винтовкадан ату тәсілдерімен таныстыру б) тәрбиелік: Оқушыларды мергендік винтовкадан ату кезінде ұқыптты болуға тәрбиелеу. 3. Оқу сұратары: Мергендік винтовкадан атыс жүргізу үшін орын таңдау. Жергілікті жерде жылжу тәсілдері. Жатып және тұрып ату үшін орынға орналасу. Винтовканы оқтау тәртібі. 4. Уақыты: 45 мин 5. Орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі. 6. Басқару түрі және оқу құралдар: АӘД оқулығы 7. Әдісі: жаттығу, көрсету 8. Материалдық қамтамасыз етілуі: 9. Сабақ мазмұны және оқу уақытының есебі а) Кіріспе бөлім – 10 мин. Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. б) Негізгі бөлім – 25 мин Мергендік винтовкадан ату жергілікті жер ерекшелігі мен қарсыластың атысына байланысты жату, отырып, тізерлеп және түрегеп тұрып ату жағдайларында жүргізілуі мүмкін. Ұрыс жағдайларында мерген ату орнын командир пәрмендері бойынша немесе өз бетімен иеленіп,жабдықтайды. Ол үшін ең жақсы бағдарлау мен атқылауды қамтамасыз ететін, қарсыластың атысы мен бақылауынан мергеннің тасалануына мүмкіндік беретін, ату тісілдерін орындауға және қарсыласты бір рет атқанда жоюға ыңғайлы орынды таңдау керек. Елді мекендерде ату үшін орын ретінде ғимараттар терезесі, шатыр, құрылыс іргетасы және т.б. қолданылуы мүмкін. Атыс жүргізу үшін айрықша көрінетін жергілікті жекеленген нысандарға жақын орынды,сондай ақ қырат жоталарды таңдауға болмайды. Атыс орнын иемдену үшін, мысалы: «Мерген.,атыс орны ана жерде – ұрысқа!» пәрмені беріледі. Бұл пәрмен бойынша мерген жергілікті жер жағдайын ескере отырып, көрсетілген орынды иемденіп, атысқа дайындалады. Шұғыл атыс жүргізу үшін винтовкаға оптикалық көздеуішті қоса алып жүреді. Атыс орнын ауыстыру үшін, мысалы, мынадай пәрмен берілуі мүмкін: «Мерген, ана жаққа жүгіріп бар – алға!» Мерген орнын ауыстыру кезінде ату үшін жаңа орынға жылжу жолын, аялдау үшін жолдың тасаланған учаскелерін, егер пәрменде көресетілмесе, жылжу тәсілдерін де белгілеп алады. Қозғалар алдында винтовка тежегішке қойылады. Жергілікті жер ерекшелігі мен тасалардың кездесуіне байланысты мерген жүгіре отырып, шапшаң қимылмен,ара – тұра жер бауырлай жылжиды. Мұндай кезде винтовканы ыңғайына қарай бір немесе екі қолмен ұстауға болады. Жер бауырлай жылжу кезінде винтовканы оң қолмен үстіңгі жазықша бекітілген баудан немесе ұңғы жабуынан ұстайды. Ұрыс кезіндегі атыс міндетін дұрыс орныдау үшін мерген винтовкадан атудың тәсілдерін жетік білуі, атыстың барлық тәсілдерін ұрыс алаңына бақылау жасауды тоқтатпай дәлдә шапшаң орындай білуі керек. Әрбір мерген атыс тәсілдерін орындаудың жалпы ережелерін басашылыққа ала отырып, өзінің жеке ерекшеліктерін ескеріп, атысты нәтижелі жүргізу үшін басын, денесін, қол мен аяғын оңтайлы, тұрақты және бір жаққа қоюы керек. Мергендік винтовкадан ату: атысқа дайындықтан, атыс жүргізу мен атысты тоқтатудан тұрады[11]. Атысқа ыңғайлану. Мерген атысқа пәрмен бойынша немесе өз бетімен ыңғайланады. Жаттығу сабақтарында атысқа ыңғайлану үшін пәрмендер бөліп-бөліп берілуі мүмкін, мысалы: «Атыс шебіне – адым – бас!», содан соң: «Оқта!» Егер қажет болса, «Оқта!» пәрменінің алдында ату үшін тәсіл көрсетіледі. Атысқа ыңғайланып атыс жүргізу жағдайы анықтау мен винтовканы оқтаудан тұрады. Сонымен қатар мерген атыс жүргізу үшін ыңғайлы жағдай таңдау кезінде оптикалық көздеуіштің қапшығын шешіп, оны оптикалық көздеуіш пен оқжатарға арналған сөмкеге салады. Сандай ақ обьективтік резина қапшығын ашып, оны батарейкаға арналған корпусқа кигізеді;қолайсыз ауа райында және алдынан күн сәулесі түсіп тұрғанда бленданы алға жылжытады. Жатып атуға орналасу кезінде оң қолды бау бойымен біраз жоғары созамыз да, винтовканы иықтан түсіре, оны сол қолмен ұңғы жабуынан ұстап, содан соң оң қолмен винтовканы ұңғы жағымен алға қаратып ұстаймыз;мұнымен бір мезгілде оң аяқпен алға жәіне біраз оң жаққа қарай толық адым жасалады. Алға қарай еңкейе, сол аяқпен тізерлейміз де сол қолды жерге, саусақтарды оңға қаратып қоямыз. Содан соң сол аяқ жамбасымен сол қол білегіне алма кезек тіреліп, оң жақ бұйірге жату керек, аяқтың ұштарын сыртқа қарай созып, етбетімен тез жата қалу керек;винтовканы сол қол алақанымен ұңғы жабуынан ұстау керек. Тізерлеп атуға орналасу үшін винтовканы ауыз жағымен алға қаратып, оң қолмен ұңғы жабуынан ұстап, оң аяқты артқа жіберіп, тізерлей өкшеге отыру қажет. Мұндай жағдайда оң аяқ жіліншігін – тік ұстап, жамбасы- тік бұрыш жасауы керек. Винтовканы ұңғы жабуымен сол қолға ауыстырылып, нысанаға қарата бағыттау керек. Отырып ату жағдайында винтовканың ұңғы жағын алға қаратып, ұңғы жабуынан ұстап оң қолға алу керек. Сонымен бір мезгілде сорл қолға тіреле нысана бағытына қаравй бір қырымен өкшемен жерді тіреп немесе аяқты айқастыра молдас құрып, жерге отырады; сол қолды сол аяқтың чанына қоямыз және сол қолмен винтовканың ұңғы жабуынан ұстаймыз. Тұрып атуға орналасу үшін нысана бағытына қарай бір қырындап оң жаққа бұрыламаыз да, сол аяқты иық кеңдігіне мөлшерлеп жылжытып қоюымыз керек. Мерген өзіне ыңғайлылық тудыру үшін дене салмағын екі аяққа бірдей түсіру қажет. Винтовканы иықтан түсіреміз де, оны сол қолмен ұңғы жабуынан ұстап, ұңғы жағымен алға, нысанаға қаратамыз. Тұрып ату үшін винтовканы оқтау: - винтовкаға патрондармен жабдықталған оқжатарды біріктіру; -винтовканы тежегіштен алу; - бекірпе жақтауын қайта оқтау үшін сабынан ұстап тұрып, артқа ақрай соңына дейін жіберіп,оны қайта босату; Егер атыс дереу басталмаса немесе: «Ат» пәрмені берілмесе,онда винтовканы тежегішке қою керек [12]. в) Қорытынды бөлім – 10 мин. Сабақты талдау, үздік жауаптарды бөліп көрсету және бағалау, негізгі қателіктер, үйге тапсырма. Оқытушы-ұйымдастырушы қолы Құрастырылған уақыт Бекітемін Мектеп директоры Жоспар-конспектісі 1. Сабақтың тақырыбы: Атысты жүргізу 2. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылар атыс жүргізу кезіндегі көздеуішті қою, шүріппені ағыту білімдерін жетілдіру б). Тәрбиелік: Оқушылар атыс жүргізу кезінде ұқыптты, білікті, епті болуға тәрбиелеу 3. Оқу сұрақтары: Атыс жүргізу: көздеуішті қою, винтовканың дүмін қалыпқа келтіру, көздеу тәсілдері, ұрыстық қайырмадағы шүріппені ағыту. 4. Уақыты: 45 мин.
а) Кіріспе бөлім – 10 мин.Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. б) Негізгі бөлім – 25 мин. Атыс жүргізу Винтовкадан атыс пәрмен бойынша немесе алға қойылған міндеттер мен жағдайға орай өз бетінше жүргізіледі. Атыс жүргізуге берілетін пәрмендер: мергеннің аты-жөні, нысана, көздеуіш, бүйірлік түзеткіші мен көздеу нүктесі атап айтылады: «Мерген Әлімов, пулемет бойынша – бес, солға – бір, нысанаға – ат!» Көздеуіш, бүйірлік түзеткіші мен көздеу нүктесі мергенге атап көрсетілмеуі де мүмкін, мысалы: «Мерген Мұратов, атыс ойығы бойынша – ат!» Бұл кезде мерген өз бетінше анықталған қондырғылар бойынша атыс жүргізеді. Атыс жүргізуге: көздеуішті қою, бүйірлік түзеткішті енгізу, дүмді, көздеуішті қалыпқа келтіріп, ұрыстық қайырмадағы шүріппені ағыту кіреді. Көздеуішті қою мен оптикалық көздеуіштің бүйірлік түзеткішін енгізу үшін винтовканы өзіне, (бұрама шкаласының бөлінісін жақсырақ көру үшін) жақындатады: жоғарғы бұраманы айналдыра отырып, көздеуіштің қажет бөлінісін көрсеткішке қарсы қарсы; бүйірлік бұраманы айналдыра отырып, көрсеткішке қарсы бүйірлік түзеткіш шкаласының талап етілген бөлінісіне қояды [13]. Бүйірлік түзеткішті енгізерде: оңға бұру үшін ортаңғы нүктеге қою кезінде қара санды шкаланы, оны солға бұру үшін қызыл санды шкаланы қолданады. Ашық көздеуішті қою кезінде винтовканы өзіне жақындатып, басбармақ және сұқ саусақпен қамыт ілгешегін қысып, оны көздеуіш тақтайшасы бойымен алға, оның алдыңғы шеті көздеуіш тақтайшасының керекті бөлінісіне жеткенше жылжытады. Винтовканы қою үшін оны тежегіштен ағытып тастау керек (егер ол тежегішке қойылса), ол үшін сол қолмен ұңғы жабуынан немесе оқжатардан, ал оң қолмен дүмді ұстап, нысананы көз алдынан жоғалтпай, винтовканың дүмін артқы иыққа толық тіреу керек; басты алға иіп, мойынға көп күш түсірмей, оң бетті дүм жағына тигізу қажет; оң қолдың сұқ саусағын шүріппеге салу қажет. Шынтақты қою төмендегідей жүргізіледі: Жатып ату, оқпанадан ату, тізерлеп және тұрып ату кезінде шынтақ ыңғайлы жағдайда иық кеңдігіне мөлшерлеп, жерге қойылады; Тізерлеп оқпанадан тыс ату кезінде сол қол шынтағы сол аяқ тізесінің етті жеріне немесе одан біраз жылжытылып қойылады. Ал оң қол шынтағы иық биіктігіне мөлшерлеп қойылады; Тұрып оқпанадан тыс ату кезінде оң қол шынтағы иық биіктігіне мөлшерлеп көтеру керек; Отырып ату кезінде екі қол шынтақтары тізеге тіреліп немесе мергенге ыңғайлы болса, тізеден төмен түсіре қойып атуға болады. Егер винтовканы нық ұстап тұру үшін атыс кезінде бау қолданылатын болса, бауды сол қол саусақтарының астына үшін оң көзді көздеуіштің оптикалық осінің бойымен көз қалқанында ұстау керек, ал сол көзді қысуға болады; шынтақты ауыстыра отырып, егер қажет болса, дене мен аяқты көздеу нүктесіндегі тор бұрышының ұшына келтіру керек, дәл осы сәтте, оң қолдың сұқ саусағының алғашқы буынымен ағытқыш ілмекті түзету шкаласына көлденең орналасу және мерген көздеуіш маңындағының бәрін көруі қажет. Егер мергеннің көзі оптикалық осьтен жоғары не төмен жаққа ауысқан болса, көз бағытталған көздеуіштің көру алаңында ай тәрізді көлеңке пайда болады. Ай тәрізді көлеңке болған жағдайда оқ көлеңкеге қарсы жаққа ауытқиды. Ашық көздеуіштің көмегімен көздеу кезінде сол көзді қысып, оң көзбен көздеуіш тақтайшасының ойығы арқылы қарауылдың төбесіне қарай отырып, қарауыл көздеуіш ойығының ортасында, ал оның ұшы көздеуіш тақтайшасындағы белгілердің үстіңгі шетімен бірдей болатындай етіп келтіру қажет, яғни «тегіс қарауылға» алу керек; «тегіс қарауылды» көздеуіш нүктесіне келтіріп, онымен бір мезгілде ағытқыш шүріппені басу керек. Шүріппені ағыту үшін демді ішке тартып, мерген елеусіз ұрыстық қайырмадан шүріппе шығып кеткенше, яғни атыс болмайынша, ағытқыш шүріппені жайлап баса беруі керек Егер көздеу кезінде тор бұрышы «тегіс қарауыл» көздеу нүктесінен едәуір ауытқыған болса немесе көз алдында ай тәрізді көлеңке пайда болса, онда ағытқыш шүріппені басуды тоқтатпастан, көздеуді нақтылай түсіп, атыс болмайынша, ағытқыш шүріппеге түсетін қысымды күшейте түсу қажет. Шүріппені ағыту кезінде тор бұрышының (тегіс қарауылдыңгіс қарауылдың) жеңіл тербелісіне мән бермеу керек. Тор бұрышы көздеу нүктесіне дәл келген сәтте шүріппені басып қалуға ұмтылу, әдетте, шүріппені қозғап жіберіп, атыстың дәл болмауына әкеп соғады. Егер мерген, шүріппені басқанда, дем алмау мүмкіндігін сезсе, онда ол шүріппені басуды күшейтпестен де, бәсеңдетпестен де, дем алуды қалпына келтіріп, содан кейін демді шығармастан, көздеуін нақтылап алып, шүріппені басуды жалғастырғаны жөн. в) Қорытынды бөлім – 10 мин. Сабақты талдау, үздік жауаптарды бөліп көрсету және бағалау, негізгі қателіктер, үйге тапсырма. Оқытушы-ұйымдастырушы қолы Құрастырылған уақыты сабақтың мақсаты: а). Білімділік: Оқушыларды атысты тоқтату кезінде қандай бұйрық берілетін білу керек. б). Тәрбиелік: Атысты тоқтату кезінде оқушылар бұйрықты нақты орындауға тәрбиелеу 1. Оқу сұрақтары: Атысты уақытша және толық тоқтату. Қаруды тексеру және оғын алу тәртібі. Жатып ату жағжайынан тұру кезіндегі атқыштың әрекеті. 2. Уақыты: 45 мин.
а) Кіріспе бөлім – 10 мин. Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. б) Негізгі бөлім – 25 мин. Атысты тоқтату уақытша немесе толық болуы мүмкін. Атысты уақытша тоқтату кезінде: «Тұр!» немесе «Атысты тоқтат!» пәрмені беріледі. Мерген осы пәрмен бойынша ағытқыш ілмекті басуын тоқтатып, винтовканы тежегішке қояды және қажет болса, оқжатарды ауыстырады. Оқжатарды ауыстыру үшін оны винтовкадан бөліп алып, жарақталған оқжатарға қосу керек. Егер оқжатардағы барлық патрондар шығындалған болса, онда винтовка жарақталған оқжатарға қосылған соң, бекітпе жақтауын қайта жарақтау тұтқасынан кері шегеріп, босату керек және винтовканы тежегішке қойған жөн. Атысты толық тоқтату үшін: «Тұр!» немесе «Атысты тоқтат!» пәрмендерінен соң «Оғын ал!» пәрмені беріледі. Бұл пәрмен бойынша мерген үстіңгі және төменгі бұрамаларды «0» ге қойып, винтовканың оғын алып, әрі қарай жағдайға сәйкес қимылдау керек. Жатып ату кезінде мерген винтовканы ұңғы жабуынан оң қолмен ұстап, дүмді жерге босатып, ұңғы бөлігін сол қолдың білегіне қою керек. Оқпанадан ату кезінде винтовканың оғы алынған соң,оқпананың топырақ қалқасына қайта оқтау тұтқасын төмен қарата қоюға болады. Егер дереу оқ ату көзделмесе, онда бленданы орнына қойып, обьективке қалпақ, көздеуішке қап кигізу керек немесе оптикалық көздеуішті винтовкадан алып, сөмкеге салу керек. Винтовканың оғын алу үшін: · оқжатарды бөлу; · винтовкны тежегіштен алу; · бекітпе жақтауын қайта оқтау тұтқасынан жайлап кері шегіндіріп, оқтықтан патрондарды алып, бекітпе жақтауын түсіру; · ағытқыш ілмекті басу; · винтовканы тежегішке қойып, винтовканың бауынан ұстау,ал атыс жатып не тізерлей жүргізілген болса, жерге қою керек; · оқжатардан патрондарды алып, оны винтовкаға қосу; · оқтықтан алынған патрондарды іріктеу керек. Патрондарды оқжатардан шығару үшін, патрондарды жоғары қаратып, оқтарын өзінен сыртқа қаратып оқжатарды сол қолға ұстау керек, оң қолмен оқсауыттың көмегімен патрондарды біртіндеп өзінен сыртқа қарай оқжатардан итеріп шығару керек [15]. Жатып ату жағдайында атыстан кейін тұру үшін екі қолды кеуде тұсына тартып,винтовканы оң қолмен ұңғы жабуынан ұстап тұру керек. Содан кейін екі аяқты бір-біріне қосып, қолды дереу түзетіп, кеудені жерден көтереміз де, оң аяқты алға қарай тартып дереу тұрып, керек болса, қозғалысты бастау керек. Винтовканың оғын алғаннан кейін егер керек болса, командир: «Қаруды тексеруге!» пәрменін береді. Бұл пәрмен бойынша орындалатындар: · жату жағдайында: оқжатарды бөлектеу және оны винтовканың жанына оқ берушіні өзіне қаратып қою, винтовканы тежегіштен түсіріп, бекітпе рамасын артқа апару, винтовканы біршама соға бұру; командир оқтықө пен оқжатарды тексерген соң бекітпе рамасын алғабосатамыз, шүріппені қайрмадан түсіріп, винтовканы тежегішке қоямыз, оқжатарды винтовкаға біріктіреміз; «Бауға!» күйіндегі винтовкамен тұрып ату жағдайында:тұрып ату жағдайын қабылдау керек; винтовканы сол қолмен ұңғы жабуынан ұстап, оң қолмен оқжатарды бөлектеп, оқ берушіні жоғары, дөңес жағымен өзіне қаратып ұстап оны сол қолға ауыстырамыз, сол қолдың саусақтарымен оқжатарды ұңғы жабуына құысамыз, винтовканы тежегіштен алып, бекітпе жақтауын артқа жылжытамыз. Командир оқтық пен оқжатарды тексеріп болған соң, бекітпе жақтауын алға түсіріп, шүріппені ұрыстық қайырмадан алып, винтовканы тежегішке қойып, оқжатарды біріктіріп, винтовканы «бауға» жағдайында алу керек. в) Қорытынды бөлім – 10 мин. Сабақты талдау, үздік жауаптарды бөліп көрсету және бағалау, негізгі қателіктер, үйге тапсырма. Оқытушы-ұйымдастырушы қолы Құрастырылған уақыт Бекітемін Мектеп директоры Жоспар-конспектісі 1. Сабақтың тақырыбы: Бір орында және сақтық күзетте орналасу 2. Сабақтың мақсаты: а) Білімділік. Оқушыларды арнайы әскери іс-қимылдардың ұйымдастырылуымен, АӘҚ мақсатымен таныстыру б) Тәрбиелік. Оқушыларды ұқыптылыққа, төзімділікке, ептілікке тәрбиелеу 3. Оқу сұрақтары: Взводтың бір орында орналасуы. Взвод сақтық күзетінде. 4. Уақыты: 45 мин. 5. Орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі 6. Басқару түрі және оқу құралдар: Қ.Р.Қ.К.С.Жарғысы, АӘД оқулығы 7. Әдісі: көрсету, жаттығу 8. Материалдық қамтамасыз етілуі: Аспалы айна, Аспалы макетке салынған сурет Сабақ мазмұны және оқу уақытының есебі: а) кіріспе бқлім (10 мин) Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. б) Негізгі бөлім – 25 мин. Взводтың бір орында орналасуы Бөлімшелерді бастапқы ауданда щоғырландыру, күту және демалыс аудандарында орналастыру бір орында орналастыру деп аталады. Бұл аудандар жеке құрам мен ұрыс техникасын жасырын және щащыратып орналастыруды қамтамасыз ететін, бөлімшелердің тез жиналып, қажетті бағытта қозғалуына мүмкіндік беретін, жеке құрамның орналасуы мен демалысына ыңғайлы санитарлық-эпидемиялық тұрғыдан тиімді жағдайлары бар жергілікті жерлерде белгіленеді. Бөлімшелерді орналастыруға белгіленген аудандарға орналаспастан бұрын бөлімдерден, кейде батольондардан жіберілген алдын ала барлау топтары мұқият барлау жұмыстарын жүргізеді. Алдын ала барлау тобына батольоннан офицер (кейде ол бұл топты басқарады), әр ротадан, батареядан бір-бір офицерден (прапорщик) не сержанттан, сондай-ақ химик барлаушылары мен сапер кіреді. Алдын ала барлау тобы бөлімщелердің орналасу орнын, кіре беріс жолдарды нақтылап, өз бөлімшелерін күтіп алып, оны белгіленген ауданға жібереді. Взвод белгіленген ауданға келген бойда келесі міндеттерді орындау қажет: жергілікті жердің қорғанысын және бүркемелеу құралдарын қолдана отырып, қозғалыс маршрутын бойлай орналасады. Мұндай орналасудың алаңға шоғырлана (шаршылай не дөңгелене) орналасумен салыстырғанда артықлылығы – бұл жағдайда бөлімшелерге қарсылас соққысы әлсіз болады және қысқа мерзім ішінде ұрыстық міндеттерін орындау үшін ауданнан шығып кете алады. Белгіленген жерге орналасып болғанша жолда лекті тоқтатуға болмайды. Бұл өзге бөлімшелердің өз аудандарын иемденуге, сондай-ақ орналасу ауданын бүркемелеуге кедергі келтіреді. ЖҰМ (БТР) және танкілер взвод командирі көрсеткен жерге бір-бірінен 25-50 м қашықтықта (бір снарядтан 2 машина бір мезгілде жойылмауы үшін) орналастырылады. Көрсетілген жерге машиналар орналасқаннан кейін оның экипаждары техника ізін жасыру жұмыстарын жүргізеді. Тауда бөлімшелер жолға тез шығуы және қарсылас шабуылына тойтарыс беруі үшін шеп құра жазылуды қамтамасыз ете алатындай жерге орналасады. Бөлімшелерге опырылымдарға, қар және су тасқыны болуы мүмкін жерге орналасуына болмайды. Жеке құрамды, қару-жарақтыы ұрыстық және басқа техниканы тасалау үшін жергілікті жер қатпарлары, жер асты жолдары, тау жоталары, үңгірлер және басқа тасалар қолданылады. Орманда бөлімшелер орман жолдарын бойлай орналасады. Орманнан өрт шыққан жағдайда қосалқы ауданға шығу жолдары дайындалады. Құтқару жұмыстары мен өрт сөндіруді кезекші бөлімшелер, қажет жағдайда жеке құрам басқарады. Шөлде бөлімшелер, негізінен, шұраттарда, жылғаларда сексеуіл өсінділері мен табиғи тасаларда, мүмкіндігінше, арықтар мен басқа да су көздеріне жақын жерлерде орналасады. Мұндай әуе шабуылына қарсы қорғанысқа, бүркемелеуге су көздері мен көшпелі құмдардың радиоактивты және химиялық зақымдануына барлау жасауға, жұқпалы ауырлардың алдын алуға, су мен отынды үнемді пайдалануға, ішу режімін сақтауыға және сумен жабдықтау пункттерін қорғауға айырықша көңіл бөлінеді. Қыста бөлімшелерді орналастыру үшін желден қорғалған аудандар таңдалады. Бөлімшелердің орналасқан ауданнан шығуға арналған жолдарының ашықтығына, жарамдылығына көңіл бөлінеді. Жеке құрамды жылыту үшін жылытылған және от жағылатын тасалар жарақталады. Взвод сақтық күзетінде Бір орынға орналасу кезінде бөлімдер (бөлімшелер) тек тікелей емес, сонымен бірге қауіп төнетін бағыттарға қойылатын және орналасу ауданына негізгі кіре берістерді қамтитын сақтық күзетімен де қорғалады. Сақтық күзетке бөлінетін бөлімшелердің саны мен құрамы күзетілетін бөлімдердің қарсыластан қашықтығына, күзетілетін бағыттың маңыздылығына, күзетілетін бөлімнің ұрысқа жазылуы мен кіруіне қажетті уақытта, жергілікті жер сипаты мен бақылау шарттарына байланысты болады. Күзет заставасы – күзет отряды немесе күзетілетін бөлімшелерден жіберілген, әдетте, күшейтілген взвод құрамындағы сақтық күзетінің органы. Оның міндеті – күзетілген бөлімшелерге қарсылас барлауының енуіне жол бермеу, жол үсті қарсыласын дереу табу, ол туралы күзетілетін әскерлерге хабарлау және қарсылас шабуылдаған жағдайда иеленген бекінісін табанды түрде қорғау. Күзет заставасына тағайындалған взвод командирінің жұмыс тәртібі әрбір нақты жағдайда ұрыс міндеттеріне, қалыптасқан жай мен уақытқа байланысты болады. Сақтық күзеті қорғанысқа ыңғайлы және қарсылас бекінісін жақсы шолуды қамтамасыз ететін шепке орналасады. Орманда жорық күзеті, әдетте, жолды, 1-2 орман соқпағын немесе қарсылас әрекет ете алатын көл мен батпақ арасындағы тар өтпені бақылауға алады. Атыс жүйесі қарсыластың жақындап келуі мен шабуылдауы мүмкін жолдар, орман жолдары және батпақты учаскелердегі өтпелер, алаңқайлар мен ағаштары кесілген жерлер қорғанушылардың оғы астында болатындай етіп құылады. Орманның шығыңқы тұстары қапталдан айқастыра атуды ұйымдастыру үшін қолданылу мүмкін [17]. Күзет заставасы шөлді аймақта неғұрлымкең майданды күзету жолағына ие болуы мүмкін. Өтуі қиын құм төбелер, дөңестер және ылғалды сорлардың болуы жергілікті жердің көптеген кең учаскелерін қалқалауға мүмкіндік береді, бірақ осы кезде аралықтар мен қапталдардың қамтамасыз етілуіне ерекше назар аудару керек. Осы мақсатта күзет заставасынан күзет постылары мен патрульдеу ұйымдастырылады. ЖҰМ (БТР), танкілер, танкіге қарсы басқарылатын ракеталар мен гранататқыш қондырғылардың атыстық позицисы тек маңдайшеп алдында ғана емес, сонымен бірге қаптал жақтарда шептік қашықтықта атыс жүргізуді қамтамасыз ететін жерлерде жасақталады. Ұрыс техникасын құмды дауыл кезінде қолдануға дайындайды және оны қоршаған орта фонына сәйкес түске бояйды. Кенеттен болатын метеорологиялық өзгері стер кезінде жеке құрамның денсаулығын қорғау шаралары қарастырылады, күн өтудің алдын алып, су қорларымен қамтамасыз етіп, оны жұмсауға бақылау қойылады. Солтүстік аудандарда күзет заставасының өз міндетін өтеуін батпақ, өзен-көлі, биіктіктері мен басқа да өтуге қиын учаскелері көп жергілікті жер сипаты әсер етеді. Қыс мезгілінде қалың қар қабаты жауынгерлік міндеттерді әдеттегіден аз күштермен орындауға жағдай жасайды. Күзет заставасы қарсылас қимылына ыңғайлы бағыттарды басып алады. Жол тораптарын, жергілікті пункттерді, көларалық ойпаттарды және су бөгеттері арқылы өткелдерді ұстап тұруға ерекше көңіл бөлінеді. в) Қорытынды бөлім – 10 мин. Сабақты талдау, үздік жауаптарды бөліп көрсету және бағалау, негізгі қателіктер, үйге тапсырма. Оқытушы-ұйымдастырушы қолы Құрастырылған уақыты Бекітемін Мектеп директоры
Жоспар-конспектісі 1. Сабақтың тақырыбы: Жалпы әскери бөлімшелердің шағын аймақтағы соғыс қимылдары 2. Сабақтың мақсаты: а) Білімділік. Оқушыларды арнайы әскери іс-қимылдардың ұйымдастырылуымен, блокпосттың жабдықталуымен, АӘҚ мақсатымен таныстыру б) Тәрбиелік. Оқушыларды ұқыптылыққа, төзімділікке, ептілікке тәрбиелеу 3. Оқу сұрақтары: Қарулы қақтығыстағы арнайы әскери іс-қимылдар. Блокпост бөлімшенің ұстанымның негізгі нысаны ретінде және блокпостты инженерлік жарақтандыру. 4. Уақыты: 45 мин. 5. Орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі 6. Басқару түрі және оқу құралдар: Қ.Р.Қ.К.С.Жарғысы, АӘД оқулығы 7. Әдісі: көрсету, жаттығу 8. Материалдық қамтамасыз етілуі: Аспалы айна, Аспалы макетке салынған сурет 9. Сабақ мазмұны және оқу уақытының есебі: а) кіріспе бқлім (10 мин) Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. б) Негізгі бөлім – 25 мин. Қарулы қақтығыстағы арнайы әскери іс-қимылдар Жалпы әскери бөлімшелердің шағын аймақтағы соғыс қимылдарының ұрыс тәжірибесінің айғақтағанындай қалыпсыз қарақшылық құрамалармен күресудің жаңа тіслдерін іздеп табудың қажеттілгі пайда болды, ол тәсілдр қарсы күресудің таптаурын тактика деп аталатын позициялық ұрыстың түрінен ерекшеленіп келетін болуы керек. Арнайы әскери іс-қимылдар тактикалық іс-шаралардың тәсілдері мен уақыты, орны, тапсырмалар бойынша өзара байланысты және мақсаты бір бөлімдер мен бөлімшелерінің, басқа қарулы күштердің құрылымдарымен өзара әрекет ететн лаңкестік, диверсиялықжәне басқа да қарақшылықпен айналысатын жасақтар мен топтарды қырып жоюға бағытталған шараларды жүзеге асырады. АӘҚ-басты ерекшелгі олар заңсыз қаруланған құрылымдарға қарсы күрес жүргізеді.Заңсыз қаруланған құрылымдартұрақты әскерлермен ашық қақтығысқа келмейді, ол соққысын астыртын жүргізеді, әлсіздің күштіге қарсы қимылының әдісін пайдалана отырып титықтатады. Лаңкестікке және диверсияға қарсы акцияларды өткіздің ерекше маңыздылығы сонда-тұрақты әскерлерге күтпеген жерден кез келген уақытта және кезкелген орында пайда болатын және әп сәтте көзден таса болатынжаудың қарсы тұруында. Сондықтан да мұнда нақты белгіленген майдан шебі болмайды. Барлық жердег майдан,жан жақтан төнген қауіпті жағдай әскери қызметшілердің психологиясына әсер етед және олардың дене күшін әлсіретіп, моральдық тұрғысынан күйзелтеді. Мұнда маңызды ролді тиімді барлау қимылдары атқарады. Бұл үшін агентура, ғарыштық, әуе, радио және радиотехникалық барлау, арнайы тағайындалған барлау ұйымдары және әскери барлаудың күштері мен құралдары жұмылдырылуы мүмкін. Міндетті орындау тәсілі – іздеу. Іздеу – барлау топтарының іздеу ауданына шығу тәсілі жағдай шартына байланысты мынадай болуы мүмкін:тікұшақтан десант түсіру, соңынан сауытты техникамен жылжу, жаяу реттегі іс- әрекеттер,парашютті тәсілмен түсіру. Террорлық диверсиялық жасақтар мен топтарды тікелей жою барлау-соққылары және рейдті шабуылдау барысында жасалады. Барлау-соққы беру ұрыс қимылдары заңсыз қаруланған жасақтардың орналасқан жерін іздеу барысында жеткілікті дәрежде анықталмаған жағдайларда қолданылады. Олар байланысшыларды,барлаушыларды содырлардың шағын топтарын басып алу және жою үшін, сондай ақ қамтамасыз ету базасын,оқ дәрі қоймаларын,басқару пункттерін тұтқындарды және қару жарақ үлгілерін басып алу, нысандарды жоюда әуе соққысымен, содан соң артилерия соққысымен аяқтау үшін жүргізіледі. Торуыл – барлау-соққы беру тобыныңнемесе оның бөлімінің ұрыс қимылдарының тәсілдері. Бұл кезде олар қарақшылардың жылжу жолына орналасып, содан соң оларды жою, қолға түсіруүшін шабуыл жасайды. Торуыл жабық жерлерде, тар жерлерде, шатқалдарда, асуларда ұйымдастырылады. Блокпостты инженерлік жабдықтау. Әскери кикілжің аймақтарындағы тәртіпке қолдау көрсетуге бағытталған ұрыс міндетін орындайтын бөлімшелер позициясының негізгі формасы блокпост болып саналады. Ол айнала қорғанысқа дайындалған, күшейтілген мотоатқыштар взводының тірек пункті. Блокпост позициясының инженерлік жабдықталуы, оны рорындаудың көлемі менұйымдастырылуы ұрыстық міндетке, ұрыс жүргізу тактикасына сай анықталады және оған мыналар енеді: - бөліше позициясының фортификациялық жабдықтары; - жарылғыш және жарылмайтын бөгеттер; - келу жолдарын дайындау; - сумен жабдықтау пунктін сақтау; - бүркемелеудің инженерлік шараларын орындау. Инженерлік жарақтандырудың мақсаты ұрыс жүргізу тактикасына қарамай мынадай: қаруды тиімді қолдануды қамтамасыз ету, жеке құрамды қорғау, қарсыласты жою құралдарын, техникасын, материалдық заттарын қорғау және келу жолдарын жарылғыш және жарылмайтын бөгеттермен бой тасалау. Ауданды қоршауға алу мен қарулы топтарды және қарақшы құрылымдарды оқшаулаудағы бөлімшелердің ұрыс міндеттерін орындауы кейбір ерекшеліктерге байланысты, оған мыналар жатады: - жергілікті жерде бөлімшелер қимылының даралығы мен батыл әрекет етуі (таулы аудандарға тән; - ұзақтығы әр түрлі жерлерде бөлімшелердің бой тасалауы (жазық жерлер мен тау алдына тән); - бөлімшелердің ұзақ уақыт бойы бір жерде болуы; - айқын белгілі қарсыластың болмауы; - қарсыластың, негізінен азғантай тығыздыққа әсер ететін ату және жеңіл артиллериялық қаруды пайдалануы; - қарсыласқа барлық бағытта кенеттен атыстық шабуылдау. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, блокпост позициясын инженерлік жабдықтауда оған орналасқан бөлімшелер: - айнала қорғаныс жүргізуді; - жеке құрам мен техниканы тұтқиылдан жасалатын атыс қаруы мен артиллериялық минаатар атысынан қорғауды; - күшейтілген бөлімшелерге позиция дайындауды; - әскер ұзақ уақыт болатындай позицияны даярлауды қамтамасыз етуі керек. Блокпостта командалық бақылау пункті, бөлмшелер оқпанасы, бақылау ғимараттары, жабылған саңылаулар, жертөлелер мен құрамға арналған паналар болады. Соңғы жылдардағы қарулы қақтығыстар тәжірибесі көрсеткендей блокпосттың негігі міндеттерінің бірі – көліктің негізгі жол бағыты бойынша өтуіне бақылау жасау және қажет жағдайда тоқтату. Осыған байланысты көліктің қозғалыс эылдамдығын бәсеңдету үшін жолдың жүріс бөлігіне шахмат тәртібімен әр 10-15м жерге кедергілер қойылады. Кедергілер ретінде бетон іргетас блоктары, сым бөгеттер немесе метал бөшкелер қолданылуы мүмкін. Блокпост шекарасына екі жағынан шлагбаум жаалады, оың жанына тексерушілер үшін оқпана қазылады. Кезекшілерді атыспен бой тасалату үшн жолдың екі жағына да жабық типтег пулеметі бар ғимараттар орнатқан жөн. в) Қорытынды бөлім – 10 мин. Сабақты талдау, үздік жауаптарды бөліп көрсету және бағалау, негізгі қателіктер, үйге тапсырма. Оқытушы-ұйымдастырушы қолы Құрастырылған уақыты Жоспар-конспектісі 1. Сабақтың тақырыбы: Танкіге және жаяу әскерге қарсы қолданылатын негізгі миналар 2. Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды жаяу әскерге және танкіге қарсы миналарымен таныстыру. б) Оқушыларды ептілікке, ұқыптылыққа қайсарлыққа төзімділікке тәрбиелеу Оқу сұрақтары: ҚРҚК-нің миналары, олардың тактикалық-техникалық сипаттары мен жалпы құрылысы. Жаяу әскерге қарсы және танкіге қарсы миналар. Олардың арналуы мен құрылымы. Уақыты: 90 мин. Орны: Әскери дәрісхана Басқару түрі және оқу құралдар: Қ.Р.Қ.К.Жарғысы, АӘД оқулығы Әдісі: жаттығу, көрсету Материалдық қамтамасыз етілуі: Аспалы айна, Аспалы макетке салынған сурет Сабақ мазмұны және оқу уақытының есебі а) Кіріспе бөлім – 10 мин. Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. б) Негізгі бөлім –90 мин. ҚР ҚК миналары, олардың тактика – техникалық сипаттары мен құрылысы Инженерлік бөгеттер қарсыластың ілгерілеуін бөгеу, маневрін қиындату, тірі күші мен техникасын шығынға ұшырату, өз әскерлеріне қарсыласты қарудың барлық түрлеріменжою үшін неғұрлым қолайлыжағдай туғызу мақсатында жасалады. Мұндай бөгеттер ұрыс қимылдарының барлық түрлерінде қолданылады. Қарсыласқа әсер ету сипаты мен қолданылатын құралдарына қарай инженерлік бөгеттер мина жарылғыш, жарылмайтын, аралас бөгеттер болып сараланады [18]. Мина жарылғыш бөгеттер инженерлік бөгеттердуң негізін құрайды және миналанған алаң, миналар тобы, жеке миналар түрінде жасалады. Мина – жарылысқа арналған арнайы құрылғысы бар, бөгет жасау құралы ретінде қолданылатын қабықтағы жарылғыш заттың заряды. Миналар – танкілерді және басқа да ұрыс машиналарын істен шығаруға, қарсыластың тірі күшін жоюға, әр түрлі нысандар мен басқа да нысаналарды қиратуға арналады. Минаның негізігі элементтері: -жарылғыш заттың заряды -жарылғыш -қозғалтқыш құрылғы -корпус. Минадағы жарылғыш заттың заряды жою немесе нысанды қирату қуатын таратушы болып табылады. Минадағы зарядтың шамасы оның қолданылуы мен нысанды қирату деңгейіне байланысты. Мысалы, ол жаяу әскерге қарсы миналарда граммен есептелсе, танкіге қарсы миналарда ондық кг мен, ал ірі нысандарды қиратуда тоннамен есептелуі мүмкін. Жарылғыш минадағы жарылғыш зарядты қыздыруға арналған. Ол бір –біріне қосылған соққыш – ағытқыш механизм мен тұтандырғыштан тұрады. Қозғалтқыш құрылғысы сыртқы әсерді қабылдау және оны мина жарылғышына жеткізу үшін қызмет етеді. Қозғалтқыш құрылғысына жататындар: -үстінен басу қақпағы; -қазықша; -керме сым; -басқару сымдары және т.б. Мина корпусы жарылғыш заттың заряды мен жарғышты механикалық зақымданудан сақтауға және орналастыруға, ал жаяу әскерге қарсы миналарда тірі әскерді жою қызметін атқарады. Қазіргі заманғы миналардың корпусы металдан, ағаштан, пластмассадана және басқа да материалдардан жасалады. Танк жүріп келе жатып минаны басқан кезде танкіге қарсы мина корпусыфның қақпағы жарылғышқап күш салу элементі болып табылады. Жарылғыш заттың заряды бар,бірақ жарылғышы жоқ миналар толымсыз жарақталған деп аталады және олар осы түрінде зауытта өндіріледі,қоймаларда сақталады және кез –келген көлікпен тасымалданады. Толық жарақталған миналар енгізілген жарылғыш – электродетонатор болады. Олар жергілікті жерді қарсыластың танк және басқа да жер үстіндегі жылжымалы техникасынжойып –құрту мақсатындажергілікті жерді миналауға арналған. Танкіге қарсы миналар: -шынжыр табанға арналған; -түпастыға қарсы; -бортқа қарсы болып бөлінеді. Шынжыр табанға қарсы миналар тек қана жүріп келіп табанымен басқан кезде ғана танк түбі мен жүріс бөлімінің элементтерін қиратын оны тоқтатады. Түпастығак қарсы миналар танктің шынжыр табаны түбімен басқан кезде танк түбі мен жүріс бөлімінің элементтерін қиратып оны тоқтатады. Миналар жергілікті жердің топырағына сәйкес әр түрлі қалыпта орналастырылады.Олар тікелей топырақтың бетінде немесе топыраққа көміліпорналастырылуы мүмкін. Танкіге қарсы миналар механика құралдарымен немесе қол күшімен орналастырылады. Механикалық құралдар арқылы топыраққа орннатылған миналар ұрыстық жағдайға қолмен келтіріледі. Минаны топыраққа орналастырған кезде мина үстіндегі жердің бүркеніш қабатының қалыңдығы 5-8 см болуы керек. Миналарға арналған шұңқырлар өлшемі 0,6х0,6 м болады және олар қарсыла сжағынан жабылады. Миналар терең шұңқырларға, сондай ақ үлкен тастар мен ағаш түбі жанына орналастыруға болмайды. Жолда танкіге қарсы миналарқатты топырақпен және жол материалдарымен бүркемеленеді. Ми батпақты жерлерде мина астына өлшемі мина диаметрінен 2-3 есе үлкен тақтай немесе ағаштар төселеді [19]. Қазықша жарғышы бар миналарқалың шөп,ұсақ бұталар бар жерлерге қойылады да 5-8 см топырақ үйіндісімен бүркемеленеді. Қазықша жарғыш үшін жер қыртысынан қиық жасалады. Миналарды залалсыздандыру – олар алынатын қалыпта орнатылған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Алынбайтын қалыпта орнатылған миналарды, қақпағы, жарғыштары, корпустары зақымданған миналарды және артилериялық снарядтар жарылысы нәтижесінде жасалған шұңқырларға 1 м жақын жатқан миналарды алуға тиыми салынады. Мұндай миналар сол орнында жарылғыш заттардың бастырма зарядтары жарылысымен жойылады. Танкіге қарсы ТМ-57 минасы ТМ-57 минасы: бастырма қақпағы бар корпустан; зарядтан; МВЗ-57; МВ-57; МВШ-57 жарғыштардан тұрады. Корпусы болаттан жасалады, бастырма қақпағы бар. Қақпағының ортасында жарғышты бұрап кіргізетін саңылауы болады. Бүйірінде электородетонторға арналған кертікті тұтандырғыш ұясы бар. Мина түбінде тасымалдауға арналған тұтқасы болады. Зарядтың екі детонаторы болады: орталық және бүйірлік. Минаның әрекет ету принципі Қойылған минаның үстінен басқан кезде қақпақ майысады және жарғыш пен мина қақпағы төмен түседі, жарғыштың соққы механизмі минаның дифрагмасына тіреледі; бұл кезде мұрындық қиылады, соққы босатылады. Соққы серіппенің әсерінен соққыш капсюль-детонаторды теседі де, ол да, мина да жарылады. ТМ-62 минаның құрылғы Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|