Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бастапқы әскери дайындық пәні бойынша оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптар




Оқушылардың білім, біліктілік және дағдыларын тексеру және бағалау

Оқыту үрдісінің құрама бөлігі болып табылатын, оқушылардың алғашқы әскери дайындығы бойынша білім, біліктілік және дағдысын бақылау. Олар педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылуы, оқыту жүйесін және нәтижесін бақылауды оң бағытта іске асырады. Оқушы мен оқытушы-ұйымдастырушының ара-қатынасын қамтамасыз етіп, оқушының білім, біліктілік және дағдысын тереңдетеді, кеңейтеді. Соның арқасында білім беру сапасы жоғарлайды.

Оқушылардың білімін бақылау және бағалаудың үлкен тәрбиелік маңызы бар. Олар баланы оқуға ынталандырады, адамгершілік қасиетін қалыптастырып, ұжымда жақсы қоғамдық ой, көзқарас пайда болады.

Одан басқа, бақылау және бағалау оқушылардың көңілін, есін, ойлау қабілетін және сөйлеуін дамытады. Әр оқушыны тексерген және бағалаған жағдайда, оның интелектуалдық, жігер және адамгершілік пайымы көрінеді. Соны сараптап, әрі бақылап, оқытушы-ұйымдастырушы олардың дамуына, алға жылжуына ықпал етуі қажет.

Мектеп ұжымында өз жұмысына немқұрайлы қарамау және оқушылар білімін шынайы бағалау жауапкершілігін дұрыс жолға қою қажет.

Мектеп қабырғасында оқушылардың үлгерімін есепке алудың мынадай түрлері бар: ағымдық, тақырыптық, кезеңдік және қорытынды.

Ағымдық тексеру оқушының әр сабақта, алғашқы әскери дайындығының барлық үрдісінде жүйелі түрде жүргізіліп отырады. Ол оқытушы-ұйымдастырушыға сабақ нәтижесін бірден байқауға, өз жұмысын және оқушы іс-әрекетін уақытында бақылауға мүмкіндік береді. Үлгерімді ағымдық есепке алу әр сабақта жүйелі түрде жүргізіле-тіндіктен және оқушыға әрдайым әсер ететіндіктен, басты негіз болып табылады.

Тақырыптық тексеру - бұл оқушының көлемді тақырып немесе бағдарлама бөлімі бойынша білімін анықтау.

Кезеңдік тексеру ағымдық есепке алудың мәліметтері бойынша әр тоқсанның соңында өткізіледі.

Қорытынды тексерумен оқушылардың оқу жылы аяқталады. XI – сыныптың үлгерімін қорытынды тексеру, алғашқы әскери дайындығы бағдарламасының барлық тақырыптары бойынша қорытынды – тексеру сабағы (2 сағат көлемінде) түрінде өтеді. Сол сабақта оқушылардың теориялық білімі және тәжірибелік дағдыларының деңгейі анықталады.

Көптеген оқытушы-ұйымдастырушының тәжірибесі, теориялық білімді бағдарламаның түрлі бөлімдерінен сұрақтар енгізілген, алдын-ала дайындалған билеттер немесе тест арқылы тексерген дұрыс екенін көрсетті.

Тәжірибелік дағдылар, оқу қаруымен, құрылғылармен және жеке-басты қорғау құралдарымен жұмыс кезінде тексеріліп, бағаланады. Одан басқа, ұлдардың жеке-дара, қарусыз, саптық тәсілдерді орындауы, қыздардың жәбірленушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету біліктілігі міндетті тексеруге жатады.

Қорытынды сабақтар–орта мектептегі алғашқы әскери оқытудың шешуші кезеңі. Сондықтанда оқушылардың білімін және дағдысын шынайы бағалау мақсатымен қортынды сабақты мектеп директоры немесе оқу бөлімі меңгерушісі, сонымен бірге әскери комиссариат қызметкері қатысуымен өткізуі дұрыс болады.

Жыл бойы алынған бағалар және қорытынды сабақтарда алынған баға негізінде алғашқы әскери дайындығынан қорытынды баға қойылады. Оқушылардың алғашқы әскери дайындығы бойынша білімі басқа сабақтардағыдай бес балдық жүйемен бағаланады.

Жоғарғы сынып оқушыларына оқытудың әсерлілігін жоғарлату үшін, алғашқы әскери дайындығы бойынша алынған қорытынды бағаның орта білімдік аттестатқа қойылатынын түсіндірген дұрыс. Алғашқы әскери дайындығы бойынша қанағаттандырылмайды деген баға алғандарға орта білім туралы аттестат берілмейді. Алғашқы әскер дайындығы бойынша толық курсты бітірген ұлдардың тізімі, қорытынды бағалармен, ұлдардың жергілікті жерге тіркеуге отыру құжаты бойынша аудандық және қалалық әскери комиссариатқа бағытталады.

Оқушылардың үлгерімін есепке алу үшін қойылатын талаптар:

- жан-жақты, яғни, оқушылардың білім, біліктілік және дағдысын барынша толық қамтуды қарастыру; одан басқа білімнің тереңдігі және мәні, олардың нақтылығы, шынайылығы, айта білу формасы (қысқа, дәл, айту мәдениеті) ескеріледі;

- жүйелілігі. Оқу жылы бойы әр оқушыда аз дегенде 6-10 баға болуы керек;

- жеке-дара болуы. Бұл дегеніміз, оқытушы-ұйымдастырушы әр оқушыны тану үшін, оның жұмыс істеу ерекшеліктерін, қиыншылықтарын, жетістіктерін ескертіп және оның өсуін басқару;

- шынайылылғы, яғни оқушының нағыз білімін анықтап, бағалауы керек. Оқытушы- ұйымдастырушының тәжірибесінде оқушыны жақсы көріп немесе ұнатпай бағалау деген теріс бағалауларға жол берілмеу керек. Шынайы баға – болашақ қарулы күштер сарбазын тәрбиелеу және оқытудағы маңызды құрал;

- жариялылығы. Оқушылардың білімін, біліктілігін және дағдысын бағалау түрін негіздеп, түсіндіріп беру. Әр оқушының, сыныптық білімін бағалау, оның шынайы болуы, оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттырып, ұжымда жақсы қарым-қатынасты қалыптастырады.

Оқушылардың үлгерімін есепке алатын негізгі құжат оқытушы-ұйымдастырушы алғашқы әскери дайындығы бойынша бағдарламаның орындалуын көрсететін, оқушы-ның білімін бағалайтын – сыныптық журнал болып табылады.

4.Бақылау сұрақтары:

1.Оқушылардың білім, біліктілік және дағдыларын тексеру және бағалау

2.Тақырыптық тексеру

3.Кезеңдік тексеру

4.Оқушылардың үлгерімін есепке алу үшін қойылатын талаптар:

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес өткізу.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын сабақтың тақырыбы:

1. Әскери-далалық жиынды өткізу бойынша алғашқы әскери дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мен ережелер

2.Оқыту әдістемесі.

7. Үй тапсырмасы:

1. Әскери-далалық жиынды өткізу бойынша алғашқы әскери дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мен ережелер

8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. «Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасы» 21.03.2007ж

2. «Әскери міндеттілік және әскери қызметі туралы» Қазақстан

3. Республикасының 2005 жылғы 8-шілдедегі Заңы.

4. Алғашқы әскери дайындық. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006.- 254б.

5. Орта жалпы білім беретін мектептің 10 – 11 – сыныптарына арналған бағдарламалар. Алғашқы әскери дайындық. – Алматы, 2006.

6. Сборник нормативных документов и программ начальной военной подготовки,

Г.Н. Челноков, 1997г.

7. Программа начальной военной подготовки молодежи, О.К. Косумасов, 1998г.

 

№ 11,12. Практикалық/семинар/ сабағының тақырыбы: " Бес күндік әскери-далалық жиынды өткізу бойынша алғашқы әскери дайындық деңгейіне қойылатын талаптар"

1.Жоспары:

1. Бес күндік әскери-далалық жиынды өткізу бойынша алғашқы әскери дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

2.Оқыту әдістемесі.

2.Сабақтың мақсаты: Бес күндік әскери-далалық жиынды өткізу бойынша алғашқы әскери дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың маңызын түсіндіру.

3.Қысқаша мәтіні: Бес күндік әскери-далалық жиынды өткізу бойынша алғашқы әскери дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың маңызын түсіндіріп өту

 

1.Бес күндік әскери-далалық жиынды өткізу бойынша алғашқы әскери дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

Оқушылар бес күндік әскери-далалық жиынына қатысуға міндетті. Бес күндік әскери-далалық жиынан себепті немесе ден саулығы жарамсыз дәгігерден босатылған оқушы жастар.

Қазақстан Республикасы Конститутсиясының ережелерін, мемлекет қорғанысының негізін жастардың оқып үйренуі.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тағайындалуын, оның сипаты мен ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиетті борышы ретіндегі әскери қызмет мәнін, әскери антың негізгі талаптарын, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жарғыларын жете түсінуі;

-әскери бөлімдердегі ұрыстық техника және қару-жарақпен, жеке құрамның тұрмыс - тіршілігі және олардың орналастыруымен танысуы;

-төтенше жағдайларда адамның тіршілік әрекетінің қауіпсіздік негіздерін меңгеруі.

Оқытушы –ұйымдастырушының берген тапсырмалары мен бұйрықтарын бұлжытпай орындауға, оқу жаттығу сабақтарына кешікпей келуге (2-кесте).

2-кесте

Алғашқы әскери дайындық бойынша нормативтер мен жаттығулар тізбесі

 

Нормативтер атауы Нормативті орындау шарттары (тәртібі) Баға. Бағаны төмендететін қателіктер
ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ
Нысаналарды табу, бағдарлар мен жергілікті заттармен салыстырғандағы олардың орнын табу және бақылау нәтижелерін баяндау Үйренуші бақылау үшін берілгенсектордан орын алады. Бақылау секторында бақылаушыдан 200-500 м қашықтықта үш нысана орналасқан. Нысананы тауып, бағдарлар және жергілікті заттармен салыстырғандағы олардың орнын, оларға дейінгі қашықтықты анықтап бақылау, нәтижелері туралы хабарлау Баға: «өте жақсы» - 3 нысана да табылып, оларға дейінгі қашықтық дұрыс анықталса; «жақсы» - 3 нысана да табылып, оларға дейінгі қашықтықты 15%-тен аспайтын қателікпен анықталса; «қанағаттанарлық» - кемінде екі нысана табылып, қашықтықтан біреуін өлшегенде 15%-тен көп қателік жіберілсе; «қанағаттанарлықсыз» - екіден аз нысана табылып немесе қашықтықтан
2-кестенің жалғасы
    өлшеуде екеуінен 15%-тен көп қате жіберілсе. Қателіктер: Үйренуші тасада бақылау орнын дұрыс таңдамайды. Әр нысанаға дейінгі қашықтықты өлшеуде 15%-тен көп қателік жібереді.
ҰРЫС АЛАҢЫНДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС
Ұрыс алаңындағы қозғалыс Бастапқы жағдай – атыс позициясы (ату үшін орын). Үйренуші тактикалық жағдайға енгізіледі, оған жаңа шепке шығуға тапсырма беріледі. Басшының пәрмені бойынша үйренушіні атыс жүргізе отырып 20-30 м жерді шапшаңдатылған адыммен, 50 м кем емес жерді жүгіре отырып және 10 метрден кем емес жерді пластунна еңбектей өтуі тиіс. Баға: «өте жақсы» - барлық әрекет дұрыс, дәл орындалса; «жақсы» - қозғалыс кезінде 2-ден көп емес қателік жіберілсе; «қанағаттанарлық» - қозғалыс кезінде 3-тен көп емес қателік; «қанағаттанарлықсыз» - қозғалыс кезінде 3-тен көп қате жіберілсе. Қателіктер; Жергілікті жер бедерінің ерекшеліктерін ескермей жылжуы. Атыс орны дұрыс таңдалмаған. Жергілікті жер мен қарсыласты бақылау жүргізілмейді. Таса ретінде жергілікті заттарды қолданбайды. Қозғалыс кезінде аялдамаларда, жүгіре өтуде, еңбектей өтуде денесін, қаруды дұрыс ұстамау.
Атыс позициясын таңдау (атыс орны), оқпана қазу Бастапқы – жатып немесе тұрып. Үйренуші тактикалық жағдайға келтіріледі, оған атыс позициясын және оның жабдықтарын таңдау міндеті қойылады. Баға: «өте жақсы» - барлық әрекет дұрыс, дәл орындалса; «жақсы» - қозғалыс кезінде 2-ден көп емес қателік жіберілсе; «қанағаттанарлық» - 3-тен көп емес қателік; «қанағаттанарлықсыз» - 3-тен көп қате жіберілсе. Қателіктер: Атыс позициясы дұрыс таңдалмаған: қарудың орналасуы дұрыс емес, күрек дұрыс пайдаланылмайды; оқпананың өлшемі сақталынбаған; қарсылас артынан бақылау жүргізілмейді; баяу, сенімсіз іс-әрекет.  
АТЫС ДАЙЫНДЫҒЫ
Тіреуден жатып атуға дайындалу және қаруды оқтау Үйренуші қарумен атыс орнынан 10 м қашықтықта бастапқы тұрады, оқжатар 5 оқ патронымен оқталған және сөмкеде белдікке салынған. Жетекші атыс орнын көрсетіп «Ұрысқа!» пәрменін береді. Үйренуші тіреуден атысқа дайындалады (қаруды бастапқы ұрыстық көшіреді, қаруды оқтайды), «Ұрысқа!» пәрменін орындайды (қару оқталған). Басшы «Оқты ал!» пәрменін береді. Үйренуші ұрыстық жорықтық көшеді, қарудың оғын алады. Оқжатардан патрондарды алып, оқжатарды сөмкеге салады да, бастапқы жағдайға атыс позициясын 10 м қашықтықтағы қаруды «белдікке» жағдайында ұстап тұрады. Уақыт – 1 мин 50 с-ке дейін, «Ұрысқа» пәрменінен бастап үйренушінің бастапқы жағдайда шығуына дейін есептеледі. Қателіктер: әдісті орындау тәртібінің бұзылуы. Жекеленген тәсілдердің жарғы бойынша орындалмауы (қаруды «белдікке» жағдайынан қолға ауыстыру және т.б.). тәсілді орындаған соң, денесі мен қаруды дұрыс ұстамайды. Автоматтың оқталуы тексерілмеген. Норматив анық емес, баяу орындалады.
Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру жаттығуын орындау 1 және 2 жаттығу шарттарына сәйкес
ӘСКЕРИ ТОПОГРАФИЯ
Көкжиек тұсын компас бойынша анықтау Үйренуші компаспен жергілікті жердің көрсетілген нүктесінде. Көкжиек тұсын анықтау және бұл бағыттарды жергілікті заттар (бағдарлар) бойынша көрсету. Уақыт 3 минутқа дейін. «Бағдарлауға кіріс!» пәрменінен бастап, «Дайынмын!» мәлімдемесіне дейін есептеледі. Қателіктер: Компаспен дұрыс жұмыс жасай алмау. Бағдар ретінде елеусіз жергіліеті заттар алынған. Баяу, сенімсіз іс-әрекет.
Күн және сағат бойынша көкжиек тұсын анықтау Үйренушінің қолында сағат бар (немесе сол сәттегі белгіленген уақытпен циферблат макеті). Уақыт 3 минутқа дейін. «Бағдарлауға кірісіңдер!» пәрменінен бастап, «Дайынмын» мәлімдемесіне дейін есептеледі. Қателіктер: Сағат күнмен салыстырғанда дұрыс орналаспаған. Үйренуші циферблаттағы қай бұрышты түске дейін және түстен теңдей етіп жартыға бөлу керектігін білмейді, қимылы баяу, сенімсіз.
       

 

Қол гранаталарын лақтыру жаттығулары

1-ші жаттығу






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных