Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Абай мұрасы. Абайдың жас шағындағы шығармалары




Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай шығарылған академиялық Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» (1995) бойынша Қ. Мұхамедхановтың жинақтың «Түсініктер» бөлімінде берілген Абайдікі деп айтылып жүрген сегіз шығармасын қоспағанда, жалпы жиыны 171 өлеңі, 52 аударма өлеңі, 3 поэмасы,1 аударма поэмасы, 45 қара сөзі, 1 тарихи сөзі бар. Абайдың бұл жинағы қазіргі күнгі ең толық соңғы басылым ретінде басты оқу құралы болуы керек. Сонымен бірге «Абай энциклопедиясы» (1995) мен М. Әуезовтің «Абай Құнанбаев» монографиясы (1959) Абай мұрасын оқытуда басшылыққа алынуы тиіс. Өйткені Абайдың шығармашылық мұрасына қатысты негізгі дерек-мағлұматтар осы еңбектерде берілген.

«Абайдың толық жинақтарын хронологиялық» ретімен бастырғанымыз сияқты ақындық жолын да ең алғашқы өлеңдерінен бастап, жылма-жыл өсіп, даму ретімен тексеретін боламыз. Бұл ақын өнерінің дамуына, ойларының өсу, өрістеуіне сәйкес тексеру болады»- деп М. Әуезов жазғанындай, Абай мұрасын хронологиялық ретпен оқыту орынды. Бұл орайда Абай шығармаларының 1995 жылғы басылымының ретіне сай, оның лирикалары мен аударма өлеңдерін бірге қарастыру қажет. Бұл өзі нәр алған рухани бұлақ көздеріне Абайдың қаншалықты сапалық сыни көзқараспен барғанын және сол шығармаларды қандайлық көркемдік шеберлікпен дәлме-дәл аударуын немесе нәзирә жолымен оларды өзгеше идеялық-мазмұндық шешімде суреттегенін танып білу үшін де қажет.

Сонымен, Абай мұрасының алғашқы кезеңі - Абайдың жас шағындағы шығармалары. Олар 1855 - 1882 жылдар аралығындағы төл әдебиет үлгісіндегі экспромт өлеңдер, Шығыс ақындарына еліктеуден туған шығармалар, М.Ю. Лермонтавтан аударған тәржімә өлеңі және «Сап, сап, көңілім» атты таза ұлттық әдеби тілдегі көркемөнерге ден қойған ақындық бетін айқын танытатын осы кездегі соңғы жазған өлеңі.

Ақынның экспромт өлеңдерін өзіне дейінгі және ақынның жастық шағындағы қазақ ақындарының осындай өлеңдерімен өзара салыстыра отырып, Абай өлеңіндегі әжуә, мысқылдың кейінгі шығармаларындағы нағыз әлеуметтік-саяси сатираға ұласу жайын саралау.

ХІХ ғасырдағы мұсылмандық оқу жүйесі, ондағы ислам шарттары мен Шығыс әдебиетін оқыту дәстүрлері және Абайдың шығыстық үлгідегі өлеңдерінің әдеби көркемдеу әдістері мен өлең өлшемі үлгісінің өзара байланысына шолу жасау. Навой ғазелдері және Абайдың «Әлифби» өлеңінің өзара ұқсастықтары мен Абай өлеңінің соңғы жолдарындағы төл әдебиетке ауысқан өзгешелік.

«Кең жайлау - жалғыз бесік жас балаға» атты М.Ю. Лермонтовтан (М.Ю. Лермонтов Ф. Шиллердің екі жолдық миниатюрасынан тәжімалаған) аударған бір шумақ өлеңдегі ұлттық философиялық толғам, теңдік, адамгершілік идеяларының Лермонтов сарынында ел қайғысын мұңлы жанның көңіл шерімен байланыста суреттеудегі алғашқы Абай аудармасының өзінен-ақ танылар теңдессіз аудармашылық шеберлік дәйектерін түпнұсқалармен салыстыра талдау.

Абайдың жас шағындағы шығармаларының соңғысы «Сап, сап, көңілім» өлеңінің таза ұлттық әдеби тілде жазылған Абай шығармашылығының бастау көзі екендігі. Өлеңдегі қазақы салт-дәстүрдің реалистік көріністері. Бұл өлеңнің идеялық өзегінің өзіндік сыншыл ой арқылы барша қазақ жастарына қарата айтылған үлгі сөз екендігі.

Абай мұрасын оқытуды ақынның осы кездегі шығармаларынан бастаудың Абай стилінің қалыптасуының алғашқы көздерін танудағы және Абайдың шығармашылық іздену, өсу эволюциясын айқындаудағы маңызы зор.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных