ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Филология және журналистика кафедрасы
БЕКІТЕМІН І.Жансүгіров атындағы ЖМУ Ғылыми Кеңесінің төрағасы з.ғ.д., профессор, ҚазҰҒА академигі ____________ Е.Ә. Бектұрғанов «_____» ______________2015 ж.
«Ономастика және елтану» пәнінің
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
3 кредит
Мамандықтар: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті
Оқу формасы: күндізгі, жеделдетілген күндізгі
Талдықорған, 2015 ж. Құрастырған: ф.ғ.к., аға оқытушы Г. Т. Сырлыбаева Рецензенттер: ф.ғ.к., доцент Қ.Б.Сарбасова. ф.ғ.к., аға оқытушы Л.А.Чалтикенова
Оқу бағдарламасы филология және журналистика кафедрасының отырысында қарастырылды және қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқу үрдісіне енгізілуіне ұсынылды.
«___» _________ 2015 ж. №___ хаттама
Кафедра меңгерушісі ____________ С. Қ. Қожағұлов
Оқу бағдарламасы гуманитарлық факультеттің әдістемелік бюросында қарастырылды және бекітуге ұсынылды.
«___» ________ 2015 ж. №___ хаттама
ФӘБ төрайымы__________________ Ш.С.Жаукумова
Факультет деканы________________Қ.Қ.Рысбеков
Оқу бағдарламасы университеттің оқу - әдістемелік кеңесінде қарастырылды және бекітілді.
Хаттама №_____ «____» _________________2015 ж.
ОӘК төрағасы ______________________М.Ж.Мальтекбасов
Түсінік хат Ономастика – республикамыздағы тіл саясатының басты бағыттарының бірі. Бүгінде ол ғылыми-практикалық, тарихи-мәдени ғана емес, сонымен қатар қоғамдық-саяси маңызға ие болып отыр. Пәннің постреквизиті: „Қазақ тіл білімінің лексикологиясы“. Пәннің мақсат-міндеттері: қазақ тіл білімінің ономастика саласының қалыптасып, даму жолдарын, тарихын, салаларын танып-білу. - ономастиканың ғылым ретінде қалыптасу, даму тарихымен таныстыру; - ғылыми пәндер арасында және өзара байланысында ономастиканың алатын орнын көрсету; - тіл категориялары арасында жалқы есім деңгейін және тіл жүйесіндегі онимдік лексиканың орнын, апеллятивтен оның айырмашылығын анықтау; - денотатпен байланыс негізінде жалқы есімдерді разрядтарға және кластарға топтастыру; - жалқы есімдерге тән қызметін анықтау; - метатіл мен ономастикалық зерттеулердің әдістерімен таныстыру; Қалыптастыратын құзыреттіліктер: Жалпы білімділік: - ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаны қалыптастыру; - кәсіби қызметке қажетті жаңа білім алу дағдысын игеру; Әлеуметтік-этикалық: − қоғамдық пікірге, дәстүрге, салтқа қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және өзінің кәсіби қызметінде соларға сүйену; − іскери этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын игеру; − Қазақстан халықтарының дәстүрі мен мәдениетін білу; − Қазақстан Республикасы «Тілдер туралы» заңын білу; − топпен жұмыс істеуге қабілетті болып, өзінің көзқарасын қорғай біліп, жаңа шешімдер ұсына білуі керек; − келісімге келе біліп, өз пікірін ұжым пікірімен байланыстыруы керек; − кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылуы керек. Коммуникативтік: - адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білу, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындау, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде қатынас дағдыларының болуы, ауызша және жазбаша тілде, сөзді таңдау тәсілдерін ұстану, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру және де тақырыпқа сай сөздерді қолдана білу талаптарын кешенді меңгеру. Ақпараттық-технологиялық: - өз бетінше интернет-ресурстарынан қазақ тілі теориясына, зерттелуіне қатысты ақпараттарды іздей білу, талдай, тандай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен акпаратты акпараттық технологиялар мен техникалык объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.
Пән мазмұны (теориялық бөлім) Ономастикасының қалыптасу кезеңдері. Табиғи және жалқы есімдер. Жалқы есімдердің тілдегі алатын орны. Жалқы есімдердің қызметі және табиғаты. Жалқы есімдер – ономастикалық универсалий. Жалқы есімдер разрядтары. Орыс ономастикасы. Түркі ономастикасы. Түркі мәдениетінің жазба ескерткіштері. Махмұд Қашғаридің “Диуани лұғат ти-түрк” еңбегі. Жалпы есімдердің жалқы есімдерге, жалқылардың жалпы есімге ауысу заңдылықтары. Қазақ ономастикасы (Ғ.Қ. Қоңқашпаев, Е. Қойшыбаев, Т.Жанұзақов, А.Әбдірахманов, Ә.Т.Қайдаров, О.А.Сұлтаньяев). Қазақ ономастикасы бойынша жарық көрген еңбектер және қорғалған докторлық және кандидаттық диссертациялар. Қазақ ономастикасының зерттелу тарихы. Жалпы (теориялық) ономастика және жеке ономастика. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|