ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бөлімшенің түзелуі.Бөлімшені түзету тек қажетті жағдайларда ғана жүргізіледі. Яғни, әскери қызметшілердің сапта ара-қашықтығы бұзылған жағдайда, ал аяқ киім ұштары – бір сызықта болмаса, ал екі қатарлы сапта қатарлар арасындағы ара қашықтық бұзылса. Бөлімшені «САПТАЛ» пәрмені бойынша тұрғызу кезінде, егер барлық әскери қызметшілер дұрыс орындаса, онда «ТҮЗЕЛ» пәрменін беру міндет емес. Түзелуді оқыту үшін мынадай реттілік қажет: алғашқыда аяқтың ұштарын түзеу, сонан соң дененің дұрыс тұруы және түзелу жағына қарай бастың бұрылуы. Аяқ ұштарын түзету мақсатты түрде сапқа тұрғанда бірден оқытқан жөн, кейін тұрақты жаттығу арқылы тәсілді жүйелікке дейін жеткізу. Аяқ ұштарын түзеу көбінесе оң қапталдағы әскери қызметшіге байланысты. Сондықтан бөлімше командирі бірінші кезекте осыған назар аударуы тиіс. Оң қапталдағының аяқ ұштары маңдайшеп сызығын көрсетуі керек. Бастапқы жаттығу үшін бөлімшені арнайы жасақталған алаңшаға жайылма сапқа тұрғызу керек немесе өздері, яғни курсанттар жерге түзу сызық жүргізеді. Аяқ ұштарының дұрыс емес қалпын бөлімше командирі пәрмен беру арқылы түзейді, мәселен: «Студент Әжіханов. Аяқ ұштары алға», «Студент Артықбаев. Сол аяқтың ұшы артқа» және т.б. Сапқа тұру кезіндегі дененің қалпы және түзелуі саптың тұрыс күйіндей болуы тиіс. Аяқ киім ұштарының бір сызықта болуы барысында әскери қызметшілер бастарын түзету жағына қарай бұрып, төртінші адамның кеудесін көретіндей болуы тиіс. Бұл орайда, басты еңкейтуге, иекті алға қарай созуға болмайды. Басты бұруды оқыту үшін, аяқ пен дене қалпын өзгертпестен, басты түзету жағына қарай бұрады және бұл кезде оң құлақ сол құлақтан жоғары болуы керек, ал сол жаққа бұрған кезде – керісінше болады. Жаттығу барысында бөлімше командирі қателіктерді түзеу үшін мынадай пәрмен беруі мүмкін, мәселен: «Студент Өтенов. Кеудені алға ұста», «Студент Әйтенов. Иекті жоғары көтер» және т.б. Бөлімшені орнында түзету қажеттілігі туындағанда, «ТҮЗЕЛ» немесе «СОЛҒА – ТҮЗЕЛ» пәрмендері берілуі тиіс. «ТҮЗЕЛ» пәрмені бойынша оң жақ шетте тұрғаннан басқасының барлығы бастарын оңға бұрады (оң құлақ сол құлақтан жоғары, иекті көтерген дұрыс) және әрқайсысы өзінен бастап төртінші адамның кеудесін көретіндей түзуленеді. «СОЛҒА – ТҮЗЕЛ» пәрмені бойынша сол жақ шеттегінен басқасының барлығы бастарын солға бұрып (сол құлақ оң құлақтан жоғары ұстап, иекті көтерген жөн). Түзулену кезінде әскери қызметшілер немесе студенттер біршама алға, артқа немесе жан-жағына қозғала алады. «БОСТАН» пәрмені бойынша және «ЖИНАҚТАЛ» пәрменімен орнында тұрған студенттер тиісті әрекеттер жасауы тиіс. «Бөлімше – ТАРАҢДАР» пәрменімен студенттер саптан шығады. Бөлімшенің жиналуы үшін «Бөлімше – БЕРІ КЕЛ» пәрмені беріледі де, әскери қызметшілер немесе студенттер оқытушыға жиналады және оның қосымша пәрмені бойынша сапқа тұрады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|