Белгі
| Шартты белгілер
|
Қолмен
| Жалаушалармен
| Шаммен
|
|
|
|
|
НАЗАР САЛ (НАЗАР САЛ, МЕН СИЯҚТЫ ЖАСА; ЖАУАП БЕРУ)
| Оң қолды жоғары көтеріп, жауап бергенше ұстап тұру керек (НАЗАР САЛ белгісін қайталағанға дейін).
| Сары жалаушаны оң қолымен жоғары көтеріп, жауап бергенше ұстап тұру керек (НАЗАР САЛ белгісі қайталағанға дейін):
| Ақ түсті шаммен – бірнеше нүктелер:
|
КОМАНДИРЛЕРДІ (БАСТЫҚТАРДЫ) ЖИНАУ.
| Оң қолды жоғары көтеріп, бастан асыра айналдырып, одан кейін тез түсіру.
| Сол сияқты, қызыл жалаушамен және оң қолдағы сары жалаушамен:
| Ақ түсті шаммен бастан асыра жартылай шеңберді көрсете оңға және солға бұлғау керек:
|
МАШИНАҒА
| Екі қолды жоғары көтеріп, орындалғанша ұстап тұру керек.
| Сол сияқты, оң қолмен сары, ал сол қолмен қызыл жалаушамен:
| Ақ түсті шаммен өзінің алдына оңға және солға иықтың деңгейімен бұлғау керек:
|
ОРЫНДАРЫҢА
| Екі қолды жоғары көтеріп жанына қарай тез түсіру керек.
| Сол сияқты, оң қолға сары, ал сол қолға қызыл жалаушаны ұстап тұру:
| Ақ түсті шаммен жоғары, төмен тік бұлғау керек:
|
ОТАЛДЫР
| Оң қолмен өзінің алдында айналдыру.
| Сол сияқты, оң қолмен сары жалаушаны ұстап тұрып айналдыру:
| Ақ түсті шаммен өзінің алдында айналдыру:
|
ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ӨШІР
| Өзінің алдына түсірілген екі қолмен бұлғау.
| Сол сияқты, оң қолмен сары, сол қолмен қызыл жалаушаны ұстап тұрып бұлғау:
| Қызыл түсті шамды төмен қаратып, өзінің алдында жартылай шеңберді көрсетіп бұлғау:
|
МАРШ(АЛҒА, ҚОЗҒАЛЫСТЫ БҰРЫНҒЫ НЕМЕСЕ ЖАҢА БАҒЫТТА ЖАЛҒАСТЫРУ, ЖОЛ АШЫҚ)
| Оң қолды жоғары көтеріп, қозғалыс жаққа бұрылып, қолды иықтың деңгейінде қозғалыс бағытында түсіру керек.
| Сол сияқты, оң қолдағы сары жалаушамен:
| Жасыл түсті шаммен жоғары, төмен тік бұлғау керек:
|
АРАҚАШЫҚТЫҚТЫ ҰЛҒАЙТ
| Сол қолды жоғары көтеріп, ал оң қолды жанына көлденең созып, онымен жоғары, төмен иықтың деңгейінде бұлғау керек.
| Сол сияқты, оң қолмен сары, ал сол қолмен қызыл жалаушаны ұстап:
| Жасыл түсті шаммен сегіздікті көрсетіп, тік жазықтықта бұлғау керек:
|
ТОҚТА
| Сол қолды жоғары көтеріп, өзінің алдына төмен тез түсіріп, орындалғанша қайталау керек.
| Сол сияқты, сол қолдағы қызыл жалаушамен:
| Қызыл түсті шаммен жоғары, төмен тік бұлғау керек:
|
АРА ҚАШЫҚТЫҚТЫ ҚЫСҚАРТ
| Оң қолды жоғары көтеріп, ал сол қолды жанына қарай көлденең созып, онымен төмен, жоғары иықтың деңгейінде бұлғау керек.
| Сол сияқты, оңмен сары, ал сол қолмен қызыл жалаушаны ұстап:
| Қызыл түсті шаммен сегіздікті көрсетіп, тік жазықтықта бұлғау керек:
|
МАШИНАЛАР СЫЗЫҒЫНА
| Екі қолын жанына қарай созып жауап бергенше ұстап тұру керек.
| Сол сияқты, оң қолына сары, ал сол қолына қызыл жалаушаны ұстап:
| Жасыл түсті шаммен өзінің алдында оңға және солға иықтың деңгейінде бұлғау керек:
|
ЛЕКТЕРДІҢ СЫЗЫҒЫНА
| Взводтық лектердің сызығына: екі қолды жоғары көтеріп, олармен бастан асыра бір-біріне айқастыру бұлғау керек.
| Сол сияқты, оң қолмен сары, ал сол қолмен қызыл жалаушаны ұстап:
| Жасыл түсті шаммен жартылай шеңберді көрсете отырып бастан асыра оңға және солға бұлғау керек:
|
| Роталық лектердің сызығына: екі қолды жоғары көтеріп, оларды бастан асыра бір-біріне айқастыра қойып қозғалыссыз ұстау керек.
| Сол сияқты, оң қолға сары, ал сол қолға қызыл жалаушаны ұстап:
| Жасыл түсті шаммен жартылай шеңберді көрсетіп, бастан асыра оңға қарай бұлғау керек. Шамды бастапқы жағдайына қайтару жартылай өшірілген немесе жарықты қабылдаушыға көрсетпей, жауып жүргізу керек.
|
ЛЕККЕ
| Оң қолды жоғары көтеріп, оны иық алдына тік ұстап түсіру керек (оны жауап алғанша ұстап тұру керек)
| Сол сияқты, оң қолмен сары жалаушаны ұстап:
| Жасыл түсті шамды алдымен қозғалыссыз ұстап, содан кейін Марш белгісін жауап алғанша қайталау керек:
|
БАРЛЫҒЫҢ АЙНАЛ
| Сол қолды жанына көлденең созып, ал оң қолды бастан асыра көтеру керек.
| Сол сияқты, оң қолға сары, ал сол қолға қызыл жалаушаны ұстау керек:
| Жасыл түсті шамды алдында айналдыру керек:
|
БАРЛЫҒЫҢ ОҢҒА(СОЛҒА)
| Сол қолды жанына қарай көлденең, ал оң қолды жоғары көтеру керек бұрылыс жаққа бұрылып, оң қолмен жоғары және иықтың деңгейінде төмен бұлғау керек (жауап алғанша қайталау керек).
| Сол сияқты, оң қолмен сары, ал сол қолмен қызыл жалаушаны ұстау керек:
| Жасыл түсті шаммен жоғары, төмен тік және бұрылыс жаққа бұлғау керек:
|
АПАТ(ЕРІКСІЗ АЯЛДАУ)
| Оң қолды жанына қарай көлденең созып, ал сол қолды жоғары көтеріп, оны бастан асыра оңға, солға бұлғау керек.
| Сол сияқты, оң қолмен сары, ал сол қолмен қызыл жалаушаны ұстау керек. Белгі берілгеннен кейін қызыл машинаға 45 градустық бұрышпен орнатылады.
| Қызыл түсті шаммен өзінің алдында оңға және солға иықтың деңгейінде бұлғау керек:
|
2. Белгі беретін жалауша тік бұрышты, 32х22 өлшемдегі, ұзындығы 40см ағашқа бекітілген матадан тұрады. Сары түсті жалаушаның орнына ақ түсті жалаушаны пайдалануға болады.