ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
МОДУЛЬ. Өзін-өзі танудың негіздеріКіріспе Қазіргі адам өмірде көп нәрсеге қол жеткізгісі келеді: оқу, отбасы, карьера сфераларында өзімізді дамытып, өзіндік «сыртқы көрінісімізді» өзгерткіміз, қайта жасағымыз, әлемді көргіміз келеді. Мұндағы рухани құндылықтардың салмағы қандай? Руханилық – адамды опасыз материалдық дүниеденмі бөлек, жоғары етіп көрсетеді. Руханилыққа отбасында тәрбиеленеді, бала кезден қалыптасады. Тек мұндағы шындық, рухани жағынан толысу, өсу жолы – бірінші кезекте өзін өзі танудан басталатын үздіксіз, үнемі өзіндік жұмыс болып табылады. Беріліп отырған модульдегі сабақтардың бағдарламасы болашақ педагогтың өзін өзі тануы мен өзін өзі дамыту арқылы руханилықты іздеудің белсенді процесіне бағытталған. Жоғары оқу орнана оқуға келгеннен кейін қазіргі студент, жасөспірім бірқатар тұлғалық және әлеуметтік өзгерістерге ұшырайды. Біріншіден, студенттің іс әрекетінің құрылымы өзгереді: оқу мотиві қосымша кәсіби мотивтермен тығыз байланысады. Үшіншіден, жаңа әлеуметтік «студенттік» қоғамға кіреді. Тұлғалық-әлеуметтік бейімделу процесі студенттің әрқайсысында әр түрлі өтеді. «Өзін-өзі танудың негіздері» бірінші модулінің міндеті студенттік топтарда жағымды әлеуметтік-психологиялық климатты қалыптастыруды, студенттердің оқу мотивациясын және танымдық қызығушылығын тұлғалық өзгерістерге дағдыландыру. «Өзін-өзі танудың негіздері» модулінің сабақтары болашақ педагогтар үшін әлеуметтік-психологиялық тренинг принциптерін есепке ала отырып құрылған. «Өзін-өзі танудың негіздері» бірінші модулін оқыту процесінде педагог әлеуметтік-психологиялық тренинг шеңберінде келесі ережелерге сүйенуі тиіс: - Студенттерді барлық жағынан (коммуникативті, интерактивті, перцептивті) қарым - қатынасын дамыту; - Студенттердің арасында дау-дамайларды (мінез құлқындағы агрессияның көрінуі) шешу; - Студенттердің өзіне деген сенімділігін қалыптастыру; - өзін- өзі тану және өзін - өзі жетілдіру процесіне мотивациясын жоғарылату «Өзін-өзі танудың негіздері» модулі«Өзін-өзі танудың негіздері» бірінші модуліннің материалдарында топтық динамикаға, топтағы студенттерді нығайтуға, ұйымдасуға, студент тұлғасының өзіндік ашылу және өзіндік қабылдаудағы ішкі процестерінің тереңдеуіне бағытталған лайықты психотехникалар. Адамзаттың рухани ақиқат шекараларын түсіну мен кеңейтуге творчестволық жолды ашуға көмектесетін «Даналық сабақтарына» ерекше көңіл бөлінген.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|