ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Физикалық «Мен».Анық қара: жан – өзің, дене – киім, Мақтан, бояу – денеге берген сыйың. Жанға мұндай алдауың азық емес, Оған пайда не қылдың жалғыз тиын?Шәкәрім. Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек, Мұрын, иіс, тіл дәмнен хабар бермек. Біреуінен мидағы ой хабар алып, Жақсы, жаман әр істі сол тексермек. Шәкәрім. «Сыртқы келбетің – ішкі ақиқатың» дейді ғой, адамның адамдығын. Дұрыс қалыпта қалыптастыру одан әріден, рухан деңгей: жүрегіндегі Жаратушының қуаты, бөлігі – ғазиз жанынан басталады. Мұны түсінбеген жағдайда адамшылықтың құлдырауының тек қана салдары ғана көрініп, ал оның түпкі мәні, негізгі себебі сол салдардың астында қалып көрінбей қалады. Түпкі себебін түзетсе, оның түрлі салдары өздерінен өздері жоғалатыны белгілі. Бірақ бұл үшін рухани білім керек. Адамның түпкі болмысы - өзінің ғазиз жанын тани білу! Адам егер өзін тәнімен ғана балап, тек нәпсісінің ықпалымен өмір сүретін болса, онда ол надандық ықпалынан шыға алмай, жан ауруына ұшырайтын болады. Жан ауруына: дөрекілік, ашу, көрсеқызарлық, қызғаншақтық, мансапқорлық, сараңдық, өзімшілдік, көре алмаушылық, өсек, немқұрайлылық, күйзеліс, қорқыныш, сенімсіздік, уәдеде тұрмау, алдау тәрізді келеңсіз қасиеттер жатады. Ал ондай аурулардан аман, жаны таза адамның: сыпайылық, шыдамдылық, тазалық, мейірімділік, шыншылдық, жомарттық тәрізді рухани қасиеттері болады. Олар өмірде аз қателіктер жіберіп, табиғатпен үйлесімді өмір сүре алады. Оларға жоғарыда айтылған қиыншылықтардың әсері көп болмайды. Осылай жан саулығы адамның денсаулығының негізі екенін көреміз. Адамның тәні, психикасы және жаны сау болғанда ғана ол толық сау адам бола алады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін әуелі ғазиз жан – адамның жүрегінде орналасқан Жаратушының кішкентай ғана бөлшегін, қуатын:адам болмысын танып, оның бүкіл Әлеммен, Ақиқатпен, Ғарышпен, Табиғатпен, Жаратушымен тікелей байланысын, әлемдегі адамның алатын орнын, тіпті адам өмірінің негізгі мақсатын анықтап алу керек. Өмірдің осындай түпкі сырларын өзіміздің хакім – Абай атамыз, әулие – Шәкәрім атамыз сияқты халқымыздың ұлы тұлғалары ашып беріп, айтып кеткен. Психологиялық «Мен». Біздің әрқайсысымыз өзімізді психологиялық қасиетке ие жеке, тіршілік иесі ретінде: мінез, тұлғалық ерекшелік, қабілет, әдет, бейімділікпен сипаттатталатын сипаттамалардың жиынтығы. Әрқайсысымыздың ішкі әлеміміздің бейнесі ерекше. Студенттерге талқылау үшін ұсынылатын сұрақтар: Өз ішкі әлемімізді танудың мәні неде? Басқа адамның ішкі әлемін білу мүмкін бе және оны қалай жасау керек? Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|