Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Иммунология пәні мен мақсаты. Иммунология дамуының тарихи кезеңдері.




Қазіргі заманғы иммунологияның жетістіктері биология және медицина саласында кеңінен қолданылуды.Осы жетістіктерге сүйене отырып көптеген аурулардыңпатогенезі,диагностикасы,емі және алдын алуы туралы түсініктер енгізілген.Қазіргі кезде кез келген аурудың патогенезіне иммундық жауап қатысатыны белгілі.Мақсаты-дені сау адамның ИЖ бақылау,инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың патогенезіндегі ИЖ бақылау. Иммуналогияның мақсаты: қалыпты және патологиялық жағдайларда иммундық жүйе қызметінің жалпы заңдылықтарын, нақты аурулардың (әсіресе, жұқпалы індеттердің) пайда болуында, дамуында және оны емдеуде иммундық жүйенің атқаратын рөлін анықтау, диагноз қою, емдеу және алдын ала сақтану үшін Иммуналогиялық тәсілдерді қолдану және оларды жетілдіру. Иммуналогияда микробиол., серологиялық, аллергиялық, иммундық-хим., иммундық-морфол., иммундық-генетик., иммундық-молек., эксперименттік, т. б. әдістер қолданылады. Иммуналогияның тәжірибелік ғылыми-зертеулік жетістіктерін қазір медицинада, ветеринария мен жалпы биология саласында қолданып, жұқпалы ауруларды анықтау, емдеу, алдын алу шараларын жүргізуде зор табысқа жетіп отыр. Келешекте Иммуналогия ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, ғасыр індеті – жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы (СПИД) ауруына қарсы вакцина жасау; орган алмастырғанда жиі кездесетін басқа адамның органын қабылдамаушылықты болдырмау; эндокринді (қант диабеті) және әр түрлі аллергиялық ауруларды тиімді емдеу әдістерін табу; ауылы шаруашылығы малдарының жаңа тұқымдарын шығарып, өсімдіктердің жоғары сорттары мен түрлерін анықтау міндеттерқойылып

Отыр.

2, Иммунитет теориялары. Ф. Бернеттің клон-сұрыптау теориясы. Иммунология 19 ғасырда дами бастады. Оның атасы – Луи Пастер. Луи Пастер вируленттігі әлсіреген микробтан вакцина жасау принциптерін ашты. Л.Пастер – құтыруға, түйнемеге, тауық тырысқаққа қарсы вакцинаны шығарушы болады. Иммунизациядан кейін пайда болатын заттар антиденелер деп аталған. Гуморалды иммунитетті зерттеуде Беринг мен Китазато үлкен үлес қосқан. 1890ж. Беринг пен Китазато құл мен сіреспеге қарсы, токсиндерді бейтараптайтын, анатоксин алды.
1901ж. К.Ландштейнер адамда қан топтарын ашып, изоантигендер туралы білім дами бастады. 1940ж. резус факторын ашты.
20 ғасырдың 40 жылдарында көптеген инфекцияларға қарсы әртүрлі вакциналар шығарылады.Иммунология дамуының жаңа кезеңі австриялық ғалымы Ф.М.Бернеттің атымен байланысты. Ол иммунитеттің клон-сұрыптау теориясын ашты. Бернеттің болжамы бойынша П.Медавар 1953ж. эксперимент нәтижесінде иммунологиялық төзімділікті ашты. Бұл жұмыстары үшін осы екі ғалымға Нобель сыйлығы берілген. Медавар трансплантация заңдарын жаңадан ашты.20 ғасырдың екінші жартысында Портер мен Эдельман антиденелердің химиялық құрылысын ашты. Гибридомдар мен моноклоналды антиденелер алу әдісін Келлер мен Мильштейн ашты. Биотехнология дами бастады.

3, Иммунитет анықтамасы. Иммунологиялық реактивтілік түсінігі. Иммунды жауап. Иммунды реакциялардың негізгі түрлері. 19 ғасырда П.Эрлихтің гуморалды иммунитет теориясы шығады. Эрлихтің пікірі бойынша антиденелер клеткалардың жақты тізбектері болады. Жақты тізбектер теориясы кәзіргі кездегі клеткалық рецепторлар туралы мәліметтер арқылы анықталды. Микробқа қарсы пайда болған заттарды антидене деп атады. Сонымен қатар, иммунитеттің фагоцитарлық теориясын феноменіне сүйене отырып И.Мечников иммунитеттің фагоцитарлық теориясын шығарады.
Бернеттің клон-сұрыптау теориясы – мағынасы: әр антигенге белгілі лимфоцит бар. Антиген өзіне сәйкес рецепторы бар лимфрцитті стимулдейді. Нәтижесінде осы антигенге арнайы лимфоциттер клоны пайда болады. Лимфоидті клеткалардың популяциясы өте көлемді, гетерогенді, антигендік детерминанттардың көп санды түрлерінен асып түсіп, басып кетеді. Бірақ, шындығында бұл процесс күрделенген, өйткені белгілі рецепторлары бар лимфоциттердің пайда болуы өмір бойы жүреді. 1974ж. Ерненің иммунологиялық теориясы – идиотип-антиидиотип қарым-қатынас теориясы. Әрбір иммуноглобулинде 2 негізгі бөлімшесі болады. Олардың ішінде: біріншілері - әдеттегі антигендердің антигендік детерминанттарымен байланысады, екіншілері – басқа Иг-ң молекуласы сыртында орналасқан, антигендік детерминанттармен ұқсас, идиотипикалық детерминанттармен өзара әрекет жасайды. Мұндай детерминаттар идиотип деп аталады.
Сонымен, иммунитет – организмнің генетикалық бөгде информациясын тасымалдаушылардан қорғану әдісі, ішкі гомеостазды сақтау үшін бағытталған.
Иммунды жауап дегеніміз антигенді байланыстырып, инактивациялап, ыдыратып және организмнен шығаруға бағытталған иммун жүйесінің арнайы комплексті реакциясы. Иммунды жауап бір-бірін толықтыратын клеткалық және гуморалды иммунитет реакциялармен жүзеге асады.

Бернеттің клон-сұрыптау теориясы – мағынасы: әр антигенге белгілі лимфоцит бар. Антиген өзіне сәйкес рецепторы бар лимфрцитті стимулдейді. Нәтижесінде осы антигенге арнайы лимфоциттер клоны пайда болады. Лимфоидті клеткалардың популяциясы өте көлемді, гетерогенді, антигендік детерминанттардың көп санды түрлерінен асып түсіп, басып кетеді. Бірақ, шындығында бұл процесс күрделенген, өйткені белгілі рецепторлары бар лимфоциттердің пайда болуы өмір бойы жүреді.

Иммунды жүйенің құрылысы (мүшелік, жасушалық және молекулярлық деңгейлері). Қызмет етуінің негізгі қағидалары.

Иммунитет - организмнің жұқпалы агенттерді және антигендік қасиеті бар генетикалық бөгде заттарды қабылдамауы. Р.В.Петровтың айтуы бойынша , иммунитет- организмнің генетикалық бөгде белгілері бар тірі денелер мен заттардан өзін -өзі қорғау қабілеті. Бұл тұжырымның негізінде Бернеттің теориясы жатыр, ол бойынша «өзінікін» және «басқаны» тану иммунитеттің орталық биологиялық механизмі болып табылады. Иммунитеттің негізгі қызметі – организмнің ішкі тұрақтылығын бақылау. Генетикалық табиғаты бөгде заттарды (бактериялар, вирустар, рак клеткалары т.б) тану, одан кейін оны ерекше тежеу, бейтараптандыру немесе жою. Генетикалық табиғаттың биологиялық дербестігін сақтауға организмнің иммундық жүйесі- лимфалық органдар және лимфалық клеткалар жиынтығы жауап береді (лат. «лимфа» — сөл, жануарлардың организмдегі қоректік заттарды бойға тарататын сұйық зат).

Иммундық жауап-иммунды реакциялар. Бөтен антигендердің әрекетіне қарсы пайда болады. Иммундық жүйе антигенмен қарым-қатынасқа түскенде әр-түрлі иммундық жауап бере алады: қанмен бірге айналатын ерекше антиденелердің пайда болуы, осы антигенмен өзгеше байланысқа түсетін Т-лимфоциттер санының көбеюі, ұзақ өмір сүретін Т және В лимфоциттердіц «иммундық есте сақталуының», иммундық төзімділіктің, аллергияның пайда болуы. Организм антигенмен алғаш және кейін кездесуіне сай біріншілік және екіншілік иммундық жауап береді. Біріншілік Иммундық жауап— антидене түзегін плазмалық торшалардың саны біршама бәсеңдеукөбеюуімен, иммуноглобулинжинақталуымен және олардың қанда пайда болуымен сипатталады. Антиген енгеннен кейін алғашында ИГМ антиденесі пайда болады, ал бірнеше күн өткен соц ИГМ-ның орнына ИГО антиденелері жинақтала бастайды. Екіншілік Иммундық жауап антигенмен екінші рет қайталап кездескенде пайда болады. Біріншілік жауапқа қарағанда жасырын мерзімі қысқа, көбею уақыты жедел және антиденелер титрі жоғары болады. Екіншілік жауап кезінде ИГМ мен ИГО антиденелері (ИГО басымырақ) пайда болады. Екіншілік иммундық жауап антигеннің бірінші енгенінен кейін және иммундық есте сақтау құралған соң көптеген айлардан немесе жылдардан кейін пайда болуы мүмкін.

Иммуногенездің қазіргі заманғы кестесі. Иммунды жүйенің онтогенезі мен филогенезі. Т- және В-лимфоциттердің дифференциялануының негізгі кезеңдері.

. Иммун жүйесінің құрылысы. Иммун жүйесін зерттегенде мүшелік, клеткалық және молекулалық деңгейлер ажыратылады. Мүшелік деңгейге орталық және шеткі мүшелер жатады. Орталық мүшелерге сүйек кемігі мен тимус жатады. Сүйек кемігінде қан клеткаларының жалпы із ашары болып көп қабілетті бағана клеткалары түзіледі. Сүйек кемігінен Т-лимфоциттердің із ашарлары тимусқа миграцияланады. Онда олардың дифференцировкасы жалғасады. Ал В-лимфоциттердің дифференцировкасы сүйек кемігінде өтеді. Түзілген лимфоциттердің клондарының әрқайсысы бір ғана антигендік детерминанттарға арналған. Бұл процесс антигендердің қатысуынсыз өтеді. Сонымен, иммунитеттің орталық мүшелерінде антиген тәуелсіз дифференцировка нәтижесінде лимфоциттердің клондары түзіледі – жетілген иммунды емес лимфоциттер.
Орталық мүшелерден жетілген иммунды емес лимфоциттер қан ағысымен шеткері мүшелерге барады. Шеткері мүшелерге көк бауыр, лимфа түйіндері, ішектің пейер табақшалары, аппендикс, бадамшалар, бауырдың ерекше лимфоциттері, терінің лимфоидты жүйесі және басқа лимфоидты түзілістер жатады. Олардың тимус тәуелді (Т-лимфоциттер) және тимус тәуелсіз (В-лимфоциттер), аймақтарына сәйкес лимфоциттер келіп орналасады. Шеткері мүшелерде лимфоцит антигендермен кездесу нәтижесінде толық жетілген иммунды лимфоциттердің клондары түзіледі. Сондықтан, бұл процессті антиген тәуелді дифференцировка немесе иммуногенез деп атайды. Иммуногенездің басында перифериялық лимфоидты мүшелерде антиген тануға қабілеті бар лимфоциттер клондарының пролиферациясы қажетті болып табылады. Шеткері мүшелерде Т-, В-лимфоциттердің және антигентаныстырушы клеткалардың кооперациясы жүреді, нәтижесінде иммунды жауап пайда болады.
Иммун жүйесінің клеткалық деңгейіне клеткалар жатады: тегінде иммуноциттер (Т, В, НК), лимфоциттермен бірлесіп істейтін дендритті клеткалар, макрофагтар, эозинофилдер, базофилдер, нейтрофилдер.
Молекулалық деңгейге антиденелер, антигендер, лимфокиндер, МНС белоктары, лимфоциттердің беткей маркерлары, лимфоциттердің антиген танушы рецепторлары жатады.
Иммун жүйесінің тағы да бүкіл организмнің және популяциялық деңгейлер ажыратылады. Бүкіл организмнің деңгейінде иммунды жүйе және эндокриндік жүйелердің қарым-қатынасы арқылы организмде біртұтас реттегіш жүйенің бар екендігі дәлелденеді. Иммунологияда жаға бағыт – нейроиммуноэндокринология пайда болады.
Иммун жүйесінің популяциялық деңгейі. Әртүрлі аймақтарда өзіндік аймақтық ерекшеліктері бар. Олар экологиялық және басқа әсермен байланысты.

Иммунды жүйенің шеткері мүшелерінің тимус тәуелді және тимус тәуелсіз аймақтары көк бауырдың,лимфа түйіндерінің,бадамша бездерінің және т.б

Иммунды жүйе-морфофункционалдық жүйенің бүтіндігі болып табылатын ағзаның ішкі ортасындағы антигендік тұрақтылықты қадағалайтын миграция және рециркулация жолдарымен байланысатын арнайы лимфоидтық мүшелермен тіндердің өзара жиынтығы, Иммунды жүйе орталық және шеткері мүшелерден тұрады, шеткері мүшелеріне: көк бауыр,лимфа түйіндері,бадамша бездер және т.б жатады

Көк бауыр-Көкбауырда эритроциттерден басқа Т-, В-лимфоциттер, плазмалық клеткалар және ретикулярлы фагоциттер бар. Лимфоидты клеткалар жетілетін өзгерістерге түсіп, кіші, орта және үлкен лимфоциттер, лимфобласттар, плазмобласттар пайда болады.

Көкбауырдың лимфоциттерінің 20-40%-ы Т-лимфоциттер,40-60%-ы В-лимфоциттер.

Лимфа бездері - лимфа тамырларының бойында орналасады, қыртысты және милы қабаттары бар, лимфоидты жасушалар, макрофагтар негізінде қыртысты қабатта орналасқан. Осы қабатта лимфоидтық жасушалардың көбейетін жері - фолликулалар бар. Фолликулалар біріншілік және екіншілік болып бөлінеді: Біріншілік фолликулалар эмбрионды дамудың аяғында пайда болады.

Екіншілік фолликулалар нәресте туғаннан кейін 1-2 ай өткенде пайда болады. Милы қабат пен қыртысты қабаттың арасында айырша безден келген кіші лимфоциттер орналасқан. Лимфа бездерінде де Т-В- лимфоциттерінің қарым-қатынасымен жасушалық -гуморалдық иммунды реакциялар жүреді. Бадамша бездер-жұтқыншақта орналасып, микробтардың тыныс алу жолдарына өтуін бөгейді. Бездерде біріншілік және екіншілік фолликулалар бар. Біріншілік фолекуллалар кіші, орта, үлкен лимфоциттерден, ретикулярлі жасушалардан тұрады. Екіншілік фолликулалар көп ядролы жасушалардың жиынтығы.




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных