Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Т- және В-жасушаларының дифференциялаушы антигендері.




Тхелпер:субпопуляциясының негізіне маркери СД4 дияя антигени жатады.

Тх0,Тх1,Тх2 негизги фенотиптик маркерлери бир биринен ажыратылмаиды.

Тн1-ші қабыну клеткаларының қатысуымен макрофагтардың активтенуіне 2 сигнал қажет: 1-ші – СД4 Тн1-ші қабыну клеткаларымен түзілетін ИНФ-γ; 2-ші – макрофагтарды белсендіру үшін беткей ФНО- α қызмет етеді. Нәтижесінде макрофагтарда биохимиялық өзгерістер жүреді, осы клеткалар жоғары антибактериалды қасиет көрсетеді. Фагоцитоз процесі оттектік жарылыспен қоса жүреді – оттектік радикалдар, азот тотығы түзіліп бактерицидті белсенділігін көрсетеді. Сонымен қатар активтелген макрофагтар МНС І және ІІ классты молекулаларының, ФНО- α рецепторының экспрессиясын күшейтеді. Бұл процесс қосымша аңқау клеткалардың араласуына әкеледі. Макрофагтармен әсерелесетін қабыну Т-клеткалар өздері де белсеніп, иммунды жауаптың ұйымдастырушы ролінде шығады. Т киллер
Вируспен инфицирленген клеткаларды жою реакциясына қатысады. Бұл ірі лимфоциттер Т- және В-клеткалардың маркерларысыз, антиген танушы рецепторлары жоқ, антигенмен әсерлесуден кейін пролиферацияға, иммунологиялық есте сақтау қабілеті жоқ. Бірақ, Т-клеткалар цитокиндердің әсерімен активтенеді. НК-клетка бетінде IgG1 және IgG2 Ғс-фрагментіне арналған рецептордың болуы, олардың осы антиденелерге сәйкес антигендермен әсерлесуін болжайды. Бұл антидене тәуелді клеткалық байланысты цитотоксикалық әсер.

28, Иммунитеттің Т-жүйесін бағалау әдістері. Т-лимфоциттердің мембраналық антигендеріне қарсы Т-антиденелермембраналық антигендермен байланысып, комплементтің қатысуымен түзілген комплекс жасушаның мембранасының тұтастығын бұзады – мембранаға шабуыл жасаушы комплекс (МШК). МкАд және комплементтің қатысуымен лимфоциттер цитолизденеді. Трипан көгі бояуы жасушаның ішіне еніп, оны көк түске бояйды. Бетінде Т-антигендері жоқ жасушалардың мембраналары зақымданбайды (тіршілікке бейімді) және боялмайды. Жасушалармен жүргізілетін барлық жұмыс стерилді ыдыста жасалды.

Реактивтер мен жабдықтар: буферленген физиологиялық ерітінді;

  1. тығыздық градиентінің ерітіндісі немесе дайын ерітінді (гистопак және т.б.);
  2. Хенкс ерітіндісі (дайын);
  3. 199 орта (дайын);
  4. трипан көгі ерітіндісі (бояу);
  5. қарсы-Т-сары су (дайын);
  6. цитратты гемостабилизатор;
  7. бинокулярлық лупалы микроскоп;
  8. Горяев камерасы;
  9. шынылар.

29, Жасушалық иммунитет жүйесін бағалау әдістері. І-ІІ деңгейдегі тесттер, олардың клиникалық маңызы. Розетка түзуші реакцияда Т лимфоциттердің обсолютті және қатынастық құрамын анықтау.

ИКК бөліп алу және оларды керекті концентрациясына (2млн/мл ортада) жеткізу. Реакция қояр алдында қой эрритроциттерін бірнеше рет(3-5) центрифугалау арқылы физиологиялық ерітіндімен 1500 айн/мин 10-15 мин шаямыз. 199 ортасында 2 процент жұмыстық қоспа дайындайды, негізгі компонеттерді дайындап болған соң, пластикалық пробиркаларды лимфоциттер мен қой эрритроциттерінің түрлі өлшемін (0,02 млден) араластырады, қоспаны қосып, 1000 айн / минда 5 мин центрифугалайды және 60 Мин инкубациялайды. Кейін глутар альдегидімен 20 мин бекітіп, шыныда жағынды жасап, азур – эозинмен бояймыз. Жағындыларды иммерсионды жүйеде жарық микроскопта қарайды. Т лимфациттердің пайыздық құрамын есептейді. (Қой эрритроциттеріне 3 және одан да көп байланысқан), Т лимфоциттердің қатыстық және жалпы санын біле отырып, Т лимфоциттердің обсолюттік құрамын мына формула бойынша есепьтейді: А*В/100% А-жалпы саны В-қатыстық. Қалыпты жағдайда Т лимфоциттердің құрамы 40-90 %, Т хелперлер 25-75, Т супрессор 5-45%.

30, Иммунологиялық төзімділік. Иммунологиялық төзімділіктің құрылуының жіктелуі мен механизмдері.. Иммунологиялық толеранттылық - организм кейбір антигенге жауап бермейді, ал басқалары үшін иммундық жауап сақталған.Толеранттылықтың мынандай ерекшеліктері бар:1. Бір антигенге ғана жауап бермеуі, бір эпитопқа жауап жоқ, басқа антигендерге жауап беру сақталған.2. Толеранттылық - “еті үйренгендік” емес, тек не антигенге, не токсинге жауап бермеу. Ал токсиннің улану әсерінен қорғамайды.3. Толеранттылықтың пайда болу (даму) уақыты бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады. Ол антиген түскеннен толеранттылық пайда болғанға дейінгі уақыт.4. Иммунологиялық толеранттылық антиген дозасына байланысты “шеткілік бейтараптау” феноменін береді. Қалыпты функциялы лимфоциттер антигендерді антиденелермен байланыстырса, шеткі қанда антигендер болмайды.5. Толеранттылық пассивті түрде беріледі. Толеранттылықтың түрлері:

1. Табиғи толеранттылық - эмбриогенезден бастап организм өз жасушаларын “өзімдікі” деп таниды және төзімді болады. 2. Жүре пайда болған толеранттылық бөтен антигенге қарсы спецификалық реакция болмауы. Бұл иммунитет жүйесі әлі жетілмеген организмде кездеседі:радиоактивті сәулеленген жағдайда;антигенмен бірге иммунды депрессант берілсе; Толеранттылықтың пайда болу жағдайлары: 1. Антигендердің организмде көп уақыт сақталуы және олардың организмнен шығуы баяу болғанда (кедергі болса).2. Антигендердің саныкөп болса, соғұрлым толеранттылық жоғары және көпке созылады.3. Антигендердің организмге кіру жолдары толеранттылыққа әсер етеді. Антигеннің асқазан арқылы кіруі толеранттылыққа жақсы, өйткені антигендер бауырда сүзіліп, фагоцитозға ұшырап, организмнен шығып қалады да, иммундық жауап дамымайды.4. Антигеннің молекулалық салмағы аз болса, оның спецификалық қасиеті төмендеп, толеранттылық көтеріледі.5. Организмнің физиологиялық жағдайлары. Нәрестелер организмінде иммундық қорғаныс функциялары жетіспегендіктен толеранттық тез пайда болады; хелпер мен макрофагтардың, тіпті В- жасушалардың жұмыстары әлі жетілмейді. Иммунизацияланған организмде толеранттылық болмайды; себебі, Т- хелперлердің популяциясы көбейеді, В- лимфоциттерде есте сақтаулық бар, аффинділігі күшті болады.6. Бейспецификалық иммунитет тежеушілері толеранттылық дамытады: антилимфоцитарлық сарысу құйғанда;цитотоксикалық препараттармен емдеуде;рентген сәулесінің әсерінен шеткі қанда, лимфа органдарында жетілмеген иммунды қабілетті жасушалар болады.7. Табиғи супрессорлар - толеранттық дамуға итермелейді. Бұлар фенотиптігімен, шығуымен NK - жасушаларына жақын, туыстай. Оларда жетілмеген немесе регенерацияда жүрген лимфоидты тін де көп.Толеранттылықтың қайтымдылығы. Толеранттылық тұрақты емес. Тек аллотрансплантациялы түрі тұрақты. Қайталап кірген антиген оны ұзартады. Толеранттылықтың ұзаруына әсер ететіндер: табиғи антигендер (полисахаридті антигендер) нашар метаболизм береді де толеранттылықты ұзартады.

31 Цитокиндердің анықтамасы, негізгі сипаттамалары. Иммунды жауаптың индукциясы мен реттелуіндегі цитокиндердің рӨЛІ, Цитокиндер – түрлі антигендерге қарсы иммундық жауапта және арнайы емес қорғаныста орын алатын иммунды жүйенің жасушаларының арасындағы кең және күрделі ара-өатынастарды қамтамасыз ететін, иммунды жүйенің белсендірілген жасушаларының нәруызды немесе полипептидті өнімдері болып табылатын медиаторлар

цитокиндердің иммунды жауапта зор маңызы бар Т - лимфоциттерге антигенді презентациялайтын МНС молекулаларының экспрессиясын жоғарылап,антигенді танып алуға көмектеседі.МНС молекулаларының экспрессиясы интерферондардың әсерінен жоғарылайды,соның ішінде МНС антигендерінің де де класының экспрессиясын қоздыра алады; Цитокиндер жасушааралық арақатынастарға жауапты адгезия молекулаларының иммунды жасушалардың бетіне экспрессиялануына себепкер болады.Бұлқызметті,біріншіден,ИЛ -1 мен ФНО-а және интерферондар атқарады






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных