ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Технологиялық тиімділік әдістерін реттеуді талдауС.Нұржанов кен алаңындағы игеру процесін реттеудің басты мақсаты жоспар шешімін орындау, егер мұнай өнімі және өнім өндіру қоры жоспар деңгейіне дейін орындалса. Жоспар деңгейін және шешімін реттеуде мынадай жұмыстар орындалуы тиіс: 1.Ұңғыманың жоспарлық берілуі. Кен алаңында 1988 жылы жоспар бойынша 30 ұңғымадан 28 ұңғыма бұрғыланбаған. ІІІ - обьектідегі жоспар бойынша 7 ұңғыма бұрғылануға берілген (№100, 101, 102, 103, 104, 105, 106), VІІ - обьектіде 23 ұңғыма, оның ішінде 20 бұрғыланбаған (№330, 333, 334, 335, 337, 338, 339, 340, 341, 342, 344, 346, 347, 348, 349, 350, 352, 325, 327, 343). 2.Қабатты айыру және бөгде суларды ұңғыманың сулануы мақсатында ұңғыманың түп аймағын өңдеуде геолого - техникалық шаралар жүргізу. 3.Іске қосылып тұрған ұңғымалардың және суланған ұңғымалардың, әсіресе 5 ұңғыманың (№60, 61, 69, 73, 322) мұнайға қанығу интервалын қосымша тесу, игеру алаңын өсіру. 4.5 ұңғымада (№73, 84, 87, 89, 91) қабатты гидрожаруды өткізу. 5.Бөгде суларды айырудағы пакерді қолдану. 6.Зиянды әсер етуші газдармен күресуде геолого-физикалық шараларда газдық якорьді қолдану. 7.Екі горизонт бойынша мұнай қорын статикалық әдіспен есептеуді жүргізу. 8.Түрі НДВП-43/32 жаңа терең сорапқа арналған газдық факторы жоғары сұйықты айдап шығаруды өнеркәсіптік сынауды жүргізу. 9.Берілген кен алаңын игеру процесінде жұмыс жасап тұрған ұңғымадағы қабаттың түп аймағының өнімділігінің төмендегенін байқаймыз. Бұған себеп ұңғыманың түп аймағының төмендеуі жұмыс жасап тұрған ұңғыманы қатты ластанған технологиялық сұйықтармен тұншықтыру, саздардың ісінгіштігі, қабатқа ластанған мұнай өнімдерін айдау. 10.Мұнайды асфальтты шайырлы және парафинді қосылыстардан және тұзды химиялық қосылыстан сақтау. 11.Кен алаңындағы барлық іске қосылған ұңғымалардың шегендеу және пайдалану бағандарын сапасыз цементтеу, цементті бағаннан сағаға дейін толықтай көтермеу тиімсіз жұмыс болып есептеледі. Сондықтан баған тастарын сапалы цементтеуді қадағалау керек. Бұл үшін пакерді қолдану арқылы пайдалану бағанына арнайы тесіктер арқылы цемент құю және қысым арқылы цемент құюды өткізу. Пайдалану бағанын 1-2 метр интервалда жанынан тесу керек. Арнайы тесілген және каналдары жанынан тесілген құбырлардың ара қашықтығын таңдап алады, егер оған пакер орнатылатын болса. Содан кейін сорапты-компрессорлық құбырға пакер түсіріледі.
2.6.1 кесте С.Нұржанов кен орнының жоспарлық және нақты көрсеткіштерін салыстыру
Төменде іске қосылған ұңғыма өнімін қалпына келтіру мақсатында жаңа технологияларды қолдану көрсетілген: 1. Қышқылдың беттік-активті құрамы. Бұл қышқылмен өңдеудің тұзды және саз қышқылымен өңдеуден айырмашылығы, ол жоғарғы өткізгіштік қасиетімен, қышқыл жыныстармен жай реакциялық қосылысы, мұнай шығару қасиеттерінің жоғарылығын көрсетеді.Қышқылдық өңдеу технологиясы ұңғымадағы қышқыл құрамын циклдық айдауда жүргізіледі. 2. Силикаттық гель технологиясын қолдану. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|