ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жобалау және нақты дерек көрсеткіштерін салыстыру
Терең штангалық сорапты өнімнің төмендеуінің себебі сұйық өнімінің 100 пайызға сулануынан болады. Мұнай және сұйық дебитінің төмендеуі ұңғымалардың газдық факторының өсуінен (№45, 48, 50, 52, 55, 71, 77, 80, 81, 82, 83, 86, 93, 95). №25, 41 ұңғымалардан газдың пайда болу процесі байқалған. Осыған байланысты барлық 18 ұңғыма газ өндірісі ұйымдастырылмас бұрын уақытша тоқтатылған. Ал 5 ұңғыма №307, 313, 317, 320, 321 ұңғымаларын талдауға берілген. Жоспар бойынша максималдық мұнай өнімінің деңгейі 387 мың тонна, егер 75 ұңғыма жұмыс жасап тұрған кезде, 150 мың тонна, нақты жылдық көрсеткіш бойынша, яғни жоспардан 239 мың тонна төмен көрсетілген (2.5.1 сурет). Сұйық өнімі 225 мың тонна жоспар бойынша 651 мың тонна төмен екенін көрсетеді. Жоспарлық және нақты дерек көрсеткіштерін салыстыру мақсатында мұнай өнімінің жылдық көрсеткішінің 8,5 пайыз төмендегенін, 42 ұңғыманың жұмыс жасап тұрғанда сұйықтың 36 пайызға төмендегенін байқаймыз.
2.5.1-сурет. С.Нұржанов кен орының игерудегі динамикалық көрсеткіш
2.5.2-сурет. С.Нұржанов кенорнында обьект бойынша мұнай қорының суланумен байланысы Осы талдауға қарап, нақты дерек көрсеткішінің жоспар көрсеткішінен төмен екендігін көруге болады, осыған себеп бұрғылаудың уақытында болмағаны және жаңа ұңғымалардың енгізілмегені жатады. Әсіресе ІІІ обьектідегі төмен сұрыпталған бұрғыланбаған 2 ұңғымадан басқа, VІІІ обьектідегі 28 ұңғыманың бұрғыланбағаны байқалған. Бұл өнімнің төмендігін және ұңғыма қорының механикалық жағдайының нашар екенін көрсетеді. Бұл пайдалану ұңғымасының қиындағанын, техникалық жағдайының, яғни сораптың нашар жұмыс жасауынан болған. Кен алаңындағы обьекті және горизонттағы игерілген мұнайдың, сұйықтың және ұңғыма қорының динамикалық көрсеткіші 2.5.1 кестеде берілген.
2.5.1 кесте С.Нұржанов кен орыны бойынша игерудің динамикалық көрсеткіші
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|