Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






С.Нұржанов кен орнының қазіргі жағдайы




 

С.Нұржанов кен орыны мен Батыс Прорва кен орыны мұнайды өңдеу және дайындау цехына жақын. Сондықтан ұңғымадан шыққан сұйықтық топтық өлшегіш қондырғысынан (ТӨҚ) өтіп мұнайды өңдеу және дайындау цехына барады. С. Нұржанов кен орынында 175 ұңғыма бар. Яғни қалған үш кен орындарының қосындысынан көп.

С. Нұржанов кен орынында 9 топтық өлшегіш қондырғысына (ТӨҚ 1-7, АСМА 8-9) бар. АСМА бұл топтық өлшегіш қондырғысының электронды түрі.

Батыс Прорва кен орны, Досмұхамбет кен орны, Ақтөбе кен орны, С.Нұржанов кен орнынан келген сұйықтық мұнайды өңдеу және дайындау цехына келеді.

 

2.1.1 кесте.

Мұнайды өңдеу және дайындау цехына мінездеме

 

Атауы Өлшемі Мәні
  Іске қосылған жылы Жыл  
  Қуаты    
  -мұнай т/тәулік 3,0 млн
  -газ м3/тәулік 500 млн
  Аумағы м3  
  Резервуар паркі м3  
  Жұмысшылар саны Адам  
  Дайындау түрі   Термохимиялық
  Сапасы Группа МЕСТ 51588-2002
  Шығыны Теңге 1157,4

Мұнайды өңдеу және дайындау цехына келген сұйықтық мұнай және газ сеператорларына келеді (2.1.1 кесте). Осы жерден мұнай және газ сұйықтыққа және газға бөлінеді. Сосын газ газ сеператоры арқылы қысымы реттеліп, газ факелге немесе керек жараққа пайдаланылады. Мұнай және газ сеператорларынан шыққан сұйықтық мұнай мен суды айыру сеператорынан өтіп, суға және сұйықтыққа бөлінеді. Мұнай РВС-3,6 резервуарына насос НБ-125 көмегімен барады. Одан шыққан мұнай пешке ПТ-16 барып 65-70 градусқа қыздырылып сеператорынан тазартылып өтіп, РВС-5,7 резервуарына насос НБ-125 көмегімен барады.

Прорва кен орынан шыққан дайын мұнай 54 км мұнай құбырында 100 атмосфералық қысымда айдалады. Прорва кен орынының 2010.01.01 есептелген қоры - 19803,5 мың. т. (С. Нұржанов - 15925,5 мың. т., Батыс Прорва - 2009,8 мың.т., Ақтөбе - 558,8 мың.т., Досмұхамбетов - 1309,3 мың.т.). 2010 жыл, ал жоспарланған мұнай өндіру - 580000 т., соның ішінде С. Нұржанов - 40000 т, Батыс Прорва - 85000 т, Ақтөбе - 31000 т, Досмұхамбетов - 64000 т.

Мұнайға қаныққандық коэффициенттері - 0,51 - 0,67, газға қаныққандық коэффициенттері - 0,44-0,64. 7 мм-лік штуцерде 11 - 144,4 мың м3/тәулік. Газ шығымдары 7 мм-лік штуцерде 18,1- 85 мың м3/тәулік. Газдық фактор 105,6 - 261 м33 болады. Бастапқы қабаттық қысым 23,6-34,9 МПа, температурасы 73-960С. Мұнайдың тығыздығы 823 - 899 кг/м3. Мұнайдың құрамында 0,33 - 1,46 % күкірт, 2,05 - 4,22 % парафин, 15,66 % смолалар, 1,12 % асфальтендер бар. Газдың құрамы: метан 90,3 - 90,93 %, этан 3,34 - 4,13%, пропан 1,36 - 1,64 %, изобутан 0,83 - 1,05%, пентан және жоғарғылар 0,42 - 0.46 %, азот және сирек газдар 1,74 - 1,795, гелий 0,01 - 0.0016%, күкіртсутек 0,01%, көмірқышқылгазы 0,26 - 1,72%. Тұрақты конденсаттың газдағы бастапқы мөлшері 79 - 93 г/м3. Конденсаттың тығыздығы 755 - 758 кг/м3. Конденсаттағы күкірт мөлшері 0,11%. Иірімдердің режимі суарынды және сусерпімді газдарынды. Хлоркальцийлі қабат суларының тығыздығы 1132 - 1209 кг/м3, минералдылығы 198,57 - 307,61 г/л.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных