ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Кенорыны мұнайының, газының және қабаттық суының физикалық қасиеттері
2002 жылы Батыс мұнай лабораториялық зерттеу институтында Батыс Прорва кен орнының №319 ұңғымадан қабаттың және мұнай, газ бетінің сынамасына зерттеу жүргізілді. Қабат мұнайының тығыздығы 0,7888 г/см3, бұрынғы алынған сынама тығыздығы (0,6947-0,7246г/см3). Қанығу қысымы 15,59 МПа, қабат қысымы 31,92МПа.Физикалық қасиетіне және газдың құрамына қарай мұнай қабаты әртүрлі. Мұнай қабатының тығыздығы 0,706 г/см3 құрайды. VІІІ2 қабатында 0,638 г/см3, VІІІ3 қабатында 0,649 г/см3, ІХ2 қабатында 0,689 г/см3 және ІІІ-Т қабатында 0,7360 г/см3. Мұнай қабатының тұтқырлығы 1,03-тен 1,65спз-ға тең, көлемдік коэффициенті 1,299-дан 1,492. Барлық мұнай қабаттары газға қанықпаған, юра горизонтында мұнай қабатының қанығу қысымы 15,8-19,6 МПа-ға тең, триастық горизонтта 17,8-21,4 МПа, юра горизонтында қабат қысымы 18-23,3 МПа, триастық горизонтта 26-32,2 МПа. Қабат жағдайындағы мұнай горизонттарының физико-химиялық қасиеттерінің орташа көрсеткіштері 1.4.1 кестеде берілген.
1.4.1 кесте Қабаттағы сұйықтың, газдың құрамы және физико-химиялық қасиеті
Мұнай кен орындары қасиеттеріне қарай бір-біріне жақын орналасқан және парафиндік, шайырлы болып келеді. Келловей горизонтындағы мұнайдың тығыздығы 0,8314 г/см3-0,9114 г/см3. Парафин құрамы 0,9-6,77 пайыз, күкірт құрамы 0,15-1,5 пайыз, асфальтен 0,95-10,5 пайыз.Мұнай тұтқырлығы 200С-да 5,02-ден 200,9 спз. Триас горизонтында мұнай тығыздығы 0,8222-0,8995 г/см3. Мұнай тұтқырлығы 200С-да 3,8-16,985 спз. Күкірт құрамы 0,76-8,6 пайыз, шайыр 10,1-31,7 пайыз және парафин 3,25-1,94 пайыз. Газдандырылған мұнайдың физико-химиялық қасиетінің орташа көрсеткіші 1.4.2 кестеде көрсетілген. Еріген газ VІІІ2, VІІІ3, ІІІ-Т, VІ-Т қабаттарында кездеседі. Газдың бастапқы компоненті метан болғандықтан, қабаттың орташа көрсеткіші 98,96 пайыз. ІІІ-Т қабатында (еріген газ) 90,44 пайыз, VІІІ4 қабатында (газдық горизонт) этан құрамы 2,75-6,54 пайыз, пропан 1,09-2,63 пайыз, бутан 0,13-1,23 пайыз. Барлық суы жоғары минерализацияланған. Суы тұзды. Суында микроқышқылдардың түрлері бар: брон 149,56 мг/л, йод 4,28-108,1 мг/л, бор 20,59-117,6 мг/л және алюминий 5-90 мг/л, қабат суының үлес салмағы 1,1256-1,1889 г/см3, тұтқырлығы 0,584-0,630 МПа*с. Судың физико-химиялық құрамы 1.4.2 кестеде берілген.
1.4.2 кесте Еріген мұнай құрамы және физико-химиялық қасиеті
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|