Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ылыми мәселелерді шешудің қазіргі жағдайын бағалау.




Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Мұнай өнеркәсібі еліміздің экономикасында басты орындардың бірін алады, әсіресе энергетикалық тарапы өркендеуінде өзінің зор үлесін қосады. Жалпы мұнай өнеркәсібінің дамуы ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің, жалпы шаруашылық пен транспорттың дамуын жеңілдетті. Қазақстан Республикасы мұнай-газ және газдыконденсат кен орындарына өте бай, олардың көпшілігі Қазақстанның Батыс бөлігінде орналасқан және қазіргі уақытта да көптеген жаңа кен орындары ашылу үстінде. Қазақстанның Батыс бөлігі бойынша ашылған кен орындары көбіне Каспий маңы ойпатының тұз-күмбездегі құрылымда орналасқан.

Өнеркәсіптік категориядағы мұнай қоры Қазақстанның алты әкімшілік облысында шоғырланған. Еліміздің батыс аймағының төрт облысында алынатын мұнай қорының 90%-ы шоғырланған. Атап айтсақ осы аймақта: Теңіз, Қарашығанық, Өзен, Жаңажол сияқты және мұнай-газ қоры 100 млн. тоннадан асатын ірі кен орындары шоғырланған. Табиғи газдың негізгі қоры екі облыста шоғырланған: Батыс Қазақстандағы (Қарашығанақ) және Ақтөбедегі (Жаңажол). Мұнай кен орындарындағы ілеспе мұнай газының потенциялы зор.

Ғылыми-тәжірибелік өндірістік басқармада өндіріске тиімді химиялық реагенттерді лабораториялық жолмен табу және оны өндіріске тәжірибелік сынақтан өткізумен бірге, қабаттың мұнай өнімділігін арттыру және басқа да мұнай өндірісінде қолданылатын технология жетістіктері сынақтан өтті.

ылыми мәселелерді шешудің қазіргі жағдайын бағалау.

Мұнай өндірісі ролі қазіргі уақытта мұнай химиясы шикізат базасы ретінде жоғарылады. Ілеспе газдарды және табиғи газдарды пайдалану мұнайды өңдеу процесі кезінде пайдаланған қалдықтардан алынатын газдарды пайдаланған тиімді

Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Дипломдық жобаның мақсаты С.Нұржанов кенорнындағы мұнайды игеру жобасы. Қабатты гидравликалық жаруды есептеу және технологиясын таңдау.

Теориялық және методологиялық негіздері. Мұнайды өндірудің азаюын болдырмау мақсатында бірқалыпты және қабаттағы мұнайбергіштікті арттыру арқылы кенорынды игеру процесін реттеудің негізгі мақсаты геолого-техникалық шараларды орындау болып табылады.

ДЖ жазудың практикалық негізі. Өндірістік тәжірибе, диплом алды тәжірибесі және кафедраның зертханалық базасы ДЖ дайындаудың негізгі бөлімі болып саналады, сондай-ақ мамандық бойынша тәжірибелік біліктерін дамытуға және керекті материалдар жинауға көмектеседі

Ұңғыларды пайдалану мұнай және газ игерудегі негізгі орындардың бірін иеленеді. Онымен өндіру байланысты болса, ал өндіруден жинау, ұңғы өнімін дайындау, тасымалдау, өңдеу, іске асыру және тағы басқа болады. Соңғы жылдары газға қаныққан коллекторларды газдыгидродинамикалық зерттеулер нәтижесіне - табиғи газ, газды конденсатты кен орындарын игеру жобасын жасау кезінде - аса үлкен мән беріліп жүр. Негізінде қабат туралы ақпараттарды алу әдістермен (геофизикалық, физико – химиялық және т.б.) іске асырылады. Бұл әдістер кен орны жұмысын дұрыс бақылау және игеруді өз уақытында іске асыру жағдайын қарастырады.

Қолайлы технологиялық режимді іріктеп таңдау, өзіне ерекше көңіл аударуды талап етеді, себебі ол сорапты – сығымдағыш құбырлар жүйесі, пакерлер және белгілі бір қысым мен қолайлы диаметр және шығымға есептелген басқа жер асты және сағалық жабдықтар жүйесі болып саналады. Мұның барлығы үздіксіз өндіру үшін ғана емес, сонымен қатар, пайдалануды бақыламау салдарынан кері әсерінің болуы, тіпті апатқа әкеліп соғуы мүмкін болғандықтан да өзіне ерекше бақылау мен күтімді қажет етеді.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных