Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ы қималары бойынша анықталған кенорынның тектоникасы




Орталық және Шығыс Прорва кен орны Оңтүстік-Ембі төбесінің переклималдық бөлігінің Оңтүстік - Батысында орналасқан. Орталық және Шығыс Прорва брахиантиклиналдық жәйілім түрімен сипатталады. Шығыс төбесі өте үлкен № 307 ұңғыма ауданында Оңтүстік қанатының Солтүстік-Шығыс учаскесі құрылымдық ұшымен көрсетілген, Солтүстік, Солтүстік-Шығысқа созылған, Орталық - Прорва төбесі брахиантиклиналдық. Оңтүстік-Батыс жәйілім арқылы көрсетілген. Көтерілу құрылысы құрылымдық картада көрсетілген, даттық, келловейдік қабат табаны бойынша және геологиялық профильдермен. Табан бойынша валанжин қабат құрылым изогипсі - 1990 м және осындай өлшемдері бар 15,5х7,75 км, тәртіп амплитудасы 70 метр.

Қанатының құлау бұрышы 20-тан аспайды. Табан бойынша төменгі келловейстік шөгінділердің жабық изогипстің құрылым өлшемдері: 2400 м 16х3, 75 км, амплитуда 90 м. Құрылым өлшемдері тереңдік бойынша өзгермейді. Амплитуда валанжин бойынша өзгермейді. Амплитуда бойынша 70 м-ге дейін көбейеді, ал төменгі келловей табаны бойынша 20 метрге дейін. Орталық және Шығыс Прорва құрылымы тұзды ядро қабатына жатады. Тұзды қабат тереңдігі 3289 метрге тең.

Орталық Шығыс Прорва кен орны қуаты сулы жүйе болып саналады. Кен орынның жер асты сулары пермотриас, юра, бор және палеоген, төрттік тастарымен байланысты. Жалпы Каспий ойпатындағы Прорва кен орны Солтүстік - Шығыстан, Оңтүстік - Батысқа қарай суға қаныққан. Осы бағыттағы аймақтың жер асты суларының жылжуы басталады. Сулы аудандар Оралдың Оңтүстік таулы жағы және Мұғалджар (Солтүстік және Шығыс). Осы аудандағы сулы қабаттар бір-бірімен байланыс жүйесін құрайды. Тереңдігі бойынша гидравликалық байланыс төмендейді.

С.Нұржанов кен алаңы локальдық құрылымнан тұратын, брахиантиклинальды құрылымы барлық жаққа бағытталған. Прорва құрылымы Оңтүстік Ембі көтерілімінің солтүстік- батыс иірімінде орналасқан.

Басқа қабатқа қарағанда ең үлкен абсолюттік көрсеткіш минус 1925 метр.

С.Нұржанов құрылымының терең барлама бұрғылауы және геофизикалық жұмыстарының жүргізілуі нәтижесінде С.Нұржанов құрылымы брахиантиклинальды иірімдерден тұрады.

Көтерілім минус 25 метр изогипспен қоршалған, амплитудасы 25 метр. Қима өлшемі келловейлік қабат бойынша ұзын осі 8,5 км, қысқалығы 5,5 км.

Қабаттың шайылуы: апт, неоком, жоғары юра, төменгі юра, сеноман, пермотриаста байқалған.

Кеуектілік тек VIII1 жоғарғы юра горизонты (5ұңғ.38 үлгі) бойынша анықталған. Кеуектілік керн бойынша 14,7% (VIII2) - 23% (VIII3) аралығында өзгеріп отырады.

Кенорны қорларын есептеу барысында геофизиктердің берілгендері бойынша кеуектіліктің орташа мәні горизонттар бойынша 15,0%-тен (VI-T) 20%-ке (VIII2) дейін ауытқып отырады.

Ұңғылар бойынша геофизика берілгендерімен мұнай-газ қанығу 50%-тен 83%-ке ауытқиды, ал горизонттар бойынша орташа 57% - 72%.

С.Нұржанов кенорнының өнімді горизонттар коллекторлары негізінен, керн бойынша орта және жақсы өткізгіштікті. Кәсіпшілік берілгендерімен де осындай, тек VIII3 горизонт бойынша керн бойынша орташа өткізгіштік 123,7мд-ке тең, ал сынау нәтижесі бойынша 1,3-6,3мд.

VIII1 жоғарғы келловей горизонты. Коллектор құмдардан, құм тастардан тұрады. Жаңа ұңғылар есебінен ұңғылар бойынша жалпы қалыңдық 5-21,8м аралығында өзгереді. Тиімді қалыңдық 3,6 м-ден 20,2 м-ге, ал газды қанығу орташа 10,1м

VIII2. орта келловей горизонты. Керн сұр әртүрлі түйіршікті құмнан және құм тастардан тұрады. Горизонттың жалпы қалыңдығы 8 - 15,6 м. Тиімді қалыңдық 3,6м - 13м аралығында ауысып отырады.

VIII1 жоғарғы келловей горизонты. Коллекторы құмды, құм тасты, сұр және күңгірт сұр, уақ және жұқа түйіршікті саздардан тұрады. Тиімді қалыңдық 3,6 - 20,2 м, ал газды қанығу орташа 10,1м

VIII2. орта келловей горизонты. Горизонттың жалпы қалыңдығы 8 - 15,6 м. Тиімді қалыңдық 3,6м-ден 13м-ге тең. Қайтадан қазылған ұңғылар есебінен мұнай қанығу қалыңдығы орташа 6,1- 0,8м аралығында.

VIII3 төменгі келловей горизонты. Горизонттың жалпы қалыңдығы 21,6 м-ден 38 м-ге ауытқиды. Тиімді қалыңдық 2 - 26,8 м. Мұнай қанығу қалыңдығы орташа 4,75м-ден 1,2 м-ге бұрынғыдан артық.

VIII4 төменгі келловей, IX бат, IX2 бат горизонттары.. Горизонттың жалпы қалыңдығы горизонттар бойынша сәйкесінше 12,4 - 27,6 м, 5,6 - 17,4 м. және 28 - 37,5 м аралығында, ал тиімді қалыңдық 1,6 - 17,2м., 2,6 -14 м. және 3 - 31,2 м аралықтарында өзгеріп отырады.

II-Т триас, III–Т триас, VI-Т триасгоризонттары. Горизонттар бойынша жалпы қалыңдық 6,8м-ден 20,6 м.аралығында ауытқиды.

Өнімді горизонттардың бір тексіздігін сипаттайтын құмдақтылық коэффициенті 0,411-0,76 және 2,12-7,36 аралығында және де 1 - 12 аралық қабатшадан тұрады.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных