ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Кен орнының физика-геологиялық сипаттамасы
Прорва кен орнының алғашқы геолого-геофизикалық зерттеулер 1932-34 жылдары жүргізілген. Ал сейсмикалық зерттеулері 1955 жылы өткізілген. Құлсарыдағы Батыс-Қазақстан геологиялық басқармасы 1959 жылы бірінші ұңғыманы бұрғылай бастады. 1960 жылы бұл ұңғымадан Ю-I, Ю-III жоғарғы Юра өнімді қабаттарынан мұнай-газдылығы бар екені білінді. Әрі қарай қазу кезінде орта юра және триас қабаттарында мұнай мен газ бар екені анықталды. 1963 жылдан бастап кен орнында барлау және байқау, пайдалану ұңғымаларын бұрғылай бастады, ал 1966 жылдан бастап кен орын өндірістік өнім беретін орынға айналды. Кен орында бұрғылау Балықшы бұрғылау басқармасы және Ембі мұнай бірлестігі, ал өнімді өндіру МГӨБ (Мұнай газ өндіру басқармасы) "Прорванефть" және "Тенгизнефтегаз" бірлестігімен жүргізген. Осы кен орында 01.01.86 жылға дейін 13726 тонна мұнай өндірілген. 1960 жылы 11 тамызда бұрғы қашаулары жер қыртысының қабаттарын тесіп өтіп, мыңдаған метр тереңдіктен ғасырлар бойы тұнып жатқан бұлақтың көздеріне барып тірелді. Мұнай мен газдың бұрқағы күшті серпінмен аспанға атты. Бірақ бәрі бірдей оп-оңай бола қойған жоқ. Прорва деген атының зұлматтығын білдіргендей 1962 жылы көктемде №2 бұрғыдан атқылаған газ жер бауырлап жайыла, кездейсоқ ұшқыннан от алып, жалын бұрқ ете түсті. Биіктігі 300 метрге дейін көтерілген өрттің екпіні қатты болды. Бұл жердің мұнайы 2200-2300 метр тереңдіктегі шаңыраудан алынады. Тауарлық сапасы жоғары мұнай мен газ фонтандық әдіспен өндірілгендіктен, көп арзанға түсетін. Және бұл жерде мұнай қоры көп екендігі расталды. Осылайша Прорваны игеру Қазақстанның екпінді құрылыстарының қатарында аталды. Жергілікті қазақтар көздері үйрене келе қара майы жер бетіне шығып жатқан маңды арба айдаушының киген киіміне қарай «Қаратон» деп, кеме тоқтаған өзекті «Бір арба» атаған. Кейіннен «Бір арба» сөзі бөтен тілмен араласып, орыстанып, «Прорва» айналған деседі. Мұның қаншалықты шындыққа жанасымдылығына тарих қана куә. Себебі, соңынан келген мұнай іздеушілер қай аңызға да айғақ болар дәлелді, жәдігерлерді сырға бөккен маң даладан жиі кездестіріп, тауып алып жүрді. Геологиялық зерттеу жұмыстарын қарқынды жүргізудің арқасында 1963 жылы Орталық Шығыс Прорва (С. Нұржанов), 1970 жылы - Ақтөбе, 1977 жылы - Батыс Прорва, 1980 жылы - Досмұхамбетов мұнай алаңдары пайдалануға берілді. 1963 жылдың сәуір айында Орталық Шығыс Прорва (С. Нұржанов) кен орнындағы №1 ұңғымадан алғашқы рет мұнай мен газ атқылады, алынған мұнайдың тәуліктік орта өнімі 67,2 тн. 1963 жылы 53,6 мың тн. мұнай, 8982,5 мың м3 газ өндірілді. Бұл кен орны мұнай өндірудің ең жоғарғы мөлшері 986,122 мың тоннаға 1978 жылы жетті. 1970 жылы Ақтөбе кен орнынан 58,821 мың тн. мұнай, 9398,2 мың м3 газ өндірілді. Ақтөбе кен орны мұнай өндірудің ең жоғарғы мөлшері 191,050 мың тоннаға 1973 жылы жетті. Батыс Прорва кен орнынан 1977 жылы 67,774 мың тн. мұнай және 8400,0 мың м3 газ өндірілді. Батыс Прорва кен орны мұнай өндірудің ең жоғарғы деңгейі 595,875 мың тоннаға 1980 жылы жетті. Досмұхамбет кен орнынан 1980 жылы 21,5 мың тн. мұнай және 782,0 мың м3 газ өндірілді. Орталық Шығыс кен орында мұнай қабатының құрамын анықтау 3 пермотриасты қабаттарда сынау жұмыстары арқылы жүргізілген. Көбінесе мұнай қаныққан қабат, ол пермотриас қабаты. Тығыздығы - 0,80042 г/см3, тұтқырлығы - 2,88 МПа. 1988 жылы № 355, 370, 372 ұңғымалары бұрғылануға берілген. Бұл ұңғымалардан ортаңғы юра және пермотриас шөгіндісінен мұнай шыққан. Ұңғыманың тереңдігі 3300 метр. Коллектор түрі терриге, шығу дебиті ортаңғы юра шөгіндісінде тереңдігі 2684-2790 метр аралығында мұнайдың бар екендігі байқалды, дебиті 52 м3/тәулік, тығыздығы 0,62-0,87 г/см3, ал пермотриас шөгіндісінде өнімді қабатының тереңдігі 20-70 метрді құрайды. Дебиті 26-52 м3/тәулік, тығыздығы 0,63-0,90 г/см3. Бұл өнімді қабаттарда күкіртпен парафині аз. Тұнығу температурасы -150С +660С қайнайды. Жоғарғы юра шөгіндісінде газдың шығуы байқалады. Орналасу тереңдігі 2230-2400 метр, ал шығу дебиті 2601 м3/тәулік, күкіртқышқылды газ көлемі бойынша 0,87% - ды құрайды. Ауданның климаты континенталды Жазы - құрғақ ыстық. Ауаның температурасы +400С, +450 С жетеді. Ал қыста қар аз болып күшті желдер болып температура -250С дейін төмендейді. Жыл бойына желдің бағыты Оңтүстік-Батыстан соғып тұрады. Кен орын ауыз сумен Амудариядан тартылған Мақат, Сарғамыс арқылы өтетін су құбырынан алынады. Ал бұрғылауға су Альб горизонт қабаттарынан алынады. Тоқ көзімен қоректендіру Атырау қаласынан тартылады. Керекті құралдар мен жабдықтау жақын орналасқан Құлсары қаласы және Бейнеу поселкелерінен тасымалданады. «ЖылыойМұнайГаз» мұнай газ өндіру басқармасына төрт кен орыны кіреді олар: С.Нұржанов кен орны, Батыс Прорва кен орны, Досмұхамбет кен орны, Ақтөбе кен орны.
1.1.1 кесте. Прорва кен орнындағы ұңғымаларға сипаттама
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|