Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жәбірленушіден жауап алу




ХАТТАМАСЫ

2016 жылғы «03» мамыр Павлодар қ.

Жауап алуды бастау сағ.: 09.30

Жауап алуды аяқтау:сағ.09.50

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев ҚР ҚПК-нің 71, 115, 199, 214 б. сәйкес қылмыстық іс бойынша жәбірленушіден жауап алды:

 

1. Тегі, аты, әкесінің аты: Абденбаев Ернар Ерсинович

2. Туған күні: 07.09.1991 ж.т.

3. Туған жері: Лебяжі ауданы Мерғалым а.

4. Ұлты: қазақ

5. Азаматтылығы: ҚР

6. Білімі: орта

7. Отбасылық жағдайы: үйленбеген

8. Жұмыс орны, лауазымы: жұмыс істемейді

9. Мекенжайы: Лебяжі ауданы Мерғалым а.

10. Паспорт немесе басқа құжаттар: жеке басы анықталды

11. Соттылығы: бұрын сотталмаған

 

ҚР ҚПК-нің 110, 210, 214 б. сәйкес жәбірленушіге ҚР ҚПК-нің 71 б. талаптарына сәйкес іске маңызы бар қандай да мән жайлар белгілі болған адам жәбірленуші ретінде шақырылып жауап алуы мүмкін.

Жәбірленуші құқылы: келтірілген күдік пен тағылған айыптау туралы білуге; ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; дәлелдемелерді ұсынуға; өтінішхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; өкілінің болуына; қылмыстық қудалау органы одан дәлелдеу құралы ретінде алып қойған немесе өзі ұсынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адамнан алып қойылған, өзіне тиесілі мүлікті алуға, өзіне тиесілі құжаттардың төлнұсқаларын алуға; заңда көзделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен татуласуға, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға; өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге; өз өтінішхаты не өз өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға; сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға; өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне қауіпсіздік шараларын ұсыну, жеке өмірінің мән-жайларын жария етпеу туралы, күдіктіге қатысты жақындауға тыйым салуды қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге; өзін жәбірленуші деп тану немесе танудан бас тарту, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулылардың, айыптау актісінің көшірмелерін, сондай-ақ бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы соттың үкімі мен қаулысының көшірмелерін алуға; бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға; сот жарыссөздерінде сөйлеуге; айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға; сот отырысының хаттамасымен танысуға, бұл ретте хаттаманың соңына өз қолын қоюға, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде осы бөліктің соңына қол қоюға; ал сот отырысында аудио-, бейнетіркеу қолданылған жағдайда – хаттаманың соңына қол қоюға, хаттамаға ескертулер беруге құқылы; қылмыстық процесті жүргізетін органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге; соттың үкімі мен қаулысына шағым жасауға; іс бойынша келтірілген шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылық беруге және оларды қарауға қатысуға; өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға; тараптардың процестік келісім жасасу ниеті, оның шарттары мен салдары туралы білуге, қылмыспен келтірілген залалды өтеу бойынша өз шарттарын ұсынуға не оны жасасуға қарсылық білдіруге құқығы бар.

Осы Кодекстің 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, жәбірленушіге заң көмегі тегін ұсынылады.

Жәбірленушінің, ал ол қайтыс болған жағдайда – оның құқықтық мирасқорларының аса ауыр қылмыспен келтірілген мүліктік зиян үшін, егер осындай қылмысы үшін сотталған адамның осы қылмыспен келтірілген залалды өтеу үшін жеткілікті мүлкі болмаса, бюджет қаражаты есебінен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Мұндай жағдайда бюджет қаражаты есебінен ақшалай өтемақы төлеу туралы мәселені үкім шығарған сот жәбірленушінің не оның құқықтық мирасқорының арызы бойынша шешеді. Көрсетілген жағдайларда, егер залал бір жүз елу айлық есептік көрсеткіштен аспаса, жәбірленушінің залалды толық көлемде өтеткізуге құқығы бар.

Жәбiрленушi: қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге, iс бойынша барлық белгiлi мән-жайларды шынайы хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етпеуге; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi.

Жәбiрленушi шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген кезде ол осы Кодекстiң 157-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп әкелуге ұшырауы және оған осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкiн.
Жәбiрленушi айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергенi үшiн заңға сәйкес қылмыстық жауаптылықта болады.

 

Жәбірленуші: __________________________

Одан басқа, жәбірленуші қылмыстық құқық бұзушылықта өзін, жұбайын (зайыбын), жақын туыстарын әшкерелейтін көрсетпе беруден бас тартуға құқылы.

Жәбiрленушi айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергенi үшiн заңға сәйкес қылмыстық жауаптылықта болады.

Қылмыстық құқық бұзушылықпен өзіне мүліктік зиян келтірілген заңды тұлға жәбірленуші болып танылуы мүмкін. Бұл жағдайда жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаның өкілі жүзеге асырады.

Жәбiрленушi шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген кезде және көрінеу жалған айғақтар бергенi үшiн осы Кодекстiң 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкiн.


Жәбірленуші: __________________________

Құқықтарымен және міндеттерімен танысып, жәбірленуші мәлімдеді: «Жауап беруден бас тартпаймын, жауапты орыс тілінде беремін, тілді жетік білемін, аудармагы және адвокат қызметі қажет емес және бұл менің материалдық жағдайыма байланысты емес. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларында қажетім жоқ».

Потерпевший: __________________________

Маған қойылған сұрақтарға келесіні түсіндіремін, көрсетілген мекенжайда тұрамын, психолог пен нарколог есебінде тұрмаймын. Бұрын сотталған жоқпын.

Осылай, 2016 жылғы 16 сәуірде нақты уақыт есімде жоқ, меніт досым Бозжигитов Кабдолла Лебяжі ауданы Шақа ауылына апарып келуді сұрады, себебі ағасы Бозжигитов Серик қоңырау шалып, Лебяжі ауданы Шақа ауылында тұратын Балагазин Расулмен әңгімелесі үшін шақырыпты. Кабдолланың айтуынша Балагазин Расул мен ағасы Бозжигитов Серик арасында дау туындаған екен. Сосын біз ауылдастарымыз Султан, Арман, Ельшат және Нурболмен, соңғысының автомашинасымен сағат 23.00 шамасында Лебяжі ауданы Шақа ауылына Серикке келдік. Келген бойы Серик бізге Расул себепсіз онымен дауласқанын айтты. Сосын мен өзімнің ұялы телефонымнан Расулға қоңырау шалдым, Расул балағаттай бастады да әңігме болған жоқ. Біраздан соң Расулдың ағасы Ермурат Чакарбаев Дулатпен келіп, қазір бауыры расул келіп, барлығы дұрыс болады деді. Сосын шамасы 00.00-де нақты уақыт есімде жоқ, Сериктің үйінен алыс емес жерде орналасқан Балагазиновтердің отбасына тиесілі дүкенге ақ түсті мемнөмірін білмеймін, Нива автомашинасы келді. Мен ол Расул екенін түсіндім. Осы кезде біреу автомашинадан шығып, прожекторды сөндіріп тастады. Прожекторды кім сөндіргенін байқамай қалдым. Бірақ бұл жай епмес екенін түсіндік. Мен оларға қарай айқайладым. Сосын Кабдолла екеуіміз оларға жүгірдік. Жүгіріп келе жатып, дүкен жақтан атқан дыбыс естідік. Бірақ Кабдолла екеуіміз бәрі бір жүгірдік. Сосын тағы бір рет атты. Біз тоқтаған жоқпыз. Дүкенге жақындап қалғанда Расулды көрдік. Ол қолында мылтық ұстап тұрды. Осы кезде Расул мені мылтық сабюымен соқты, бірақ мен қолыммен қорғалдым. Сосын Кабдолла екеуіміз мылтығын тартып алғымыз келді. Бірақ Расул мылтықты бізге қарай көздеді, біз тоқтадық. сосын Расул бізге жақындамаңдар деді. Мен Расулды тыныштандырамын едп, оған жақыдадым да әңгімелесе бастадым да Расулдың қолындағы мылтықты ұстай алдым. Расул мылтықты бергісі келмеді. Сосын екеуіміз жерге құладық. Расулмен күресу барысында мылтық атып жіберді. Ары қарай есімде ештеңе жоқ.

Жоғарыда жазылғанның негізінде осы факті бойынша ешқандай шара қолданбауды сұраймын, арыз жазудан бас тартамын. Себебі күресу барысында мылтық кездейсоқ атты. Наразылық ешкімге жоқ.

 

Менің сөзімнен дұрыс жазылды, мен оқыдым. Қолы

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

 

№11 қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІІМ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ

ЖЕДЕЛ-КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ

МВД РЕСПУБЛИКИ КАЗАЗСТАН

ДЕПАРТАМЕНТ ВНУТРЕННИХ ДЕЛ ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ

ОПЕРАТИВНО-КРИМИНАЛИСТИЧЕСКОЕ УПРАВЛЕНИЕ

 

Тел. 37-79-21 Павлодар қ.

 

МАМАННЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ЗАКЛЮЧЕНИЕ СПЕЦИАЛИСТА

№ 180 2016 ж. «09» 06.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т.Ивашевтің 2016 жылғы 03.06. тергеу әрекеті хаттамасының қаулысы бойынша Е.Е.Абденбаевты атыс қаруымен жарақаттау фактісі бойынша зерттеу жүргізу криминалистикалық жұмыс өтілі 13 жыл және жоғары білімі бар Павлодар облысы ІІД ЖКБ маманы полиция майоры К.О.Нұрғалиевке тапсырылды.

Қазақстан Республикасы ҚПК 80-бабында көзделген маманның құқықтары мен міндеттері таныстырылды. --------------------------------------------

Қылмыстық іс бойынша дәлелдерді бұрмалағаны үшін ҚР ҚК 420-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертілді. ---------------------------------------------------------------------------------------------------

ҚР ҚПК 199-бабы бойынша тергеу әрекеттерінің хаттамасына/қаулысына сәйкес маман БАЛЛИСТИКАЛЫҚ зерттеу жүргізді.

Маман ----------------------------------------------------------- К.О.Нургалиев

 

 

ЗЕРТТЕУГЕ ҰСЫНЫЛДЫ

1) Е.Е.Абденбаевтың құрсақ қуысынан алынған оқ тығыны бытыра.

2) 12 калибрлі, № А00343 ИЖ-58МА маркалы мылтық.

3) 2016 жылғы 22.04. №60 маманның қорытындысы.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных