Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Күдіктіден жауап алу




ХАТТАМАСЫ

 

2016 жылғы 18 сәуір Аққу а.

Басталуы сағ. 11.20, аяқталуы сағ.11.30

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев Амангелді к-сі, 69 орналасқан Лебяжі ауданы ІІБ үй жайында ҚР ҚПК-нің 115, 216, 64 б. 5 б. сәйкес №165552031000064 қылмыстық іс бойынша күдіктіден жауап алды:

 

Т.А.Ә.: Балагазин Расул Ерсалинович

Туған күні: 26.11.1985 ж.

Туған жері: Лебяжі ауданыы Шақа а.

Ұлты: қазақ

Азаматтылығы: Қазақстан Республикасы

Білімі: орта

Отбасылық жағдайы: үйленген

Жұмыс орны: жұмыс істемейді

Тұрғылықты жері: Лебяжі ауданы Шақа а. 40 лет Победы к-сі, 3

Құжат туралы мәлімет: жеке басы анықталды

Соттылығы: бұрын сотталған

 

Күдікті Р.Е. Балагазинге ҚР ҚПК-нің 64 б. қарастырылған құқықтары түсіндірілді, 1) ұстап алуды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алуға; 2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге; 3) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті; 4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалануға; 5) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен, оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесуге; 6) күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана айғақ беруге; 7) күдікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алуға; 8) айғақ беруден бас тартуға; 9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын және күзетпен ұстауға байланысты емес басқа шараларды қолдану тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме алуға;10) дәлелдемелерді ұсынуға; 11) өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты және қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;12) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; 13) аудармашының тегін көмегін пайдалануға; 14) өз өтінішхаты бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының рұқсатымен қатысуға; 15) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуға; 16) тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарын баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіруге және процестік келісімді жасасуға; 17) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беруге; 18) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіруге; 19) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға; 20) сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіне сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде осы Кодекстің 274, 286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруға; 21) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алуға, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіруге;22) қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіруге;23) жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын процестік шешімдердің қабылданғаны туралы өзін қылмыстық процесті жүргізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуіне, сондай-ақ олардың көшірмелерін алуға; 24) өзіне қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзі көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардан жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беруге құқылы.

 

ҚР ҚПК-нің 216 б. сәйкес күдікті Р.Е. Балагазинге ол ҚР ҚК-нің 106 б. 2 б. 7 т. қарастырылған қылмыс жасауда күдікті екені түсіндірілді.

 

Күдікті _________ Балагазин Р.Е.

 

Күдікті Р.Е. Балагазин ҚР ҚПК-нің 64 б. қарастырылған құқықтарым түсінікті, жауап беруден бас тартамын. Жауапты орыс тілінде беруді қалаймын. Маған қойылған сұрақтарға түсіндіремін, көрсетілген мекенжайда тұрамын, ОНД мен ОПНД есебінде жоқпын.

Жауап беруден бас тартамын, себебі маған басқа қорғаушы қажет.

Менің сөзімнен дұрыс жазылды, мен оқыдым. Қолы

 

Қорғаушы А.С. Арынова

 

Жауап алған: А.Т. Ивашев

 

Күдіктінің әрекеттерін саралау туралы

ҚАУЛЫ

 

2016 жылғы 18 сәуір Аққу а.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев № 165552031000064 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

 

АНЫҚТАДЫ:

 

2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.00 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сінде Р.Е.Балагазин сәл себепті пайдаланып, бұзақылық ниетпен, 16 калибрлі ИЖ №А00343 маркалы екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, сонымен соңғысы «бауырдың үлкен көлемін зақымдаумен іш қуысына атыс жарақаты» диагнозымен Павлодар облыстық ауруханасына жатқызылды.

Күдікті Р.Е. Балагазиннің әрекеттері ҚР ҚК-нің 106 б. 2 б. 7 т., сараланатын белгілеріне жататынын ескеріп, яғни бұзақылық ниетпен, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, ҚР ҚПК-нің 198, 203, 204 б. басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Балагазин Расул Ерсалиновичтің, 26.11.1985 ж.т. әрекеттері ҚР ҚК-нің 106 б. 2 б.

7 т. - бұзақылық ниетпен, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру белгілері бойынша саралансын.

2. Осы қаулы көшірмесі қадағалаушы прокурорға жіберілсін.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

Осы қаулы маған 2016 жылғы 18 сәуірде жарияланып, күдік мәні түсіндірілді. Сонымен қатар маған ҚР ҚПК-нің 64 б. қарастырылған күдіктінің құқықтары түсіндірілді. Қаулы көшірмесін алдым.

 

Күдікті Р.Е. Балагазин

 

Қорғаушы А.С. Арынова

 

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

Күдіктіге кепілдік түрінде бұлтартпау шарасын қолданылу мәселесін

реттейтін қылмыстық-процесуалдық заңнама нормаларын түсіндіру

ХАТТАМАСЫ

 

2016 жылғы 18 сәуір Аққу а.

 

Мен, Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев күдікті Р.Е. Балагазинге, 26.11.1985 ж.т. ҚР ҚПК-нің 145 б. сәйкес оған кепілдік түрінде бұлтарпау шарасы қолданылуы мүмкін туралы түсіндірілді.

Хаттамамен танысып, күдікті Р.Е. Балагазин мәлімдеді: кепілдік түрінде

бұлтартпау шарасын қолданылу мәселесін реттейтін қылмыстық-процесуалдық заңнама нормалары түсінікті, кепілідк түрінде бұлтартпау шарасын қолданылу үішн ақшалай қаражатым мен мүлкім жоқ.

 

 

Хаттама дауыстап оқылды, дұрыс жазылды, ескертулер жоқ.

 

Осы хаттама көшірмесін алдым Р.Е. Балагазин

 

Қорғаушы А.С. Арынова

 

Хаттама мазмұнын түсіндірген:

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

«КЕЛІСЕМІН»

Лебяжі ауданы прокуроры

кіші әділет кеңесшісі

________ Р.К. Есенов

2016 жылғы 19 сәуір

 

ҚР ҚПК-нің 147 б. тәртібінде қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын

таңдап, соттан санкция алуға өтінішті қозғау туралы

ҚАУЛЫ

2016 жылғы 19 сәуір Аққу а.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев ҚР ҚК-нің 106 б. 2 б. 7 т. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша 2016 жылғы 17 сәуірдегі СТБТ енгізілген № 165552031000064 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

 

АНЫҚТАДЫ:

 

Балагазин Расул Ерсалинович, 26.11.1985 ж.т., Павлодар облысы Лебяжі ауданы Майқарағай а. тумасы, келесі жағдайларда тұлғаға қарсы қылмыстық-жазалау әрекетін жасады.

2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.30 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сінде Р.Е.Балагазин сәл себепті пайдаланып, бұзақылық ниетпен, 16 калибрлі ИЖ №А00343 маркалы екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, сонымен соңғысы «бауырдың үлкен көлемін зақымдаумен іш қуысына атыс жарақаты» диагнозымен Павлодар облыстық ауруханасына жатқызылды.

Қамауда ұстау бұлтартпау шарасын таңдау негіздері: Р.Е. Балагазин тұлғаға қарсы қылмыс жасады, істі объективті тергеуге кедергі жасауы, алдын ала тергеу органдарынан жасырынуы мүмкін, сондай-ақ жәбірленуші тарапында өз өміріне және денсаулығына қауіп негізі бар,бостандықта жүріп жаңа қылмыс жасауы мүмкін.

Баяндалғанның негізінде ҚР ҚПК-нің 136-140, 147 б. басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Келесіге қатысты ҚР ҚПК-нің 147 б. тәртібінде қамауда ұстау түрінде бұлтартпау

шарасы таңдалып, соттан санкция алуға өтініш қозғалсын:

Т.А.Ә.: Балагазин Расул Ерсалинович

Туған күні: 26.11.1985 ж.

Туған жері: Лебяжі ауданы Шақа а.

Ұлты: қазақ

Азаматтылығы: Қазақстан Республикасы

Білімі: толық емес орта

Отбасылық жағдайы: үйленген

Жұмыс орны: жұмыс істемейді

Тұрғылықты жері: Лебяжі ауданы Шақа а. 40 лет Победы к-сі, 3

Құжат туралы мәлімет: ҚР ІІМ 30.11.2011 ж. берілген жеке куәлік №032535764

Соттылығы: күші бар сотталғы жоқ

2. Лебяжі ауданы соты алдында Балагазин Расул Ерсалиновичке, 26.11.1985 ж.т.

қатысты ҚР ҚПК-нің 147 б. тәртібінде қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалып, соттан санкция алуға өтінішін қолдау үшін ҚР ҚК-нің 106 б. 2 б. 7 т. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша 2016 жылғы 17 сәуірдегі СТБТ енгізілген № 165552031000064 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдары Лебяжі ауданы пркоурорына ұсынылсын.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

 

ҚАУЛЫ

 

2016 жылғы 16 сәуір Аққу а.

 

Павлодар облысы Лебяжі ауданы сотының тергеу судьясы Б.Т. Сабитденова сот отырысының хатшысы Ж.С. Джуламанованың, Лебяжі ауданы прокуратурасының прокуроры С. Маратұлының, күдікті Р.Е. Балагазиннің, қорғаушы адвокат А.С. Арынованың қатысумен Павлодар облысы Лебяжі ауданы Аққу а. ашық сот отырысында келесіге қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасын таңдап, соттан санкция алуға өтінішті қозғау және қолдау туралы Лебяжі ауданы прокуроры Р.К. Есеновпен келісілген Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі А.Т. Ивашевтің қаулысын қарастырып,

Балагазин Расул Ерсалинович, 26.11.1985 ж.т., Павлодар облысы Лебяжі ауданы

Майқарағай а. тумасы, қазақ, ҚР азаматы, үйленген, жұмыс істемейтін, толық емес

орта білімі бар, мекенжайы Лебяжі ауданы Шақа а., 40 лет Победы к-сі, 3,

сотталмаған, қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын таңдап, соттан санкция алуға өтінішті қозғау туралы қаулы көшірмесін уақытында алған, ҚР ҚК-нің 106 б. 2 б. 7 т. қарастырылған қылмыс жасауда күдікті,

 

АНЫҚТАДЫ:

 

Қылмыстық қудалау органдарымен Р.Е. Балагазин келесі жағдайларда ауыр қылмысты жасауда күдікті.

2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.30 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а.

Центральная к-сінде Р.Е.Балагазин сәл себепті пайдаланып, бұзақылық ниетпен, 16 калибрлі ИЖ №А00343 маркалы екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, сонымен соңғысы «бауырдың үлкен көлемін зақымдаумен іш қуысына атыс жарақаты» диагнозымен Павлодар облыстық ауруханасына жатқызылды

Осы факті ҚР ҚК-нің 106 б. 2 б. 7 т. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық - бұзақылық ниетпен, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру белгілері бойынша 2016 жылғы 17 сәуірде СТБТ №165552031000064 тіркелді.

2016 жылғы 17 сәуір сағат 13.00-де Р.Е. Балагазин ұсталып (фактілі ұстау уақыты 10.00), ҚР ҚК-нің 106 б. 2 б. 7 т. қарастырылған қылмыс жасау күдігімен ҚР ҚПК-нің 128, 131 б. тәртібінде Лебяжі ауданы ІІБ УҰИ қамауға алынды.

2016 жылғы 19 сәуірде Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі А.Т. Ивашев Р.Е. Балагазинге қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын таңдап, сот алдында қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасына санкция алу туралы өтініш қозғады. Осы бұлтартпау шарасын таңдау негіздері Р.Е. Балагазин тұлғаға қарсы қылмыс жасады, істі объективті тергеуге кедергі жасауы, алдын ала тергеу органдарынан жасырынуы мүмкін, сондай-ақ жәбірленуші тарапында өз өміріне және денсаулығына қауіп негізі бар,бостандықта жүріп жаңа қылмыс жасауы мүмкін.

2016 жылғы 19 сәуірде Павлодар облысы Лебяжі ауданы прокуроры осы негіздер бойынша күдікті Р.Е. Балагазинді қамауда ұстауға соттан санкция алу туралы тергеушінің өтінішін қолдады.

Сот отырысында тергеуші келесіні түсіндірді; Р.Е. Балагазин ауыр қылмыс жасағанын, бостандықта болып жаңа қылмыс жасауы, қылмыстық іс тергеу барысына ықпал етуі мүмкін, себебі жауап беруден бас тартты. Қылмыс жасалған күні жедел топ барған кезде оны ешқайдан таба алмады. Тұрғылықты жері бойынша үйдің есігі құлыптанып жатты, терезе мен есік қаққан нәтижесіз болды, ұзақ уақыт өткен соң оны ұстау мүмкін болды, осының барлығы күдікті Р.Е. Балагазин ары қарай бостандықта жүріп, істі объективті тергеуге кедергі жасауы, алдын ала тергеу органдарынан жасырынуы мүмкін, бостандықта жүріп жаңа қылмыс жасауы мүмкін. Қазіргі кезде жәбірленушінің жағдайы тым ауыр және сәтсіз жағдайы болуы мүмкін, сондықтан осының салдарынан күдіктінің әрекеттері қайта саралануы мүмкін.

Сот отырысында Павлодар облысы Лебяжі ауданы прокуратурасының прокуроры С. Маратұлы Лебяжі ауданы ІІБ ТБ терегушісінің қаулысындағы дәлелдерге сілтеп, өтінішті қанағаттандыруды өтінді.

Күдікті Р.Е. Балагазин сот отырысында оны қамауда ұстау түрінде бұлтартау шарасын таңдауға қарсылық білдіріп, қылмыстық қудалау органдарынан жасырыну ойы жоқ деп түсіндірді. Ол үйінде ұйықтап жатты, сондықтан терезе мен есік қаққанын естіген жоқ. Әйелі таңертең жұмысқа бара жатып, оны сыртынан құлыптап кеткен. Кештеу ол ІІБ-ге өзі келді. Жасырыну ойы жоқ.

Қорғаушы адвокат А.С. Арынова сот отырысында тергеушінің өтінішінен бас тартып, Р.Е. Балагазинге қатысты кепіл түрінде бұлтартпау шарасын таңдауды сұрады. Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша күдікті жағымды жақтан мінезделеді. Әйелімен және екі кәмелетке толмаған баласымен тұрады. Шаруа қожалығында жұмыс істейді. Одан басқа, күдіктінің туыстары жер учаскесімен тұрғын үй түрінде кепіл салуға дайын, ол туралы сотқа мүлікті бағалау туралы есеп және басқа да құқық белгілеу құжаттары ұсынылды.

Жәбірленуші Е.Е. Абденбаев сот отырысына келген жоқ, себебі Павлодар облыстық ауруханасында ауыр күйде жатыр.

Ұсынылған материалдарды зерделеп, процесс қатысушыларын тыңдап, судья қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасына санкция беру туралы Павлодар облысы Лебяжі ауданы прокурорымен келісілген Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісінің өтінішін негізді деп тауып келесі негіздер бойынша қанағаттандырылуға жатады деп санайды.

ҚР ҚПК-нің 136 б. сәйкес күдікті, айыпталушы қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынып жүр не iстi объективтi тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіреді не қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, сондай-ақ қылмыстық процестi жүргізетін орган үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн өз өкiлеттiктерi шегiнде осы адамдарға осы Кодекстiң 137-бабында көзделген бұлтартпау шараларының бiрiн қолдануға құқылы.
ҚР ҚПК-нің 147 б. сәйкес бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау тек судьяның санкциясымен және заңмен кемінде бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмысты жасады деген күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты ғана қолданылады. Айрықша жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы, егер: оның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері болмаса; 2) оның жеке басы анықталмаса;3) ол бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын немесе процестік мәжбүрлеу шарасын бұзса; 4) ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға әрекет жасаса немесе жасырынса; 5) оған ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасады деген күдік келтірілсе; 6) оның бұрын жасалған ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін сотталғандығы болса; 7) оның қылмыстық әрекетті жалғастырып жүргендігі туралы деректер бар болса, заңда бес жылдан аз мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмысты жасады деп күдік келтірілетін, айыпталатын, сотталатын адамға қатысты қолданылуы мүмкін.

ҚР ҚПК-нің 138 б. күшімен бұлтарпау шарасын және оның дәл қайсысын қолдану қажеттiлігi туралы мәселені шешкен кезде осы Кодекстің 136-бабында көрсетілген негіздерден басқа, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қосымша шектеулерді белгілеген кезде жасалған қылмыстың ауырлығы, күдіктінің, айыпталушының жеке басы, оның жасы, денсаулығының жай-күйі, отбасы жағдайы, айналысатын ісі, мүлiктiк жағдайы, тұрақты тұрғылықты жерiнiң бар-жоғы және басқа да мән-жайлар ескерiлуге тиiс.

Осылай, ол тұрғылықты жері бойынша жағымды жақтан мінезделеді, отбасы және екі баласы бар, жұмыс істемейді, өтелген соттылығы бар.

Сонымен қатар, күдікті Р.Е. Балагазин қылмыс жерінен жасырынып, үйде тыныш қана ұйықтап жатқан фактісін назарға алу керек, ал жәбірленуші осы кезде ауруханада ауыр күйде жатқан.

Қылмыстық қудалау органдары ұсынған материалдардан күдікті Р.Е. Балагазин ҚР ҚК-нің 106 б. 2 б. 7 т. қарастырылған тұлғаға қарсы ауыр қылмыс жасауда күдікті.

ҚР ҚК-нің 106 б. 2 б. бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру баламасыз жазалауды көздейді, ҚР ҚПК-нің 147 б. талаптары бойынша қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын таңдау негізінің бірі болып табылады.

ҚР ҚПК-нің 148 б. 9 б. сәйкес күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулыны шығарылған кезде: 1) адамға жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қылмыс жасады деп күдік келтірілген, айып тағылған; 2) адамға қылмыстық топтың құрамында қылмыс, сондай-ақ өзге де террористік және (немесе) экстремистік қылмыстар жасады деп күдік келтірілген, айып тағылған; 3) күдікті, айыпталушы сот ісін жүргізуге кедергі жасайды немесе тергеуден және соттан жасырынады деп пайымдауға жеткілікті негіздер бар болған; 4) күдікті, айыпталушы бұрын таңдалған кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын бұзған жағдайларда, кепіл белгілемейді.

Сондай-ақ, аса ауыр қылмыс жасалған кезде кепіл қолданылмайды.

Сот отырысында ҚР ҚПК-нің 158 б. 9 б. 3 тармақшасының нормасы осы жағдайда қолданылуы шынайы анықталды. Себебі күдікті, айыпталушы сот өндірісіне кедергі жасайды немесе терегу мен соттан жасырынуы деген жеткілікті негіздер бар.

Қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішпен жүгінген кезде қылмыстық сот өндірісі процедурасының бұзылуы анықталған жоқ.

Осындай жағдайларда қылмыстық қудалау органдары ұсынған мәліметтерді, оның ішінде күдіктінің жеке басы туралы мәліметтерлі ескере отырып, Р.Е. Балагазинді қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын қолдану заңды және негізді деп саналсын.

ҚР ҚПК-нің 147, 148 б. басшылыққа ала отырып, судья,

 

АНЫҚТАДЫ:

 

Күдікті Балагазин Расул Ерсалиновичті қамауда ұстау түрінде бұлтартау шарасына санкция берілсін.

Балагазин Расул Ерсалиновичті қамауда ұстау мерзімі 2016 жылғы 19 сәуір сағат 19.50-ден бастап есептелсін.

2016 жылғы 17 сәуір – 2016 жылғы 19 сәуір аралығында Павлодар облысы Лебяжі ауданы ІІБ УҰИ қамауда ұстау уақыты мерзімге есептелсін.

Қаулы дереу орындалуына жатады.

Қаулыға оны жариялау кезінен бастап үш тәулік бойы Павлодар облысы Лебяжі ауданы соты арқылы Павлодар облыстық сотына шағымданып, наразылық білдіруге болады.

 

Тергеу судьясы Б. Сабитденова

 

Көшірме дұрыс

Тергеу судьясы Б. Сабитденова

 

Соттық медициналық сараптама тағайындау туралы

ҚАУЛЫ

 

2016 жылғы 20 сәуір Аққу а.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев № 165552031000064 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

АНЫҚТАДЫ:

 

2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.00 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сінде Р.Е.Балагазин екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, осымен соңғысына дене жарақаттарын келтірген. Содан кейін К. Бозжигитов күш қысымын көрсетіп, Р.Е. Балагазиннен мылтықты тартып алған.

Осы қылмыстық іс бойынша соттық медициналық сараптама өткізу қажеттілігі туындады, соттық медициналық салада арнайы білім қажет екенін ескеріп, ҚР ҚПК-нің 270-272 б. басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:


1. Осы материалдар бойынша соттық медициналық сараптама тағайындалып, өндірісі ҚР ДСМ ССО ПФ сарапшыларына тапсырылсын.

2. Сарапшылардың шешуіне келесі сұрақтар қойылсын:

- куәландырылатын адамның денесінде қандай да болмасын жарақаттар бар ма, егер бар болса, сипаты, саны, орналасқан жері, денсаулық зиянының қандай ауырлық деңгейіне жатады?

- осы адамда анықталған дене жарақаттар куәландырылатын көрсеткен нақты жағдайда алынуы мүмкін бе, егер жоқ болса, қандай жағдайда олар келтірілуі мүмкін?

- осы дене жарақаттары бір уақытта ма әлде әртүрлі уақытта келтірілді ме?

- осы дене жарақаттарын өз қолымен жасауы мүмкін бе?

3. Сарапшыларға қаулы көшірмесі, 1 дана рентген түсірілім, Лебяжі ауданы ОАА дәрігерінің анықтама көшірмесі, Балагазин Расул Ерсалинович, 26.11.1985 ж.т. келуі қамтамасыз етілсін.

4. ҚР ҚПК-нің 79 б. сәйкес сарапшыға құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, сондай-ақ ҚР ҚК-нің 420 б. бойынша көрінеу жалған қорытынды үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілсін.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

қаулы көшірмесін алдым __________ қолы

СМС өткізуіне келісемін

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных