Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Аудармашы Токсанова Р.К. 3 страница




Мінез құлқы сол жақ иығының аумағының ауырғанына шағымдану

Сана сезімі бағдары бар

Сөйлеу қабілеті сөйлеу қабілеті бұзылмаған

Вегетативтік тамыр серппесі терісі таза

Дем алысы ЧДД минутына 18-19 соққы

Пульсы 76

Артериалдық қысым 100/50

Қозғалу қалпы ерекшеліксіз

Қимылы қалыпты

Жүрісі Бұзылмаған

Ромберг қалпы тұрақты

Нақты іс-қимылдарды дұрыс орындайды

Саусақ, қабақ, тіл дірілі жоқ

Алкогольді ішу туралы мәлімет айтуынша 17.04.2016 ж. таңертең екі рюмка арақ ішті

Алкоголь иісі бар

Қолданылған құрал Алкотест-фактор М

Зерттеу уақыты 17.04.2016 ж. сағат 15.20, 0,02 пайыз, 0,2 промилле

 

Қорытынды жеңіл деңгейде алкогольдік масаю

 

Меджұмыскердің қолы

 

 

АНЫҚТАМА

 

Р.Е. Балагазинге, 1985 ж.т. берілді. Ол 17.04.2016 ж. сағат 14.30-да Лебяжі ОАА жедел медициналық көмекке жүгінді. Д/з: ығысуынсыз шынтақ сүйегінің жабық сынуы, кеуде қуысы сол жағының, қабағының үстінгі оң жағының қанталауы».

Жасалған шаралар:

1/ R- түсірілім

2/ хирург қарады

3/ гипс лангет

4/ бұлшық етіне укол

 

170416 қолы

 

Сараптамалық зерттеуге үлгілерді алу туралы

ҚАУЛЫ

 

2016 жылғы 17 сәуір Аққу а.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев № 165552031000064 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

АНЫҚТАДЫ:

 

2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.00 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сінде Р.Е.Балагазин екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, осымен соңғысына дене жарақаттарын келтірген.

Осы факті бойынша Лебяжі ауданы ІІБ ТБ ҚР ҚК-нің 106 б. 2 б. 7 т. бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады.

Баяндалғанның негізінде Р.Е. Балагазиннің қолдарында оқ-дәрі газ іздерінің бар болуын анықтау үшін тиісті сараптама өткізу қажеттілігі туындады, осы сараптаманы өткізуге сараптамалық зерттеу үшін Р.Е. Балагазиннің екі қолынан шайынды үлгілерін алу қажет.

Баяндалғанның негізінде ҚР ҚПК-нің 198, 262-268 б. басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Тиісті сараптама өткізу үшін Балагазин Расул Ерсалиновичтің, 26.11.1985 ж.т. екі

қолынан шайынды үлгілері.

2. Алу өндірісі Лебяжі ауданы ІІБ КПБ жедел уәкілі полиция лейтенанты

Д.И. Килибаевқа тапсырылсын

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

4. Осы қаулы көшірмесі қадағалаушы прокурорға жіберілсін.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

Қаулы маған жарияланып, ҚР ҚПК-нің 64 б. қарастырылған құқықтар түсіндірілді: 1) ұстап алуды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алуға; 2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге; 3) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті; 4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалануға; 5) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен, оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесуге; 6) күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана айғақ беруге; 7) күдікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алуға. 8) айғақ беруден бас тартуға;
9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын және күзетпен ұстауға байланысты емес басқа шараларды қолдану тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме алуға;
10) дәлелдемелерді ұсынуға;11) өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты және қарсылық білдірулерді мәлімдеуге; 12) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; 13) аудармашының тегін көмегін пайдалануға; 14) өз өтінішхаты бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының рұқсатымен қатысуға; 15) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуға; 16) тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарын баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіруге және процестік келісімді жасасуға; 17) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беруге; 18) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіруге; 19) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға; 20) сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіне сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде осы Кодекстің 274, 286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруға; 21) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алуға, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіруге; 22) қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіруге; 23) жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын процестік шешімдердің қабылданғаны туралы өзін қылмыстық процесті жүргізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуіне, сондай-ақ олардың көшірмелерін алуға; 24) өзіне қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзі көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардан жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беруге құқылы.

Қолы

 

Қаулыны жариялап, құқықтарды түсіндірген:

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

 

Сараптамалық зерттеуге үлгілерді алу

ХАТТАМАСЫ

 

2016 жылғы 17 сәуір Аққу а.

 

Басталуы сағ. 14.00, аяқталуы сағ. 14.10

 

Лебяжі ауданы ІІБ КПБ жедел уәкілі полиция лейтенанты Д.И. Килибаев

2016 жылғы 17 сәуірдегі сараптамалық зерттеу үшін үлгілерді алу туралы қаулы негізінде Лебяжі ауданы ІІБ № 6 қызметтік кабинетінде тиісті сараптама өткізу үшін Балагазин Расул Ерсалиновичтің, 26.11.1985 ж.т. екі қолынан шайынды үлгілерін алды, ол туралы ҚР ҚПК-нің 198, 262-268 б. сәйкес осы хаттаманы құрастырды.

Қатысып отырғандарға 2016 жылғы 17 сәуірдегі сараптамалық зерттеу үшін үлгілерді алу туралы қаулы ұсынылды.

Р.Е. Балагазиннің екі қолынан суланған мақта тығындысына кезек –кезек шайындылар алынып, сосын осы мақта тығындылары полиэтилен пакетке буылды және № 16 мөрмен мөрленді.

Хаттамаға буып мөрленген түрде алынған үлгілер қоса беріледі.

Тергеу амалы кезінде өтініштер мен толықтырулар түскен жоқ.

 

 

Үлгілер алынған тұлғаның қолы Р.Е. Балагазин

 

Лебяжі ауданы ІІБ

КПБ жедел уәкілі

полиция лейтенанты Д.И. Килибаев

 

 

Заттар мен құжаттарды қарау

ХАТТАМАСЫ

 

2016 жылғы 17 сәуір Шақа а.

 

Басталуы сағ. «», аяқталуы сағ. «»

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев ҚР ҚПК-нің 219, 220, 224 б. талаптарын сақтай отырып, Лебяжі ауданы ІІБ ЖКТ криминалисінің м.а. полиция аға сержанты К.Т. Аубашевтің қатысуымен, Лебяжі ауданы ІІБ №7 қызметтік кабинетінде Р.Е. Балагазиннен алынған екі қолының шайынды үлгілерінің қарауын жүргізді.

Сондай-ақ қарау жүргізу барысында «Canon» маркалы фотоаппараты қолданылды.

 

Маман-криминалист К.Т. Аубашевқа ҚР ҚПК-нің 80 б. қарастырылған құқықтары мен міндеттері түсіндірілді: 1) зерттеу нысанасына жататын материалдармен танысуға; 2) қорытынды беру үшін өзіне қажетті қосымша материалдар беру туралы өтінішхаттар мәлімдеуге; 3) өзiнiң шақырылу мақсатын бiлуге; 4) егер тиiстi арнаулы бiлiмi мен дағдысы болмаса, iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға; 5) тергеу немесе сот әрекетiне қатысушыларға қылмыстық процестi жүргiзетін органның рұқсатымен сұрақтар қоюға; олардың назарын дәлелдемелердi жинауға, зерттеу мен бағалауға және ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға жәрдем көрсету, iстiң материалдарын зерттеу, сараптама тағайындауға материалдар дайындау кезiндегі өзiнiң әрекеттерiне байланысты мән-жайларға аударуға; 6) қылмыстық процесті жүргізетін органның, соттың тағайындауы бойынша іс материалдарына, салыстырма зерттеулердi қоспағанда, оның барысы мен нәтижелерін осы Кодекстiң 199-бабының тоғызыншы бөлiгiнде көзделген тәртiппен қылмыстық iске қосып тігілетін хаттамада не ресми құжатта көрсете отырып, объектiлердiң толық немесе iшiнара жойылуына не олардың сыртқы түрiнің немесе негiзгi қасиеттерiнiң өзгеруiне әкеп соқпайтын зерттеулер жүргiзуге құқығы бар. Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органы уәкілетті бөлімшесінің маманы қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен сот-сараптамалық зерттеулердің барысы мен нәтижелерін осы Кодекстің 117-бабының талаптарына сәйкес ресімделген маманның қорытындысында көрсете отырып, осы объектілер бойынша оны жүргізуді жоққа шығармайтын көлемде осы объектiлердiң iшiнара жойылуына әкелетін салыстырмалы зерттеулер жүргiзуге;7) өзi қатысқан тергеу әрекетiнiң хаттамасымен, сондай-ақ тиiстi бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген әрекеттердiң барысы мен нәтижелерiнiң тіркелуiнiң толықтығы мен дұрыстығына қатысты, хаттамаға енгiзілуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасауға; 8) қылмыстық процестi жүргiзетін органның әрекеттерiне шағым келтіруге; 9) аудармашының тегін көмегін пайдалануға; 10) аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге; 11) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеуге; 12) егер iс бойынша iс жүргiзуге қатысуы оның лауазымдық мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, өзiнiң тергеу немесе сот әрекеттерiне қатысуына байланысты шеккен шығыстарына өтем және орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуға құқығы бар.

Маман: 1) қылмыстық процесті жүргізетін органға хабардар етпестен, процеске қатысушылармен зерттеу жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге; 2) зерттеу материалдарын өз бетінше жинауға құқылы емес.

Осы шектеулер осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қолданылмайды.
Маман:1) қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге; 2) дәлелдемелердi жинауға, зерттеу мен бағалауға жәрдем көрсету үшiн арнаулы бiлiмiн, дағдысын және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, тергеу әрекеттерiн жүргiзу мен сот талқылауына қатысуға; 3) өзi орындаған әрекеттерге қатысты түсiнiк беруге, ал осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайда зерттеу жүргізуге және қорытынды беруге; 4) iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi және iске қатысуына байланысты өзiне белгiлi болған өзге де мәлiметтердi жария етпеуге; 5) тергеу әрекеттерi жүргiзілген кезде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтауға; 6) зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Өзiнiң мiндеттерiн орындаудан дәлелді себептерсіз бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн маманға осы Кодекстің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
Қолы

 

Қарауда анықталды:

Қарау объектісі Р.Е. Балагазиннің екі қолынан шайынды үлгілері болып табылады.

Шайынды екі ақ түсті мақта тығындысында ұсынылған. Мақта тығындысында ластанған жерлер бар. Қарау кезінде мақта тығындысы суланған. Көрсетілген объектер полиэтилен пакетке буылып, түсіндірме жазбасы бар. ж/у Д.И. Килибаевтың қолы және Лебяжі ауданы ІІБ № 16 мөрі.

Қарау кезінде «Canon» маркалы фотоаппаратына фототүсірілім жүргізілді.

Қарау хаттамасына фотокесте қоса беріледі.

 

Криминалистің м.а. К.Т. Аубашев

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

Алдын ала тергеу өндірісін тергеушілер тобына тапсыру туралы

ҚАУЛЫ

 

2016 жылғы 17 сәуір Аққу а.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ бастығы полиция подполковнигі Н.А. Бегалиев № 165552031000064 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

АНЫҚТАДЫ:

 

2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.00 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сінде Р.Е.Балагазин екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, осымен соңғысына дене жарақаттарын келтірген.

Осы қылмыстық істі тергеу белгілі күрделілікті тудырады, сондықтан ары қарай тергеуді тергеушілер тобына тапсыру жөн.

Баяндалғанның негізінде ҚР ҚПК-нің 59, 194, 195, 198 б. басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. № 165552031000064 қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу өндірісі тергеушілер

тобына тапсырылсын:

- Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев;

- Лебяжі ауданы ІІБ ТБ аға тергеушісі полиция майоры Е.Т. Касенов;

- Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Д.С. Халемов.

2. Топ жетекшілігі Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты

А.Т. Ивашевқа жүктелсін.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарланып, тергеушілер тобынан

кез келген тергеушіден, сондай-ақ тергеу тобының жетекшісінен бас тарту құқықтары түсіндірілсін.

4. Осы қаулы көшірмесі қадағалаушы прокурорға жіберілсін.

 

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ бастығы

полиция подполковнигі Н.А. Бегалиев

 

Куәдан жауап алу

ХАТТАМАСЫ

 

2016 жылғы 17 сәуір Аққу а.

 

Жауап алуды бастау сағ. 14.30, аяқтау сағ. 14.45

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ аға тергеушісі полиция майоры Е.Т. Касенов Лебяжі ауданы ІІБ № 7 қызметтік кабинетінде ҚР ҚПК-нің 71, 76, 115, 199, 214 б. басшылыққа алып, адвокат Б.К. Мукашевтің қатысуымен, куәдан жауап алды:

1. Т.А.Ә.: Асқар Елшат Русланұлы

2. Туған күні: 02.06.1997 ж.т.

3. Туған жері: Лебяжі ауданы Қорт а.

4. Ұлты: қазақ

5. Білімі: орта

6. Азаматтылығы: Қазақстан Республикасы

7. Отбасылық жағдайы: үйленбеген

8. Соттылығы: айтуынша бұрын сотталмаған

9. Тұрғылықты жері: Лебяжі ауданы Қорт а.

10. Жұмыс (оқу) орны: Технологиялық колледждің 3 курс студенті

11. Жеке басын куәландыратын құжат: жеке басы анықталды

12. Ұялы телефон нөмірі 87764040014

 

ҚР ҚПК-нің 210 б. сәйкес куә Е.Р. Асқарға ҚР ҚПК-нің 78 б. қарастырылған құқықтары мен міндеттері түсіндірілді: Іс үшiн маңызы бар қандай да бір мән-жай белгiлi болуы мүмкiн кез келген адам айғақтар беру үшiн куә ретiнде шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкiн.

Мыналар:
1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешiмiн шығару кезiнде туындаған мәселелердi кеңесу бөлмесiнде талқылау барысында өздерiне белгiлi болған iстiң мән-жайлары туралы – судья, алқаби; 2) аралық судьяның немесе төрешiнiң мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы – аралық судья немесе төрешi; 3) өзiнiң мiндеттерiн орындауына байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы – күдіктiнiң, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның қорғаушысы, сол сияқты олардың заңды өкілдері, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердiң өкiлi, сондай-ақ куәнің адвокаты; 4) тәубаға келу үстінде өзіне белгiлi болған мән-жайлар туралы – дiни қызметшi; 5) өзiнiң жасының толмауына не психикалық немесе дене кемiстiктерiне байланысты іс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдауға және олар туралы айғақ беруге қабiлетсiз адам; 6) заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, медиацияны жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – медиатор; 7) ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, өз қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы куә ретінде жауап алынуға жатпайды.

Куәнiң:
1) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн оның өзiн, жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарын қудалауға әкеп соғатын айғақтар беруден бас тартуға; 2) өзiнiң ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақтар беруге; 3) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; 4) өзінен жауап алуға қатысатын аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге; 5) жауап алу хаттамасына айғақтарды өз қолымен жазуға; 6) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге құқығы бар.

Куәнің өз адвокатының қатысуымен айғақ беруге құқығы бар. Адвокаттың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам белгілеген уақытта келмеуі куәдан жауап алуды жүргізуге кедергі келтірмейді.

Куәның қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде шеккен шығыстарын оған өтеу қамтамасыз етіледі.

Куә: 1) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге;
2) іс бойынша болғанның бәрін шынайы түрде хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге;3) егер өзіне бұл туралы анықтаушы, тергеуші немесе прокурор ескерткен болса, іс бойынша өзіне белгілі мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етпеуге; 4) тергеу әрекеттерін жүргізген кезде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.
5. Егер адам қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызда және хабарда оны жасаған адам ретінде көрсетілсе не қылмыстық процеске қатысатын куә оған қарсы айғақ берсе, бірақ мұндай адамға процестік ұстап алу қолданылмаса не оны күдікті деп тану туралы қаулы шығарылмаса, онда ол қорғалуға құқығы бар куә мәртебесін алады.

Куә, оның ішінде қорғалуға құқығы бар куә, осы Кодекстiң 223 және 271-баптарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, сараптамаға немесе куәландырылуға тартылмайды.

Куә жалған айғақтар бергенi, айғақтар беруден бас тартқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген қылмыстық жауаптылықта болады. Айғақтар беруден жалтарғаны немесе қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін куәға, оның ішінде қорғалуға құқығы бар куәға осы Кодекстің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.

Сондай-ақ, куә Е.Р. Асқар көрінеу жалған жауап бергені үшін ҚР ҚК-нің 420 б. және жауап беруден бас тартқаны үшін ҚР Қк-нің 421 б. бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілді.

Қолы ____________

 

Жауапты орыс тілінде беремін, тілді жетік білемін, аудармашы, қорғаушы көмегі қажет емес, бұл менің материалдық жағдайыма байланысты емес. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарасын қажет етпеймін.

Қолы ______________________

 

Қойылған сұрақтарға көрсетемін, аталған мекенжайда ата-анаммен тұрамын, уақытша жұмыс істемеймін. Нарколог пен психиатр есебінде жоқпын. Бұрын сотталған жоқпын.

Осылай, 16.04.2016 ж. сағат 22.00 шамасында мен ауылдастарым Биболат Нурболмен оның мемнөмірі 224 СХА 14 «Лада 21144 110-42» маркалы автомашинамен және Мусин Армамен ауыл ішінде жүрдік. Сосын Лебяжі ауданы Шақа ауылында қыздармен танысуға баруды шештік. Барлығымыз келісіп, осы кезде ауылдасымыз Бозжигитов Кабдолла мен Абденбаев Ернарды кездестірдік. Олар да Лебяжі ауданы Шақа ауылына бара жатыр екен. Кабдолла мен Ернар не үшін бара жатқандарын айтқан жоқ, бізде сұраған емеспіз. Шамасы сағат 23.30-да нақты уақыт есімде жоқ, Лебяжі ауданы Шақа ауылына жақындаған кезде Кабдолла мен Ернар олардың Бозжигитов Сериктің үйі қасында тастап кетуді сұрады. Сериктің үйіне жақындағанда бір топ адам көрдік. Оларды мен білмеймін. Біз тоқтап, олармен амандастық. Кабдолла мен Ернар сол жерде қалды. Біз ауыл ішімен жүріп кеттік. Сосын шамасы бір сағаттан соң Сериктің үйі қасына келдік. Онда кісілер бұрынғыдан аздау болды. Біз олармен тұрдық. Араларынан Бозжигитов Кабдолланы, Абденбаев Ернарды, Бозжигитов Серикті, жергілікті Серик деген жігітті білемін, оның тегін білмеймін, тағы біреулер тұрды.

Сағат шамасы 00.00 болды, яғни 17.04.2016 ж. нақты уақытты білмеймін. Сосын біреу прожекторларды өшіріп тастап, қашып кетті. Біреу дүкен қасында 2-3 реит атты. Бірақ қай бағытта атқанын білмеймін. Осы кезде Кабдаолла мен Ернар бірден дүкенге қарай жүгірді. Сосын мен тағы 1 рет айтқан дыбысын және Ернарға атқаны туралы Кабдолланың айқайын естідім. Біз барлығымыз сол жерге жүгірдік те жерде жатқан Ернарды көрдік. Іші аумағы қан –қан болды. Ернарды қолма қол біздің автомашинаға салып, Лебяжі ауданы Майқарағай ауылына ауруханаға әкеттік. Сол жақтан оны жедел жәрдем автомашинасына салып, Павлодар қаласына ауруханаға алып кетті. Ернарға нақты кім атқанын білмеймін. Қару қайдан пайда болғанын да білмеймін. Балагазинов Расул мен Ермуратты танымаймын. Қосарым жоқ.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных