ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Аудармашы Токсанова Р.К. 1 страницаЛебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі Полиция капитаны Халемов Д.С.
Лебяжі ауданы ІІБ бастығы К.Ж. Тусупбековке БАЯНАТ
Кезекшілік кезінде келесі хабарландыру келіп түсті: 2016 жылғы 17 сәуір сағат 02.12-де Павлодар қ. ІІБ ЖБО 102 кезекші операторы полиция старшинасы Шановадан келесі хабарландыру келіп түсті, 2016 жылғы 17 сәуір сағат 02.40-та Павлодар қ. Облыстық ауруханасына «Іш қуысының атыс жарақаты» диагнозымен Лебяжі ауданы Мерғалым ауылының тұрғыны Е.Е. Абденбаев, 1991 ж.т. жатқызылды. Сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастау мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін осы хабарландыру АЕК №165552030000154 тіркелді, тіркелу күні 17.04.2016 ж. сағат 02.20 Тіркелген хабарландыру қызметкер Е.К. Альтаевқа қаарстыруға тапсырылды.
Лебяжі ауданы ІІБ Е.К. Альтаев
Қылмыстық істі өндірісіме алу туралы ҚАУЛЫ
2016 жылғы 17 сәуір Аққу а.
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев № 165552031000064 қылмыстық іс материалдарын қарастырып, АНЫҚТАДЫ:
2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.00 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сінде Р.Е.Балагазин екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, осымен соңғысына дене жарақаттарын келтірген. Осы сотқа дейінгі тергеп тексеру қылмыстық іс тергеу маған тапсырылғанын ескеріп, ҚР ҚПК-нің 60, 198 б. басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТТІ: 1. Осы қылмыстық істі өндірісіме алып, тергеуге кірісу. 2. Осы қаулы көшірмесі Лебяжі ауданы прокурорына жіберілсін.
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев
ЛЕБЯЖІ АУДАНЫ ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІ
Лебяжі ауданы прокуроры кіші әділет кеңесшісі Р.К. Есеновке
Сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
2016 жылғы 17 сәуір Аққу а.
2016 жылғы 17 сәуірде мен СТБТ № 165552031000064 тіркелген аз. Е.Е. Абденбаевтың денсаулығына ауыр зиян қасақана келтіру фактісі бойынша алдын ала тергеу нысанында сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастағанымды хабарлаймын.
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев
Оқиға орнын қарау ХАТТАМАСЫ
2016 жылғы 17 сәуір Шақа а.
Қарауды бастау сағ. 06.30, аяқтау сағ. 06.50
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев 2016 жылғы 17 сәуір сағат 02.40-та «атыс жарақаты» диагнозымен Лебяжі ауданы Мерғалым ауылының тұрғыны Е.Е. Абденбаев, 1991 ж.т., Павлодар қ. Облыстық ауруханасына жеткізілгені туралы Павлодар қ. ІІБ ЖБО кезекші инспекторынан хабарландыру алып, оқиға орнына келді, сол жерде ҚР ҚПК-нің 219, 220 б. басшылыққа ала отырып, келесі тұлғалардың қатысуымен: 1/ криминалистің м.а. полиция аға сержанты К.Т. Аубашев
Маман-криминалист К.Т. Аубашевқа ҚР ҚПК-нің 80 б. қарастырылған құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, орынды себепсіз өз міндеттерін орынадудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін ҚР ҚПК-нің 160 б. қарастырылған тәртіпте ақшалай өндіріп алу туралы ескертілді. Қолы Қарауда анықталды:
Қарау объектісі Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная көшесінде орналасқан аумақ учаскесі болып табылады. Осы көшеде оқиға орын қасында дүкен орналасқан. Қарау кезінде дүкен істемейді. Осы дүкеннің үш есігі бар. Сол жақ есікте «Коммерциялық дүкен» жазуы бар. Орталық есігінде ешқандай жазуы жоқ. Оң жақ есігінде «дүкен» жазуы бар. Әр есікке бетон сатылары бар. Оң есіктің сол жағында бетон саты қасында жерде бытыралар, пыждар табылды. Сондай-ақ, жерде машина шиналары протекторларының сәл көзге көрінетін ізі бар. Олар алынуға жатпайды.бытыра мен пыждар табылған жерден 100 см оң жаққа қарай қашықтықта қызыл күрең түсті дақтар табылды. Оқиға орнында басқа ештеңе табылған жоқ. Фототүсірілім жүргізілді. Қарау кезінде тергеу амалына қатысқан адамдардан ескертулер түскен жоқ. Қарау барысында «Canon» фотоаппаратымен фототүсірілім жүргізілді. Қарау шуақты күні, жасанды жарық кезінде, ауа температурасы +18 жүргізілді. Оқиға орнын қарау кезінде табылып алынды: Қызыл күрек түсті дақтармен топырақ, бытыралар, пыждар.
Маман криминалист К.Т. Аубашев
Қарауды жүргізген Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев
Алуды жүргізу туралы ҚАУЛЫ
2016 жылғы 17 сәуір Шақа а.
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев № 165552031000064 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдарын қарастырып, АНЫҚТАДЫ:
2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.00 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сінде Р.Е.Балагазин екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, осымен соңғысына дене жарақаттарын келтірген. Содан кейін К. Бозжигитов Р.Е. Балагазиннен мылтықты тартып алған. Осы факті бойынша Лебяжі ауданы ІІБ ТБ ҚР ҚК-нің 106 б. 2 б. 7 т. бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады. Жоғарыда көрсетілген мылтық іс бойынша заттай дәлелдеме маңызы бар болуын ескеріп, ҚР ҚПК-нің 198, 253, 254 б. басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТТІ: 1. К. Бозжигитовтен мылтық алуы жүргізілсін. 2. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын. 3. Осы қаулы көшірмесі прокурорға жіберілсін.
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев
қаулы маған 2016 жылғы 17 сәуірде жарияланды. Қолы
АЛУ ХАТТАМАСЫ
2016 жылғы 17 сәуір Шақа а.
Басталуы сағ. 07.05, аяқталуы сағ. 07.15
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев ҚР ҚПК-нің 199, 253, 254, 256 б. талаптарын сақтай отырып, Лебяжі ауданы ІІБ ЖКТ криминалисінің м.а. полиция аға сержанты К.Т. Аубашевтң қатысуымен, Лебяжі ауданы Шақа а. аз. К. Бозжигитовтен 16 калибрлі ИЖ маркалы мылтықтың алуын жүргізді. Тергеу амалы алдында аз. К. Бозжигитовке тергеушінің барлық әрекетерінде қатысуға, хаттамаға енгізілуге жататын ескертулер мен өтініштер жасауға, қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне шағымдануға құқықтары түсіндірілді. Сондай-ақ алу жүргізу барысында техникалық құралдар қолданылатыны туралы ескертілді.
Маман-криминалист К.Т. Аубашевқа ҚР ҚПК-нің 80 б. қарастырылған құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, орынды себепсіз өз міндеттерін орынадудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін ҚР ҚПК-нің 160 б. қарастырылған тәртіпте ақшалай өндіріп алу туралы ескертілді. Қолы Алуды бастар алдында К. Бозжигитовке 2016 жылғы 17 сәуірдегі алу қаулысы ұсынылып, содан кейін К. Бозжигитовке 16 калибрлі ИЖ маркалы мылтықты өз еркімен беру ұсынылды. Сосын К. Бозжигитов Р.Е. Балагазиннен тартып алған жоғарыда көрсетілген мылтықты өз еркімен берді. Алу барысында «Canon» фотоаппаратымен фототүсірілім жүргізілді. Алу барысында ескертулер мен өтініштер түскен жоқ. Алу жүргізілген адамның қолы
Криминалисттің м.а. К.Т. Аубашев
Алуды жүргізген:
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев
алу хаттамасының көшірмесін алдым қолы
Куәдан жауап алу ХАТТАМАСЫ
2016 жылғы 17 сәуір Шақа а.
Жауап алуды бастау сағ. 07.30, аяқтау сағ. 07.45
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев Лебяжі ауданы УПИ үй жайында ҚР ҚПК-нің 60, 78, 110, 115, 197, 199, 208, 209, 210, 212, 214 б. басшылыққа алып, куәдан жауап алды: 1. Т.А.Ә.: Жумадилов Серик Кабдыкалиевич 2. Туған күні: 03.06.1992ж.т. 3. Туған жері: Лебяжі ауданы Майқарағай а. 4. Ұлты: қазақ 5. Білімі: орта 6. Азаматтылығы: Қазақстан Республикасы 7. Отбасылық жағдайы: үйленген 8. Соттылығы: бұрын сотталмаған 9. Тұрғылықты жері: Шақа., Юбилейная к-сі, 1 10. Жұмыс (оқу) орны: Көктерек орманшылығының орманшысы 11. Жеке басын куәландыратын құжат: жеке басы анықталды
ҚР ҚПК-нің 110, 214 б. сәйкес куә С.К. Жумадиловқа ҚР ҚПК-нің 78 б. қарастырылған құқықтары мен міндеттері түсіндірілді: Іс үшiн маңызы бар қандай да бір мән-жай белгiлi болуы мүмкiн кез келген адам айғақтар беру үшiн куә ретiнде шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкiн. Мыналар: Куәнiң: Куәнің өз адвокатының қатысуымен айғақ беруге құқығы бар. Адвокаттың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам белгілеген уақытта келмеуі куәдан жауап алуды жүргізуге кедергі келтірмейді. Куәның қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде шеккен шығыстарын оған өтеу қамтамасыз етіледі. Куә: 1) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге; Куә, оның ішінде қорғалуға құқығы бар куә, осы Кодекстiң 223 және 271-баптарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, сараптамаға немесе куәландырылуға тартылмайды. Куә жалған айғақтар бергенi, айғақтар беруден бас тартқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген қылмыстық жауаптылықта болады. Айғақтар беруден жалтарғаны немесе қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін куәға, оның ішінде қорғалуға құқығы бар куәға осы Кодекстің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ, куә С.К. Жумадилов көрінеу жалған жауап бергені үшін ҚР ҚК-нің 420 б. және жауап беруден бас тартқаны үшін ҚР Қк-нің 421 б. бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілді. Қолы ____________
Жауапты орыс тілінде беремін, тілді жетік білемін, аудармашы, қорғаушы көмегі қажет емес, бұл менің материалдық жағдайыма байланысты емес. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарасын қажет етпеймін. Қолы ______________________
Қойылған сұрақтарға көрсетемін, аталған мекенжайда тұрамын, нарколог пен психиатр есебінде жоқпын, бұрын сотталған жоқпын. «Ертіс орманы» РММ Көктерек орманшылығында орманшы болып істеймн. Осылай, 2016 жылдың 16 сәуірінде сағат 20.00 шамасында мен үйден шығып, дүкенге бардым. Сосын дүкеннен кейін досым Бозжигитов Серикке бардым. Ол осы дүкеннен алыс емес тұрады. Осы кезде Бозжигитов Серик маған танысы Сыздыков Асылбекке моншаға барайық деді. Мен келісіп, Бозжигитов Серикпен сағат 21.00 шамасында сыздыков Асылбектің моншасына келдік. Осы кезде Сыздыков Асылбек үйі қасында Балагазин Расулды, «Клен» лақап атты жігітті және Жумадилов Талгатты кездестірдік, олар бізді өздеріне қарай шақырды. Біз жақындап амандастық. Осы кезде әңгімелесу барысында Балагазинов Расул Бозжигитов Серикке наразылық білдіре бастады. Осы адамдар мас күйде болды. Біз Балагазинов Расулмен дауласпау үшін үнедемеий кетіп қалдық та Сыздыков Асылбектің моншасына кірдік. Сосын жарты сағаттай өткен соң моншадан шықтық та Балагазинов Расул мен «Клен» лақап атты жігітті көрдік. Олар Сыздыков Асылбектің үйі қасында тұрды. Асылбек осы кезде бізбен шыққан жоқ еді. Өз үйінде қалды. Жумадилов Талгат қайда кеткенін білмеймін. Себебі ол жоғарыда көрсетілген адамдар арасында болған жоқ. Осы уақытта Нива маркалы автомашина келді. Ішінен Чапарбаев Дулат шықты. Біз Бозжигитов Серик екеуіміз онымен амандастық. Осы уақытта бізге қарай Балагазинов Расул жалғыз жақындап, Бозжигитов Серикті көзбе көз сөйлесуге шақыра бастады. Бозжигитов Серик оған тиеспе деді. Мен Балагазинов Расул Бозжигитов Серикке соққы жасап, бірақ тимей қалғанын көрдім. Себебі Бозжигитов Серик соққыдан алшақтады. Араларында сәл төбелес туындады. Барысында Бозжигитов Серик Балагазинов Расулдың ағасы Ермуратқа қоңырау шала бастады. Бауырын алып кетсін деп. Ермурат оған төбелеспей, үндемей кетіп қалыңдар деді. Біз Бозжигитов Серикпен оның үйіне кетіп қалдық. Сосын шамасы 22.00 шамасында мен Бозжигитов Серик үйінің ауласында болғанда Нива маркалы автомашина келді, мемнөмірін білмеймін. Ішінен Балагазинов Расулдың ағасы Ермурат шықты. Олардың артынан қолма қол тағы Нива маркалы автомашина келді. Рөлде Чапарбаев Дулат болды. Онымен Балагазинов Расул және «Клен» лақап атты жігіт келді. Осы кезде біз Бозжигитов Серикпен ауладан оларға қарай шықтық. Әңгімелесу барысында Ермурат барлығымызға тыныштаныңдар деді. Бірақ оның бауыры Балагазинов Расул тыныштанбай тұрды. Содан кейін Бозжигитов Серик Лебяжі ауданы Мерғалым ауданында тұратын бауыры Бозжигитов Кабдоллаға қоңырау шалып, осы дауды шешу үшін келуін сұрады. Осы уақытта мотоциклмен Бозжигитов Сериктің үйіне Сыздыков Асылбек келді. Онымен Балагазинов Расул мен «Клен» лақап атты жігіт кетіп қалды. Ал біз қалдық, яғни мен, Ермурат, Дулат және Бозжигитов Серик. 15 минуттай өткен соң Бозжигитов Сериктің үйіне кірдік. Ал Ермурат кетіп қалды. Шамасы 23.00-де Ваз 2114 маркалы автомашинамен Лебяжі ауданы Мерғалым ауылынан алты адам келді. Біреуі Бозжигитовтың бауыры Кабдолла. Басқаларын білмеймін. Сосын жігіттердің бірі Балагазинов Расулға келсін деп, қоңырау шала бастады. Расул не айтқанын білмеймін. Қолма қол осы әңігмелесуден кейін Бозжигитов Серик Ермуратқа қоңырау шалып, Расулды әңгімелесуге алып келсін деді. Шамасы сағат 23.30-да Нива маркалы автомашинамен Ермурат Чапарбаев Дулатпен келді. Чапарбаев Дулат қай кезде кетіп қалғанын байқаған жоқпын. Ермурат бізге барлығымызға тыныштаныңдар, барлығы дұрыс болады деді. Ермурат бізбен сөйлесіп жатқанда Нива маркалы автомашина келіп, Бозжигитов Сериктің үйінен 100 м қашықтықта орналасқан дүкен қасында тоқтады. Осы кезде біреу дүкен қасындағы прожекторды ажыратып тастады. Прожекотрларды ажыратып тастағанын көріп, Ернар атты жігіт және Бозжигитов Кабдолла Нива маркалы автомашинаға қарай жүгірді. Осы кезде бірден мылтықтың атқан дыбысы естілді. Барлығымыз сол жаққа қарай жүгірдік те жерде Ернар атты жігіттің жатқанын көрдік. Біз оны ВАЗ 2114 автомашина ішіне отырғызып, Лебяжі ауданы Майқарағай ауылына әкеттік. Жол бойы медициналық бекетке қоңырау шалдық. Менің сөзімнен дұрыс жазылды, мен оқыдым. Қолы
Жауап алған ТБ А.Т. Ивашев
Алуды жүргізу туралы ҚАУЛЫ
2016 жылғы 17 сәуір Шақа а.
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев № 165552031000064 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдарын қарастырып, АНЫҚТАДЫ:
2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.00 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сінде Р.Е.Балагазин екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, осымен соңғысына дене жарақаттарын келтірген. Осы факті бойынша Лебяжі ауданы ІІБ ТБ ҚР ҚК-нің 106 б. 2 б. 7 т. бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады. Мемнөмірі S 850 XVM ВАЗ 2114 маркалы автомашина іс бойынша заттай дәлелдеме маңызы бар болуын ескеріп, ҚР ҚПК-нің 198, 253, 254 б. басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТТІ: 1. Аз-ша Г. Балагазинадан мемнөмірі S 850 XVM Ваз 2114 маркалы автомашина алуы жүргізілсін. 2. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын. 3. Осы қаулы көшірмесі прокурорға жіберілсін.
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев
қаулы маған 2016 жылғы 17 сәуірде жарияланды. Қолы
АЛУ ХАТТАМАСЫ
2016 жылғы 17 сәуір Шақа а.,
Басталуы сағ. 08.30, аяқталуы сағ. 08.40
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев ҚР ҚПК-нің 199, 253, 254, 256 б. талаптарын сақтай отырып, Лебяжі ауданы ІІБ ЖКТ криминалисінің м.а. полиция аға сержанты К.Т. Аубашевтің қатысуымен, Лебяжі ауданы Шақа а. аз-ша Г. Балагазинадан мемнөмірі S 850 XVM Ваз 2114 маркалы автомашина алуын жүргізді. Тергеу амалы алдында аз-ша Г. Балагазинаға тергеушінің барлық әрекетерінде қатысуға, хаттамаға енгізілуге жататын ескертулер мен өтініштер жасауға, қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне шағымдануға құқықтары түсіндірілді. Сондай-ақ алу жүргізу барысында техникалық құралдар қолданылатыны туралы ескертілді.
Маман-криминалист К.Т. Аубашевқа ҚР ҚПК-нің 80 б. қарастырылған құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, орынды себепсіз өз міндеттерін орынадудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін ҚР ҚПК-нің 160 б. қарастырылған тәртіпте ақшалай өндіріп алу туралы ескертілді. Қолы Алуды бастар алдында Г. Балагазинаға 2016 жылғы 17 сәуірдегі алу қаулысы ұсынылып, содан кейін Г. Балагазинаға мемнөмірі S 850 XVM Ваз 2114 маркалы автомашинаны өз еркімен беру ұсынылды. Сосын Г. Балагазинаға мемнөмірі S 850 XVM Ваз 2114 маркалы автомашинаны еркімен берді. Алу барысында «Canon» фотоаппаратымен фототүсірілім жүргізілді. Алу барысында ескертулер мен өтініштер түскен жоқ. Алу жүргізілген адамның қолы
Криминалисттің м.а. К.Т. Аубашев
Алуды жүргізген:
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев
алу хаттамасының көшірмесін алдым қолы
Заттарды қарау ХАТТАМАСЫ
2016 жылғы 17 сәуір Шақа а.
Басталуы сағ. 08.45, аяқталуы сағ. 09.00
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев ҚР ҚПК-нің 219, 220, 224 б. талаптарын сақтай отырып, Лебяжі ауданы ІІБ ЖКТ криминалисінің м.а. полиция аға сержанты К.Т. Аубашевтің қатысуымен, Г. Балагазинадан алынған мемнөмірі S 850 XVM Ваз 2114 маркалы автомашина қарауын жүргізді. Сондай-ақ қарау жүргізу барысында «Canon» маркалы фотоаппараты қолданылды. Маман-криминалист К.Т. Аубашевқа ҚР ҚПК-нің 80 б. қарастырылған құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, орынды себепсіз өз міндеттерін орынадудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін ҚР ҚПК-нің 160 б. қарастырылған тәртіпте ақшалай өндіріп алу туралы ескертілді. Қолы
Қарауда анықталды: Қарау объектісі мемнөмірі S 850 XVM Ваз 2114 маркалы автомашина, шанағы ақ түсті, машинаның алдынғы және артқы жағында қара бамперлер орнатылған. Төрт фарасы бар, осы автомашинаның екі есігі, төрт бүйірлік шынысы, капоты, бір алдынғы шынысы, төрт доңғалағы мен шыбын өлтіргіші бар. Салон ішінде панель, рөл, беріліс қорапшасы, отыратын орындар бар. Жүк салғышы бар, қарау барысында жүк салғышта әртүрлі құрал-саймандар табылды. Мемнөмірі S 850 XVM Ваз 2114 маркалы автомашина қарау барысында шыбын өлтіргіштің оң жағында зақымдалған жерлер анықталды, шыбын өлтіргіштің бөлігі жоқ, фототүсірілім жүргізілді. Қарау хаттамасына фотокесте қоса беріледі.
Криминалистің м.а. К.Т. Аубашев Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|