Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Аудармашы Токсанова Р.К. 7 страница




Сондай-ақ қарау жүргізу барысында «Canon» маркалы фотоаппараты қолданылды.

Маман-криминалист К.Т. Аубашевқа ҚР ҚПК-нің 80 б. қарастырылған құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, орынды себепсіз өз міндеттерін орынадудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін ҚР ҚПК-нің 160 б. қарастырылған тәртіпте ақшалай өндіріп алу туралы ескертілді.

Қолы

 

Қарауда анықталды:

Қарау объектісі дөңгелек формалы бытыралар, бес дана пыж болып табылады. Олар түссіз қапшыққа буылып мөрленген. Үшінші қарау объектісі қызыл күрең түсті дақтары бар топырақ бөлшектері болып табылады, ол түссіз қапшыққа буылып, мөрі бар бирка желімделген.

Қарау барысында объектерде зақымдар анықталған жэоқ.

Фототүсірілім жүргізілді. Қарау хаттамасына фотокесте қоса беріледі.

 

Криминалистің м.а. К.Т. Аубашев

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

 

Заттарды заттай дәлелдеме ретінде танып, қылмыстық іс материалдарына

қатыстыру және сақтау камерасына тапсыру туралы

ҚАУЛЫ

 

2016 жылғы 17 сәуір Шақа а.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев № 165552031000064 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

АНЫҚТАДЫ:

 

2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.00 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сінде Р.Е.Балагазин екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, осымен соңғысына дене жарақаттарын келтірген.

Осы факті бойынша аз-ша Г. Балагазинадан оның мемнөмірі S 850 XVM «ВАЗ 21214» маркалы автомашинасы алынып, осы автомашинамен ағымдағы жылдың 16 және 17 сәуір күндері ұлы Р. Балагазин жүрген және осы автомашинаның қылмыстық іске тікелей қатысы бар.

Жоғарыда көрсетілген мемнөмірі S 850 XVM «ВАЗ 21214» маркалы автомашина іс бойынша заттай дәлеледме маңызы бар болуын ескеріп, ҚР ҚПК-нің 118, 221, 198 б. басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Мемнөмірі S 850 XVM «ВАЗ 21214» маркалы автомашина заттай дәлелдеме

ретінде танылып, сотқа дейінгі тергеп тексерудің қылмыстық іс материалдарына қатыстырылсын.

2. Заттай дәлелдеме, яғни жоғарыда аталған автомашина Павлодар облысы Лебяжі

ауданы ІІБ аумағында сақталсын.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

4. Осы қаулы көшірмесі Лебяжі ауданы прокурорына жіберілсін.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

Заттарды заттай дәлелдеме ретінде танып, қылмыстық іс материалдарына

қатыстыру және сақтау камерасына тапсыру туралы

ҚАУЛЫ

 

2016 жылғы 17 сәуір Аққу а.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев № 165552031000064 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

АНЫҚТАДЫ:

 

2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.00 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сінде Р.Е.Балагазин екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, осымен соңғысына дене жарақаттарын келтірген.

Осы факті бойынша аз. Р.Е. Балагазиннен Е.Е. Абденбаевқа дене жарақаттарын келтірген кезде үстінде болған спорттық костюмы алынды.

Жоғарыда көрсетілген спорттық костюм іс бойынша заттай дәлеледме маңызы бар болуын ескеріп, ҚР ҚПК-нің 118, 221, 198 б. басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Р.Е. Балагазиннен алынған спорттық костюм заттай дәлелдеме ретінде танылып,

сотқа дейінгі тергеп тексерудің қылмыстық іс материалдарына қатыстырылсын.

2. Заттай дәлелдеме Лебяжі ауданы ІІБ сақтау камерасында сақталсын.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

4. Осы қаулы көшірмесі Лебяжі ауданы прокурорына жіберілсін.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

Заттай дәлелдемені сақтау камерасына жауапты қабылдады: С.С. Куанышбаев

 

Заттарды заттай дәлелдеме ретінде танып, қылмыстық іс материалдарына

қатыстыру және сақтау камерасына тапсыру туралы

ҚАУЛЫ

 

2016 жылғы 17 сәуір Аққу а.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев № 165552031000064 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

АНЫҚТАДЫ:

 

2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.00 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сінде Р.Е.Балагазин екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, осымен соңғысына дене жарақаттарын келтірген.

Осы факті бойынша оқиға жерінен бытыралар, пыждар, қызыл күрең түсті дақтары бар топырақ бөлшектері алынды.

Жоғарыда көрсетілген бытыралар, пыждар, қызыл күрең түсті дақтары бар топырақ бөлшектері іс бойынша заттай дәлеледме маңызы бар болуын ескеріп, ҚР ҚПК-нің 118, 221, 198 б. басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Оқиға жерінен алынған бытыралар, пыждар, қызыл күрең түсті дақтары бар

топырақ бөлшектері заттай дәлелдеме ретінде танылып, сотқа дейінгі тергеп тексерудің қылмыстық іс материалдарына қатыстырылсын.

2. Заттай дәлелдемелер Лебяжі ауданы ІІБ сақтау камерасында сақталсын.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

4. Осы қаулы көшірмесі Лебяжі ауданы прокурорына жіберілсін.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

Заттай дәлелдемені сақтау камерасына жауапты қабылдады: С.С. Куанышбаев

 

 

Куәдан жауап алу

ХАТТАМАСЫ

 

2016 жылғы 18 сәуір Аққу а.

 

Жауап алуды бастау сағ. 10.45, аяқтау сағ. 11.00

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтананты А.Т. Ивашев Лебяжі ауданы ІІБ № 7 қызметтік кабинетінде ҚР ҚПК-нің 60, 78, 110, 115, 197, 199, 208, 209, 210, 212, 214б. басшылыққа алып, куәдан жауап алды:

1. Т.А.Ә.: Куленбаев Серик Казбекович

2. Туған күні: 28.06.1983 ж.т.

3. Туған жері: Лебяжі ауданы Лебяжі а.

4. Ұлты: қазақ

5. Білімі: жоғары

6. Азаматтылығы: Қазақстан Республикасы

7. Отбасылық жағдайы: үйленбеген

8. Соттылығы: бұрын сотталмаған

9. Тұрғылықты жері: Лебяжі ауданы Шақа а. Юбилейная к-сі,13

10. Жұмыс (оқу) орны: «Ертіс орманы» РММ жүргізушісі

11. Жеке басын куәландыратын құжат: жеке басы анықталды

ҚР ҚПК-нің 210 б. сәйкес куәға ҚР ҚПК-нің 78 б. қарастырылған құқықтары мен міндеттері түсіндірілді: Іс үшiн маңызы бар қандай да бір мән-жай белгiлi болуы мүмкiн кез келген адам айғақтар беру үшiн куә ретiнде шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкiн.

Мыналар:
1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешiмiн шығару кезiнде туындаған мәселелердi кеңесу бөлмесiнде талқылау барысында өздерiне белгiлi болған iстiң мән-жайлары туралы – судья, алқаби; 2) аралық судьяның немесе төрешiнiң мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы – аралық судья немесе төрешi; 3) өзiнiң мiндеттерiн орындауына байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы – күдіктiнiң, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның қорғаушысы, сол сияқты олардың заңды өкілдері, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердiң өкiлi, сондай-ақ куәнің адвокаты; 4) тәубаға келу үстінде өзіне белгiлi болған мән-жайлар туралы – дiни қызметшi; 5) өзiнiң жасының толмауына не психикалық немесе дене кемiстiктерiне байланысты іс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдауға және олар туралы айғақ беруге қабiлетсiз адам; 6) заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, медиацияны жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – медиатор; 7) ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, өз қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы куә ретінде жауап алынуға жатпайды.

Куәнiң:
1) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн оның өзiн, жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарын қудалауға әкеп соғатын айғақтар беруден бас тартуға; 2) өзiнiң ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақтар беруге; 3) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; 4) өзінен жауап алуға қатысатын аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге; 5) жауап алу хаттамасына айғақтарды өз қолымен жазуға; 6) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге құқығы бар.

Куәнің өз адвокатының қатысуымен айғақ беруге құқығы бар. Адвокаттың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам белгілеген уақытта келмеуі куәдан жауап алуды жүргізуге кедергі келтірмейді.

Куәның қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде шеккен шығыстарын оған өтеу қамтамасыз етіледі.

Куә: 1) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге;
2) іс бойынша болғанның бәрін шынайы түрде хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге;3) егер өзіне бұл туралы анықтаушы, тергеуші немесе прокурор ескерткен болса, іс бойынша өзіне белгілі мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етпеуге; 4) тергеу әрекеттерін жүргізген кезде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.
5. Егер адам қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызда және хабарда оны жасаған адам ретінде көрсетілсе не қылмыстық процеске қатысатын куә оған қарсы айғақ берсе, бірақ мұндай адамға процестік ұстап алу қолданылмаса не оны күдікті деп тану туралы қаулы шығарылмаса, онда ол қорғалуға құқығы бар куә мәртебесін алады.

Куә, оның ішінде қорғалуға құқығы бар куә, осы Кодекстiң 223 және 271-баптарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, сараптамаға немесе куәландырылуға тартылмайды.

Куә жалған айғақтар бергенi, айғақтар беруден бас тартқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген қылмыстық жауаптылықта болады. Айғақтар беруден жалтарғаны немесе қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін куәға, оның ішінде қорғалуға құқығы бар куәға осы Кодекстің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.

Сондай-ақ, куә көрінеу жалған жауап бергені үшін ҚР ҚК-нің 420 б. және жауап беруден бас тартқаны үшін ҚР ҚК-нің 421 б. бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілді.

Қолы ____________

 

Жауапты орыс тілінде беремін, тілді жетік білемін, аудармашы, қорғаушы көмегі қажет емес, бұл менің материалдық жағдайыма байланысты емес. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарасын қажет етпеймін.

Қолы ______________________

 

Қойылған сұрақтарға көрсетемін, аталған мекенжайда тұрамын. ОПНД мен ОНД есебінде жоқпын. Бұрын сотталған емеспін.

Осылай, 2016 жылғы 16 сәуір сағат 20.00 шамасында мен үйде болған кезде мотоциклмен досым Балагазин Расул келді. Өзімен бір шөлмек арақ алып келіпті. Ол маған осы арақты орман ішінде ішуді ұсынлымен келістім де орманға барып, арақ іштік.

Шамасы бір жарым сағаттай өткен соң біз қайта ауылға келдік. Гагарин көшесімен Сыздыков Асылбектің үйі қасынан өтіп бара жатып бір топ адамдарды көрідк. Біз тоқтадық та Жумадилов Талгатты көрдік. Онымен сөйлестік, осы кезде Жумадилов Серикпен Бозжигитов Серик өтіп бара жатты. Олар бізбен амандасты. Сосын әңгімелесу барысында С. Бозжигитов пен Р. Балагазин дауласа кетті де Р: Балагазин алақанымен С. Бозжигитовтің бетінен ұрып жіберді. С. Бозжигитов разборкаға келсін деп, біреуге қоңырау шала бастады да С. Жумадиловпен Сыздыков Асылбектің моншасына кетіп қалды.

Жарты сағаттай соң мен Расулмен Сыздыков Асылбектің үйі қасында қайта С. Бозжигитовты көрдік, қасында С. Жумадилов болғаны болмағаны есімде жоқ. Нақты айта алмаймын. Талгат олармен кездескенше дейін кетіп қалған болатын. Сосын ол келген жоқ.

Балагазин Расул мен Бозжигитов Серик қайта кездескен кезде араларында тағы дау тындады. Осы кезде өзінің Нива маркалы автомашинасымен ауылдасымыз Чакарабев Дулат келді. Мемнөмірі есімде жоқ. Бес минуттай өткен соң Чакарбаев Дулат кетіп қалды. Осы кезде Бозжигитов Серик бізден бірақ алшақтап таныстарына қоңырау шалып, разборкаға келуді сұрады. Сосын мен Расулмен оның мотойциклінде үйіне кетіп қалдық. Сағат 23.30 шамасында мен Р. Балагазинмен оның Нива маркалы автомашинасымен Балагазиновтердің дүкеніне пеш жағу үшін келдік, автомашина мемнөмірі есімде жоқ. Машина ішінде екеуімізден басқа ешкім болған жоқ. Көрсетілген дүкенге келген бойы бізге қарай жүгіріп келе жатқан кісілерді көрдік. Мен қорқып, Р. Балагазиннің автомашинасынан шығып, ауыл шетіне қашып кеттім. Ал Р. Балагазин сол жерде қалды. Қосарым жоқ.

Менің сөзімнен дұрыс жазылды, мен оқыдым. Қолы

 

Тергеушінің сұрағы: Р. Балагазиннің машинасы ішінде мылтық көрдіңіз еб?

Жауап: автомашина ішін қараған емеспін.

 

Жауап алған:

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтананты А.Т. Ивашев

 

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтананты А.Т. Ивашевқа

Балагазин Расул Ерсалиновичтен,

26.11.1985 ж.т.

 

ӨТІНІШ

 

Сізден, қылмыстық сот өндірісі тілін мемлекеттік тілден орыс тіліне өзгертуіңізді сұраймын, тілді жетік білемін, аудармашы қажет емес.

 

18.04.2016 ж. қолы

 

ҚР ҚПК-нің 30 б. сәйкес құқықтар мен міндеттер түсіндірілді:

1. Қазақстан Республикасында қылмыстық сот iсiн жүргiзу қазақ тілінде жүргiзiледi,

сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа тiлдер де қолданылады.

2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган істі орыс тілінде немесе басқа тілдерде

жүргізу қажет болған кезде сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығарады.
3. Iс бойынша iс жүргiзiлетін тiлдi бiлмейтiн немесе жеткiлiктi түрде бiлмейтiн iске қатысатын адамдарға ана тiлiнде немесе өздері бiлетiн басқа тiлде мәлімдеме жасау, түсiнiктемелер және айғақтар беру, өтiнiшхаттар мәлімдеу, шағымдар келтіру, iс материалдарымен танысу, сотта сөз сөйлеу, осы Кодексте белгiленген тәртiппен аудармашының қызметтерiн тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi және қамтамасыз етiледi.

4. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын адамдарға істің олар үшiн қажеттi, басқа тiлде жазылған материалдарын қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлiне аудару тегiн қамтамасыз етiледi. Сот процесiне қатысатын адамдарға сотта айтылғандардың басқа тiлде болған бөлiгiнiң сот iсiн жүргiзу тiлiне аудармасы өтеусіз қамтамасыз етiледi.

5. Қылмыстық процесті жүргiзетін органдар процеске қатысушыларға осы

Кодекске сәйкес оларға сот iсiн жүргiзу тiлiнде табыс етілуге тиiс құжаттарды табыс етеді. Бұл ретте қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлiн бiлмейтiн адамдар үшiн құжаттардың сот iсiн жүргiзудiң осы адамдар таңдаған тiлiнде жазылған, куәландырылған көшiрмесi қоса беріледi.

 

Құқықтар мен міндеттер түсіндірілді: қолы

 

Өтінішті қабылдаған А.Т. Ивашев

 

 

Қылмыстық сот өндірісі тілін таңдау туралы

ҚАУЛЫ

 

2016 жылғы 18 сәуір Аққу а.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев № 165552031000064 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

АНЫҚТАДЫ:

 

2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.00 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сінде Р.Е.Балагазин екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, осымен соңғысына дене жарақаттарын келтірген.

Алдын ала тергеу барысында Р.Е. Балагазин қылмыстық іс бойынша сот өндірісі тілі ретінде орыс тілін қалайтынын, тілді жетік меңгеріп, аудармашы көмегі қажет емес екенін мәлімдеді.

Баяндалғанның негізінде ҚР ҚПК-нің 30, 64, 198 б. басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. № 165552031000064 қылмыстық іс бойынша сот өндірісі тілі ретінде орыс тілі

таңдалсын.

2. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

3. Осы қаулы көшірмесі мәлімет үшін Лебяжі ауданы прокурорына жіберілсін.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтананты А.Т. Ивашевқа

Балагазин Расул Ерсалиновичтен,

26.11.1985 ж.т.

 

ӨТІНІШ

 

Сізден, Е.Е. Абденбаевтың денсаулығына қасақана зиян келтіру фактісі бойынша маған қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру өндірісін жүзеге асыру кезінде менің құқықтарым мен заңды мүдделерімді қорғау үшін маған қорғаушының білікті заңгерлік көмегін ұсынуыңызды сұраймын, сонымен қатар қорғаушы қызметін төлеуге қаражатым жоқ.

 

18.04.2016 ж. қолы

 

Өтінішті қабылдаған

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

 

Қорғаушыны тағайындау туралы

ҚАУЛЫ

 

2016 жылғы 18 сәуір Аққу а.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев № 165552031000064 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

АНЫҚТАДЫ:

 

2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.00 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сінде Р.Е.Балагазин екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, осымен соңғысына дене жарақаттарын келтірген.

18.04.2016 ж. оған қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру өндірісін жүзеге асыру кезінде құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қорғаушының білікті заңгерлік көмегін ұсыну және қорғаушы қызметін төлеуге қаражатының болмауы туралы Р.Е. Балагазиннен өтініш келіп түсті.

Баяндалғанның негізінде ҚР ҚПК-нің 67, 68, 198 б. басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. № 165552031000064 қылмыстық іс бойынша қорғаушы ретінде Лебяжі ауданы

заңгерлік кеңес адвокаты А.С. Арынова тағайындалсын.

2. Адвокат А.С. Арыноваға қорғаушының құқықтары мен міндеттері түсіндірілсін.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

4. Осы қаулы көшірмесі мәлімет үшін Лебяжі ауданы прокурорына жіберілсін.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

Қаулы маған 18.04.2016 ж. жарияланып, сонымен қатар ҚР ҚПК-нің 66, 67, 68 б. қарастырылған құқықтар мен міндеттер түсіндірілді.

 

Қорғаушы А.С. Арынова

 

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

 

Күдікті ретінде тану туралы

ҚАУЛЫ

2016 жылғы 18 сәуір Аққу а.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев ҚР ҚК-нің 106 б. 2 б. 7 т. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша 2016 жылғы 17 сәуірдегі СТБТ-ге енгізілген № 165552031000064 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

 

АНЫҚТАДЫ:

 

2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.00 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сінде Р.Е.Балагазин екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, осымен соңғысына дене жарақаттарын келтірген.

Сотқа дейінгі тергеп тексеру өндірісі барысында Балагазин Расул Ерсалинович, 26.11.1985 ж.т. анықталып, соңғысы осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда күдікті.

Баяндалғанның негізінде ҚР ҚПК-нің 64, 198 б. басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Павлодар облысы Лебяжі ауданы Майқарағай ауылының тумасы Р.Е. Балагазин

ҚР ҚК-нің 106 б. 2 б. 7 т. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасауда осы қылмыстық іс бойынша күдікті болып танылып, ҚР ҚПК-нің 64 б. қарастырылған құқықтары мен міндеттері түсіндірілсін.

2. Осы қаулы көшірмесі күдікті Р.Е. Балагазинге жіберілсін.

3. Осы қаулы көшірмесі мәлімет үшін Лебяжі ауданы прокурорына жіберілсін.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

Осы қаулы маған 18.04.2016 ж. жарияланып, күдік мәні түсіндірілді. ҚР ҚПК-нің 64 б. қарастырылған құқықтарым мен міндеттері түсіндірілді, қаулы көішрмесін алдым.

Күдікті Р.Е. Балагазин

 

Қорғаушы А.С. Арынова

 

Қаулыны жариялап, құқықтарды түсіндірген:

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

 

Күдіктіге құқықтарын түсіндіру

ХАТТАМАСЫ

 

2016 жылғы 18 сәуір Аққу а.

Басталуы сағ. 11.00, аяқталуы сағ. 11.15

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев қылмыстық іс материалдарын қарастырып, ҚР ҚПК-нің 64 б. сәйкес осы хаттаманы құрастырды және күдікті Р.Е. Балагазинге ҚР ҚПК-нің 64 б. қарастырылған құқықтарын түсіндірді: 1) ұстап алуды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алуға; 2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге; 3) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті; 4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалануға; 5) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен, оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесуге; 6) күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана айғақ беруге; 7) күдікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алуға; 8) айғақ беруден бас тартуға; 9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын және күзетпен ұстауға байланысты емес басқа шараларды қолдану тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме алуға;10) дәлелдемелерді ұсынуға; 11) өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты және қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;12) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; 13) аудармашының тегін көмегін пайдалануға; 14) өз өтінішхаты бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының рұқсатымен қатысуға; 15) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуға; 16) тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарын баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіруге және процестік келісімді жасасуға; 17) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беруге; 18) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіруге; 19) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға; 20) сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіне сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде осы Кодекстің 274, 286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруға; 21) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алуға, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіруге;22) қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіруге;23) жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын процестік шешімдердің қабылданғаны туралы өзін қылмыстық процесті жүргізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуіне, сондай-ақ олардың көшірмелерін алуға; 24) өзіне қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзі көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардан жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беруге құқылы.

Одан басқа, ҚР ҚПК-нің 64 б. 6 б. сәйкес егер күдікті бірінші жауап алу басталғанға дейін өзінің айғақтар беруден бас тарту құқығын пайдаланбаса, оған өзінің айғақтары қылмыстық процесте, оның ішінде кейіннен ол осы айғақтардан бас тартқан кезде де дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы ескертілуге тиіс.

Құқықтарымен танысып, күдікті Р.Е. Балагазин мәлімдеді: қорғаушының көмегі қажет. Қолы

Күдікті Р.Е. Балагазин

Қорғаушы А.С. Арынова

Тергеуші А.Т. Ивашев






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных