Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Киім туралы далпы мағлумат




Мазмұны

Кіріспе

1.Киім және оның түрлері

2.Күнделікті киюге арналған киім (Casual стилі)

3.Әйелдерге арналған күнделікті киім үлгісін модельдеу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

 

Кіріспе

Археологиялық қазбалар нәтижесі киімнің қарапайым түрі көне палеолит дәуірінде пайда болғанын анық дәлелдейді. Бұл дәуірде тек тікелей табиғаттан алынатын өңдеуді қажет етпейтін материалдарды ғана пайдаланған. Мұндай киім қарапайым болған және не жыныстық, не әлеуметтік жағынан айырмашылығы болмаған. Бұл кезеңде костюм сыртқы ортаның әсерінен қорғайтын қабыршық рөлін атқарған. Неолит дәуірінде ең қызығы сол – әлі күнге дейін өзінің өзектігін жоймаған киімнің негізгі үлгілері пайда бола бастады. Тарихи кезеңдерге байланысты адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін, киімді түрлі жыныстық, әлеметтік, мүлікткі белгілері бойынша бөліп қарау туындады. Осыған орай, костюм өзінің жетілуінің ерте кезеңінен бастап адамның қоғамдық өмірінде болып жатқан барлық өзгерістерді көрсетеді. Дегенмен біле білсек, сәндік, сәндену деген ұғымдар сонау тас дәуірінде Еуропада пайда болған. Ер адамдар пілдердің, мүйізтұмсықтардың, сусиырлардың тісі мен жүндерінен әртүрлі әшекей бұйымдар жасап, мойындарына тағып, терісін оң иыққа жамылып жүруді ең алғашқы сән түріне айналдырған. Ал біздің дәуірімізге дейінгі 2900 жыл бұрын ең алдымен – теріден, кейін матадан тігілген белдемшелер пайда болып, Вавилонда шәлі тағып, жейде кию жиілей бастаған. Темір дәуірі жақындаған сайын сән әлемі дами түсіп, гректер белдік атаулыны ойлап тапқан. Біртіндеп плащ, халаттар тігіліп, еркектер – алтын ободок, ал әйелдер бастарына жеңіл тәж тағуды сәнге айналдырады. Осылайша, сонау ХІV ғасыр, нақтырақ айтқанда 1350 жылдары, Франция мен Италияның суретшілері сәндік іздеп, гильдиялар мен цехтар ашып, өмірге сән әлемі келген. Франция, Италия, Англия, Испания, Америка сынды елдерде уақыт оздырмай, жылдам дамып отырған мода 1900 жылдары болашақ Кеңес үкіметінің қол астында болған елдерге де жетеді. Қазіргі атағы жер жаратын Поль Пуаре мен Кристиан Диор да сол 1903-1905 жылдары жарық көрген. Ал Коко Шанельдің кішкентай қара көйлек ұғымы 1926 жылы пайда болған. Әрине, айта берсек, Бруно Банани, Викторияс Сикреттің дәуірі басталғалы біраз болды.

 

 

1. Киім және оның түрлері

Киім туралы далпы мағлумат

Киім – бірінші қажетті зат. Оны өндірумен өнекәсіптің әр түрлі салалары айналысады, ал сатумен сауда жүйелері шұғылданады.
Археологиялық қазбалар нәтижесі киімнің қарапайым түрі көне палеолит дәуірінде пайда болғанын анық дәлелдейді. Бұл дәуірде тек тікелей табиғаттан алынатын өңдеуді қажет етпейтін материалдарды ғана пайдаланған.Аң терілерінен,ағаш жапырақтарынан дөрекі жамылғылар жамыла бастаған. Мұндай киім қарапайым болған және не жыныстық, не әлеуметтік жағынан айырмашылығы болмаған. Бұл кезеңде костюм сыртқы ортаның әсерінен қорғайтын қабыршық рөлін атқарған. Неолит дәуірінде ең қызығы сол – әлі күнге дейін өзінің өзектігін жоймаған киімнің негізгі үлгілері пайда бола бастады. Тарихи кезеңдерге байланысты адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін, киімді түрлі жыныстық, әлеметтік, мүлікткі белгілері бойынша бөліп қарау туындады. Осыған орай, костюм өзінің жетілуінің ерте кезеңінен бастап адамның қоғамдық өмірінде болып жатқан барлық өзгерістерді көрсетеді.Костюм адамзат дамуының айнасы болыптабылады,қоғамның әлеуметтік құрылымы,мәдениеті,көзқарасы,техниканың даму деңгейі – барлық көрсетілген құбылыстар костюм тарихына кіреді.

Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде жалпы еуропалық киім үлгілері (пиджак,шалбар – ерлер үшін;көйлек,белдемше, жекет және басқалары – әйелдер үшін)қабылданған.Осылардың негізінде әр түрлі әлеуметтік,географиялық және экономикалық ерекшеліктерге лайықты әрқилы киім түрлері қалыптасты.Қазір жалпы еуропалық киімдермен қатар ұлттық киім түрлері де үлкен сұранысқа ие.

Тігін өнеркәсібі орталық ғылыми зерттеу институтының аралауы бойынша қазіргі заманғы барлық киімдер мынадай екі топқа бөлінеді: тұрмстық және өндірістік.

Тұрмыстық киімдер эксплутациялық талабына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:сырт киім,костюмді-көйлекті бұйымдар,корсетті бұйымдар,іш киім т.б.Тұрмыстық киімдерді былайша ажыратуға болады:адамдардың жасын және жынысын айқындайтын топшалар.Киімді маусымдық белгілеріне қарай түрлерге бөледі,ал функционалдық белгілерін типтер анықтайды.Тігін бұйымдарының типтері күнделікті киетін,салтанатқа киетін,үйге киетін,спорттық киімдер деп ажыратылады.Киім ассортименті оның пішіні мен силуэті жең және жағасының пішімін анықтайтын үлгі құрылымына байланысты.

Өндірістік киім – халық шаруашылығының әр саласында өндірісте кию үшін қажетті киімдер.Өндірістік киімдерді арнайы киім және формалық киім деп бөледі.Өндірістік киім өнеркәсіптің барлық салаларында жаппай мамандық жұмысшылары үшін қолданылады,олар өндірістік қатерден қорғайды және техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді.

Киімдерді олардың қандай матадан тігілгеніне қарай да қосымша саралауға болады(жүн матадан,жартылай жүн матадан,жібек матадан,зығыр матадан,жасанды және синтетикалық материалдан).

Костюм (франц. сostume – «киім – кешек») – белгілі бір ұлттың, дәуірдің, сословияның тұрақты киім үлгісі. Костюм әр дәуірдің эстетикалық идеалын көрсетеді.
«силуэт», «пішін», «пішім», «пропорция», «стиль» деген түсініктермен таныстыру.
Силуэт (siluett деген француз сөзі) – ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың (тікбұрыш, трапеция, үшбұрыш, сопақ, т. б.) бірін беретін киімнің кез келген бөлігінің сыртқы кескіні. Силуеттің мынадай түрлері болады: тік силуэт, белдес стлуэт, сопақ силуэт, X – силуэт, трапеция силуэт, жартылай жантайған силуэт.
Пішім – бұйымның ойластырылған үлгісін жасауға мүмкіндік беретін пішім сызықтары (бел сызығымен кесілген көйлек, реглан үлгісіндегі жеңдер, драпталған көкрекше, тұтас пішілген жең және т.б.).
Пропорция – көйлектің ұзындығы мен енінің, жакеттің ұзындығы мен белдемше ұзындығының, бұйымның тұтас көлеміне қарай әр бөлшек мөлшерінің арақатынасы.
Стиль (styios деген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік. Киімде бірнеше – классикалық, романтикалық, спорттық, фольклорлық (этникалық) стильдер болады.
Классикалық (қатаң, іскерлік, элегантты) стиль – келісті, іскерлі, элегантты, өзгермейтін стиль. Классикалық стильдегі заттар – ағылшын жакеті, тік тар белдемше, ерлердікі секілді шалбарлар және т.б. оған ғасырлар ең тұрақты, «таңдамалы», «сәннен тыс» өзгермейтін сән үлгілері жатады.
Романтикалық стиль – бұл «қиял», «еске алу», «ізденістер» саласы, тарихи костюмге меңзейді және оның пішімін, сәндік әрлеуін алып пайдаланады. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдаланады.

Спорттық стиль –(спорт үшін міндетті емес)қозғалысқа, түрлі жұмысқа ыңғайлы (демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер).
Фольклорлық стильді этникаль (этникалық) – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Фольклорлық сипаттағы киімдер сәнділігімен ерекшеленеді. Онда ұлттық құрастырмалы ою – өрнек, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен пайдаланады. Бұл стильге жататын киім түрлі халықтың және дәүірдің ұлттық рұхын бейнелейді.
Қазақстанның қазіргі сәнгерлері (модельлер) ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап, дамытуда, көненің құндылықтарын біздің замандастарымызға жеткізуге тырысады.
Қазіргі заман тұрмыстық киім стилі, өзінің таза көрінісін сирек қолданады. Көбінесе стильдердің араласуы кездесіп отырады. Бұл құбылыс электика деп аталады.
Орта ғасырларда тігу техникасы жетіле түсті.бұл дәуірдің костюмінде тұңғыш рет қосылып тігілген жең және бүрме пайда болды. Тар иықты, белі жоғары, өзі ұзын көйлек және тар ұзын белдемше, биік баскиім әйелдер костюміне ұзарған силэтті әсер берді. Ал ерлеркиімі туниканың бұрынғы сипатын сақтап, өте тар болды. Ортағасырлық даму кезіңінің киім силуэтіне тән кескін – созылған үшкір пропорциялар. Конус сипатты бас киімі ұзын биік башняны еске салады.
ХVII ғасырда біртұтас әлемдік көркем мәдиенеттің контурлары жоспарланады. Өнерде екі жаңа стиль – Барокко және классицизм туындайды. Барокко стилі өте салтанатты және сәнді. Ал ғимараттар бейнелі және мүсінді, (қабырғалары бедермен безендірілген, бұрқақтары статуэтка түрінде жасалған қуыстар мен текшелерге мүсіндер қойылған, т. б.), интерьлерлері жарық монорлы түстерге толы, (алтындандырылған күрделі безендірулер, үйдің төбесі өрнектелген, қабырғаларына айналар ілінген (хрустальды аспа шамдар, көптеген жабыстырмалы әшекейлер). Осыған байланысты Барокко дәуірінің костюмі бүтіндей сарайлық этикетке бағынышты болды. Костюмдер өте көп безендірулері бар салтанатты және кең етіп тігілді.
Костюм – өнер туындысы. Ол адамзат мәдениетінің даму кезеңдерін көрсетеді. Сонымен, адам қоғамда этикетке, ал костюм өз кезегінде дәуірдің стиліне бағынышты. ХVIII ғасырда жаңа рококо (фрнац. «раковина» таңғажайып түрлі әшекей) стилі пайда болады. Рококо – сәнді, нәзік, кейбір сезімталдық, нақыштық, майысқақтық белгіні алып жүретін сәндік стиль. Бароко стиліндегі киімдермен салыстырғанда, рококо стилінің киімдері көп өзгеріске ұшырамады.тек сызықтары бұрынғысынан да көріктірек, мәндірек болды.
Ал қазіргі заманғы костюмдерді шартты түрде қарапайым геометриялық мүсіндерге жатқызуға болады.
«Түзу» силуэт өзінің ерекшілігі бойынша тіктөртбұрышқа немесе шаршыға жақындау. «Трапеция» силуэті үстіңгі жағы тар, төменгі жағы кең трапецияны елестетеді. «Үшбұрыш» силуэті төменгі жағы үшкірлеу келеді де, үстіңгі жағы кеңейіп кеоген үшбұрышқа жақын. «Сопақ» және «Жартышар» силуэттері геометриялық сопақ мүсінді елестетеді. Бұл силуэттерді екі геометриялық фигуралардың қосындысы деуге де болады: жартылай сопақ және төменгі бөлігі төртбұрыш.
Бұйымның ұзындығы мен енінің арақатынасы, бұйымның жалпы көлеміне қарай әрбір бөлшектің өлшемі келесі бөлщектің өлшеміне байланысты

жағы қысқа; үсті мен төменгі жағы бірдей.
Костюмді композициялауда түс үлкен рөл атқарады. Түсті дұрыс қолдану киім моделін жасауда көп көмегін тигізеді.
Қазіргі заман жеткіншектерінің киім үлгілері, көңіл – спорттық, фольклорлық еркін стильде болуымен сипатталады. Әйелдердің жеңіл киімдерін жіктеу және сипаттау.
Әйелдердің жеңіл киімдері көйлектерден, белдемшелер мен блузкалардан, белдемшелер мен көкрекшелерден, бешпенттерден, блузкалар мен жеңсіз көйлектерден тұрады. Қазіргі заманғы киімдерді шалбарсыз елестету мүмкін емес. Бешпент, блузкамен немесе көкрекшемен үйлесе тігілген шалбарлар әйелдер гардеробының ажырамас бөлігі болып табылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных