Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Йелдерге арналған күнделікті киім үлгісін модельдеу




Мата -химиялық талшықтар мен жіптерден жасалған.Химиялық талшықтар мен жіптер табиғи синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстарды химиялық өңдеу нәтижесінде алынады. Бастапқы шикізатқа байланысты химиялық талшықтар, жіптерді жасанды және синтетикалық деп бөлінеді

 

 

Креп-танымал матаның бір түрі.Жіптердің жоғарғы максималды бұрау нәтижесінде өндіріледі.Креп-жұқа,ауыр мата,үсті аздап түйіршіктелген.

Кейде тігін өндірісінде крепті тоқу арқылы іске асырылады.Әдетте бұл тоқыманы жасау процесі матаның берік және қалың болуы үшін,жіпті бірнеше рет белгілі бер ретпен оң және солға бұрау арқылы жасайды

Талшықтардың берік бұрау технологиясы,материяның жоғарғы серпімділікті бөліп беруі,бұйымның апшуына себебін тигізеді.Талшықтарды қарама-қарсы бағытта тоқығанда,материалдың сырты бұдырмақтылау әсер береді.Крептің бірнеше әдіс арқылы тоқу нәтижесінде көптеген түрлерін алуға болады:

· Крепдишин;

· Креп-жоржет;

· Креп-сатин;

· Креп-шифон;

Крептік әсер алу үшін мата өндірісінде жіптерді бұрамай тығыз тоқу арқылы жетуге болады.Бұл матаны жасап шығару үшін мақта,жібек,жүн,

жартылай жүн,жасанды талшықтар қолданылады.Матаның ең басты құндылығы-олар жеңіл бүрмеленеді және мыжылмайды.Сонымен қатар бұл мата тозуға төзімді.Тігін өндірісінде әйелдер көйлегі мен ерлер костюмін жасауда кеңінен қолданылады.

Креп матасынан жасалған киім ұзаққа қызмет ету үшін,оны күту қажет.Бұл киімдерді жылы суда қолмен жуу керек.Матаны бұрауға болмайды.Оларды көлеңкеде кептіру қажет.

Түйме.

Киімнің сәніне қарай түймелік киімнің алдыңғы не артқы бойына, бүйір не иық тігісіне, сәнді тігіс бойына, юбка тігісінің қосылған жерінде, жең манжеттерінде орналасады.

Түймелікті түймелі, сыртылдақты, сыдырмалы етіп жасауға болады.

Түйме қадалатын жерлерді белгілеу үшін киімнің ілгегі бар шетін екінші шетіне салып, яғни алдыңғы бойдың (не артқы бойдың) бір жағының ортасын екіншісімен беттестіріп ілгектің басталар жеріне түйреуішті түйреп қою керек(10-сурет). Ілгектің басына дейінгі арақашықтық түймеленген түйме өңірдің шетіне шығып кетпейтіндей болуы керек. Түймені мата түсіне сәйкес жіппен тігеді. Ілгектерді алдыңғы бойдың ортасынан белгілі бір арақашықтықта (0,2—0,3 см) белгілейтін болғандықтан түймені алдыңғы бойдың тура орта сызығына қадайды. Егер түймелік үшін вертикаль ілгектер жасалған болса, алдыңғы бойлар бір-бірінен артылып, асып тұрмауы үшін жоғарғы түймені ілгектің жоғарғы шетіне, төменгіні төменгі шетіне қадау керек. Ортадағы түймелерді жоғарыдан төмен қарай бірқалыпты етіп қадап шығады. Түймені әдетте матаның қос қабатына, кейде (мысалы астарсыз пальтода) жалаң қабатына қалайды. Мұндай жағдайда іш жағынан матаның кішкентай қиық салып тігеді немесе кішірек түймелі қолданады. Ортасы тесілмеген, дөңес түймелерді қадағанда оған айналдыра жіп ораудың қажеті жоқ. Тесігі үлкен түймелерді төменгі жиектен 0,7 см қашықтықта тігу керек. Астар мен алдыңғы бойды ұзынынан алдыңғы бойдың белгіленген ортасы бойынша ішіне қарай қайырып, көктеп, үтіктейді. Сыдырманы ажыратып, әр бөлікті жеке-жеке астыңғы бетімен жоғары жағында шетіне 1,5 см-дей жетпейтіндей етіп астарға салу керек. Осы қалпында сыдырманың тістері мен астардың тістерін тегістей отырып көктеп шығады. Астарлы сыдырма көктелген жермен бірге алдыңғы бойдың іш жағына бүктеп қырын тегістеген соң көктеп, алдыңғы бой жағынан бүктелген жерден таспа баудың еніндей орын қалдырып машинамен тігіп шығады

 

\

 

Түймелер түймелеу үшін, сонымен қатар киімді әрлеу ретінде қолданылады. Түймелерді келесі түрлерге бөледі ол: - материалы бойынша- пластмассалы, металлдан жасалған, керамикалық, аралас, бекіту элементтері бойынша- тесікті, қүлақшалы, дайындау әдісі бой- ынша- қүйылған, пресстелген, механикалық өңделген, штампталған, жиналған, әрлеу бойынша-қорғағыш сәндік жабындысыз және фоль- гамен тығыздалған болады. Пластмассалы түймелерді дайындауына байланысты келесі топтарға бөледі ол: әйелдер, ерлер және балалар киімдері, жейделер, іш киімдерге қолданылады. Киімдерге арналған түймелер келесі классификацияларға бөлінеді: - Дайындалуы бойынша - пальтолық, костюмдік, көйлек- тік,шалбарлық, іш- киімдік, формалық, балалар киімдеріне арналған түймелер; - Түйме диаметрі мм; - Өңделген материалына байланысты галалитті, акрилатты, целлу- лоидты, металдан жасалған, әйнекті, түмсықты, сүйекті, перламутрлі, ағаштан және пресстеп жасалған; - Сыртқы түріне байланысты, пішініне қарай- домалақ, сопақ, со- зылған, дөңгелекке үқсас, жартылай дөңгелекке үқсас, иілген, б) беткі қабатына қарай -тегіс және бедерлі; в) боялуы бойынша- қара, ақ, түрлі- түсті, ала, тасбақа тәрізді, рубин тәрізді, янтарь тәрізді болады; - Киімге бекітілуі бойынша түймелер түйменің ортасында орна- ласқан екі немесе төрт тесікті, бүтін, нүктелі немесе түйменің төменгі жағы сым темірлі ілгекшемен болады.

Батырмалар - серіппелі қозғалысты түймелік, қүрастырылуы бой- ынша кнопкаларды сақиналы серіппелі кнопкаларға, омега тәрізді серіппелі, серіппелі төлкемен, материалы бойынша- болатты, жез, аралас, жабынды түріне байланысты- никельмен, тотықпен, жезді, лак бояқты болады.

Сыдырма ілгек. Сыдырмалы ілгек мақта маталы өңірлік таспаның, сыдырманың екі жолағына бекітілген екі қатар звенодан түратын, қозғалыс кезінде жоғары- төмен сыдырма бойымен жылжып ілгектерді ағытыпнемесетүйықтапбекітеді.Металлданжасалғансыдырмаілгектер төрт түрлі болады: А- бір замокты және алынбайтын шектеуішпен; Б-екі замокты; В- бір замокты және алынбалы шектеуішпен; Г-екі замок- ты алынбалы болады. Сыдырмалар әр түрлі киімдерде қолданылады (көйлектерде, костюмдерде, пәлтелерде), сыдырмының екіші түрі тек қана арнайы киімдерде, спорттық күртешелерде, кожгалантереялық бүйымдарда қолданылады. Тігін өндірісінде сыдырмалы ілгектің металлдан жасалған және пластмассалы түрлерін қолданады. Механикалық қасиеттерінің негізгі көрсеткіштері 12.5. кестеде көрсетілген. Звенолар, сыдырма және шектеуіш жезден, болаттан (хромдалған немесе никельденген) және пластмассадан болады. Сыдырманың басқа бөлшектері - жоғарғы шектеуіш, төменгі шектеуіш, төменгі шектеуіштің корпусы- сол материалдардан, сонымен бірге төменгі қысымды полиэтиленнен, фенопласттан, полиамид және полистирол шайырынан алуға болады. Сыдырмы ілгектер звеноларының еніне байланысты өте үсақ (3мм), үсақ (3-5мм), орташа (5-7мм), үлкен (7-10мм), өте үлкен (10мм және одан жоғары) болып бөлінеді. Сыдырмалар үзындығы 120, 150, 180, 200, 250, 300 мм өңделіп шығарылады. Сыдырмалы ілгектерге келесі талаптар қойылады, олар жылтыр, дақсыз, сызатсыз, датсыз болуы керек. Ілгектің звеноларының өлшемі бойынша бірдей және таспаға берік бекітілуі керек. Ілгектің сыдырма- сы жүмысшы сыдырма бойымен оңай әрі еркін жүруі қажет. Өңірлік таспа таза және дақсыз болуы керек

 

 

Ілгек пен ілгіштер. Тігін өндірісінде қолданылатын ілгектер мен ілгіштер көйлектік, шалбарлық болып бөлінеді. Көйлектік ілгектер мен ілгіштер 12.8., 12.9 - суретте көрсетілген, өлшеміне байланысты келесі № 2,3,5,6 және 7 бөлінеді. Номірленген ілгектерге сол номірдегі ілгіш сәйкес болуы керек. Нөмірленген ілгектер, ілгіштер туралы мәлімдеме 12.3-кестеде көрсетілген. № 6, 7 ілгектер мен ілгіштер шешіліп кетпеу үшін арнайы фиксатормен өңделеді. 301 Көйлектік ілгіштер мен ілгектерге шикізат ретінде көміртектігі төмен болат сым темір немесе мысты-мырыш балқытпалары қол- данылады. Сым темірдің соңғы түрі.№5,6 және 7 ілгектер мен ілгіштер- ді өңдеуде қолданылады. Қолданылған материалдары бойынша ілгектер мен ілгіштерді болат таспадан, болаттан немесе жез сымнан дайындалады. Жабынды түріне байланысты никельденген, боялған және алдын ала фосфатталған бетте боялған болып бөлінеді.

Жіп - қысқа талшықтардан ширатылған, мата және трикотаж тоқуға, киім, кесте, т.б. тігуге, арқан есуге, т.б. пайдаланылатын жеңіл өнеркәсіп өнімі. Жіп біртектес талшықтан (мыс., мақта талшығы, зығыр талшығы) немесе әр түрлі талшықтан (мыс., жүн мен вискоз штапелі талшықтарынан) иірілуі мүмкін. Жіптің ең басты сапалық сипаттамасы – жіңіш-келілігі (нөмірі) мен механикалық қасиеттері (беріктігі, созылымдылығы, ширағыштығы, тазалығы т.б.). Өндіру тәсіліне қарай тарақтап иірілген жіп, иіру машинасында әзірленген жіп болып бөлінеді.

Кесте 3

Маталардың бағалық сипаттамасы






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных