Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Киімнің негізгі қасиеттері




Киімнің негізгі қасиеттері деп ауа өткізгіштігі, төзімділігі, зиянды заттардан қорғауы, гигеналық тағы басқада қасиеттері бар. Киімнің ауа өткізгіштік қасиетті деп адам денесіне ыңғайлы, суықты, жылыны бірқалыпты ұстауын айтамыз. Төзімділік қасиеті деп киімнің тозуын айтамыз яғни киімнің шыдамдылығын, көпке шыдауын. Мысалға: жуған кезде киімнің оңып, созылып кетуі, кожа киімдерінің суыққа төзімді болуы тағы басқа. Зиянды заттардан қорғауы күннің сәулесінен, ыстықтан,суықтан, шаң тозаңнан, кейбір химиялық заттардан қорғау жатады.

Гигеналық қасиеті деп киімнің адам денесінен бөлініп шығатын тер бөлініп шығатын заттарды соруы денені құрғақ әрі таза ұстауға пайдасы өте мол. қоғамдық дамудың қазіргі сатысында киім деп өсімдік, мал тектес және жасанды матерялдардан тігіп адамды қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен қорғайтын, ағзаның қалыпты және сақтайтын температурасын сонымен бірге оған әртүрлі көрік беретін заттар жиынтығын айтады. Киім қасиеттері ол тікелей матаға және киілетін орынға байланысты өйткені күн ыстық кездері ауа өткізбейтін болғандықтант адамға ыңғайсыздық тудырады. Киімнің тағы бір қасиетті жуған кезде тар немесе қысқа болып қалатындығын ескеген жөн. Көбіне төзімді киімдерге дженсилік маталардан тігілген киімдер жатады.

Киім адам денесін қоршаған ортаның әр түрлі әсерінен (ыстық,суық,ылғал,шаң-тозаң және т.б.) қорғайтын құрал ретінде пайдаланылады.Қоғамдық дамудың қазіргі сатысында киім деп өсімдік,мал тектес және жасанды материалдардан тігіп,адамды қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен қорғайтын,ағзаның қалыпты температурасын сақтайтын және сонымен қатар,оған көрік беретін әр түрлі заттарды айтады.Киім адамзат материалдық мәдениетінің элементтерінің бірі болып табылады.Адамзат қоғамының әрбір тарихи даму кезеңінде тігін бұйымдары өзгеріске ұшырап отырады.Ол қоғамдық құрылыстың,техника мен экономика дамуының,сондай-ақ ұлттық мәдениеттің өзіндік ерекшелігін,халық тұрмысының,көркемдік талап-талғамы мен салт-дәстүрлерінің талаптарын бейнелейді.Біз, шын мәнісінде, іш киім, жеңіл киім және сырт киім, бас киім,аяқ киім,биялай, шұлық және басқа бұйымдар сияқты заттардың кең жиынтығын киім деп түсінеміз.

Адам болмаса киім өзінің мағынасын жоғалтады, оған тән қызметтер жойылады. Сондықтан, киім формасының даму заңдылықтары ылғи да, моданың сұранысына және дәуірдің көркемдік талаптарына тәуелді емес, адам тұлғасының тектоникасына тәуелді болып есептелінеді. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білуде өнер.Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі - әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты,киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады.

Киімді жарасымды етіп пішу- қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек. Сонымен қатар киім адамды қоршаған ортаның табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды оны тұтыну мәні мен бірге қызмет ететін маңызы бар. Алғашқы кезде киімді қазақтар мал терісінен илеп жүнен тоқып тігіп киетін болған киін бертін келе матаға жүн салып сыратын болды. Қазіргі кездегі киімдер мынадай түрлерге бөлінеді: ерекше маталарды қажет ететін өндірістік, арнайы киімдер, жұмысқа, қыдыруға, саяжай мен куроттарға, әскери адамдардың теміржолшылардың, спорттық деп және тағы басқа. Киім-утилитарлық және эстетикалық қызыметтерді атқаруға, адам денесін сыртқы әсерден қорғауға арналған бұйымдардың жиынтығы. Киім сөзімен мағыналас қолданылатын “Костюм” ұғымы кең мағынаны қамтиды. Қазіргі кездегі костюмнің атқаратын қызметі сан алуан ол ең бірінші қажеттілік болып табылады. Өйткені киім адам ағзасын табиғаттың және өндірістің ортаның әртүрлі зиянды әсерлерінен қорғайды.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных