Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сократ философиясындағы адам мәселесі




Софистер. Б.д.д. V ғ.Ежелгі Греция-құлиеленушілік демократия логика, риторика, философияның жедел қарқынмен дамуына жол ашты. Соттарда, халық жиналыстарында әдемі сөйлеп, халықты, мүмкін болса, өз қар-сыластарын да айтқанына сендіріп, өз жағына_тарта білу өнері алдыңғы қатарға шығады. Осыған байланысты риторика (әдемі сөйлеу өнері) өнеріне_ақы алып үйрететін ұстаздар пайда болады.. Оларды софистер деп атады. Олардың басты қағидасы —әркімнің өз ақиқаты бар. Жақсылық пен жамандықтың мөлшері жоқ. Кімге не пайдалы болса — сол жақсылық, игілік.

Софизмнің қальштасуына Протагор, Горгий, Гиппий, Критий, т.б. ойшылдар атсалысты. Солардың ішінде өз ерекшеліктерімен көзге түскен ойшыл Протагор (б.д.д.шам Vғ 80 ж) болды. Негізгі ең

бектері: “Ғылымдар туралы”, “Мемлекет туралы”, “Құдайлар туралы”, т.б. Протагор шығармалары бізге толық күйінде жетпеген, кейбір фрагменттері ғана сақталган.

Протагор білімінің салыстырмалы екендігі туралы ілімін материяның абсолютті өзгермелі және тұрақсыздығы сияқты қасиеттеріне сүйеніп дәлелдемек болады. Егер табиғаттың өзі абсолютті өзгерісте болатын болса, онда оны танып-білуге бағытталған субъектінің білімі де өзгермейді, тұрақсыз. Олай болса, өзгермслі, қарама-қарсы екі пікір айтуға болады және сол пікірлердің екеуі де дұрыс болуы ғажап емес. Мұндай жағдайда адам әбден шатасуы мүмкін, сондықтан ол осы екі қарама-қарсы пікірдің біреуін қабылдап, екіншісін теріс пікір ретінде жоққа шығаруы керек. Осыдан келіп, Протагор «Адам — барлық заттардың мөлшері«деген қағиданы ең негізгі қағида ретінде қабылдайды. Бұл қағида бойынша, маған заттар қалай болып көрінсе, мен үшін олар солай болып, ал саған қалай көрінсе, сен үшін солай болып қалады.

Білімнің салыстырмалы екендігін Протагор өздігінен ештеңе өмір сүрмейді және пайда болмайды, олар басқаларға қатынасы арқылы айқындалады деген пікір төңірегінде дәлелдемек болады. Сондықтан: «Жел салқын ба? Немесе жел дегеннің өзі бар ма деген сұрақтардың өзі дүрыс емес. Себебі біреулер үшін жел болуы мүмкін, ал басқа біреулер үшін ол болмауы мүмкін, біреулерді ол теңселтіп-құлатуы мүмкін, ал енді біреулер оны елемеулері мүмкін. Олай болса, түйсіну субъективті құбылыс, бұдан шығатын қорытынды: әркімнің өз түйсінуіне байланысты айткан пікірлері — өздерінше ақиқат, тек соны дәлелдей білу керек. Демек, ешкімде де теріс пікір жоқ, бірақ сол көп пікірлердің ішінде біреуі ақиқат болуы немесе дұрысырақ болуы ғажап емес. Данышпандардың пікірлері басқа адамдардікінен гөрі дұрысырақ келетініне талас жоқ.

Пікір таңдауда адамдар пайдалылық мөлшеріне сүйенуі керек. Ол жамандық пен жақсылықтың салыстырмалы болатындығын, ал объективті нақтылықта олардың жоқ екендігін көрсетеді. Олай болса, ненің жаман, ненің жақсы екенін өз пайдаңа байланысты шешуің керек».

“Рақымшылдық (адамгершілік, ізгілік) дегеніміз не, оған адамдарды үйретуге бола ма?” деген сұраққа Протагор былай деп жауап береді: “Ізгілікке, рақымшылыққа талпыну қабілеті барлық адамдарда бар, бірақ ізгіліктің, рақымшылықтың өзі туа біткенен болмайды, сондықтан оған адамдарды оқыту, үйрету керек. Егер адамдар өздері соған талпынса, онда ізгілікті, рақымды адам болып шығады. Осыған байланысты мемлекет қоғамда ізгілік, рақымшылық сияқты қасиеттерді тәрбиелей алатын болғанда ғана қылмыскерлерді жазалауға болады, себебі жазалаудың өзі жамандықты болдырмау үшін қолданылатын шара ғой”, -дейді Протагор.

Сократ та, Платон да, Аристотель де софистік ілімді, оның ішінде Протагордың ілімін сынға алып, софизм деген шын данышпандық емес, алдамшы данышпандық, ал софистер осының арқасында пайда тауып жүрген адамдар деп көрсетеді.

Антика философиясының 2-ші кезеңі атақты ойшыл-философ Сократтың (б.д.д.469-399жж) есімімен тығыз байланысты болғандықтан, “Сократтан кейінгі” немесе “классикалық кезең” деп аталады.ол мысқылдауды ақиқатка жетудегі таным қүралы етіп алады. Ол жазбаша еңбектер қалдырмаған, философиялық көзқарастары Платон, Аристотель еңбектері арқылы жетті. Сократ ауызша пікірталастырып, диалог арқылы өзінің қарсыластарын қарастырылып отырған мәселе туралы жаңа, тың білімге әкелуге тырысты. Бұл жолда ол мысқылдауды ақиқатқа жетудегі таным құралы етіп алады. Сократ қарапайым түк білмейтін адам сияқты көрінеді де, қарсыласына олардың жақсы білетін сұрақтарды қояды, қарсыласы ол сұрақтарға жауап бергеннен кейін, тағы да алдын ала дайындалған сұрақтар қойылады, сөйтіп, қарсыласы өзінің бастапқы айтқан пікіріне өзі қарсы пікір айта бастайды. Осы кезде Сократ мысқыл-кекесінмен қарсыласын менменшіл, өзім білем сияқты пікірінен толығымен арылтады да, енді онымен бірге өзі де көтерілген мәселені айқындай түсуге, жан-жақты түсініктеме беруге тырысады. Сөйтіп, Сократ өзінің қарсыласын қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы біртіндеп ақиқатқа жақындата түседі. Өзінің осы тәсілін ол майевтика (дүниеге келетін сәбиді қабылдау өнері деген мағынада) деп атайды. Майевтиканың мақсаты, қарастырып отырған мәселеге түсініктеме бере отырып, осы сияқты құбылыстардың бәрін қамтитын жалпы ұғымды қалыптастырмақ болады. Бұл ретте қарсыластары ол ұғымды қалыптастыру керектігін түсінбегендіктен, ол “Мен өзімнің түк білмейтіндігімді білемін” деген қағиданы өз философиясының негізгі қағидаларының бірі етіп басшылыққа алды. Осыдан келіп, ол 2-ші қағиданы ұсынады, ол – “Өзіңді өзің таып-біл!” Өзіңді өзің тану деген - өзіңді қоғамдық, әдептілік тұлға ретінде қарастыру арқылы барлық адамдарға тән өнегелі негізгі қасиеттері төңірегінде этикалық ұғымдар қалыптастыру. Сократтың пікірінше, моральдық өлемшемдер объективтік құбылыстар. Ал жақсылық пен жамандықтың арасындағы айырмашылық салыстырмалы емес, абсолютті бағытта болады. Сондықтан софистер сияқты бағыттылықты пайдалылықпен теңестіруге болмайды, керісінше, бағыттылық игілікке пара-пар. Жақсылық жасағанда, ол жақсылықтың не екенін білген дұрыс. Егер адамдар жақсылықтың да, жамандықтың да не екенін, олардың табиғатын түсініп-білетін болса, онда олар еш уақытта да жамандыққа бармас еді. Жамандықтың өзі жақсылықтың не екенін білмегендіктен болатын сапар. Сондықтан адамдар баюға, жұмыс бабында жоғарылауға, мемлекеттік басқару ісіне араласпауға, т.б. құмартпаулары керек, керісінше, “өз қамыңды өзің ойлап”, өзіңді өзің өнегелілік, интелектуалдық жағына көтер, бұл ретте адамдарға философия көмек береді.

Өмірінің соңғы кезінде Сократқа жастарды бұзды, құдайларды жоққа шығарды деген күнә тағып, ол у ішіп өлуі керек деген үкім шығарады. Түрмеден қашып шығуға (ізбасарларының көмегімен) мүмкіндігі болса тұра, ол мемлекетте қабылданған және өмір мүріп тұрған заңды бұзбау керек деген пікірді желеу етіп, б.д.д.399ж өзінің достарының, ізбасарларының алдында у ішіп өледі. Сократтың өмірі ілімінің қалай іске асқандығын көрсетіп берген ғажайып өмір болды. Сократтың: “әр адамның өз пікірі болуы мүмкін, бірақ ақиқат олардың бәріне ортақ – ол біреу ғана” деген тұжырымы, сол сияқты ұғымдардың ауыспалылығы туралы (кейбір жағдайларда олардың бір-біріне ауысып отыратындығы туралы) идеялары өзіненкейінгі ойшылдарға үлкен әсер етіп, ұғымдар диалектикасы туралы ілімнің қалыптасуына және дамуына ойтүрткі болды.

Рақымшылдық және бақыт туралы Сократтың ілімдері б.д.д.V-Viғғ кең етек алған екі философиялық мектептің – киниктер мен гедонизмнің этикалық ілімдерінің өзекті мәселесіне айналды.

Киниктер философиясының (“Киносарг” деп аталған гимназияның атымен аталып кеткен-“көгерген ит”) негізін қалаушы Антисфеннің (б.д.д.444-368) пікірінше, нақты өмір сүретін тек жеке заттар ғана, ал жалпы ұғымдар заттардың қандай зат екенін анықтайтын сөз ғана. Ал білім дегеніміз- ұғымдардың мазмұнын құрайтын пайымдаулар. Бірақ олардың мазмұнында заттардың мәнін көрсететін қасиеттер мен әртүрлі белгілерді теріп көрсетуге болмайды, себебі олар туралы дұрыс пайымдау субъекті мен предикат тепе-тең (товталогия) болған жағдайда ғана (математик дегеніміз математикадан сабақ беретін адам) қалыптасады. Киниктердің жеке заттар мен жалпы ұғымдар туралы пікірлері ортағасырдағы номиналистердің жалпы ұғымдар мен жеке заттар туралы идеяларымен ұштасып жатқанын байқаймыз.

Антисфен өзінің ұстазы Сократтың рақымшылдық, ізгілік, басқа туралы ілімін ілгері қарай жалғастырып, түкке тұрмайтын құндылығы жоқ байлық, денсаулық, т.б. сияқты игіліктермен салыстырғанда, рақымшылдықты ең құнды және жалғыз ғана игілік деп уағыздаған. Себебі адам өзінің негізгі мақсаты – бақытқа тек рақымшылдық арқылы жетуга болады. Рақымшыл болу үшін, ол туралы көп сөздің немесе білімнің қажеті жоқ, ол тек іс-әрекет арқылы ғана көрінеді. Жұрттың бәрі рақымшыл болуға қабілетті, бірақ оған өз құмарлығын шектей алатын адамдар ғана жете алады. Ондай адамдар тағдырға тәуелсіз, шын мәнінде ерікті рақымшыл данышпандар. Олардың идеалы — өздерін күнделікті қажет талап-тілектермен шектеп, табиғатпен үйлесімді өмір сүру. Ал шын мәніндегі, ең жоғары бақыт — бақытгымын деп өлу.

Киниктер мемлекеттік заң мен рақымшылдық заңдарын ажыратып, бөліп қарастырады. Мемлекеттік заң рақымшылыққа жеткізбейді. «Шынында да, дауыс беру арқылы топас адамдарды қолбасшы қылып сыйлайтын мемлекетті рақымшылыққа жеткізетін мемлекет деп айта аламыз ба?» — деп сауал қояды Антисфен.

Материалдық түрмыс қасиеттерін елемей, қоғамда қалыптасқан әдет-дәстүрлерді мысқыадай отырып, нағыз данышпандық, рақымшылдық, бақытты іздеген Антисфеннің ізбасары Диоген Сипопский (б.д.д. 412—323 жж.) —киниктердің этикалық ілімін өз өмірінің негізгі қағидасы етіп қабылдаған. Осыған байланысты өзінің артынан көптеген анекдотқа ұқсас әңгімелер қалдырған ойшыл. Мысалы, ол туралы замандастары былай дейді: бірде базар алаңында, бөшкеде отырған Диогеннен Ұлы Александр: «Сіздің қандай өтінішіңіз болса да орындауға әзірмін», — деп сұрағанда, ол: «Күнді қалқаламаңыз», — деп жауап беріпті. Ол өте кедей тұрғанына қарамастан, киниктердің түсінігінше, ракымшылыққа, бақытқа, шынайы бостандыққа жеткізбейтін адамдардың кемшіліктерін сынап, ләззатқа деген құмарлықты жек көрудің өзі ләззат екенін уағыздаған. Тал тусте қолына фонарь үстап базар алаңында: «Халық — көп, адам аз екен» деген сөзі осы пікірді нақтылайтын сияқты.

Киниктер материалдық игіліктерден бас тартып, аскеттік өмірді уағыздаса, гедонистік (Кирендік-Кирен қаласының атымен) мектептің өкілдері өмірде өз түйсіктерінің мәліметтерін басшылыққа ала отырып, сезімдік қуаныштарға, ләззатқа берілу керектігін уағыздады. Ал ләззат, бақыт дегеніміз – минуттық сезімдік қуаныштардың жиынтығы, оларды, қастерлеп, мүмкіндігінше пайдалану керек. Өмір қайғы-қасіретке толы болғандықтан, өмірмен қатар өлім де тартымды. Тек қана байлыққа, даңққа құмарту — ақылсыздардың ісі, ал данышпан болса, оған өмірде не болып жатқанының бәрібір: бай ма, кедей ме, ерікті ме, еріксіз бе, т.б.

Гедонистік философияның негізін қалаушы ойшыл Аристипптің ( б.д.д.435-355 ) көзқарасы қалыптасуына Сократ ілімімен қатар софизмнің де әсері болды. Оның пікірінше: “Танымның қайнар көзі – түйсік. Ал түйсік арқылы біз табиғаттың заңдылықтарын немесе қасиеттерін танып-біле алмаймыз, сондықтан табиғатты тінып-білемін деп әуреге түсудің қажеті жоқ, керісінше, біз тек өзімізге тән субъективті қабілеттеріміздің нәтижесін тани аламыз”. Осыдан келіп, Аристипп: “Тек өзіміз сезінген ләззат пен қасірет қана игілік, рақымшылық, - деген тұжырым жасайды.-Ләззат өткенге де, болашаққа да бағытталмайды, ол тек қазіргі нақтылық. Сондықтан қазір ғана ала алатын ләззатқа ұмтылу керек.

Ләззатқа жетудің бірден-бір жолы-өз еркіңмен қол жетпейтін немесе қасірет әкелетін құмарлықтардан бас тарту. Кез келген адам өзінің рухы мен тәнін рахаттануға, ләззат алуға бағыштап, өзін де, басқаларды да шаттыққа бөлеулері керек”.Сондықтан қазір ғана ала алатын ләззатқа ұмтылу керек.

Сөйтіп, Аристипп рахатқа бөлену, бақыт сияқты субъективтік құбылыстарды адамдардың іс-әрекетінің негізгі өзегі (мотив) және мақсаты ретінде қарастырады. Осы өнегелілік бағытты басшылыққа алып іс-әрекет жасаған адам өз замандастарының алдында да, болашақ алдында да зор сыйға бөленетінін айта келіп, Аристипп мемлекетті, онда қалыптасқан заңдарды, т.б. рахатқа бөлену, бақытқа жету жолындағы құрал деп қарастырады.

Аристипп ізбасарлары: «Данышпандарға әдептілік қағидаларын сақтаудың қажеті жоқ, мысалы, данышпан өзін Отаны үшін құрбандыққа шалмайды, себебі «оның Отаны — бүкіл әлем» (Феодор) деген идеяларды өз ілімдерінің басты қағидаларының бірі етіп қабылдап, онда ең жоғары данышпандықтың белгісі жатыр деп есептеген. Киниктердің, гедонистердің ілімдері кейін қалыптасқан стоиктер, эпикуршылық, т.б. сол сияқты бақыт мәселесін өз философиясының өзегі етіп қабылдаган ағымдарға зор әсер етті.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных