Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Эллиндік және римдік философия




Біртұтас әлемге тән қажеттілік заңын стоиктер қоғамдық өмірге де таратады. Осыдан келіп, олар бостандық және адам өмірінің ең жоғары мақсаты сияқты мәселелерді өз ілімдерінің өзекті проблемалары деп санаған. Бостандық ұғымын стоиктер қажеттілік ұғымы арқылы түсіндіруге тырысады. Қажеттілік («тағдыр») талассыз айқын болатын зандылық болғандықтан, бостандықтың болуы мүмкін емес. Адамдардың іс-әрекеттері бір-бірінен ерікті немесе еріксіз жасалғандықтарына қарап ажыратылмайды. Себебі олардың тек қажеттілікке байланысты болатындығы белгілі, керісінше, олар бір-бірінен болмай қоймайтын, заңды қажеттілікті өз еркімен немесе амалсыздан (зорлықпен) орындауларымен ажыратылады. Қажеттілік заңына байланысты тағдыр біреулерді алға жетелесе, оған қарсы болғандарды сүйрелейді.

Ал адамдар, бір жағынан, қоғамдық жандар, екінші жағынан, біртұтас әлемнің бір бөлігі болғандықтан, олардың өзін өзі сақтауға талпынысы, айналып келгенде, мемлекеттік игілік үшін қамқорлық деңгейіне дейін, кейбір жағдайда әлемдік біртұтастық аддындағы өз міндетін түсінуге дейін көтереді. Осы себепті данышпандар өз игілігінен гөрі мемлекеттік игілікті жоғары қойып, қажет болған жағдайда, ойланбастан өз өмірін қиюға дейін барады. Стоиктер білімнен данышпандықты жоғары қойып, білімді данышпандыққажетудің бірден-бір жолы деп уағыздады.

Қандай да болсын әдептілік іс-әрекеттер өзін өзі сақтауға бағытталғандықтан, жаман әдепсіздік іс-өрекеттер адамның өз табиғатын құртуга жетелесе, дұрыс, жақсы, әдепті іс-әрекеттер адамды тағдырға көнбеуге, ешқандай сырт күш алдында бас имеуге бастайды, сөйтіп, адам бақытының кепіліне айналды.

Демокриттің атомистік ілімдерін әрі қарай жалғастырған ежелгі грек философы Эпикур (б.д.д шамамен 342/41—271/270 жж.) болды. Эпикурдың еңбектері сақталмаған, бізге тек үш хаты мен шығармаларының кейбір фрагменттері ғана жеткен. Эпи-курдың ілімінше, атомдар — дүниенің алғашқы бастамасы. Оларға, Демокрит атаған қасиеттерден басқа, көлем, салмақ сияқты мәнді қасиеттер тән. Салмақтың арқасында атомдар еркін «құдайды» және жолдан ауытқиды. Осылай «өздігінен еркін ауытқитын атомдар» — қозғалыстың себебі және қайнар көзі. Солардың арқасында атомдар өзара байланысқа түсіп, жекелеген денелер пайда болады. Космоста сансыз көп жекелеген әлемдер бар. Осы әлемдердің арасындағы бос кеңістікте мәңгі өлмейтін, бақытты құдайлар өмір сүреді. Олар әлем және адамдар жағдайынойламайды. Өмірге келіп және одан кететіндер тек тіршілік иелері мен жан ғана. Жан жіңішке, жеңіл, домалақ және тынымсыз атомдардан тұрады.

Табиғатты танып-білу негізгі мақсат емес. Бірақ табиғат туралы білім адамдарды соқыр сенім мен діннен босатуға және өлім алдындағы қорқынышты жеңуге мүмкіндік береді де, олардың бақытқа жөне шаттыққа кенелуіне жағдай туғызады. Бақыт пен шаттықтың мәні құмарлықта жатыр. Адам үшін құмарлықтың қайсысының болса да жамандығы жоқ, бірак көп түрлі құмарлықтың ішінде рухани құмарлықтың орны ерекше, себебі ол басқалардай емес, өте тұракты және сыртқы әсерлерге тәуелді емес. Адамдар ақылдың күшімен және ешқандай жаманшылық бүза алмайтын сабырлылық пен салмақтылықты сақтай отырып (атараксия) қүмарына жетулері керек.Эпикурдьщ этикалық ілімінің негізінде кейінірек эпикуризм деген ілім және өмір сүру тәсілі кең өрі с алды. Бүл ілімнін басты идеясы — өмірдегі құмарлықтардың ішінде материалдық қуаныштарға еш ойланбастан бірінші жол беру.

Эпикурдың жолын ұстап, ілімін әрі қарай дамытқан ежелгі Рим философы және ақыны Лукреций Карр (б.д.д. шамамен 96 — б.д 55 жж.) болды. Негізгі еңбегі: «Заттардың табиғаты туралы». Лукреций Эпикур сияқты атомдардың қозғалыс барысында ауытқуы материалдық денелерді қалыптастырады, ал олардың пайда болуы және өзгеріп, дамуы қатал себептілік заңына бағынады дейді. Бұл заңдылық адам тағдырына бейтараптықпен қарап, олардың қайғы-қасіреттерін көбейтеді. Осыған қарамастан, адамдар тағдырға мойынсұнбаулары, керісінше, қолдарынан келгенінше тағдырдың тәлкегінен тәуелсіз болуға ұмтылулары керек.

Лукреций әлемдегі заттардың бәрі себептілік заңына бағынады десе де, оларда себептілік заңынан басқа жасырын күштің бар екенін мойындайды. Бірақ ол қүдайға байланысты емес, себебі қүдай жердегі өмірге араласпайды.

Қорыта айтқанда, Эпикурдың, Лукреций Каррдың табиғат құбылыстарын табиғи себептермен байланыстырып, адамдарды табиғаттың дүлей күштерінен қорықпауға, тіршілікте құмарынан шығып, куанышты өмір сүруге шақырған ілімдері философия тарихында ерекше орын алды.

Неоплатонизм —б.д. ІІІ—VIғғ. белгілі ойшылдар Аммоний Саккс, Плотин, Порфирий, Прокл, Ямвлихтардың ілімдері арқасында қалыптасқан ежелгі греко-римдік философияның соңғы түрі. Неоплатонизмнің калыптасуына, бір жағынан, Платонның ілімінеАристотельдің, стоиктердің, пифагоршылардың кейбір идеяларының араласып, қосылуы үлкен эсер етсе, екінші жағынан, Шығыс мистикасы мен христиан дінінің әсерін байқаймыз. Бірақ бұл байланыс бір жақты болған жоқ, христиан дініне неоплатонизмнің әсер еткені белгілі. Неоплатонизмнің бастапқы ілімінде құдай дегеніміз — оның табиғаты, мәні туралы ешқандай нақты пікір айтуға болмайтын және ол туралы ақиқат білім алуға болмайтын болмыс. Неоплатонизмді бір жүйеге түсіріп, өзіндік философиялық бағыт ретінде қалыптасуына белсенді атсалысқан ойшыл Плотин (205-270 жж.) болды. Оның пікірінше, алғашқы мәнділікдегеніміз — даралық, бірақ ол ақыл-ой немесе ақыл-ой танымының қарастырар объектісі емес. «Даралық» өзінің эманациясының (төгілу, тарау, шашылу) арқасыида әлемдік рух — нусты бөліп шығарады. Ал нус — әлемдік жандар мен идеялар әлемінің ордасы, шын мәніңдегі әлем (болмыс). Керісінше, сезімдік заттар әлемі — идеялар әлемінің иллюзорлық бейнесі. Әлемдік жандар жекеленген жандарға бөлінеді. Ал материя — эманацияның ең төменгі сатысы ретінде, өміршең емес «жауыз» (мейірімсіздік) ретінде, құдайдың алғашқы мәні — абсолютті жоққа шығарушы ретінде пайда болған бейболмыс. «Даралықтан» тарайтын адамдар жанының соңғы жөне ең жоғары мақсаты — «даралықпен» қайтадан қосылу. Бұл мақсатқа экстаздың арқасында жетуге болады. Ал танып-білу — экстазға жетудің дайындық сатысы

Қорыта келгенде, Плотиннің көтерген негізгі мәселесі, бір жағынан, алғашқы даралық — құдай болмысынан ақыл-ой, әлемдік жан,жеке адамдардың жаны арқылы төмен қарай бейболмысқа (материяға) ұмтылған қозғалыс болса, екінші, жағынан, адамдар жанының экстаз арқылы құдаймен қосылу үшін жоғары қозғалысы.

Антика философиясыныңкөтерген мәселелерін қарастыра келе, қорыта айтарымыз: антикалық дүниетанымдық көзқарастарда кейінгі кезде қалыптасқан негізгі философиялық ілімдерге тән идеялардың барлығы орын алды, сөйтіп, олар философияның ғылым ретінде қалыптасуына зор әсер етті.

 

Негізгі әдебиет:

1. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. – Алматы, 2004.

2. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999.

3. Әбішев Қ.Ә. Философия: Студенттер мен аспитарттарға арналған оқулық. – Алматы, 2001. – 8-21 бб.

4. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: Білім, 2005.

5. Философия: жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық / құраст. Т. Ғабитов. – Алматы: Раритет, 2008.

6. Сарсенова Ж. Философия: оқу құралы. – Алматы: Өлке баспасы, 2010.

7. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәли Қ. Философия тарихы: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 1999. – 228 б.

Қосымша әдебиет:

8. Әбішев Қ.Ә., Әбжанов Т.Ы. Философия тарихындағы таным теориясы және метод проблемасы. – Алматы, 1990.

9. Қазақ рухының философиясы: Оқу құралы. І-кітап. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003. – 240 б.

10. Әлеуметтік философия. Хрестоматия. – Алматы, 1996.

11. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Адамға қарай бет бұрсақ: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 160 б.

12. Философиялық сөздік. – Алматы, 1996.

13. www.philosophy.ru

14. www.ihtik.lib.ru

15. www.bestreferat.ru

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных