Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Платон және Аристотель философиясы




Платон (б.д.д 427—347 жж.) —Сократтың дәріс алған, оның ілімін әрі қарай жалғастырушы, өзінің терең де мағыналы философиялық ойларымен жалпы философия ғылымының дамуына үлкен әсер еткен ғұлама-ойшыл. Платон – оның лақап аты (жалпақ, кең деген мағына береді), шын аты – Аристокл. 20 жасында Сократтың дәріс алған, кейін Афинадан Гекадем (гректердің батыр құдайы) атындағы гимназияда ұстаздық етеді. Бұл мектеп алғашында Гекадемия деп, соңғы кезде академия деп аталынады. Негізгі шығармалары: “Апология” (Сократты қоғау), “Китон” (заңды сыйлау туралы), “Кратил” (тіл туралы), “Федон” (әділеттік туралы), “Мемлекет” (идеялар теориясы), “Теэтет” (білім туралы), “Тимей” (космогония), “Заңдар”, т.б.

Платон пікірінше, шын болмыс – ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Платонның болмысы Парменидтікіндей біртұтас болмыс емес, керісінше, өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Әлемде қаншама бір тектес, бір-біріне ұқсас заттар, құбылыстар, процестер, қатынастар, т.б. көп болса, сонша идеялар бар. Идеялар бір-бірімен тек қана қарым-қанынасты емес, соынмен бірге бір-біріне бағынышты бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болды. Платон рухани әлемнің жеке-жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе “эйдос” деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т.б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әртүрлі міндет атқарады: 1. Себептілік. 2. Заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі. 3. Заттардың_түпнегіз бейнелейтін үғымы.

Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдоста (идеялар) мәңгі, өзгермейді, сондықтан Платон оларға қосымша тағы бір ұғым –“хораны” (материя) кіргізді. Хора-материя көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін, өзіне өзі тең құбылыс. Бірақ ол кез келген түрді қабылдап, пішінделген (түрленген) материя болуға қабілетті. Оны денелі немесе денесіз деп айтуға болмайды. Платонның материясын танып-білуге болмайды, ол – бейболмыстың бір түрі. Осыған қарамастан, материя – көп түрліліктің, жалқылықтың, заттанудың, өзгерістердің, туу мен өлімнің, табиғи қажеттіліктің, жамандықтың еріксіздіктің қайнар көзі. Материя мәңгі, ол өмірге идея (эйдостар) арқылы келмейді.

Платон материяның бұл физикалық материя түрін ажыратып қарастырады. Физикалық материя антикалық көзқарастарда қалыптасқан 4 түпнегіз – от, жер, су, ауа түрінде өмір сүреді. Сезімдік заттар – заттандырылған идеялар мен материяның туындылары.

Материалдық денелер өзгермелі: уақытша дүниеге келіп, мәңгі жоғалып жатады. Заттар идеялармен 3 түрлі байланыста болады. 1-ден, заттар өзінің идеяларына ұмтылады, сол идеяларға ұқсауға тырысады. 2-ден, әрбір затта идеяның бөлшектері бар, сондықтан заттар өз идеялары сияқты болады. Бұл пікірді былай деп түсіндіруге болатын сияқты: егер заттар өз идеяларынан басқа болса, онда олардан бөлек және жоғары сатыда тұрған, заттар мен идеяларды біріктіретін тағы бір идея болуы керек. Мысалы, адам идеясы мен адамнан басқа, осы екеуін біріктіріп қамтитын үшінші адам идеясы болуы керек. 3-ден, сезімдік әлемдегі заттар ой идеяларымен бірігіп кетеді. Себебі заттар—идеялардың көлеңкесі, олардың бейнеленуі, ал идеялар – заттардың алғашқы түрлері, пішіндері. Өзінің осы ілімін түсіндіру үшін, Платон “үңгір” туралы аллегориясын келтіреді: адамның өмірі үңгірде өмір сүретін адамдардың қоршаған ортаны танып-білуімен өте ұқсас. Үңірдегі адам заттардың өзін емес, тек олардың көлеңкесін ғана көріп таниды және оларды табиғаттың шын құбылысы екен деп есептеп, үңгірден сыртқа шыққанда шынайы құбылыстарды көріп, оларды шын мәніндегі заттар ретінде мойындамайды, осы пікірдің қате екендігін түсіндіріп айтқан адамды жынды санап, өлтіруге дейін барады.

Платонның ілімі бойынша, идея мен материядан басқа 3-ші бастама - әлемдік рух немесе космос рухы шығармашылық күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, сананың және таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемі мен заттар әлемін қосып, бйланыстырады, ол заттарды идеяға ұқсауға, ал идеяларды заттарда болуға көндіреді. Осы екі әлемді біріктіріп, байланыстыру үшін, космостық рухтың өзі қарама-қарсы 3 бөліктен тұрады: 1- өзіне өзі тең бөлік (идеялар әлемі), 2-сі - өзгермелі бөлік (материя) және 3-сі – сол екеуінің қосындысынан тұратын бөлік (сезімдік заттар әлемі). Космосқа рух беретін – демиург. Ол космостың мәңгі бастамасы, себебі және жүйеге клтіруші. Әлемдердің пайда болу себебі – демургтің жігері. Олай болса, космос – демург жігерінің материя арқылы заттандырылуы және сол әлемнің тірі организмдерге айналуы. Космостың тіршілік иелерінікі сияқты ақылы мен жаны бар.

Космостық денелер материядан (от, жер, ауа, су) туралы. Бұл түпнегіздер әртүрлі пішінді болғандықтан, өзара байланыса келіп, көп түрлі денелер құрйды және жоғарыда айтқандай, өзіне өзі тең бөлік (идеялар әлемі) пен өзгермелі бөлікті (материя) қосып, космос рухын дүниеге келтіреді. Космос рухы немесе әлемдік рух 2 түрлі (ішкі және сыртқы) қозғалысты тудырады. Сыртқы қозғалыспен Күн, Ай планеталары қозғалады. Бұл - әлемдік рухтың бірінші қызметі.

Космос рухының 2-ші қызметі – танып-білу. Ол өзіне өзі тең бөлігінің біріккен бөлігі арқылы заттар әлемін танып біледі.

Игілік (қайырымдылық) дегеніміз – жанның реттіліг мен гармониясы. Платонның түсінігінше: данышпандық, естелік және әдеттілік. Бұл игіліктер адамдардың бәріне бірдей дарымайды. Осы игіліктердің даруына қарай қоғамдағы әлеуметтік топтарды үш топқабөлуге болады. Олар: игіліктердің 4 түрі дарыған философтар, сондықтан олар мемлекетті басқарулары керек; данышпандықтан басқа, қалған үш игілік дарыған әскербасылары, т.б. Ал игіліктің соңғы екеуі ғана дарығандар қолөнершілер, шаруалар, саудагерлер, т.б. Осы аталған әлеуметтік топтардың әрқайсысы мемлекетке пайдалы және өте қажет. Сондықтан мемлекет өз тарапынан азаматтарын игілік рухында қалыптастыруға, тәрбиелеуге жағдай жасауы керек. Идеалды мемлекетте жоғарыда аталған 3 әлеуметтік топ бір-бірімен жарасып, әрқайсысы өз ісімен айналысады да, мемлекетте қайырымдылық (игілік) орнайды. Өзінің идеалды мемлекет идеясын жүзеге асыруға (Дионасияда, яғни қазіргі Сицилияда) тырысқан Платонның іс-әрекеті сәтсіз болды.

Платон — мәдениет тарихында өшпес із қалдырған ұлы ойшыл. Оның көптеген ой-пікірлері кейінгі ұрпақ философтарға үлкен ықпалын тигізіп, күні бүгінге дейін өміршеңцігін көрсетіп келеді.

Ежелгі Греция философиясының биік шыңдарының бірі ұлы ғұлама Аристотель (б.д.д.384-322) болды. Ол өз алдына басқа ғылымдардың мәселелерін философия тұрғысынан қараған алғашқы ойшыл. Франция жағалауындағы Стигир қаласында дүниеге келді. 17 жасында Платоннан дәріс алған, ал 41 жасында Ұлы Александрдың (Македонский) тәрбиешісі болған. Ол Афиныда Ликей немесе перипатетиктер (кыдырып жүріп сүхбаттасу) мектебі деп аталатын оқу орнын ашты. Аристотель сол кездегі ғылымдардың барлық саласыңда атсалысып, көптеген еңбектер жазып қалдырған: “Категориялар”, “Аналитика” (1-2 томдар), “Топика”, “Физика”, “Метафизика”, “Этикалық трактаттар”, “Саясат”, “Риторика”, “Поэтика”, т.б.

Аристотель білімнің тарау аумағын қарастыра келіп, екі түрлі философияның бар екендігін айтады. «Екінші философия» — физиканың пәні материя мен үздіксіз қозғалыста және өзгерісте болатын сезімдік заттар болса, «Бірінші философия» — метафизиканың қарастыратын мәселелері: табиғи құбылыстардан тыс жатқан, өзгермейтін, мәңгі, қозғалмайтын мәнділік. Оны танып-білу табиғатгы танып-білуден құндырақ, сондыктан философия физиканың алдында тұрады да, «Бірінші философия» деп аталынады.

«Бірінші философия», бір жақты қарасақ, дүниенің алғашқы бастамасы — құдайға байланысты мәселелерді қарастыратын болғандықтан, теология деп аталуы керек сияқты. Бірақ құдайдың өзі алғашқы бастамалардың бірі болғандықтан және философия мәнділіктердің алғашқы бастамаларын ғана қарастырмай, оның себептерін де зерттегендіктен, ол теологиядан әлдеқайда ауқымдырақ және тереңірек.

Өзінің ілімін Аристотель мәнділікті болмыс деп қарастырудан бастайды да, оны сол болмыстың өзіне тән категориялары арқылы түсіндіруге тырысады. Осы тұрғыдан мән категориясы – мәнділікті түсінудің кілті. Ол өзіне дейінгі ойшылдарға үқсап мәнді материалдық зат (от, жер, су, ауа, атом) ретінде де, идея ретінде де қарастырмайды, оны өзіне тән әртүрлі көріністеріне байланысты тануга болады дейді. Мәннің көріністері: 1) түпнегіз, субстрат; 2) болмыстың мәні; 3) болмыстың мәні мен түпнегізден тұратындар; 4) жалпыға бірдей әмбебап жалпылық; 5) жалпылық; 6) ерекшелік.

Мәннің бұл аталған көріністерінің ішінде біреуі ғана – “болмыстың мәні” мәнділік болады, ал қалғандары мәнділік бола алмайды. “Болмыстың мәні”, түр (форма), “алғашқы мән” синоним ұғымдар. Аристотельдің пікірінше, форма – кез келген жалпы бастама емес, жәй жалпылық қана, осы тұрғыдан алғанда, ол жалқылар мен жалпылар арасындағы ерекшеліктердің арқасында өмір сүреді. Форма сапа да, сан да заттар арасындағы қатынастар да емес, ол – заттардың мәні, онсыз заттар өмір сүре алмайды. Сезімдік заттар көлемінде, оның мәні ретінде форма (түр) заттардан бөлек өмір сүрмейді. Қаншама ерекшеленген (топталған) заттар болса, соншама форма. Формалардың сатысымен көтеріле отырып, форманың ең жоғары түрі — материядан тыс өмір сүретін алғашқы қозғаушы күшке дейін жетеміз. Ондай форманы ешкім дүниеге әкелмейді, ол мәңгі. Формамен қатар алғашқы бастамалардың қатарына «хюлэ» — материя да жатады. Материяның екі түрі бар. Біріншісі — түрсіз, бейтарап, 2-шісі – заттарды материалдандыратын нәрсе. Материяның бірінші түрі мәңгі, бірақ өміршең емес, себебі өздігінен ештеңе тудыра алмайды. Анакисмандрдың апейроны сияқты белсенді де емес, қозғалыста да болмайды. Ал «екінші материя» өзіне «бірінші материяны» қабылдайды да, заттарды жасайтын материал (шикізат) ретінде формамен қосылып, сезімдік денелерді дүниеге әкеледі. Материя мәңгі болғанмен де, болмыс пен бейболмыстың ортасында екіүшты болып түрғандықтан, заттардың уақытшалығының, өзгермелілігінің қайнар көзі болып табылады. Материя мен форманы алғанда, басты роль формаға беріледі, себебі шын нақтылық — заттардың нақтылығы емес, форманың нақтылығы. Әлемде болып жатқан құбылыстардың барлығы мақсаттылыққа (теология) байланысты өзгеріп, дамиды, Олай болса, мақсаттылыққ та алғашқы_бастаманың бірі. Аристотельде мақсаттылық Платон айтқандай жалпы игілік атауы емес, керісінше, нақты игілік, ол — нақты мүмкіндікті жүзеге асыру және оны тамамдау.

Төртінші алғашқы бастама — қозғалыс. Мән мен форма қозғалғанда, ол әрекетшілдік қасиетке ие болып, заттар қозғалысының алғышарты болады. Бірақ әрекетшіліктің өзі сыртқы күшке тәуелді, оны қозғалысқа түсіретін—лғашқы қозғаушы күш. Форма да, мақсаттылық та, қозғалыс та осы алғашқы қозғаушы күшке тән. Бірақ ол материядан құр алақан, себебі материя тәуелсіз өмір сүреді. Бірақ материядан заттардың пайда болу мүмкіндігі ғана болса, форма – алғашқы қозғаушы күш ретінде нағыз шындық.

Аристотель қозғалысты әртүрлі категориялармен байланыстырып қарастырады. Мысалы, қозғалыс сапаға байланысты — сапалық өзгеріс; санға байланысты ~ ұлғаю, кему; орынға байланысты — бір орыннан екінші орынға қозғалу, т.б. түрленеді. Аристотельде кеңістік деген категория жоқ, оны «орын» категориясы алмастырады. Кеңістік (бос кеңістік болмайды) денелер орналасқан орындардан тұрады. “Орын” қозғалыстағы денелермен тығыз байланысты, бірақ олармен бірге қозғалмайды.

Уақыт та қозғалыспен тығыз байланысты. Бірақ оның қозғалыстан айырмашылығы бір қалыпты болмайды, ол бірде тез қозғалса, бірде жай қозғалады. Сондықтан, дейді Аристотель, уақыт қозғалыстың мөлшері. Ал уақыттың өзі қозғалыспен өлшенетін болғандықтан, қозғалыс –уақыттың мөлшері болып шығады. Уақыт өздігнен ештеңе туғызбайды, жоймайды да, бірақ барлық заттар, құбылыстар бір уақытта пайда_болып, жойылып жатады.

Аристотельдің пікірінше, табиғи денелердің тіршілік жасау мүмкіндіктері бар (жасанды денелерде ондай мүмкіндік болмай-ды). Осы мүмкіндіктің жүзеге асырылуы энтелихия (жан) арқылы болады. Жанның үш түрі болады: 1. Өсімдіктер жаны — жанның алғашқы және жалпы мүмкіндігі. Бұл жанның басты қызметі — өзін өзі үдайы өндіру және қоректену. 2. Жануарлар жаны — олар заттардың сырт пішінін түйсіктері арқылы қабылдай алады. 3. Адамдар жаны — өсімдіктер мен жануарлар жандарына тән қасиеттерге қоса, ақыл-ойдың арқасында жалпылықты танып-біле алады. Бірақ жалпыны түсіну үшін, алдымен жалқыны танып-білу керек. Себебі біздің сезім мүшелерімізге жалқы заттар әлемі әсер етеді де, біз оларды танымның әртүрлі сатылары арқылы танып-біле аламыз. Сезімдік танымның бірінші сатысында — адамдар жануарлар сияқты — сезімдік түйсіктерімізге әсер ететін заттар туралы алғашқы мағлұматтар аламыз, екінші сатысында — тәжірибелік (эмпейриа) танымда — сезімдік түйсіктеріміздің қайталанған құбылыстарды есте сақтап қалуы арқасында оларды танып-білуімізге мүмкіндік туады. Үшінші сатысында — «өнер» (әңгіме көркемөнер, т.б. туралы емес) практикаға негізделген танымның ерекше сатысы — адамдар жеке заттарды танып қана қоймайды (тәжірибедегідей), одан гөрі тереңірек түсініп, кейбір заттарға тән ортақ қасиеттер мен себептерін танып-біледі.

Ал заттардың себептерін, болмыстың мәнін, әсіресе алғашқы бастамаларды және алғашқы қозғаушы күшті түсініп-білу – ол ақыл-ойдың қызметі. Ондай танып-білу тек философияға ғана тән. Аристотельдің пікірінше, адамдар – “қоғамдық жануарлар”. Отбасының, қоғамның табиғи дамуының арқасында мемлекет пайда болады. Мемлекеттің табиғаттан айырмашылығы – онда көптеген әлеуметтік, т.б. қатынастардың өріс алғандығы. Мемлекет басшысы қалыптасқан қоғамдық жағдайларға сәйкес адамдарды басқаруға тиіс. Әсіресе жастарды тәрбиелеу мәселесі басты мақсат болу керек. Аристотсль философиясының әсерін эллиндік-римдік, ортағасырлық, жаңа замандық және қазіргі философиялық көзқарастадан байқаймыз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных