ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ТОҚ РЕЗОНАНСЫТоқ резонансы бір тармағы L және r, екіншісі С және r элементтерінен тұратын параллель тізбектерде тууы мүмкін (сурет 15). Ток резонансы деп тізбектің жалпы тоғының фаза бойынша кернеумен сәйкес келуі, реактивті қуат нөлге тең және тізбек тек қана активті қуатты қолданатын жағдайын айтады. Векторлық диаграммадан көрініп тұрғандай, тізбектегі индуктивті және сыйымдылықты тармақтағы тоқтың реактивті құраушылары модуль бойынша I 1p = I 2p тең болса, жалпы тоқ пен кернеу фаза бойынша сәйкес келеді.
15 сурет - Параллель тізбектегі тоқтар резонансы
Тармақтың реактивті тоқтарының айырмасына тең тізбектегі жалпы реактивті тоқ бұл жағдайда нөлге тең болады: I 1p – I 2p = 0. Тізбектегі жалпы тоқ тармақтағы тоқтардың активті құраушыларының қосындысына тең тек бір ғана активті құраушыдан тұрады: I a = I 1a = I 2a. Идеалды жағдайда
Тоқтар резонансы кезінде қуат коэффициенті бірге тең: cos ф = 1. Толық қуат активті қуатқа тең: S = P. Реактивті қуат нөлге тең: Q = QL – QC = 0. Тізбектегі энергетикалық ресурстар тоқтар резонансы кезінде кернеулер резонансындай болады. Реактивті энергия тізбектің ішінде іске асады: периодтың бір бөлігінде магниттік өрістің энергиясының индуктивтілігі электр өрісінің энергиясының сыйымдылығына ауысады, келесі бөлігінде электр өрісінің энергиясының сыйымдылыгы магниттік өрістің энергиясынын индуктивтілігіне ауысады. Тоқтар резонансы кезінде жалпы тоқ әр тармақтагы тоқтардан аз болады. Мысалы, идеалды тізбекте r 1 = r 2 = 0 болған кезде жалпы тоқ нөлге тең болады, ал сыйымдылықты және индуктивті тармақтардағы тоқтар: олар модулдері бойынша тең, және фаза бойынша 180° жылжыған. Параллель жалғану кезінде тізбектегі резонанс тоқтар резонансы деп аталады. Тоқтар резонансы корек кезінің берілген жиілігінде параметрлерді таңдау жолымен немесе тізбектің берілген параметрлері кезіндегі қорек көзінің жиілігін таңдау арқылы алуға болады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|