Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






КОМПЛЕМЕНТ ЖҮЙЕСІ




Комплементтік жүйе – бул иммундық реакцияға қатысатын коп компонентті ферменттік жүйе. Комплементті бірінші Борде ашты. Комплемент жүйесі қан сары суында болатын белоктар жиынтығы.. Олардың әртүрлі ферметтік белсендлігі бар. Бул белоктар біріншілік активациядан кейін бірімен -бірі тізбектесе байланысады да биологиялық активті әсері бар заттарды бөледі.

Комплемент жүйесі патогенезінде иммунды комплексті механизмдер бар патологиялық процестердің дамуында манызды роль аткарады. Аутоиммунды аурулардағы тканьдердің зақымдалуында да комплемент жүйесі қатысады.

Комплемент жүйесінің қызметі: 1) бактерия қабырғасының лизисін шақырады, 2) антиденелермен опсонизациялған клеткалардың фагоцитозің кұшейту, 3) тромциттердің агрегациясың шақыру, 4) калликреин-кининдық жүйесің активтеу, 5)аллергиялық реакцияларға қатысу, 6) аутоиммунды процестерге қатысу, 7) иммунокомпетентті клеткалардың қызметіңе әсер ету, 8) кейбір вирустарды нейтрализациялау, 9)иммунды комплексті аурулардың дамуына қатысу.

 

Комплемент жүйесі белсенділігінде классикалық және альтернативті жолдарға бөлінеді. Классикалық жол Са –ионның қатысуымен АГ/АД комплексімен активтенеді. С1 арқылы басталады. С1 молекуласы иммуноглобулиннің (көбіне IgM және IgG) домені аумағындағы Fc-фрагментімен байланысады. Бул кезде С1 молекуласың байланыстыратың IgG –дің екі молекуласы “критикалық” қашықта болуы керек. Сонда ғана С1 -молекуласы активтенеді. Бірақ, бул жағдай әрқашан болмайды және IgG комплемент жүйесінің эффективтілігі төмен активаторы болып саналады.Сондықтан барлық иммуноглобулиндер ішінде пентамерлі IgM ең күшті активаторы болып табылады.

Иммуноглобулиндердің Fc-фрагментімен С1g- байланысады, одан кейін С1s- фрагменті байланысады. Ол комплементтің С2 және С4 компоненттерің 2 фрагментке бөледі: С2а, С2в, С4а, С4в. С4в пен С2а комплекс түзіп С1-фрагментінен босайды. Қалғандары сұйық фазаға кетеді. Босалған С1 келесі С2 мен С4 молекулаларың ыдыратуға дайын болады. Арығарай тізбектік реакциясының схемасы: С4вС2а комплекс (С3-эстераза) С3-ке әсер етеді. С3 С3а мен С3в ға ыдырайды. С3а сұйық фазаға кетеді, ал С3в бірінші комплекске қосылып 2-ші комплексті түзеді - С4вС2аС3в. ол С5-эстераза деп аталады және С5-ке әсер етеді. С5 екі фрагментке ыдырайды: С5а мен С5в –ға. С5а сұйық фазаға кетеді, ал С5в арығарай өзіне С6, С7, С8, С9 қосып мемранолитикалық комплексті түзеді (МЛК).

Комплементтің альтернативті жолмен белсенділуы.

Комплементтің альтернативті жолмен активтенуі С3-тін активациясынан басталады. Оны антиденелер емес микробтың қабығының компоненттері, пропердин жүйесі, активтейді. Процестің ары ғарай ағымы классикалық жолмен бірдей. Комплементтің альтернативті жолмен активтенуі организмге түскен микроорганизмдерден жедел қорғану механизмің жүзеге асырады.

Комплемент жүйесінің зақымданулары рецидивті инфекцияларға және иммунды комплекстерге байланысты патологиялық жағдайларға әкелу мүмкін. Комплементтің 1-ден 4-дейін жетіспеушілігі иммунды комплексті аурулармен көрінеді, ал С3-тің жетіспеушілігі пиогенді инфекцияларға жоғары бейімділікпен ассоциациалған және жүйелі қызыл жегі симптомдармен көрінеді. С5-8 компоненттерінің жетіспеушілігі Neisseriaмен шақырылатың инфекцияларға жоғары бейімділікпен ассоциациалған.

Комплемент жүйесінің белсенділігі ингибирлеуші факторлардың бақылаумен жүреді. Ингибитолар: С1-ИНА, С3в-ИНА. С1-эстераза ингибиторының жетіспеушілігі анигионевротика -лық ісінуімен көрінеді. С3ИНА жетіспеушілігі кезінде С3 молекуласының ыдырауы жоғарлау нәтижесінде С3 өнімі де көбееді.С3а әсерінең мес клеткаларынан шыққан гистамин рецидивті есекжемге әкеледі.

Комплементтің жалпы белсенділігі қой эритроциттермен гемолитикалық жүйеде анықтайды.Бул әдістің негізінде сары судағы комплемент гемолитикалық сары сумен сенсибилизациялған қой эритроциттердің гемолизің шақырады. Комплемент компоненнтерің анықтау моноспецификалық антисары суды қолдануға негізделген.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных