Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Көмекші мектепте геометриалық материалды оқыту міндеттері, маңызы, мазмұны. Аталған тақырыптың бағдарламада алатын орны.




VIII тип мектебіндегі геометриялық материалдарды оқыту міндеттерінің бірі геометриялық түсініктердің дамуы мен қалыптасуы, көлемді және жазық фигуралар жайлы түсініктер, фигуралардың топтастырылуы олардың өлшем бірлігі, көлемі, аудан ұзындық ерекшеліктерінің қалыптасуы болып табылады. Осыған орай оқушыларды өлшеу және сызу құралдарымен таныстырып, олармен сапалы жұмыс дағдыларын өңдеу қажет. Геометриялық білімдер мен дағдыларын қолдана отырып, практикалық тапсырмаларды орындау біліктілігін дамыту керек. Геометриялық материалдарды оқыту барысында оқушылардың зейіні, бақылауы, заттың нақты қасиетін (формадан басқа) абстракцтялау мүмкіндігі дамиды. Олар геометриялық фигураларды салыстыруға, дефференциялауға, топтастыруға үйренеді. Балаларда логикалық ойлау, талдау – жинақтау, жалпылау мүмкіндігі дамиды, ақыл-ой әрекеті қалыптасады. Балалардың сөйлеу тілі спецификалық геометриялық терминдермен, түсініктермен байып кеңейтіледі және сөздік қоры белсендіріледі. Өлшеу және сызба құралдарымен өлшеу, сызу дағдыларын игере отырып моторикасы дамиды, өз беттілігін, өзіне сенімділігін арттырады.

VIII типтегі мектепте геометриялық материалдарды игеруі, көрнекі және әрекетті болуы керек. Оқушылардың кеңістік және геометриялық көріністерді қалыптастыру

үшін қоршаған әрекеттегі нақты заттарды қабылдауы керек, геометриялық бейнелердің материалды моделін қабылдауы қажет. Осыдан кейін барып сызбалар мен графиктерге ауысуға болады. Осының барлығы мұғалімнен геометрия сабағында көрнекі құралдардың көптігін талап етеді. Көрнекі құрал негізінде геометриялық фигуралардың моделін түрлі түсті қағаздан жасалынған денелерді, ағаш, пластмассалар және басқа да материалдарды (көпбұрыш, шеңбер, пирамида, цилиндр т.б.) пайдалануға болады және фигуралар бейнеленген плакат, шынайы нақты заттар, барлық геометриялық фигуралардың сызбалары, ұзындықты өлшеу бірліктері, аудан, көлем, осы өлшемге қатысты кестелер, геометриялық фигуралардың ауданы мен көлемінің өлшем бірліктері, ойындар жинағы (геометриялық мозайка, лото, домино, құрылыс конструкциясы), диафильмдер, кодоскоп және т.с.с.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных