Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жай есептерді шешудегі дайындық жұмыстар.




VIII типтегі мектептің мұғалімдерінің жаңа жұмыс іскерлігі оқушылардың қоршаған шындыққа бейімделуі тәжірибелік іскерліктің кеңеюімен қорытылуы арифметикалық есептерді шешуге дайындықтан басталуы керек деп көрсетеді. Оқушыларды өлшемді шығаруға, арифметикалық есептерді шешуге және санауға, яғни осы өмірлік жағдайға енгізу қажет.

Бұл жағдайларды өмірдің өзі жасайды, оған тек оқушылардың назарын бағыттау қажет.

Бұл жағдайда оқушылардың өзі тәжірибелік есептерді орындауы қажет. Мысалы: (Дайындық кезеңінде) «Себетте бірнеше саңырауқұлақ бар. Мен одан 1 саңырауқұлақ алдым. Себетте саңырауқұлақ аз қалды ма, әлде көпкөп қалды ма? Не үшін олар азқалды?». «Сыныпта балалар көп. Сыныпқа тағы бірнеше оқушы кірді. Балалар көп пе, әлде аз ба? Неліктен?»

Мұғалім көптеген заттың элементтерінің сандық өзгерістерін бақылауды ұйымдастырады, яғни оқушылардың сандық елестетулерін дамытуға және оның белгілі бір терминімен таныстыруға мүмкіндік береді: барлығы, қалғаны, алды, тағы берді, берді, азайды, аз қалды, көп қалды, көбейді.

Осылайшаоқушылардың ойындық және тәжірибелік іс-әрекетін ұйымдастыру керек, сонымен қатар бақылай отырып, оқушылардың өздеріәрбір жағдайға жеке қорытынды жасай алуы қажет: көптеген элементтердің сандары көбейді және азайды және бұл азаю мен көбею ауызша айтылудың қай операциясына сай келеді.

Мұндай жаттығуларды әр түрлі ойыншықтармен ойын түрінде өткізуге болады, оқушыларды қоршаған заттар, оларды қызықтыратын және ісіне жақын ойыншықтарды жатқызамыз.Осы жаттығулар барысында оқушылар сұрақты түсінуге үйренеді: «қанша?», «қанша болды?», «қанша қалды?», және оларға жауап беруге үйренеді.

Дайындық жұмысының бұл этапында арифметикалық амалдармен және бірінші ондық сандарымен танысу кезіндегі жұмыспен сәйкес келуі керек. Мысалы: «Тарелкада 2 алма жатыр (оқушылар мұғалімнің нұсқауымен алманы санап, оған сан табады), мен тағы бір алма қостым (сандық кассадан оқушылар 1 санын табады). Тарелкада қанша алма болды?». Басқа да сұрақтар қоюға болады: «Барлығы тарелкада қанша алма? Ал енді тарелкада қанша алма тұр? (оқушылар алманы санап, оған 3 санын қояды). Алма азайды ма, әлде көбейді ме? 3 алманы қалай алдыңыз? Ол үшін не істедіңіз? Бұны арифметикалық амал түрінде қалай жазамыз? (2+1= 3)».

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных