Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып 2. Негізгі түсініктері мен анықтамалары. Электробайланыс жүйелерінің жіктелуі.




Қазіргі кездегі телекоммуникациялық жүйелер және желілер түрлі ақпараттарды беру, қабылдау, өңдеу, тарату және сақтауды қамтамасыз етеді. Ақпарат дегеніміз көрсету формасына тәуелсіз, оқиғалар, құбылыстар, процестер, түсініктер және фактылар, заттар және тұлғалар туралы мағлұматтар жиынтығы.

Телекоммуникациялық жүйелер – белгілі бір типті электрлік байланысты (электробайланыс) қамтамасыз ететін техникалық жабдықтар кешені.

Байланыс – келісілген ережеге сәйкес қызмет істейтін жабдықтардың көмегімен ақпараттар алмасу немесе ақпараттар жіберу

Электробайланыс – сымды, оптикалық немесе басқа да электромагнитті жүйелер бойынша хабарды жіберу немесе қабылдау.

Хабар – ақпаратты оның көзінен тұтынушыға беруге арналған ақпаратты көрсету формасы. Телекоммуникация саласына сәйкес, хабар дегеніміз – электробайланыс жабдықтары арқылы электромагниттік сигналдардың көмегімен берілетін ақпарат. Хабарға мысалдар: телеграмма мәтіні, сөз, музыка, фототелеграмма-факс, телевизиялық көрініс, компьютерлік файл және т.б.

Сигнал – берілетін хабарды көрсететін (тасымалдаушы) материалдық тасымалдағыш немесе физикалық процесс

Электробайланыс сигналдары - параметрлерінің өзгерісі уақыт бойынша берілетін хабарды көрсететін электрлік кернеу немесе тоқты білдіреді. Электр сигналдарына мыналар жатады: телефондық, телеграфтық, факсимильді сигналдар, деректерді беру сигналдары, телевизиялық және дыбыстық хабар тарату сигналдары, телебақылау және телебасқару сигналдары.

Телекоммуникациялық жүйелердің техникалық жабдықтарына мыналар жатады: байланы торабы, ақпаратты беру жүйелері, байланыстың бірнеше желілері түйіндесетін түйіндерде орнатылған ақпаратты үлестіру жүйелері. Оларды телекоммуникациялық жабдықтар деп атайды.

Жырақтағы объектілер жиынының өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялық жабдықтар жиынтығы телекоммуникациялық желіні (telecommunication network) құрайды

Жырақтағы объектілерге: шеткі жүйелер, жекелеген жергілікті және аймақтық желілер жатады.

Телекоммуникациялық жүйелер және желілер бір-бірімен өзара әрекеттесе отырып, электробайланыс жүйесін түзеді - белгілі бір түрдегі электробайланысты қамтамасыз ететін техникалық жабдықтар кешені

Электробайланыстар жүйесінің классификациясы негізінен берілетін хабарлар түрлерімен, электрлік сигналдарды үлестіру ортасымен (2.1 сурет) анықталады.

Телекоммуникациялық жүйелер және желілер техникалық жабдықтар жиынтығы, хабарды оның көзінен алушыға беру кезінде мынадай операцияларды жүзеге асырады:

- Хабар көзінен (ХК) келіп түсетін хабарды электробайланыс сигналына түрлендіру;

- Электробайланыс сигналын хабарды беру және қабылдау (ХҚ) үшін ыңғайлы формаға түрлендіру;

- Электробайланыс сигналдарын байланыстың шеткі пункттерінде (ШП) немесе байланыс түйіндерінде (БТ) орнатылған беріліс каналдарымен және коммутациялау станцияларымен (КС) түйіндестіру.

 

 

 


Сурет 2.1 – Электробайланыстар жүйелерінің жіктелуі

 

Телекоммуникациялық жүйелер мен желілердің өзара әрекеттесуінің жалпылама құрылымдық сұлбасы 2.2 суретте көрсетілген, онды мынадай белгілеулер қабылданған:

ХК – хабар (ақпарат) көзі (информации); Түр1 – хабарды электрлік сигналға түрлендіргіш, ол бастапқы электрлік сигнал немесе жәй ғана электрлік сигнал деп аталады; КС – коммутациялау станциясы, әр түрлі байланысты орнатуды (жергілікті, қалааралық, халықаралық, кіріс, шығыс және транзитті) және коммутациялаудың белгілі бір тәсілін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін коммутациялық және басқарушы аппаратуралар жиынтығы; ТЖ1 – түйіндесу жабдығы, бастапқы сигналдарды физикалық сипаттамалары тарату ортасының беріліс параметрлерімен келістірілген сызықтық электрлік сигналдарға түрлендіруді жүзеге асырады; ТО – таралу ортасы; ТЖ-1 – түйіндесу жабдығы, сызықтық электрлік сигналдарды бастапқы бірінші сигналдарға түрлендіруді жүзеге асырады; Түр-1 – бастапқы сигналды хабарға түрлендіруші; ХА – хабарды алушы.

Сурет 2.2 – Телекоммуникациялық жүйелер мен желілердің өзара әрекеттесуі

 

Жиіліктің белгілі бір сызығында бастапқы сигналды беруді қамтамасыз ететін немесе желілік станциялар немесе желілік түйіндер арасында белгілі бір жылдамдықпен сигналды беруді қамтамасыз ететін техникалық жабдықтар кешені және тарату ортасы беріліс каналдары деп аталады.

Сызықтық сигналдар таралу ортасы бойынша өткен кезде әлсіреуі (өшуі) мүмкін, түрлі кедергілер мен бұзылуларға ұшырауы мүмкін. Сигналдарды беру сапасына әсер ететін осы факторларды жою үшін беріліс жүйесінің түріне байланысты белгілі аралық сайын күшейткіштер, регенераторлар, немесе ретрансляторлар орнатылады, олар тарату ортасымен бірге беріліс жүйесінің сызықтық трактын түзеді.

Хабарды түрлендіргіш шығысында алынатын электрлік сигнал электробайланыстың бастапқы сигналы (2.2 сурет) деп аталады.

Берілістің қарастырылып отырған каналы екі нүктелік және біржақты болып табылады, яғни хабарды беру бір жаққа жүзеге асырылады.

Егер тарату көзі мен қабылдаушы кезекпе-кезек орындарын ауыстыратын болса, онда сигналдар алмасу үшін екі жақты байланыс каналын қолдану қажет, ол екі жақты берілісті жүзеге асыратын болады. Берудің тиімдірек тәсілі – бір мезгілде жұмыс істейтін, екі беттеспелі каналдарды ұйымдастыру. Мұндай жұптасқан канал дуплексті деп аталады.

Компромисті нұсқа – жартылай дуплексті режим: екі бағытты беріліске қол жеткізу үшін бір канал, екі қабылдағыш және кезекпе-кезек ауыстырылатын екі жібергіш қолданылады.

Әдетте тәжерибеде көпканалды беріліс жүйелері (КБЖ) қолданылады. Олардың көмегімен бір канал бойынша бір мезгілде бірнеше хабарды жібере аламыз 2.3 суретте КБЖ жалпылама құрылымдық сұлбасы көрсетілген.

Сурет 2.3 – Көпарналы беріліс жүйесі

 

Абi - абонент; Мi – түрлендіргіш құрылғы (модуляторлар); КБҚ - каналдарды біріктіру құрылғысы; КАҚ – каналдарды ажырату құрылғысы; Түрi – түрлендіруші құрылғы (демодуляторлар).

 

КБЖ-де абоненттен келіп түсетін бастапқы сигналдар модулятормен (Мi) түрлендіріледі. Алынған сигналдар каналдық сигналдар деп аталады. КБҚ каналдық сигналдарды топтық сигналдарға біріктіреді.

Бастапқы сигнал телекоммуникациялық жүйелер мен желілер (ТКЖЖ) құрылымында тасымалдау объектісі болып табылады, себебі ол жіберушіден қабылдаушыға берілу керек.

Бастапқы сигналдардың жіктелуі де әртүрлі. Сигналдар түрі бойынша жіктеуді қарастыралық.

Аналогты (үздіксіз) сигнал дегеніміз- ақпараттық параметрлері шамасы күйлердің үздіксіз жиынын қабылдай алатын электробайланыс сигналы. Аналогты сигналға импульсті сигналды да жатқызуға болады, егер оның параметрлерінің бірі (амплитуда, жиілігі, фаза) сандық емес күй жиынын қамтитын болса.

Дискретті сигнал дегеніміз ақпараттық параметрлерінің бірінің шамасы квантталатын, яғни күйдің санақты жиынын қамтитын электробайланыс сигналы.

Цифрлық сигнал дегеніміз – ақпараттық параметрлерінің бірінің шамасына байланысты есепті жиыны кодалық комбинациялардың шектелген жиынымен сипатталатын электробайланыс сигналы.

Негізгі әдебиет: 4 [10-45], 5 [11-30]

Қосымша әдебиет: 12 [9-37]

Бақылау сұрақтары:

1. Электробайланыс жүйесі түсінігі?

2. Хабар түсінігі?

3. Электробайланыс торабы дегенді қалай түсінесіз?






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных