Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып 3. Телекоммуникациялық желілерді құрудың жалпы принциптері. Негізгі түсініктер мен анықтамалар.




Миллиондаған және жүздеген миллиондаған көздер мен ақпарат тұтынушылары (шартты түрде абоненттер) арасында хабарды беру және үлестіру байланыс торабының негізінде ғана мүмкін болмақ. Электробайланыс жабдықтары негізінде құрылған байланыс торабы телекоммуникациялық желі деп аталады. Хабарды беру және оларды үлестіру беріліс жүйесі және хабарды үлестіру (БЖХҮ) болғанда ғана мүмкін болмақ, яғни кең мағынада айтқанда байланыс жүйесі болғанда ғана мүмкін болмақ. Мұндай жүйелер электробайланыс желілері деп аталады. 3.1 суретте желі көрсетілген, ондағы шеткі пункттер (ШП) өзара бір-бірімен көпнүктелік байланыс түзе отырып, бір каналмен (көпканалмен) байланыстырылған, ал 3.2 суретте толықбайланысты желі берілген, ондағы ШП «әрқайсысы әрқайсысымен» принципі бойынша байланыстырылған

 

 

Сур.3.1. Көпнүктелік байланыс

 

 

Сур. 3.2. Толықбайланысты желі

 

Желілердің қарастырылып отырған түрлері коммутацияланбайтын болып табылады, себебі шеткі құрылғы немесе терминалдар (абоненттер) арасындағы байланыс тұрақты бекітілген (коммутацияланбайтын) немесе белгіленген канал бойынша жүзеге асырылады.

Мұндай желілерде хабарды үлестіру қатынас құрудың арнайы тәсілімен немесе хабарды беруді басқару процедурасымен қамтамасыз етіледі. Олар қандай абоненттердің хабар алмасып жатырғандығы туралы мағлұмат беріп отыру үшін қызмет етеді. Абоненттер саны көбейіп кеткен жағдайда көпнүктелі желі хабарды беру кезінде кідірісті едәуір ұлғайтады, ал толық байланысты желілерде байланыс каналдарының саны елерліктей артады.

Бұл кемшіліктерді жою БЖХҮ коммутацияланатын желіні қолданумен байланысты, ондағы абоненттер бір-бірімен өзара тікелей емес, бір немесе бірнеше коммутациялау түйіндері (орталықтары) арқылы байланысқан. Осыған сәйкес, коммутацияланатын БЖХҮ дегеніміз ШП, КТ және оларды байланыстыратын беріліс желілерінің жиынтығы.

Мұндай желі кез келген желінің қымбат бөлігі болып табылатын, байланыс каналдарының өткізу мүмкіндігін толығырақ пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан коммутацияланатын желілер кең жайылып, үлкен қолданысқа ие болып отыр.

Электробайланыстар торабы – беріліс желілері, желілік түйіндер және желілік станциялардың күрделі жиынтығынан тұрады, олар хабарды берілген мекенжай бойынша талап етілген уақытта, сенімді түрде жеткізуді қамтамасыз етеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных