Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып 5. Электробайланыстың біріншілік және екіншілік тарамдары.




Бірінші (бастапқы) желі дегеніміз - берілістің типтік каналдар торабын және желілік трафиктерді түзетін беріліс сызықтарының, желілік түйіндердің және желілік станциялардың жиынтығы. 5.1. суретте бастапқы желіні ұйымдастыру принципіне түсінік беріледі. Желілік түйіндер бірнеше беріліс линияларының қиылысқан жерінде ұйымдастырылады, онда беріліс жүйесінің каналтүзетін аппаратурасы орнатылады және түрлі жүйелерге бағынатын каналдар немесе олардың топтарын ауыстырып қосу жүзеге асырылады.

 

 

Сур. 5.1. Бастапқы желінің құрылымы

 

5.1. суретте каналдар соңы дөңгелекшелермен көрсетілген. Желілік станциялар бастапқы желінің шеткі құрылғылары болып табылады, тұтынушыларды осы желіге қосу үшін белгіленген.

Территориялық принципі бойынша бастапқы желі мыналарға бөлінеді: магистральды, зонаішілік және бастапқы жергілікті желі.

Магистральды бастапқы желі барлық облыстық және республикалық орталықтарды каналдармен байланыстырады.

Зонаішілік бастапқы желі, негізінен, бір облыстың аудандарын бір-бірімен және облыс орталығымен түрлі каналдардың көмегімен байланыстырады.

Жергілікті бастапқы желі қала территориясымен немесе ауылдық аудан территориясымен шектелген. Олар осы желінің станциялары немесе түйіндері арасында, сондай-ақ абоненттер арасында каналдар (немесе сымдардың физикалық жұбын) ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Зонаішілік желіні және жергілікті бастапқы желіні – зоналық бастапқы желі деп атау әдетке айналып кеткен.

Қарастырылып отырған территориялық жіктеу бастапқы желінің үш қабатты құрылымы түрінде түсіндіріледі. Ең төменгі қабат (ярус) елдің барлық территорисында таралып кеткен, жергілікті желілерді қамтиды. Ортаңғы қабат – зонаішілік желі. Ең жоғарғы қабат – байланыстың магистральды торабы, байланыстың тұтас бір торабына барлық ішкізоналық желілерді біріктіреді.

Барлық магистральдық желілік түйіндер бірінші класс түйіндеріне жатады, ішкізоналық – екінші класс түйіндеріне, ал жергіліктілері – үшінші класс түйіндеріне жатады.

Алғашқы екі класс желілік түйіндерінің ішінде ең ірісі территориялық желілік түйіндер болып табылады, олар бірнеше өте қуатты кабельдік, радиорелейлі және басқа да желілер қиылысында орналасады. Бұл түйіндерде барлық сызықтар (линиялар) каналтүзетін аппаратурамен аяқталады. Осы түйіндердің көмегімен берілістің әртүрлі жүйелеріне тәуелді каналдарды және олардың топтарын байланыстырып, каналдарды тұтынушыларға беруге болады. Жергілікті бірінші желілерде мұндай түйіндер ұйымдастырылмайды.

Ауыстырып қосудың желілік түйіндері ірілігі жағынан онша үлкен емес, бірінші желінің барлық қабаттарында орналасады және аз қуатты берілістің түрлі желілері қиылысында ұйымдастырылады. Бұл түйіндерде каналдарды ауыстырып қосу және сигналдарды күшейту жүзеге асырылады.

Белгілеудің желілік түйіндері магистральды және ішкі зоналық бірінші желілерде орнатылады және қолданушыларға каналдар бөлуді ұйымдастыру үшін белгіленген.

Желілік станциялар (магистральды, зонаішілік, жергілікті) желінің шеткі нүктелері болып табылады, сәйкес желілік құрылғыдан жырақта орналасады, бұл кезде соңғы байланыс сызығымен байланыстырылады, болмаса желілік түйіндермен біріктіріп орналастырылады. Бастапқы (бірінші) желінің негізгі байланыстырушы звеносы беріліс жүйесі болып табылады.

Электробайланыстың қосымша желілері. Бастапқы желінің каналдары қосымша желіні құру үшін негіз болып табылады, ол берілетін хабарлар түрлері бойынша жіктеледі. Қосымша желі құрамына мыналар кіреді: шеткі абоненттік қондырғылар, абоненттік желілер, коммутация түйіндері, каналдар (бірінші желіден қосымша желі түзу үшін белгіленіп алынған).

Берілетін хабарлардың түріне байланысты қосалқы желілер мынадай түрлерге бөлінеді: телефондық, телеграфтық, деректерді беру, факсимильдік, газеттер беру, дыбыстық хабар тарату, инте­гралдық қызмет көрсету (ISDN). Бастапқы желінің анықтамасынан мынау белгілі, ол тек белгілі бір түйіндер арасында ғана байланысты қамтамасыз етеді. Сондықтан желінің кез келген түйініне хабар беру жолын түзу үшін, бір түйінде аяқталатын түрлі магистралдар каналдарының (каналдар топтарының) арасында байланыс орнату керек. Егер бастапқы желінің түйіндерінде кросстық байланыс орнатылса, онда бірінші желі негізінде екінші (қосалқы) коммутацияланбайтын желі құрылады.

Коммутацияланбайтын желі түйіндеріне абоненттік желілер қосыла алады, олар желі каналдарымен кросстық байланыстың көмегімен де қосыла алады. Көп жағдайларда қосымша желі каналдары барлығы үшін немесе берілген түйінге қосылған абоненттік пункттер топтары үшін ұжымдық болып табылады. Түйінде бұл жағдайда абоненттік желіні ақпаратты беру уақытында ғана каналға қосуды қамтамасыз ететін коммутация аппаратурасы орнатылады. Осылайша, қосымша коммутацияланбайтын желі негізінде басқа типті қосымша желі түзіледі – ол, қосымша (екінші) коммутацияланатын желі.

Хабарларды немесе шақыруларды қабылдау, өңдеу, үлестіру және беруге арналған техникалық немесе программалық жабдықтар жиынтығы коммутация түйіні деп аталады (КТ).

КТ жабдықтараның негізгі үлесін кросс және коммутациялық жабдық құрайды.

Кросс – кіріс және шығыс каналдарын енгізу/шығару құрылғысы, онда ұзақ уақыттық (кросстық) байланыс жүзеге асырылады. Қосылатын каналдарды және беріліс торабын төрт типке жіктеуге болады:

· Коммутацияланбайтын байланыс торабының каналдары мен желілері, КТ-не тек кросс арқылы өтеді;

· Коммутацияланатын байланыс торабының каналдары мен желілері, кросс арқылы каналдарды коммутациялау жабдықтарына қосылады;

· Коммутацияланатын байланыс торабының каналдары мен желілері, кросс арқылы хабарларды (пакеттерді) коммутациялау жабдықтарына қосылады;

· Абоненттік желілер, коммутациялық жабдыққа кроссталады.

Коммутациялық жабдықтар коммутацияның қандай да бір тәсілін қамтамасыз етеді::

· Шақыру бойынша байланысты орнатуды қамтамасыз ететін каналдар коммутациясын;

· Хабарлар коммутациясын, хабарды қабылдау, өңдеу, сақтау және транзиттеуді жүзеге асырумен түсіндіріледі;

· Пакеттер коммутациясы, пакеттерді қабылдау, өңдеу, сақтау және транзит жасауды жүзеге асырады;

· Аралас және бейімделген коммутацияны.

Телефондық және факсимильді сияқты қосалқы желілер каналдарды коммутациялау тәсілін жиі қолданады, ал телеграфтық және деректерді беру желілері коммутациялаудың түрлі тәсілдерін қолдануы мүмкін: каналдар, хабарлар, пакеттер.

Абоненттер санына және территория көлеміне қарай қосымша тораптар түрлі құрылымға ие. Қосымша желіні радиальды құру кезінде барлық шеткі пункттер (ШП) бір түйінге байланысады, ол коммутация түйіні болып табылады және ШП арасында байланысуды жүзеге асырады. Радиальды тәсіл әдетте шағын территорияда қолданылады. Осы секілді құрылым 4.1 б суретте «Жұлдызша» атымен көрініс тапқан.

Көлемдірек территорияда бұл тәсілді жүзеге асыру өзін өзі ақтамайды, себебі кабельдің көп шығынын талап етеді. Сонымен қатар, түйінде ақау туындаған жағдайда торап өзінің қызметін тоқтатады. Бұл кемшіліктерді болдырмау үшін немес жою үшін торапты құрудың радиальды-түйіндік тәсілі қолданылады, онда 1-ші классты түйін деп аталатын орталық (басты) түйіннен басқа, класстар дәрежесі төменірек түйіндер де құрылады (4.1 д суретті қараңыз). Радиальды-түйіндік принцип байланысты орнатудың тек бір жолына ғана мүмкіндік береді. Торап сенімділігі мен өміршеңдігін жоғарылату үшін, байланыстардағы ақаулар санын азайту үшін және т.б. мақсаттарда айналмалы жолдарды ұйымдастыру қажеттілігі жиі туындайды. Осы көзқарас тұрғысынан қарағанда «әрқайсысы әрқайсысымен» приципіне негізделген түйіндерді пайдалану тиімдірек (4.3 суретті қараңыз). Бұл тораптың да басқа өзіндік кемшілігі бар – түйіндер арасындағы байланыстырушы желілер санының көптігі, құнының жоғарылығы.

Нақты байланыс тораптарында әдетте аралас принциптер – «радиальды-түйіндік» және «әрқайсысы әрқайсысымен» принциптері қолданылады. Бұл кезде 1-ші классты түйіндер бір бірімен өзара «әрқайсысы әрқайсысымен» принципі бойынша байланысады, және бір мезгілде торапты радиальды-түйіндік құру орталығы болып табылады (5.2 суретті қараңыз).

Нақты қосымша электробайланыс торабына мысалдар төменде қарастырылатын болады.

Сур. 5.2. Электробайланыстың қосымша торабын құру: радиальды-түйіндік және «әрқайсысы әрқайсысымен» принциптерінің үйлесімі






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных