Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып 6. OSI моделі.




1980 жылдардың басында ISO, ITU-T және басқа да стандарттаудың халықаралық ұйымдарының бірқатары ашық жүйелердің өзара әрекеттесу моделін (Open System Interconnection, OSI) әзірледі. Бұл модель жүйелердің өзара әрекеттесуіне байланысты түрлі деңгейлерін анықтап, оларға стандартты атаулар белгілеп, әр деңгейдің атқаратын қызметін анықтап береді. Бұл модельдің толық сипаттамасы 1000-нан астам парақтық мәтінді құрайды. Осы модельдің көлеміндегі ашық дегенге былай түсінік беруге болады: желілік құрылғылардың стандартты ережелерді пайдалана отырып бір-бірімен өзара әрекеттесуге дайындығы. Ашық жүйеге Internet халықаралық торабы мысал бола алады. 6.1 суретте А және В (модель ВОС немесе OSI) ашық жүйелерінің өзара әрекеттесуіне байланысты жалпылама модель ұсынылған. Өзара әрекеттесу жабдықтары жеті деңгейге жіктеледі: қолданбалы, өкілдік, сеанстық, транспорттық, тораптық, каналдық және физикалық. Әр деңгейдің қызметтерін қарастыралық.

 

 

Сур. 6.1. ВОС (ISO/OSI) ашық жүйелерінің өзара әрекеттесу моделі

Деңгей 1 - физикалық (Physical layer) электр сигналдарын бірлік элементтер (биттер) түрінде беру үшін физикалық каналдарды ортауды, біріктіруді, жұмысын қолдауды және ажыратуды қамтамасыз етеді..

Физикалық каналдарға мыналар мысал бола алады: коаксиальді кәбіл, ширамалы жұп, оптоталшықты кәбіл немесе цифрлық канал. Бұл деңгейде физикалық ортаның (өткізу жолағы, шуылдан қорғаушылығы, толқындық кедергі және т.б.) және электр сигналдарының (импульстар фронттарының айналымы, кернеу немесе тоқ деңгейлері, кодалау типі, беріліс жылдамдығы және т.б.) сипаттамалары анықталады.

Осы деңгейде байланыстардың механикалық сипаттамалары (разъемдар типтері, байланыстардың мақсаты) туралы әңгіме болады. Физикалық деңгейдің қызметі барлық тораптық құрылғыларда жүзеге асырылады. Жекелеген жағдайда, компьютер жағынан физикалық деңгей қызметі тораптық адаптермен немесе RS232 тізбекті портымен жүзеге асырылады. Кейде физикалық деңгей дискретті каналды ұйымдастырады деп те айтады.

Деңгей 2 - каналдық (Data Link layer) міндеттерінің бірі –беріліс ортасына қол жеткізу мүмкіндігін беруді тексеру. Басқа сөзбен айтқанда, бұл деңгейдің функцияларының бірі деректерді беру каналыме н байланыс орнату, оның жұмысы қолдау, онымен ажырату болып табылады. Каналдық деңгейдің басқа міндеті - қателерді табу және түзету негізінде берудің дұрыстығын жоғарылату болып табылады. Ол үшін бірлік элементтер кадрларға (frames) топтасады да, әр кадрдың дұрыс берілуін қамтамасыз етеді. Қайталап беру негізіндегі қателерді түзету мүмкіндігі кейбір каналдық деңгейдегі хаттамаларда болмайды. Кейде каналдық деңгейдегі хаттамалар транспорттық жабдықтар ролін де атқара алады, және тораптық және транспорттық жабдықтарды жұмысқа тартпай-ақ, қолданбалы деңгей мүмкіндігін жұмысқа қоса алады.

Деңгей 3 - тораптық (Network layer) каналдық деңгейдің түрлі хаттамаларын қолданатын бірнеше торапты біріктіруші біртұтас транспорттық жүйе құруға арналған. Біздің жағдайымыздағы торап дегеніміз - топологиялардың біріне біріктірілген және каналдық хаттамалардың бірінен деректерді беруде қолданылатын түйіндер немесе станциялар жиынтығы. Тора арасында деректерді жеткізу тораптық деңгейде жүзеге асырылады, және бұл торапаралық байланыстар құрылымы каналдық хаттамаларда қабылданғандардан ерекшеленген жағдайда жүзеге асырылады.

Хабарды жеткізудің ең дұрыс жолын таңдау мәселесі маршруттау деп аталады және оны маршрутизатор жүзеге асырады. Маршрутизатор – бұл торапаралық байланыстар тополгиясы туралы мәліметтер жинап, осының негізінде тораптық деңгей хабарларын белгіленген торапқа жіберуді іске асырады. Тораптық деңгейдегі хабар пакеттер (packets) деп аталады. Тораптық деңгейде хаттамалардың екі түрі бар. Тораптық хаттамалар (routed protocols) – торап арқылы пакеттердің жылжуын жүзеге асырады. Хаттаманың келесі түрі маршруттау хаттамасы (routing protocols) деп аталады. Осы хаттамалардың көмегімен маршрутизаторда торапаралық байланыстар топологиясы туралы ақпарат жинақталады.

Деңгей 4 - транспорттық (Transport layer) жоғарғы деңгейлерге (қолданбалы және сеанстық) олардың талабына сай сенімділік дәрежесінде деректерді беруді қамтамасыз етеді. OSI моделі транспорттық деңгей ұсынатын қызметтің бес класын анықтайды. Бұл деңгей қызметінің класын таңдау жоғарғы деңгей хаттамаларымен (траспорттық деңгеймен салыстырғанда жоғары) қамтамасыз етілетін сенімділік дәрежесі ретінде, сондай-ақ төменгі деңгейдегі (транспорттық деңгеймен салыстырғанда төменде орныласқан деңгей) торапта деректерді жіберу сенімділігімен анықталады.

Төменгі төрт деңгейдің хаттамалары тораптық транспорт немесе транспорттық ішкі жүйелер деп аталады.

Деңгей 5 - сеанстық (Session layer) сұқбатты басқаруды қамтамасыз етеді: сеансқа қатысқан жақтардың қайсысы сол сәтте активті екенін тиянақтайды, синхрондау жабдығын ұсынады. Бұл жабдықтар ұзақ хабарларға бақылау нүктелерін қоюға мүмкіндік береді, бұл қабыл алмау жағдайы туындағанда артқа, соңғы бақылау нүктесіне қайтып оралу үшін керек. Тәжрибе жүзінде сеанстық деңгей жекелеген хаттамалар түрінде сирек жүзеге асырылады.

Деңгей 6 -өкілдік (Presentation layer) берілетін ақпаратты оның мазмұнын өзгертусіз көрсету формасымен жұмысты қамтиды. Осы деңгейдің арқасында, бір жүйенің қолданбалы деңгейімен берілетін ақпарат басқа жүйенің қолданбалы деңгейіне үнемі түсінікті болады. Осы деңгей жабдықтарының көмегімен қолданбалы деңгей хаттамалары деректерді көрсетудегі синтаксистік айырмашылықтарды немесе символдар кодтарындағы айырмашылықтарды елемейтін болады. Осы деңгейде деректер алмасуда құпиялылықты қамтамасыз ету үшін (қызметтің барлық түрі бойынша) деректерді шифрлау және кері шифрлауды орындауға болады.

Деңгей 7 - қолданбалы (Application layer) – түрлі хаттамалар жиынтығы, олардың көмегімен торап қолданушылары файл, принтерлер, гипермәтіндік Web-парақтар сияқты ресуртарға қатынас құру мүмкіндігін алып, сонымен қатар өзінің біріккен жұмысы ұйымдастыра алады, мысалы, электронды почта хаттамасының көмегімен. Қолданбалы деңгей деректер бірлігі ретінде хабарды (message) пайдаланады.

 

Негізгі әдебиет: 3 [199-207]

Қосымша әдебиет: 11 [181-206]

Бақылау сұрақтары:

1. Ашық жүйелер әрекеттестігі дегеніміз не?

2. OSI моделінің қай деңгейінде тарамдық қызмет көрсету жүзеге асады?

3. Қолданбалы деңгейде хабар таратуда қандай бірлік қолданылады?






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных