Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






I. Практикадан оқып-үйрену




Азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Жалпы педагогика және психология кафедрасы

Курс студенттерінің өндірістік (педагогикалық) практика барысында зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау

Ақтөбе 2016

5В010000 «БІЛІМ» мамандығының педагогикалық практикаларының оқу-әдістемелік кешені ҚР Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (2012ж), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті студенттерінің кәсіби практикасы туралы Ереже (21.11.2013 ж) талаптарына сай құрастырылды.

 

Құрастырғандар: аға оқытушы Наренова А.Б.

 

Жалпы педагогика және психология кафедра мәжілісінде қарастырылды.

«___» ___ 2016 жыл. № __ хаттама.

 

Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент____________Жусупова.Ж.А..

 

Алғы сөз

3 - курс студенттерінің өндірістік (педагогикалық) практикасы мазмұны жағынан болашақ мұғалімнің теориялық және практикалық дайындығын педагогика және психология пәндері, арнайы пәндер мен тәрбие жұмысының әдістемесі, нәтижесінде қазіргі білім беру технологияларын меңгеріп, оны мектеп практикасына ендіретін әртүрлі психологиялық-педагогикалық мәселелерге арналған мүмкіндіктермен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі мектеп пен мұғалімге қойылатын талаптардың мазмұнымен сабақтас сонымен бірге, педагогикалық практика өзінің сипаты жағынан комплексті өйткені, тұтас педагогикалық процесті құзырлылық әдіспен іске асыруға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімнің кәсіби іскерлігін және дағдысын қалыптастыру болып табылады.

Практиканың міндеттері:

-Мұғалім кәсіптік іс-әрекетінің объектісі ретінде-біртұтас педагогикалық процесті ұғынуға бағытталған теориялық және тәжірибелік дайындықтың өзара байланыстылығы.

-Өзін-өзі дамыта білетін оқушы тұлғасын қалыптастыруда педагогтың жетекші рөл атқаруы, тұтас педагогикалық процестін субъектісі болып табылатын мұғалім мен оқушының өзара әрекетін ұғыну.

-Сыныптағы тұтас педагогикалық процесте сынып жетекшісінің және пән мұғалімінің оқыту, тәрбиелеу, және дамыту қызметін іске асыруы.

-Тұлғалық-бағдарлық білім беру жағдайында бүгінгі күнгі білімдік -тәрбиелік технологияларын меңгеруі.

- Ғылыми жұмысына сәйкес психологиялық-педагогикалық зерттеуді жүзеге асыру.

Практика мазмұны:

Меңгеру:

- пән мұғалімнің және сынып жетекшісінің оқу-әдістемелік құжаттарын;

- бекітілген класатағы тұтас педагогикалық процестің жағдайын диагностикалық әдістемелердің көмегімен (оқу үлгерімі, оқушы мен ұжымның даму деңгейі, әлеуметтік белсенділігі, тәрбиелік деңгейі, тұлғалық психологиялық процестерінің дамуы ес, ойлау, ынта және т.б.) жұмыс жүргізу;

- отбасының педагогикалық процесі, психологиялық ахуалы;

- бекітілген сынып оқушыларының ата-аналар мен класс жетекшісімен, мектеппен өзара байланысы;

- мектептің психологиялық қызметінің жағдайы;

- мектептің дарынды балалармен жұмысы;

- мектептің мамандануына сәйкес пәндер бойынша оқу және мектеп кабинеттеріндегі әдістемелік нұсқаулармен танысу;

- инновациялық әдістер және технологияларды талдап, қорыту;

- педагогикалық практиканы өту барысында келешек мұғалімнің ғылыми ізденіс жұмысына бағытталуы;

1. Құрастыру:

- студенттің педагогикалық практика кезіндегі пән мұғалімдерінің және класс жетекшісі ретінде жеке жұмыс жоспары;

- тақырыптық және сабақ жоспарларын;

- пән бойынша сыныптан тыс жұмыс жоспарлары;

- кабинеттің әдістемелік қорын толтыру жоспары (кесте, үлгі, таратпа материалдары және т.б.);

- педагогикалық практика кезінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарын;

2. Іске асыру:

- Пән мұғалімі ретінде жұмыстар (сабақ жүргізу, пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар, үлгерімейтіндермен жұмыс және т.б.); әртүрлі сабақтарға талдау жасау (психологиялық, жалпы дидактикалық, жеке методикалық, кешендік), сонымен сабақтың өзіндік талдауы;

- жоспарға сәйкес сынып жетекшісі ретінде іс әрекеті;

- класта өткізілген тәрбиелік іс-шаралардың психологиялық, педагогикалық талдауы;

- бекітілген класпен және пән мұғалімдерімен байланысы;

- кластағы тұтас педагогикалық процеске жаңа білім беру және тәрбие технологияларының элементтерін ендіру;

- класс белсенділерімен және жеке оқушымен жұмыс;

- курстық және дипломдық жұмыстардың бағдарламасы бойынша ғылыми жұмыстардың бағдарламасы бойынша ғылыми зерттеулер;

- өзін-өзі тәрбиелеу және кәсіби-тұлғалық бағытта жетілдіру.

 

I. Практикадан оқып-үйрену






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных